Методическая разработка урока с элементами игры предназначена для всех преподавателей. в метод.разработке указано поэтапно как проводить урок с элементами игры, есть небольшое описание о понятие игры, правила как проводить игру, об особенностях проведения игры на уроках. В разработке урока предствалены элементы игры по предмету. Игра лото "Бинго" здесь для каждого учащегося предложены лотерии с указанными номерами. всего 15 вопросов, при правильном ответе на все вопросы учащиеся получают 5.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«методическая разработка урока с элементами игры »
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК
ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР САБАҚҚА
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕНІМ
Пән: «Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу»
Тақырыбы: «Серверге қосымша сұраныс жасау. Интернет қызметін қолдану»
.
2012-2015 оқу жылы
Дайындаған оқытушы: С.М.Несвельдинова
Арнайы пәндер циклдық комиссия-1 отырысында қаралып, талқыланды
Хаттама №_____ «____»____________2014 ж.
Циклдық комиссия төрайымы__________ Л.А.Мукушева
КІРІСПЕ
Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Ойынның басты мақсаты баланы қызықтыра отырып, бағдарламалау тілін үйрету. Біз ойын элементтері сабақта екі түрлі мақсатты пайдаланамыз. Оның біріншісі-оқушының сабақққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту. Ойын арқылы оқушылардың білім-білік дағдылары қалыптасады.
Оқытудағы ойынның міндеті:
- Білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу және тәрбие ұштасады.
- Ойната отырып жаңа білімді меңгертеді.
- Танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейеді.
- Оқушының өзіне деген сенімі артады, оқуға деген қызығушылығы , белсенділігі дамиды.
Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге итереді, тәртіп сақтау дағдысы қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайыдалып,оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірер алдында оың жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтмасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне,ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойының қорытыдысы жариялау қажет.
Түрлері: әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, ауызша есептері, өлең-есептер, викториналар, ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.
Мақсаты. Әр ойынның басты мақсаты – материалды түсініп, бекітуге көмектесу. Жұмыс нәтижесін ұжамдасып, жеке жауап беру жауапкершіліктерін тәрбиелеу. Оқушылардың өз қызығушылықтарын ұжым қызығушылықтарымен сәйкестендіруге, барлық өз мүмкіндіктерін пайдалануды, нақты мәселені шеше білуді қалыптастыру болып табылады.
Осы типтегі сабақ негізгі 3 кезеңнен тұрады:
- дайындық
- ойын
- қорытынды
Дайындық кезеңі:
Жюри тағайындалады.
Негізгі бөлім
Жюри мүшесі бірінші хабарлама жасайды
Оқушыларға тапсырма беріледі.
Қорытынды жасап, нәтижелері хабарланады.
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕНІМ
Ойын шартымен таныстыру. Оқушыларға «Бинго» лоторея билетін таратамын. Билеттің ойынға қатысуы, оның сериясы, бақылау номері, билет номерін атаңыздар. Есепші нөмерлерді белгілеп отырады. Қолындағы жауап парағына қай сұрақты қалай жауап бергенін белгілеп, қорытынды бағасын шығарады. Ойын шартымен таныстырайын. «Бинго» ойынына барлық оқушылар қатысады. «Бинго» лотореялық билетінде 3 амал бар. Әр амалда бес-бестен сан бар. Жалпы саны 15. Қоржынан кез-келген санды алып шығамын. Сол санға сәйкес сұрақ оқылады. Лотореялық билеттін саны сол санға сәйкес оқушы қолын көтеріп қойылған сұраққа жауап береді. Жауап толық болмаса сол санға сәйкес саны бар оқушы толықтыруға болады. Толық жауап бір шаршымен белгіленеді. Толық емес жауап жарты шаршымен белгіленеді. Шаршы санына байланысты үй жұмысына жауап берген оқушылар төмендегідей бағаланады.
Қорытынды: Ойын - оқушылардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында оқушыныңның жеке басының қасиеттері қалыптасады.Ойын сабақ оқушылардың мәтін өндеу, әр түрлі дерек жинау мен оны жедел шығарып беру, компьютермен оқыту процесінде ақпаратты программалық түрде ұсыну білімдерін тексеруге мүмкіндік береді
Ф.219
№13. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
Топ
Күні
4 қысқ ВТ
22.12
Пән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу
2 бөлім. РНР бағдарламалау тілі
Курс тақырыбы: №3.1. Web бағдарламаудың негізгі технологиясы. Клиент-сервер
Сабақтың тақырыбы: №13 Серверге қосымша сұраныс жасау.Интернет қызметін қолдану
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру
Сабақтың түрі: Тәжірибелік
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Базалық құзыреттілік
Техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау;
Үздіксіз өз бетімен білімдену қабілетін көрсете алу және кәсіби мамандығын жаңарту;
Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану, мәліметтер қорына арналған бағдарлама жазу және сайт құру;
Ақпаратты әртүрлі жолмен алу көздерінің жұмысын ұйымдастыру-табу, өңдеу, сақтау, көрсету, шығару;
Жұмысты нәтижелі түрде орындаудың шешімін табуда ұжыммен қатысу;
Белгілі бір мақсаты қойылған нақты есепті орындау мен жоспарлау.
Кәсіптік құзыреттілік
Есептер шешу кезінде мәліметтерді басқару және бағдарлама қатесін табуды жүргізу;
Әртүрлі ғылым, техника, экономика, өндіріс салалар аумағынан есептерді барлық кезеңі бойынша, яғни берілуінен бастап нәтиже алуына дейінгі математикалық әдіспен шығаруды есептеу техникасының көмегімен жүзеге асыру және нәтижесін ЭЕМ-де көру;
Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. Издание седьмое, Москва, Санкт-Петербург, Киев, 2001
Гончаров А.Ю. Access 2003. Самоучиетль с мысалами – М.: Кудиц-образ, 2004
Қосымша
Харитонова А. Самоучитель Office Access. Питер, 2004
Майк Гандерлой, Сьюзан Сейлз Харкинз. Автоматизация MS Access с помощью VBA. Издательский дом «Вильямс». Москва 2006
Сабақ мазмұны
Эле-мент №
Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,
оқытудың әдістері мен тәсілдері
Қосымшалар, өзгерістер
1.
Ұйымдастыру (2 мин)
Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру
Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Сабақтың мақсатымен таныстыру
2.
Үй тапсырмасын сұрау (30 мин)
«Бинго» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау:
Оқушыларға «Бинго» лоторея билетін таратамын. Билеттің ойынға қатысуы, оның сериясы, бақылау номері, билет номерін атаңыздар. Есепші нөмерлерді белгілеп отырады. Қолындағы жауап парағына қай сұрақты қалай жауап бергенін белгілеп, қорытынды бағасын шығарады. Ойын шартымен таныстырайын. «Бинго» ойынына барлық оқушылар қатысады. «Бинго» лотореялық билетінде 3 амал бар. Әр амалда бес-бестен сан бар. Жалпы саны 15. Қоржынан кез-келген санды алып шығамын. Сол санға сәйкес сұрақ оқылады. Лотореялық билеттін саны сол санға сәйкес оқушы қолын көтеріп қойылған сұраққа жауап береді. Жауап толық болмаса сол санға сәйкес саны бар оқушы толықтыруға болады. Толық жауап бір шаршымен белгіленеді. Толық емес жауап жарты шаршымен белгіленеді. Шаршы санына байланысты үй жұмысына жауап берген оқушылар төмендегідей бағаланады.
3.
Жаңа сабақ (30 мин)
Пән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу
Курс тақырыбы: №3.1. Web бағдарламаудың негізгі технологиясы. Клиент-сервер
Сабақтың тақырыбы: №13 Серверге қосымша сұраныс жасау. Интернет қызметін қолдану
4.
Жаңа сабақты бекіту (10 мин)
Сервер дегеніміз не?
Интернеттің қандай қызметтері бар?
Файлдарды енгізу үшін қандай тегтер қолданылады?
Файлдарды шығару үшін қандай тегтер қолданылады?
5
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)
6
Үйге тапсырма беру (2 мин)
Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы50-56 бет
«Бинго» ойыны
(«Бинго» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау):
Оқушыларға «Бинго» лоторея билетін таратамын. Билеттің ойынға қатысуы, оның сериясы, бақылау номері, билет номерін атаңыздар. Есепші нөмерлерді белгілеп отырады. Қолындағы жауап парағына қай сұрақты қалай жауап бергенін белгілеп, қорытынды бағасын шығарады. Ойын шартымен таныстырайын. «Бинго» ойынына барлық оқушылар қатысады. «Бинго» лотореялық билетінде 3 амал бар. Әр амалда бес-бестен сан бар. Жалпы саны 15. Қоржынан кез-келген санды алып шығамын. Сол санға сәйкес сұрақ оқылады. Лотореялық билеттін саны сол санға сәйкес оқушы қолын көтеріп қойылған сұраққа жауап береді. Жауап толық болмаса сол санға сәйкес саны бар оқушы толықтыруға болады. Толық жауап бір шаршымен белгіленеді. Толық емес жауап жарты шаршымен белгіленеді. Шаршы санына байланысты үй жұмысына жауап берген оқушылар төмендегідей бағаланады.
БИНГО
1 амал
1
2
25
30
12
2 амал
51
40
Серия
333
Билет
нөмері
278557
Бақылау нөмері
В 02012
17
60
7
3 амал
11
9
38
6
50
Сұрақ жауабы
Бағасы
15 сұраққа жауап
90
14 сұраққа жауап
88
13 сұраққа жауап
86
12 сұраққа жауап
84
11 сұраққа жауап
82
10 сұраққа жауап
80
9 сұраққа жауап
78
8 сұраққа жауап
76
7 сұраққа жауап
74
6 сұраққа жауап
72
5 сұраққа жауап
70
4 сұраққа жауап
68
3 сұраққа жауап
66
2 сұраққа жауап
64
1 сұраққа жауап
62
Есепшінің бағалау парағы:
№
Оқушының
аты-жөні
Серия №
Билет №
Бақылау №
Жауап бағасы
Қорытынды баға
5
4
3
«БИНГО» сұрақтары:
1-сұрақ: HTML тілі қай жылы шықты, негізін кім қалады?
HTML гипертекстік тілін (Hypertext Markup Language) 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер-Ли ұсынғаны белгілі.
HTML,XHTML жəне т.б. белгілеу тілдерінде жазылған веб-беттердің сыртқыкөрінісін суреттейтін, əрлейтін тіл болып есептеледі.
3-сұрақ: Name тегі?
Сурет картасының идентификаторы. Идентификатор сондай құжаттар арасында бірыңғай болады.
4-сұрақ: WYSIWYG?
қолданбалы бағдарламалар мен веб-интерфейстер сипаты болып саналады, онда контент өңдеу кезінде құжат веб-бет немесе тұсаукесер ретінде соңғы шыққан контент көрінісіне өте ұқсас болып келеді.
5-сұрақ: Гипермәтін сөзінің мағынасы?
Сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудио- видеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы. Гипермәтіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде», «жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі «super» cөзінің мағынасына сәйкес келеді.
6-сұрақ: Сілтеме (hyperlink) дегеніміз не?
Локалды дискте немесе компьютер желісіндеорналасқан құжат ішіндегі басқа бір элементке (мəтін, тақырып, сурет жəне т.б.), басқа объектіге сілтеме беретін гипермəтінді құжаттың бір бөлігі.
7-сұрақ: Тэг дегеніміз не?
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары
8-сұрақ: мәтіндік редактор неше менюден тұрады, атаңдар?
Пән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу
2 бөлім. РНР бағдарламалау тілі
Курс тақырыбы: №3.1. Web бағдарламаудың негізгі технологиясы. Клиент-сервер
Сабақтың тақырыбы: №13 Серверге қосымша сұраныс жасау.Интернет қызметін қолдану
Компьютер-серверлер және компьютер-клиент
Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар :серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.
Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер.
Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.
Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер
Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.
Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.
Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.
Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай, Web-клиент Web-серверге, почталық клиент – почталық серверге хабар береді және т.б. Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне байланысты жоғары шарттар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютердің қолданушысына өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Провайдерлер және олардың желілері
Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP - Point of Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып табылады. Провайдер өзінің серверінде клиенттерге әртүрлі қызмет көрсете алады: электрондық почта (e-mail), желілер жаңалықтары (Usenet) және т. б. Провайдердің магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоундеп атайды (ағыл. Backbone — қырат). Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның жоғары жылдамдықты желісі болуы және жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен берілетін мәліметтер көлемі). Өзінің барлық орналасу нүктелерін біріктіру үшін, провайдер ірі коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға ала алады, сонымен қатар, өзінің арналарын тарта алады. Ірі коммуникациялық компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты каналдары бар.
Провайдерлердің желілерін біріктіру
Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің жеке желілері арқылы өзара байланысады, ал басқа ISP-В компаниясының клиенттері өздерінің, бірақ егер ISP-A және ISP-B желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А компаниясының клиенттері және В компаниясының клиенттері бір бірімен байланыса алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В әр қалада желілік кіруді (NAP - Network Access Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, басқа провайдерлердің магистральды желілеріне қосылу құрылады, нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады.
Интернетте жүздеген ірі интернет-провайдерлер орналасады және олардың магистральды желілері NAP арқылы әр түрлі қалаларда жасалады, және мәліметтердің үлкен ағыны NAP-түйіннің әр түрлі желілері арқылы таралады.
Үлкен және кіші желілердің бірігуі (Интернетті құрайтын) негізінде шартты келісімдер жатады. Әрбір клиенттің белгілі бір ISP пен өзінің компьютерін немесе жергілікті желісін провайдер желісіне қосу туралы келісім шарты бар. Кейбір ISP-A провайдерлердің клиенттері ISP-A желісіне қосылу туралы келісім құрайды, өз кезегінде ISP-A ISP-B мен желілерін біріктіру туралы келіседі және солай жалғаса береді..
Web-ресурстарды алу технологиясы. Web-парақтарды кэштау. Прокси-сервер механизімінің жұмысы.
Web-парақтарды кэштау.
Егер сервер үлкен жойылуда болса, Интернетке шығу жылдамдығы төмен болса немесе қайта қосылу режимінде жұмыс істесе, көбнесе ақпарат кешіктіріліп беріледі. Бұл кезде қосылуды жылдамдату сұрағы туындайды. Осы сұрақты шешудің бір жолы, мәліметтерді жойылған серверлерден бірнеше рет алуға болмауында. Web навигациясы кезінде көбінесе кітаптағындай “парақты артқа парақтау” сияқты, яғни параққа қайта қосылу қажеттілігі туындайды. Браузерде Артқа пернесін басып, алдында көріп өткен параққа қайта оралғанда, оны серверден қайта алудың мағынасы жоқ екені анық. Сондықтан көріп өткен құжатты компьютердің дискінің арнайы буферлік аймағында (кэште) сақтаса, қолданушы ссылкамен қайта оралғысы келген жағдайда тез ашып көруге мүмкіндігі болады. Қазіргі заманға сай браузерлер дәл осылай істейді. Мәселен сіз парақтарды 1-2-3 кезегімен қарап, 3-ші парақ 4-ге ссылкасы бар деп ойлайық. Осы жағдайда 3-ші парақтан 4-ге өтумен (Жүйеден жүктеу) салыстырғанда 2-ге өту тез (кэштан жүктеу) орындалады.
Қазіргі заманға сай браузерлерде (Internet Explorer және Netscape Navigator) кэштелген құжаттарды сақтау үшін папканың көлемін өзгерту мүмкіндігі бар.
Прокси-сервер
Кэштеу технологиясында өзінің шектеулері бар. Мысалы, сіз және сіздің әріптесіңіз Интернетке бір провайдер арқылы қосылған болсаңыз. Бір кезде сіз, алдында сіздің әріптесіңіз алған құжатты сол провайдердің каналынан сұрайсыз. Жүйеден қайта-қайта бір құжатты сұрау дұрыс емес. Мәліметтерді сервер провайдер деңгейінде кэштау дұрыс.
Бұл мәселені шешу провайдерлер прокси-серверге (ағылшынның proxy-орынбасар деген сөзінен) жүктейді. Прокси-сервер – бұл қауіпсіздікті, әкімшілік бақылауды және кэштау функцияларын жоғарылатуға мүмкіндік беретін, қолданушының жұмыс станциясы мен Интернет арасындағы посредник ролін атқаратын сервер.
Прокси-сервер қолданушыдан қандай да бір интернет-сервисті орындауға сұраныс алады, мысалы, web-парақты көріп өтуге сұраныс. Егер прокси кэштау функциясын орындаса, ол сервердің локалді кэшінда сұрап отырған парақтың жоқтығын қарайды. Егер бұл парақ бар болса, ол қолданушыға сұраныс Интернетке берілмей қайтарылады. Ал, егер кэшта бұл парақ болмаса, прокси-сервер клиент ролінде қолданушының атынан, өзінің IP-адресін қолданып, Интернеттен керек параққа сұраныс жібереді. Парақ қайта оралғанда, прокси-сервер оны қолданушыға жібереді. Прокси-сервердің кэштау функциясы Интернетпен жұмысты едәуір жылдамдата алады жене жүйелік трафиктің көлемін азайта алады. Web-парақтарды кэштеу Жүйенің жұмысын жақсартудың бір жолы болып табылады, себебі ол web-түйіннің уақытты бұзылыстарын компенсирует.
Әдетте, прокси-сервер программасы жұмыс істейтін компьютерде едәуір дисктік аула бөлінеді. Үлкен провайдерлар құжаттарды кэштеуге ондаған және жүздеген гигабайт память бөле алады.
Осылайша, үнемі ізделіп отыратын құжат тек құжатты шығарушының серверінде ғана сақталып қоймай, сонымен қатар “қолданушыға жақынырақ”, провайдер прокси-серверінде немесе қолданушының өз компьютерінде сақтала алатындықтан, іздеген құжаттарды тез көре алу мүмкіндігі бар.
Біз мыңдаған клиенттері бар провайдерлар жөнінде айтқана, жүйедегі құжаттардың белгілі бір бөлігін ғана сұрайтынын айтып өткен жөн. Мыңдаған клиенттермен жұмыс істейтін үлкен ISP-дің прокси-сервері, сұраныстардың 50%-ға жуығын өз дискінен орындайды. Әдетте ISP сервері регионның басқа интернет провайдерлардың серверлерімен байланысты. Сондықтан, егер клиентті қызықтырып отырған құжат провайдердің прокси-сервер кэшінде табылмаса, ол басқа прокси-серверлерде табылуы мүмкін. Осылайша, кэш-ауласындағы қолданушылардың көлемі көп есе көбейеді. Кэштейтін прокси-серверлерді тек ISP-провайдерлер ғана емес, сонымен қатар жүйеге деген нагрузканы азайтқысы келетін және сұраныстарды оптимально обрабатывать үшін ірі компаниялар орната алады.
Тәжірибелік жұмыс №13
Пән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу
2 бөлім. РНР бағдарламалау тілі
Курс тақырыбы: №3.1. Web бағдарламаудың негізгі технологиясы. Клиент-сервер
Сабақтың тақырыбы: №13 Серверге қосымша сұраныс жасау.Интернет қызметін қолдану
HTML-дан РНР коды көшу үшін үш тәсіл бар:
Мысал:
1.
2.
3.
echo ("редакторлар");
;
4. РНР");
Разделение инструкций
Нұсқаларды бөлу үшін араларында үтір нүкте жазылады.
echo "Бұл мәтін";
?
php echo "Бұл мәтін" ?
АЙынамалылардын типі
PHP келесі типтерді пайдаланады:
integer - бүтін
double - қалқыма нүктесі бар
string - жазба айнымалы
array - жиын
object – объектілі айнымалы
pdfdoc - PDF-құжаты
pdfinfo - PDF-ақпарат
айнымалынын типы бағдарламашымен қойылмайды, РНР озі оны анықтайды. Типті көрсету үшін cast сөзін жазамыз немесе settype() функциясын.
Инициализация переменной
Жиынды жазу форматы: array()
Жиынға элементті қосу үшін артына бос индекс арқылы жаза бересіз.
$names[] = "Jill"; // $names[0] = "Jill"
$names[] = "Jack"; // $names[1] = "Jack"
Объектілі айнымалыны инициалдауға жаңа нұсқаны жазу керек.
class foo {
function do_foo () {
echo "Doing foo.";
}
}
$bar = new foo;
$bar - do_foo ();
Айнымалы облысы Область Переменной
Айнымалы облысы контекст болып табылады. Барлық айнымалылар бір облысқа жатады. Мысалы:
$a = 1; /* глобальная область */
Function Test () {
echo $a; /* ссылка на переменную локальной области */