kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Модульдік технологияны оқытудың алғы шарты»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Модульдік технологияны оқытудың алғы шарты олардың пайдалану тиімділігі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Модульдік технологияны оқытудың алғы шарты»»

Саидова Гулвира Саитовна

Заң ғылымының магистрі, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық пәндер беру циклының төрайымы

«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі,

87014705183, [email protected]

«Модульдік технологияны оқытудың алғы шарты»







































«Модульдік технологияны оқытудың алғы шарты»

Технология тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін дамытуға, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған.Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі оқушылар ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек.Н.Ә. Назарбаевтың  «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» жолдауында  атап өткендей «Ұлттық бәсекелестік қабілеттің бірінші кезеңінде білімділік деңгейімен айқындалады » деп атауы білім беру саласының барлық жағынан жаңаша көзқарас, жаңаша қарым – қатынас қалыптастыруды көздейді. «Бала оқытудың жұмысы ширақ, жігерлі, қызу болғаны дұрыс» деген Ж.Аймауытов сөзінің бүгінгі күні мәні зор. Ел болашағының жарқын болашағын ескеріп отырған жаңа міндеттердің орындалуы үшін ерен еңбек, зеректік, отанға деген сүйіспеншілік керек. Ал сүйіспеншілікті жас буынға дарытатын тұлға – жаңа технологиямен қаруланған білім мен ғылымдағы соңғы жетістіктерді серік еткен шығармашыл мұғалімдер оқушы бойындағы  қайрат – жігерді, білім мен табысты, туған ел мен жер мүддесі жолында жұмсауға тәрбиелеу – мұғалім қызметінің түпкі мұраты.Білім – бүгінгі күнгі жахандану жағдайында өркенниеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі, құндылығы болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында  «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» деп атап көрсеткені белгілі. Осыған орай, қазіргі білім берудің мақсаты-білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке, яғни ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, Отанның әлеуметтік қоғамның-экономикалық жағынан зор үлес қоса алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл орайда білім беру жүйесін одан ары жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу Қазақстан мектебінің ұлттық моделін қалыптастыру тәрізді келелі мәселелер жүзеге асып жатыр. Бірінші кезектегі көкейкесті мәселе – жас ұрпақты ертеңгі өмірге әзірленуде бүгінгі берілетін білімнің көлемін, сипатын, оның мақсатын айқындау, әлемдік стандарт бағытындағы жағдайда білім берудің кейбір жетістіктеріне, жетіспейтін жақтарына түсінік беру, бүгінгі қандай бағыттарды батыл дамыту керектігімізді білу.Білімнің негізгі ірге тасы жаңа типті мектептерде қаланады. Көрнекті қоғам қайраткері  М.Жұмабаев  «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі. Мектебіміздің таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра алмасақ келешегіміз күңгірт» деп білім мен ғылымның маңыздылығына тоқталған.Жаңа қоғам педагогы —  бұл рухани дамыған,  бай  шығармашыл үнемі жаңалыққа ұмтылатын тұлға. Педагогтер жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен ұлттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеуге және  әр баланы жеке тұлға деп санап, оның жан – жақты дамуына мүмкіндік жасауға даяр болуы керек .Жеке тұлғаның қалыптасуы – бұл үнемі рухани толығу, даралықты, интеллектілікті, ішкі және сыртқы  жалпы және кәсіби мәдениетті меңгеру дегенді білдіреді. Қазіргі кездегі білім беру үрдісіндегі өзгерістерді, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай білуі керек.Елбасымыздың Н.Назарбаев : «Дамыған елдердің тәжірибесі ұлттық гүлдену негізінен  үш шешуші фактормен : соны ғылыми жаңалықтарды игерумен, білімнің деңгейімен және қызметкерлердің мамандандырылған кәсіби деңгейімен айқындалатынын көрсетеді. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез – келген елінде қажетке жарайтындай маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Бұл бүкіл әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген. Мамандардың білімін арттыратын, білім мекемелері басшыларының  үздіксіз білім беретін ғылыми – әдістемелік оқу орталығы, атқарар негізгі миссиясы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру негізінде мамандардың біліктілігін жетілдіру болып табылады.Мамандар кәсібін дамыту институты 7 модульдік жұмыс бағдарламасымен жұмыс істеуде. Олар:

  1. Білім берудегі жаңа технологиялар.

  2. Сыни тұрғысынан ойлау.

  3. Оқушы жетістіктерін бағалау өлшемі.

  4. 12 жылдық білім беру жағдайындағы құзырлылық амалы негізінлегі менеджмент.

  5. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды, е –learning пайдалану.

  6. Дарынды балалармен жұмыстың жаңа технологиялары.

  7. Жас кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері.

Бізге қойылып отырған  бұл талаптар сонымен бірге біздің кәсіби өсуімізге жасалып отырған  жағдайлар да  2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі  реформалар  мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар  әрбір педагог қауымның ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты — мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып бәсекеге қаблетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарлаған білім беру жүйесін ұсыну-қазіргі таңда   негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, «құзырлық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы-соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесіне ендіріліп отырған ұғым.  Құзырлықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір  деген мағынаны білдіреді.Құзыреттілік дегеніміз өзін қазіргі заман талабына сай педагог қаумының өзін-өзі өзгерте алу қаблеттілігі деп түсінуге болады.Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оқушының алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлға қалыптасуына үлес қосу, менің де өз ісімнің білгірі немесе «Құзыретті» болуым. Менің үнемі ізденісте болуым, білім – біліктілігімді толықтыра, шеберлігімді жетілдіре түсуім білім сапсының кепілі болмақ.

Қолданылған әдебиеттер:                                                                                                                 1. М.М.Жанпейісова, Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002.
2. Жанпеисова М.М., Технология молдульного обучения. –Актобе, 2000.

3.Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2011ж.

4. «Білім технологиялары» журналы, 2006ж..
5. Білімдегі жаңалықтар №4, 2006 жыл.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Модульдік технологияны оқытудың алғы шарты»

Автор: Саидова Гулвира Саитовна

Дата: 12.04.2019

Номер свидетельства: 506856

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Жаңа озық технологиялық тәсілдерді гуманитарлық білімге енгізу"
    ["seo_title"] => string(74) "zhan_a_ozyk_tiekhnologhiialyk_t_sildierdi_ghumanitarlyk_bilimghie_ienghizu"
    ["file_id"] => string(6) "376264"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483805409"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Баяндама  Саба?та  жа?а технологияларды  тиімді пайдалану "
    ["seo_title"] => string(62) "baiandama-sabak-ta-zhan-a-tiekhnologhiialardy-tiimdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "184893"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426104373"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Білім беру ба?дарламаларын ?зірлеудегі ?азіргі заманда?ы т?сілдер "
    ["seo_title"] => string(73) "bilim-bieru-bag-darlamalaryn-zirlieudieghi-k-azirghi-zamandag-y-t-sildier"
    ["file_id"] => string(6) "194172"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427733435"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "инновациялы? технологияларды? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(40) "innovatsiialyktiekhnologhiialardynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "303324"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457509319"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Баяндама "?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ?ОЛДАНУ" "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-k-azak-tili-sabag-ynda-oiyn-tiekhnologiiasyn-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "194991"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427827786"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства