kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің мамандығым

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің мамандығым»








ЭССЕ

Тақырыбы: «Менің мамандығым»

Орындаған: Бурабаева Назгул Боранбайқызы



























Жаңаөзен – 2018

Менің мамандығым

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі.

К. Д. Ушинский

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. 

Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым – мақтанышым»- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек.

Ал енді мен өз мамандығым туралы айтатын болсам, менің мамандығым – мұғалім.

Бұл мамандықты қалай таңдадым?! Әр баланың неге икемділігі бала кезінен басталады дейді ғой. Себебі, бала болып ойнап, ең алғаш әріп тани бастағаннан айналамдағы балаларды алдыма отырғызып қойып, мұғалім болатынмын. Кейіннен мектепте оқып жүргенде пәндердің ішінде өзімнің жаныма қазақ тілі мен әдебиеті жақын болды. Бұл пәнге менің қызығушылығымды оятқан ұстазым Отарбаев Артықбай болатын. Мектеп бітіргеннен кейін осы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсуіме ықпал жасады. Міне, қазір осы мамандығым бойынша қызмет еткелі 11 жыл өтсе де, әлі күнге дейін ағайыммен ақылдасамын.

Менің ұғымымда, ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың, бұлжытпас борышымыз.

2005 жылы Қызылсай ауылындағы С.Бегендікұлы атындағы №4 мектепке қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектептің оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.

«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек,» - деп, Мұхтар Шаханов айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.

2015 жылы қыркүйектен бастап «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде жұмыс жасап жүрмін. Бұл жерде біз болашақ мұғалімдерді болашақ өмірге, болашақ мамандығына даярлаймыз. Келешекте сапалы да саналы, білімді ұстаз болып қалыптасуына ықпал етеміз.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз - қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді.

Қорыта келе, Ұлы Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деген өлеңінде айтылғандай, шәкірттерімізге біліммен сусындатуда еш жалықпайық дегім келеді. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Менің мамандығым

Автор: Бурабаева Назгул Боранбаевна

Дата: 17.01.2019

Номер свидетельства: 495730

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Мені? болаша? маманды?ым"
    ["seo_title"] => string(25) "mieninbolashakmamandygym1"
    ["file_id"] => string(6) "340243"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1471805201"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Эссе "Мені? педагогикалы? маманды?ым""
    ["seo_title"] => string(41) "essie-mienin-piedaghoghikalyk-mamandyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "259801"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448821302"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Менің болашақ мамандығым"
    ["seo_title"] => string(27) "mienin_bolashak_mamandyg_ym"
    ["file_id"] => string(6) "416220"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495015413"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Менің сүйікті мамандығым"
    ["seo_title"] => string(26) "mienin_suiikti_mamandyg_ym"
    ["file_id"] => string(6) "372317"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1482349240"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "«Мені? маманды?ым-мені? болаша?ым»"
    ["seo_title"] => string(37) "mienin-mamandyg-ym-mienin-bolashag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "248016"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446651665"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства