Просмотр содержимого документа
«Күрделі тапсырмалар жинағы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Қазақ тілі кафедрасы
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Павлодар
Кереку
2010
Т.Х. Сматаев
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Павлодар
УДК 651. 4/.9:811.512.122 (075.8)
ББК 65. 050. 2 Я73
С 52
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің
оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды
Пікірсарапшылар
Т. Әбдіғалиева – ф.ғ.д., профессор. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ
А.Ф.Зейнулина – ф.ғ.к., профессор. С. Торайғыров атындағы ПМУ
Т.Х. Сматаев
С 52 Іс қағаздарын жүргізу : Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы /
Т.Х. Сматаев. – Павлодар : Кереку, 2010. – 61 б.
Бұл оқу құралы жоғары және орта арнаулы оқу орны студенттерінің барлық мамандықтарына арналады. Құралда құжаттардың деректеме атаулары, құжаттардың үлгілері, құжаттарда кездесетін қысқарған сөздер мен оларға қойылатын талаптардың анықтамалары берілген.
Материалдардың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауап береді
Алғы сөз
Бұл оқу құралы «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінен студенттердің өздік жұмыстарын орындауларына байланысты қосымша материал ретінде берілген. Студенттерге іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
Құралда құжаттарды ресімдегенде жиі кездесетін деректеме атаулары, құжаттардың кейбір түрлеріне қысқаша түсініктемелер, тапсырмалар және үлгілер көрсетілген.
Болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен таныстырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету. Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың дұрыс ресімделуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Құжаттармен жұмыс істегенде құжаттарды дұрыс құрастырудың, ресімдеудің, сақтаудың маңызы өте зор. Осы әрекеттерді жүзеге асыру барысында құжаттарды белгілі бір ережелерге сәйкес құрастыру, номенклатураны жүргізу, аса құнды құжаттарды сақтауды қамтамасыз ететін, ұйымның мұрағатын жасау мәселелері қарастырылған Қазақстан Республикасының нормативтік актілері міндетті түрде басшылыққа алынуы қажет.
Қазір құжаттарды ресімдеуде ҚР Министрлер Кабинеті 1992 жылғы 30 маусымда бекіткен № 562 «Қазақстан Республикасындағы барлық ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруды басқару және құжат жүргізудің негізгі ережелері» деп аталатын қаулысы басшылыққа алынады.
1 Құжаттарды, хаттарды жазарда ескеретін кейбiр жағдайлар
1.1 Қызметтiк құжаттарды бейтарап қалыппен, ресми түрде жазылуы керек. Қызметтiк хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын немесе намысына тиетiн, дөрекi сөздердi қолданудан аулақ болған жөн.
1.2 Адресаттың сiзден қызмет дәрежесiнiң төмен немесе жоғарылығына қарамастан “тез арада орындаңыз”, “кiдiртпей жауабын не қорытындысын хабарлаңыз” деген сөйлемдердi қолданбағаны жөн. Оның орнына хаттың жауабын не мәселенiң шешiмiн бiлгiңiз келетiнiн “Осы күнге дейiн жауап беруiңiздi сұраймын” деп белгiлi бiр күндi көрсетiңiз немесе “Өз шешiмiңiздi хабарлауыңызды сұраймын” деген сөйлемдердi қолдану арқылы бiлдiрiңiз.
1.3 Өз өтiнiш, талаптарыңызды орынды көрсете бiлуге тырысыңыз. Қызмет бабындағы, кез келген оқиға, жағдай, мәселеге баға берiп, оны ресми құжатта көрсету, баяндау немесе хабарлау барысында барынша салқынқандылық танытыңыз. Көп эмоцияға бой ұрмаңыз. Фактiлердi объективтi түрде көрсетiңiз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдану түрiн анықтау барысында адамгершiлiк танытуға тырысыңыз. Кез келген мәселе бойынша шығарылатын қорытынды барынша нақты болуы керек.
1.4 Егер қызметтiк хатта ол мекеменiң немесе қызметкердiң өтiнiшiн не болмаса тапсырылған iсiн орындау мүмкiн емес екендiгiн айтқыңыз келсе хатты бiрден “ол мәселенiң орындалуы немесе қабылдануы мүмкiн емес” деген сөздерден бастамаңыз. Алдымен аталған мәселеге тоқталып, содан кейiн өз шешiмiңiздiң себебiн негiздi етiп түсiндiрiп, содан кейiн барып бұл өтiнiштiң, не болмаса iстiң қазiргi жағдайда орындалуы мүмкiн болмай тұрғанын айтыңыз. Қажет болған жағдайда, бұл мәселенiң қайта қаралуы да мүмкiн екенiн айта кетуге болады.
1.5 Егер өтiнiштiң, не тапсырылған iстiң немесе қойылған мәселенiң дұрыс шешiлгенi туралы жазатын болсаңыз, бұл мәселенiң дұрыс шешiлуi үшiн сiздiң өз басыңыздың, не мекемеңiздiң қосқан үлесiн немесе еңбегiн атап кеткеннiң артықтығы жоқ.
1.6 Сiзге, немесе сiздiң мекемеңiзге келiп түскен қызметтiк құжаттармен танысқанда, ол құжат бойынша мәселе көтерерде, не қол астыңызда iстейтiн қызметкерлерге тапсырма берерде, құжаттағы мәселеге бойынша жауап жазарда, бұл мәселе менiң не болмаса бiздiң мекеменiң мiндетiне кiре ме деген мәселенi де ойлау керек.
1.7 Сiздiң хатыңыз заңды, мазмұны айқын болуы керек. Бұл әсiресе қаржы, кадр құжаттарды үшiн мiндеттi.
1.8 Қызметтiк хаттар мүмкiндiгiнше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздiң көптiгi iстi жылдамдатуға септiгiн тигiзе қоймайды.
1.9 Хатыңыз көпшiлiкке түсiнiктi тiлмен және ресми түрде жазылуы керек.
1.10 Қызметтiк құжаттың қай түрiн жазсаңыз да көп ойды аз сөзбен жеткiзуге тырысыңыз.
1.11 Iс қағаздарын жазарда орныққан сөз тiркестерi мен қалыптасқан терминдердi қолданыңыз.
1.12 Бастауыш сөйлемнiң басында баяндауыш соңында, анықтауыш анықталатын сөдiң алдында тұратынын да естен шығармаңыз.
1.13 Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазiргi қазақ тiлiнде ескiрiп, айналымнан шыққан тiркестер қолданылмайды.
1.14 Жазылған құжатты қайтара оқып шығып, сөйлемдегi басы артық сөздердi алып тастау керек.
1.15 Сөйлем баяндауышы ашық райда (пайдаланылады, қаралады, қолдануда, жүрiп жатыр, ескертiлдi) немесе бұйрық райда тұруы керек (орындалсын, шешiлсiн, келiсiлсiн, жеткiзiлсiн, қаралсын т.б.).
2 Құжаттарды ресімдегенде жиі кездесетін деректеме атаулары
Құжат – оқиға, факт немесеболған жағдай туралы заңды түрде расталған, дәлелденген іс қағаз.
Бланк – А4 немесе А5 форматында заңдылық тұрғыда құжат әзірлейтін қағаз.
Арнайы бланк дегеніміз – ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің ақпараттық (индекс, мекен-жай, анықтама телефоны, факс, е-mail, есеп-шот номері, т.б.) мәліметтері жазылған, мемлекеттік елтаңбасы бар бланк.
Деректеме (реквизит) – құжаттарды құрастыруда қолданылатын құрылымдық бөлшектері.
Адресат – мекеме атауынан, мекеме басшысының лауазымы мен аты-жөнінен және жіберуші тұлғаның лауазымы, аты-жөнінен тұратын деректеме.
Дата – құжатқа қол қойған күнгі деректеме.
Мәтін – құжаттың барысы немесе ісі туралы жазылған деректеме.
Қолы – құжатты ресімдеген тұлғаның қолтаңбасы.
Тегі – қол қойған тұлғаның қолының тұсына жазылатын (әдетте тік таяқша ішіне тек тегі ғана жазылуы керек) деректеме
Құжатттың атауы – құжатты анықтаушы бөлігі
Министрліктің атауы – көбінесе мемлекеттік мекемелерде жазылатын деректеме.
Ұйымның, мекеменің атаулары – министрліктің атауынан төмен жазылатын атау
Құжаттың тақырыбы – кейбір құжаттарда кездесетін деректеме. Мысалы: Бұйрықта не туралы деген сұраққа, мінездемеде кімге деген сұраққа, факсте қандай деген сұрақтарға жауап беретін сөз тіркестерінен тұратын деректеме.
Құжаттың тіркеу номері – келіп түскен құжаттың немесе құжаттың реттік санын білдіретін деректеме.
Куәландыру белгілері – тиісті құжатқа заңдылық күші бар тұлға қоятын деректеме. Негізінен мөр, қолы, тегі, датасынан тұрады.
Кіріспе сөз – сыпайыгершілік мағынада айтылған қаратпа сөз. Мысалы: құрметті, аса қадірлі, т.б.
Мөр – құжаттарға қойылатын заңдылық күші бар деректеме.
Қысқарған сөздерді есте сақтаңыздар:
ҚР – Қазақстан Республикасы
ІІМ – Ішкі істер министрлігі
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ПИК – Пәтер иеленуші кооперативі
ААҚ – Ашық акционерлік қоғам
АҚ – Акционерлік қоғам
ЖК – Жеке кәсіпкер
БҰҰ – Біріккен ұлттар ұйымы
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
МАИ – Мемлекеттік автоинспекциясы
ӘМ - Әділет министрлігі
ТИБ – Техникалық инвентаризация бюросы
СТН – Салық төлеуші номері
ӘЖК – Әлеуметтік жеке коды
ЖЭО – Жылу энергоорталығы
С.Торайғыров ат. ПМУ – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
3 Құжат түрлері
3.1 Өмірбаян
Өмірбаян – жеке тұлғаның өмірінен алынған мәлімет жазылатын құжат. Оның құрылымына құжаттың аты, автордың аты-жөні, тегі, туған жылы, айы, күні, ата-анасы туралы мәлімет, білімі және жұмыс орны мен қызметі, наградалары мен марапаттаулары, қоғамдық жұмыстарға қатысуы, отбасы жағдайы және құрамы, мекен-жайы мен телефоны, жазған күні, айы, жылы, жеке қолы сияқты деректер кіреді.
Тапсырмалар:
1) Төмендегі үлгі бойынша өз өмірбаяныңызды жазыңыз;
2) Өмірбаяндағы деректемелердің атауларын атаңыз;
3) Өмірбаянның мәтінін қай мәтіннің түріне жатқызуға болады.
Үлгі
Өмірбаян
Мен, Айдын Ахметұлы Айдархан, 1975 жылғы қазанның 15-інде Павлодар қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келдім.
Отбасымызда 5 адам бар. Әкем, Ахмет Досымханұлы Айдархан, Павлодар қаласының №1 қалалық емханасында дәрігер. Шешем, Ажар Омарқызы Айдархан, Павлодар қаласының №41 жалпы білім беру мектебінде тарих пәнінің мұғалімі.
1981 жылы Павлодар қаласының №12 орта мектебіне бардым. 1984 жылы №2 орта мектепке ауыстым. 1991 жылы осы мектепті бітіріп, сол жылы Павлодар индустриалдық институтының машинажасау факультетіне түстім. Институтты 1996 жылы машинажасау мамандығы бойынша бітірдім. 1996-1998 жылдары Алматы облысының Отар қаласындағы № 10007 әскери бөлімде әскери міндетімді атқардым, сержант атағым бар. 1998-2000 жылдары Павлодар трактор жасау заводында инженер болып жұмыс істедім. 2000-2002 жылдары «Қазақстан Алюминийі» АҚ-сында бағдарламашы болып жұмыс істедім. 2002 жылдан бері «Қазақстан Алюминийі» АҚ-сында инженер болып қызмет атқарудамын.
Үйленгенмін. Әйелім, Мөлдір Нұрғазықызы, «Жас дарын» мектебінде әдіскер болып жұмыс істейді. Ұлымыз, Қанат Айдынұлы, №101 балалар бақшасына барады.
Мекен-жайым: Павлодар қ., Естай к., 44-үй, 152-пәтер
00.00.0000. қолы / тегі /
3.2 Түйіндеме
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның қысқаша өмірбаяны, мекен-
жайы (телефон нөмірі), жалпы ақпараттары (туған жылы, айы, күні, жынысы, отбасы жағдайы, азаматтығы), жұмыс тәжірибесі, білімі (орта, орта арнаулы, жоғары), мамандығы, жалпы еңбек өтілі, тілдерді білуі, компьютерді игеруі, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, т.б. деректер жазылады.
Тапсырмалар:
1) Төмендегі үлгі бойынша түйіндемеңізді жазыңыз;
2) Түйіндеменің мәтінін қандай мәтіннің түріне жатқызуға болады;
3) Түйіндеменің мәтіні нешінші жақтан баяндалады?
Үлгі
Түйіндеме
Аты-жөні, тегі: Алмас Ақанұлы Досжан
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Жаяу Мұса
к., 1-үй, 25-пәтер
Телефон /0000/ 00-00-00
Е-mail:
Туған жылы, айы, күні: 1977 жылғы тамыздың 5-і
Ұлты: қазақ
Жынысы: ер адам
Отбасы жағдайы: үйленгенмін
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматымын
Жұмыс тәжірибесі:
2000-2002 ж.ж. «Асыл» ЖШС-і, бағдарламашы
2002-2009ж.ж. «Атамекен» жастар ұйымының төрағасы
Жұмыс өтілі: 4 жыл
Білімі:
- орта:
1984,-1987 ж.ж. Павлодар қ. №35 орта мектебі;
1987-1994 ж.ж. Павлодар қ. №12 орта мектебі.
- жоғары:
1994-1999 ж.ж. Павлодар педагогикалық институты.
Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі - ана тілім
орыс тілі - жетік білемін
ағылшын тілі - сөздіктің көмегімен
Компьютерді білуі: PC-Windows 95/2000
Жеке қасиеттері: жауаптымын, өз ісіне ұқыпты, ұжыммен жұмыс істей алу, ұйымдастырушылық қабілеттерім бар.
Қосымша ақпараттар: қазақша күрестен спорт шеберімін
Құштарлығы: әдеби кітаптар оқу, саяхатқа шығу, т.б.
00.00.0000. қолы /тегі/
3.3 Қолхат
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, бағалы
зат, ақша,т.б.) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі. Мұнда алынған заттың аты, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамның толық мәліметтері және заттың қайтарылу мерзімі көрсетіледі.
Деректемелері:
- құжат түрінің атауы;
- мәтіні;
- құжаттың күні;
- қолхат жазған тұлғаның қолы мен тегі;
- куәландыру белгісі;
- куәландырған тұлғаның қолы мен аты-жөні, тегі;
- мөрі;
- күні.
Тапсырмалар:
1) Үлгі бойынша өзіңіздің досыңыздан бағалы зат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз;
2) Алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға байланысты қолхат жазыңыз;
3) Танысыңыздан қомақты ақша алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз;
4) Жолдасыңыздан ақша алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз;
5) Жұмыс орнынан құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз;
6) Кадрлар бөлімінен керекті құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз.
Үлгі
Қолхат
Мен, Айбек Сұлтанбекұлы Сапар, жеке куәлік №000212 ҚР ІІМ 09.06.1989 жылы берілген, мекен-жайым: Павлодар қ., Ак. Сатпаев к., 32-үй, 57-пәтер, азаматша, Қарлығаш Сәбитқызынан, жеке куәлік №000153 ҚР ІІМ 04.07.1993 жылы берілген, мекен-жайы: Павлодар қ., Иса Байзақов к., 126-үй, 112-пәтер ,
10000 ( он мың) АҚШ долларын алдым.
10000 (он мың) АҚШ долларын 200_ жылғы қыркүйектің 1-іне қайтаруға міндеттенемін.
00.00.0000 қолы /тегі/
А. С. Сапардың қолын куәландырамын
Мемлекеттік нотариус М.О. қолы /тегі/
00.00.0000
Қолхат
Мен, Сәкен Берікұлы Қасым, жеке куәлік №000112 ҚР ІІМ
02.01.1989 жылы берілген, мекен-жайым: Павлодар қ., Жаяу Мұса к., 1-үй, 56-пәтер, Павлодар трактор жасау зауытынан көшірме жасау үшін еңбек кітапшамды алдым.
Еңбек кітапшамды 200_ жылғы қарашаның 1-інде қайтаруға міндеттенемін.
00.00. 0000 қолы /тегі/
С. Б. Қасымның қолын куәландырамын
Павлодар тракторжасау зауытының
кадрлар бөлімінің бастығы М.О. қолы /тегі/
00.00.0000
3.4 Сенімхат
Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беретін құжат.
Сенімхаттар сеніп тапсырушының атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты төлемдерді, зейнетақыларды, стипендияларды, хат-хабарларды, т.б. алуға беріледі.
Деректемелері:
- құжат түрінің атауы;
- мәтіні;
- құжаттың күні;
- сенімхат жазған тұлғаның қолы мен тегі;
- куәландыру белгісі;
- куәландырған тұлғаның қолы мен аты-жөні, тегі;
- мөрі;
- күні.
Тапсырмалар:
1) Почтадан хат-хабарларыңызды алып тұруға байланысты жақын адамыңызға сенімхат жазыңыз;
2) Жолдасыңыздың автокөлігін уақытша иемденуге байланысты сенімхат жазыңыз;
3) Еңбекақыңызды алуға байланысты жолдасыңызға сенімхат жазыңыз;
4) Жолдасыңыздың карточкасын пайдалануға байланысты сенімхат мәтінін құрасытырыңыз;
5) Пәтеріңізді жолдасыңызға сеніп тапсыру жөнінде сенімхат жазыңыз;
6) Зейнетақыңызды алуға байланысты сенімхат жазыңыз.
Үлгі
Сенімхат Мен, Жанат Серікұлы Мұқыш, жеке куәлік №000015 ҚР ІІМ
05.02.1999 жылы берілген, мекен жайым: Павлодар қ., Естай к., 115-үй, 25-пәтер, азамат, Қанат Сағындықұлына, жеке куәлік №000013 ҚР ІІМ 15.09.1998 жылы берілген, мекен жайы: Павлодар қ., Майра к., 21-үй, 141-пәтер, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың кассасынан наурыз айының еңбекақысын алуды сеніп тапсырамын.
00.00.0000 қолы /тегі/
Ж.С. Мұқыштың қолын куәландырамын
Мемлекеттік нотариус М.О. қолы /тегі/
00.00.0000
3.5 Өтініш
Өтініш – мекеме, ұйым, кәсіпорын басшыларының атына жеке тұлғалардың атынан қолмен жазылатын ресми құжат. Өтініштің мәтіні қысқа, түсінікті, қарапайым түрде жазылуы керек.
Деректемелері:
- адресат;
- құжаттың атауы;
- мәтіні;
- күні;
- қолы, тегі
Тапсырмалар:
1) Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз;
2) Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы өтініш жазыңыз;
3) Іссапарға бару туралы өтініш жазыңыз;
4) Өз еркіңізбен жұмыстан босатуға байланысты өтініш жазыңыз;
5) Жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз;
6) Материалдық көмек сұрап басшыңыздың атына өтініш жазыңыз;
7) Іссапарға бару туралы өтініш жазыңыз;
8) Отбасы жағдайына байланысты жұмыстан уақытша сұранып өтініш жазыңыз.
Үлгі
Павлодар қаласының
Абай атындағы №10 жалпы
білім беру мектебінің
директоры А. А. Әбішке
Павлодар қ. Мир к. 10-үй,
11-пәтерде тұратын
азамат А. А. Ахметтен
Өтініш
Мені биология пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа алуыңызды өтінемін. Мен 2001 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-ды биология және химия мамандығы бойынша бітіргенмін.
Қажетті құжаттар өтінішке тіркелген.
00.00.0000 қолы /тегі/
«Арай» ЖШС-ның
директор А. А. Әбішке
бағдарламашы А. А. Ахметтен
Өтініш
Маған 2007 жылғы қазанның 1-інен 2007 жылғы желтоқсан-ның 31-іне дейін кезекті еңбек демалысын беруіңізді өтінемін.
00.00.0000 қолы /тегі/
«Арай» ААҚ-сының
директоры А. А. Әбішке
жоспарлау бөлімінің
бастығы А. А. Ахметтен
Өтініш
Мені жоспарлау бөлімінің бастығы қызметінен осы бөлімнің бас маманы қызметіне ауыстыруыңызды өтінемін.
00.00.0000 қолы /тегі/
3.6 Бұйрық
Бұйрық – алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті немесе кадрлық мәселелерді шешу мақсатында шығарылатын өкілеттік құжаттардың бір түрі.
Деректемелері:
- министрліктің атауы;
- мекеме атауы;
- мәтіннің тақырыбы;
- құжаттың номері, атауы;
- күні;
- мәтін;
- қолы, тегі.
Тапсырмалар:
1) Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарыңыз;
2) Жұмыстан босату туралы бұйрық шығарыңыз;
3) Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы бұйрық шығарыңыз;
4) Марапаттау туралы бұйрық шығарыңыз;
5) Жұмыстағы кемшіліктерге байланысты сөгіс жариялап бұйрық шығарыңыз;
6) Материалдық көмек беру туралы бұйрық шығарыңыз;
7) Іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарыңыз;
8) Басқа оқу орнына ауыстыру туралы бұйрық шығарыңыз.
Үлгі
«Арай» ЖШС-і
Жұмысқа қабылдау туралы
№1 Бұйрық
«____»________ 20___ ж.
Алма Омар 20___ жылғы ақпанның 10-ынан жоспарлау бөліміне бухгалтер ретінде жұмысқа қабылдансын.
Алма Омарға 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде еңбекақы тағайындалсын.
Негіздеме: А. Омардың өтініші.
Бұйрықпен таныстым: қолы /тегі/
«Арай» ЖШС-інің төрағасы қолы А.Б. Қайдар
Ұлттық банкінің облыстық басқармасы
Кезекті еңбек демалысын беру туралы
№1 Бұйрық
«____»________ 20___ ж.
Екінші дәрежелі банкілерді жою үрдісін бақылау бөлімінің жетекші маманы Алма Омарға 20___ жылғы наурыздың 10-ынан наурыздың 31-іне дейін, 28 жұмыс күніне кезекті еңбек демалысы берілсін.
Негіздеме: А. Омардың өтініші
Бұйрықпен таныстым: қолы / тегі/
Бөлім меңгерушісі қолы А.Б. Қайдар
«Роса» ААҚ
Жұмыстан босату туралы
№3 Бұйрық
«____»________ 20___ ж.
Жоспарлау бөлімінің бухгалтері Алма Омарқызы, зейнетке шығуына байланысты, 20___ жылғы наурыздың 19-ынан жұмыстан босатылсын.
Негіздеме: А. Омарқызының өтініші
Бұйрықпен таныстым: қолы /тегі/
Кадрлар бөлімінің бастығы қолы М.С. Әлжан
3.7 Мінездеме
Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын құжат.
Мінездеменің көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме ресми стильде, баяндауышы ашық райлы етістіктер арқылы (беріледі, орындады, көріне білді, т.б.) жазылады.
Деректемелері:
тақырыбы;
негізгі мәтін;
қорытынды;
мінездеме жазған тұлғаның лауазымы;
қолы, аты-жөні, тегі;
мінездеме берілген күні, айы, жылы.
Мінездеменің мәтіні төрт бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде тұлғаның аты-жөні, тегі, туған жылы, ұлты,
лауазымы, білімі жазылады.
Екінші бөлімде тұлғаның еңбек жолы, мамандығы, қызмет
бабымен өсу жолдары, кәсіптік шеберлігі, жетістіктері, т.б. туралы баяндалады.
Үшінші бөлімде тұлғаның моральдік-психологиялық, іскерлік,
кәсіптік деңгейі, жұмысқа деген қарым-қатынасы, қоғамдық тапсырмаларды орындай алатыны, т.б. туралы баяндалады.
Төртінші бөлімде мінездеменің берілу себебі немесе қайда
берілгені туралы жазылады.
Мінездеменің мәтіні ІІІ жақтан баяндалады.
Тапсырмалар:
1) Үлгі бойынша өзіңіздің досыңызға сипаттама жазып көріңіз;
Мінездеменің мәтінін бөлімдерге бөліңіз;
3) Жұмыскеріңіздің басқа лауазымдық қызметке ауысуына байланысты мінездеме жазыңыз;
4) Оқуға түсу мақсатында жазылған мінездеме мәтінін құрастырыңыз;
5) Жұмыскеріңіздің лауазымдық қызметін көтеру мақсатында мінездеме жазыңыз;
6) Жұмыскеріңіздің сынақтан өтуіне байланысты мінездеме жазыңыз;
7) Қызметке жоғарылату мақсатында жұмыскеріңізге мінездеме жазыңыз;
8) Практикадан өткен студентке мінездеме жазыңыз.
Үлгі
Павлодар облыстық Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №34 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ішкі қызмет капитаны
Асқар Аманжолұлы Әбуге
Мінездеме
А. А. Әбу 1976 жылы туған. Білімі – орта арнаулы. №34 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы болып 1996 жылдан жұмыс істейді.
А. А. Әбу қарауыл бастығы болып жұмыс істеген кезінде өзін қабілетті, жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Қол астындағы қызметкерлер-ді ұйымдастыра біледі. Өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлігі жоғары. 2000 жылы Өртке қарсы қызмет мамандарының біліктілігін жетілдіру курсынан өтті. 2001жылы жұмыстағы жетістіктері үшін Павлодар облыстық Мемлекеттік өрке қарсы қызметінің мақтау қағазымен марапатталды.
А. А. Әбудің мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, ұжым мүшелерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген. Спортпен үнемі шұғылданады. Қазақша күрестен спорт шебері. С. Торайғыров атындағы ПМУ-да заң мамандығы бойынша сыртқы оқу бөлімінде оқиды.
Мінездеме А. А. Әбуді Павлодар облыстық Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №34 өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметіне ұсыну үшін берілді.
Павлодар облысының МӨҚҚ-ның бастығы,
ішкі қызмет капитаны М.О. қолы С.Р. Шәріп
00.00.0000.
3.8 жеке іс парағы
Жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер талап еткен басқа жағдайларда арнайы бланкке толтырылатын ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілген мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілген мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке тұлғаның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолын толық көрсетеді.
Деректемелері:
құжат түрінің атауы;
мәтін;
қолы, тегі.
Тапсырма:
Өз жеке іс парағыңызды төмендегі үлгі бойынша толтырыңыз.
Үлгі
Жеке іс парағы
1 Аты ______________________________________________________
Әкесінің аты _________________________________________________
Тегі _______________________________________________________
2 Жынысы ________ 3 Туған күні, айы, жылы __________________
4 Туған жері ________________________________________________
2) Еңбекақы туралы мәліметті растайтын анықтама жазыңыз;
3) Жұмыс орнынан берілген анықтама мәтінін құрастырыңыз;
4) Дәрігердің ауырғаныңыз туралы мәліметі бар анықтамасын жазыңыз;
5) Жоғары оқу орнында оқитыныңыз туралы анықтама жазыңыз;
6) Практикадан өткен студентке анықтама қағазын беріңіз;
7) Жұмыскеріңіздің жұмыс орнын растайтын анықтама жазып беріңіз.
Үлгі
«АЗАМАТ» ПИК-і
№1 АНЫҚТАМА
«___» __________ 20___ж. Павлодар қ.
Азамат, Самат Қанатұлы Омар 1970 жылы туған, Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтерде тұрады.
Отбасы құрамы:
Әйелі, Анар Оспанқызы Омар, 1971 жылы туған.
Ұлы, Әмір Саматұлы, 1998 жылы туған.
Анықтама талап етуші орынға көрсету үшін берілді.
«АЗАМАТ» ПИК-тің төрағасы М.О. қолы /тегі/
«АРАЙ» ЖШС-і
№2 АНЫҚТАМА
«___» __________ 20___ж. Павлодар қ.
Арман Қайратұлы Ахмет 2000 жылдан ақпарат бөлімінде бағдарламашы болып жұмыс істейді.
А. Қ. Ахметтің бір айлық еңбекақысы 30000 (отыз мың) теңге көлемінде.
Анықтама Ұлттық зейнетақы қорына көрсету үшін берілді.
«АРАЙ» ЖШС-ның төрағасы М.О. қолы /тегі/
3.10 Хабарландыру
Хабарландыру – мекемелердiң, ұйымдардың атынан алдағы болатын iс - шаралар туралы хабарлап жазылатын құжаттың түрi.
Мұнда хабарланып отырған мәселенiң (жиналыс, мәжiлiс, кездесу, отырыс, т.б. ) айы, күнi, болатын уақыты мен орны көрсетiледi.
Соңынан хабарландырушы мекеменiң, ұйымның аты көрсетіледі.
Хабарланатын мәселенiң мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлi-түрлi көлемiмен, көркемделуiмен ерекшеленедi. Қазiргi нарық заманында баспасөз беттерiнде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшiн де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлiнше тұжырымды, нақты жазылады.
Деректемелері:
құжаттың атауы;
мәтіні;
ұйымдастырушының атауы
Тапсырмалар:
1) Жұмыскерлерге жиналыс болатыны туралы хабарландыру жазыңыз;
2) Мәжілістің болуы туралы хабарландыру жазыңыз;
3) Жалпы жиналыстың болатыны туралы хабарландыру жазыңыз;
4) Жобаларға байқау жариялау туралы хабарландыру жазыңыз;
5) Үйірменің кезекті мәжілісі болатыны туралы хабарландыру жазыңыз;
6) Театрдағы қойылым туралы хабарландыру жазыңыз;
7) Мәжілістің болуы туралы хабарландыру жазыңыз;
8) Мерекелік шара болатыны туралы хабарландыру жазыңыз.
Үлгі
Хабарландыру 2007 жылғы қазанның 3-інде сағат 14.00-де 1-кабинетте бөлім бастықтарының жиналысы болады.
Күн тәртібінде:
1. 2007 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың есебін талқылу.
2. 2007 жылдың екінші жартысында атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекіту.
3. Әртүрлі мәселелер.
Әкімшілік
Хабарландыру
2007 жылғы желтоқсанның 7-сінде сағат 15.00-де С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің акті залында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді.
Бағдарламада:
Ректор, проф. Е.Арынның құттықтау сөзі.
Университет студенттерінің концерті.
Хабарландыру
2007 жылғы қарашаның 5-інде сағат 12.00-де 10- кабинетте Облыстық наркологиялық диспансердің дәрігері А. Н. Оспанмен «Нашақорлық – қауіпті дерт» деген тақырыпта сұхбат өтеді.
9-11-сыныптардың оқушылары міндетті түрде қатысулары тиіс.
Мектеп әкімшілігі
3.11 Баяндау хат
Баяндау хат – мекеме басшысының атына жазылған, белгілі бір мәселе туралы жан-жақты баяндалған құжат. Кейде баяндау хатта жазушының ұсынысы мен талап-тілегі де көрсетіліп жазылады.
Деректемелері:
- адресат;
- құжаттың атауы;
- мәтіні;
- күні;
- қолы, тегі
Тапсырмалар:
1) Студенттің сабақ үлгерімінің төмендігін баяндап, факультет басшысына баяндау хат жазыңыз;
2) Жұмыс тәртібін бұзғаны жөнінде басшы атына баяндап баяндау хат жазыңыз;
3) Сабаққа қатыспай жүрген студент туралы факультет деканының атына баяндау хат жазыңыз;
4) Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз;
5) Жұмыскерлердің жұмыс орнына үнемі кешігіп жүретіні туралы баяндау хат жазыңыз;
6) Жұмыскеріңіздің жұмыс тәртібін бұзғаны жөнінде баяндау хат жазыңыз.
Үлгі
«Рауан» АҚ-ның
бас инженері
С. А. Құлымжанға Баяндау хат
Сізге Естай көшесіндегі №10 үйде жөндеу жұмыстарының қажетті құрылыс материалдарының мезгілінде жеткізілмеуі себепті тоқтап тұрғанан хабарлаймын.
Құрылыс материалдарының мезгілінде жеткізілмеу себебін анықтап, тиісті шара қолдануыңызды сұраймын.
Инженер қолы /тегі/
00.00.0000
№1 ЖЭО-ның
бастығы А. Омарға
Баяндау хат
Сізге бағдарламашы А. Ақпанның іссапардан белгіленген мерзімнен 1 жұмыс күніне кешіккенін хабарлаймын.
Тиісті шара қолдануыңызды өтінемін.
№3 цехтың бастығы қолы /тегі/
00.00.0000
3.12 Түсініктеме
Түсініктеме – мекеме басшысының атына белгілі бір келеңсіз жағдайға байланысты себебі баяндалып жазылатын құжат.
Деректемелері:
- адресат;
- құжаттың атауы;
- мәтіні;
- күні;
- қолы, тегі
Тапсырмалар:
1) Жұмысқа келмей қалуыңыздың себебін көрсетіп түсініктеме жазыңыз;
2) Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз;
3) Жоғарыда жазылған баяндау хатқа байланысты түсініктеме жазыңыз;
4) Жұмыс тәртібін не себептен бұзғаныңыз жөнінде түсініктеме жазыңыз;
5) Не себептен сабаққа қатыспағаныңызды баяндап түсініктеме жазыңыз;
6) Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз;
7) Жұмысқа кешіккеніңіз туралы түсініктеме жазыңыз;
8) Жұмысқа кешігіп келгеніңізге байланысты түсініктеме жазыңыз.
Үлгі
Павлодар қаласының
№1 жалпы білім беру мектебінің
директоры А.Сыздыққа
Түсініктеме 2007 жылғы қаңтардың 10-ынан 29-ына дейін кезектен тыс еңбек демалысында болғандықтан, сынып оқушыларының оқу үлгерімдері туралы мәліметті уақытында тапсыра алмадым.
Сынып жетекшісі қолы /тегі/ 00.00.0000 №1 ЖЭО-ның
бастығы А. Омарға
Түсініктеме
Іссапардан 1 жұмыс күніне кешігіп келуіме ауа-райына
байланысты Алматы – Павлодар ұшағының ұшу кестесінің өзгеруі себеп болды.
Әуежай әкімшілігінің анықтамасы қоса берілді.
Бағдарламашы қолы /тегі/
00.00.0000
3.13 Жеделхат
Жеделхат – телеграф арқылы жіберiлетiн жедел сипатты
құжат.
Деректемелері:
категориясы мен нөмірі;
мерзімі, жіберілген уақыты;
алушының аты-жөні, мекен-жайы;
мәтіні;
қолы.
Үлгі
Шұғыл
Павлодар қаласы
Бектұров көшесі, 45
Т.Т.Омарға
Қажетті құжаттарды наурыздың бесі күні жібереміз алғандарыңызды хабарлап айтыңыздар
1213 Қасым
Көкшетау қаласы
Уәлиханов көшесі, 257 «а»
М.И.Қасым
3.14 Телефонхат
Телефонхат – телефон немесе радио арқылы жеткiзiлетiн жедел сипаттағы құжат.
Деректемелері:
құжаттың атауы, жіберілген мерзімі, нөмірі;
алушының аты-жөні;
негізгі мәтіні;
жіберушінің аты-жөні;
жеткізушінің аты-жөні, телефон нөмірі;
қабылданған мерзімі.
Үлгі
№ 456/1
Университет әкімшілігіне
жылғы қазанның 5-і, сағат 16.00-де аударма
мәселелеріне байланысты семинар өткізілетінін хабарлаймыз.
Өткізілетін орны: ҚМО-ның үлкен залы.
Қол қойған:
Павлодар облыстық тілдерді дамыту
департаментінің орынбасары
С.О.Дүкенбай
Жіберген: хатшы С.Кәкімқызы. Тел.: 32-80-26
00.00.0000 ж. Сағат 10.00.-де қабылдап алған
хатшы А.Б.Рақымжан. Тел.: 68-56-21
3.15 Факс
Факстің ең құнды жері ол аппарат арқылы тек қана мәтінді құжаттарды ғана емес, кестелі, кескінді құжаттарды да тез арада екінші адамға немесе екінші мекемеге жеткізуге болады. Факс арқылы мәтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған кез келген құжаттың дәл сол күйінде қайталанған нұсқасы екінші мекемеге жеткізіледі.
Факстің жеткізу жылдамдығы өте жоғары, себебі факс арқыл жіберілген кез келген құжат санаулы сағаттардан кейін-ақ адресат қолына тиеді.
Факс арқылы жіберілген құжат А4формалы бланкіге кейде А5 формалы бланкіге толтырылады. Фотография, сызба, кесте т.б. сияқты үлкен көлемді құжаттар алдын ала факс аппаратының мүмкіншілігіне сәйкес келетіндей етіліп кішірейтілуі керек.
Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының құрылымы:
- жіберушінің толық мекен-жайы ұсақ әріппен бланкінің сол жақтағы бұрышына жоғарылау жазылады;
- жіберуші мекеменің аты бланкінің оң жағына жоғарылау жазылады;
- бланкінің ортасына «факс арқылы» деп үлкен шрифтілермен жазылады;
- алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады; (кімге: Олжас Сағитұлы Алшынбайға).
- жіберушінің аты-жөні оң жаққа шығыс септік тұлғасында жазылады; (кімнен: Асқар Қаниұлы Досжаннан).
- одан төмен, сол жаққа факс номері жазылады; (факс: 12-01)
- оң жақ шетке, құжат көлемінің неше беттен тұратыны жазылады; (Көлемі: 7 (жеті) бет).
- факс номерінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген аппарат номері жазылады; (8-3822-450102)
- оң жаққа, құжат көлемі жөніндегі мәліметтің төменгі жағына дата, қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі;
- сол жақ шетке, аппарат номерінен төмен, факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады; (3 жарты жылдық есеп).
- оң жаққа, қажет болған жағдайда датадан төмен құжаттың көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады; (Көшірмесі: Роза Жақанқызы Ахметке)
Осыдан кейін бланк көлденең жіңішке сызықпен сызылады да, сызықтан кейін «Тез қаралуға тиіс», «Құпия», «Қажетті белгілер соғу үшін» сияқты қосымша ескертулер жазылады. Бұдан кейін де көлденең жіңішке сызық сызылып, негізгі мәтін жазылады.
4 Қызметтік хаттар
Қызметтік хаттар – қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу, жедел мәселелерді шешу сияқты түрлі жағдайларға байланысты жазылатын құжат.
Қызметтік хаттар негізінен арнайы бланкіде толтырылады және оның тақырыбы, адресаттың аты көрсетіліп, қол қойған тұлғаның аты-жөні, орындаушының аты-жөні мен телефон номері көрсетіледі.
Қызметтiк хаттардың құрылымы:
Қызметтiк хатты жазудың қалыптасқан тәртiбi бар. Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөлiктерден тұрады:
1) тақырыбы;
2) датасы;
3) хат жолданып отырған мекеменiң аты мен адресаттың аты-жөнi;
4) кiрiспе сөз;
5) хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететiн бөлiк;
6) негiзгi мәтiн;
7) хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершiлiк сақтау сөздерi;
8) жiберушiнiң қолы;
9) қосымша (приложение) берiлетiн болса, оған сiлтеме;
10) құжатты дайындаушы, жiберушi туралы мәлiмет;
11) постскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейiн – “P.S.” таңбаларын қойып тұрып, одан кейiн жазылатын сөздер).
Тақырып. Егер хат арнайы бланкке емес, таза қағазға жасылса жоғарғы жағына алдымен мекеменің толық аты, мекен-жайы, телефон номері жазылады.
Егер мекеме мен адресат арасында хат жазысу үнемі болып тұратын болса, онда қағаз бетінің орташа тұсына келген хаттың номері мен датасына сілтеме жасауға болады. Мысалы: «Сізден 2006 жылы 13 желтоқсанда келіп түскен шығу номері 1558-хатқа орай».
Датасы. Хат жазылып отырған күн қағаздың оң жақ бұрышында көрсетіледі. Хат жазылған ай цифрмен емес, жазбаша көрсетілгені дұрыс.
Хатты алушы мекеменің аты мен мекен-жайы. Тақырыптан кейін хат жолданып отырған мекеменің аты, келесі жолға адресаттың аты-жөні жазылады.
Егер адресат тегін (фамилиясын) білмесеңіз, лауазымын ғана көрсетуге болады. Мысалы, Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакторына немесе № 10 орта мектептің директорына т.с.с.
Кіріспе сөз. Кіріспе сөз мекеме, ұйымға да, ұйым басшысына жеке де қарата айтыла береді. Кіріспе сөз азат жолдан бастап жазылады. Мысалы,
«Құрметті М.С.Ахмет мырза!»
«Құрметті А.Ж.Ахмет ханым!»
«Т.С. Сыздық мырзаға!»
Хаттың жалпы мазмұн, мақсатына нұсқау. Көп жағдайда негізгі мәтіннен бұрын хаттың жалпы мазмұн, мақсатын білдіру үшін қысқаша мәлімет жазылады. Бұл кіріспе сөзден кейін бір интервал жіберіп барып қағаздың оң жақ шетіне жеке жолға жазылады. Мысалы: «№ 5 тапсырыстың орындалуы жайлы», «Б.Б. Мұқышевтың ісіне байланысты», «Қысқы сессияның қорытындысы жайлы» т.б.
Негізгі мәтін. Қызметтік хаттардың ең бастысы - негізгі мәтін. Мәтінде айтылатын деректердің ішкі мазмұны нақты, дәл әрі тұжырымды болуы керек. Мәтіннің стилі ресми әрі түсінікті болуы керек. Мәтінде басы артық сөздердің болмағаны дұрыс.
Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілікті сақтау сөздері. Сыпайыгершілік сақтау сөздері мекемеге де, жеке адамға да қарата айтыла береді. Хат түріне қарай «Құрметпен...», «Аса құрметпен...», т.б. сөздер қолданылады.
Жіберушінің қолы. Хаттың бұл бөлігінде жіберушінің ресми қызметі, аты-жөні жазылады және қолы (факсимале) қойылады. Жіберушінің қызметі туралы мәліметтер толығымен хаттың басында келтірілген ұйым туралы мәліметтермен сәйкес болуы керек. Жіберушінің ресми қызметі, аты-жөні және қолы хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздерінен кейін жазылады.
Егер хатқа қол қоятын адам бірнеше болса, олар лауазым дәрежесіне қарай жазылады. Мысалы,
№ 22 мектептің директоры ________ _________________
қолы (аты-жөні)
№ 22 мектеп директорының орынбасары _______ __________
қолы (аты-жөні)
Ал қол қоятын адамдардың қызмет дәрежесі бірдей болса, онда
алфавит тәртібімен жазылады.
Қосымшаларға сілтеме. Жолдама хатта көрсетілген мәліметтің бәрі қосымша болып есептеледі. Қосымша бірнеше болса, онда оның тізімі жасалады. «Қосымша» сөзі беттің сол жақ шетіне жазылады.
Құжатты дайындаушы туралы мәлімет. Құжатты дайындаушы туралы мәлімет қосымшалар туралы мәліметтен кейін көрсетіледі. Егер қосымшалар болмаса құжатқа қол қоюшы туралы мәліметтен кейін жазылады. Құжатты дайындаушы туралы мәлімет беттің сол жағынан ұсақ әріппен жазылады. Мысалы,
Орындаушы: Б.С. Кертай
Телефоны: 00-00-00
Постскриптум. Латын тілінен аударғанда «хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін “p.s” таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылатын сөз немесе мәтін» деген мағына береді.
Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады:
1) адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайындалып қол қойылып қойса, қойылған қолдан кейін “p.s” белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол қойылады;
2) хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлімет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан кейін “p.s” белгісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады.
4.1 Өтініш хат
Өтініш хат – белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат.
Үлгі
Павлодар қ. «Данабанк» ААҚ-сына
Мемлекеттік нотариалдық
кеңсесі
№ 00012
«___» __________ 20___ж.
Павлодар қ. Мемлекеттік нотариалдық кеңсесі Иван Алексеевич Сидоровтың 04.07.2002 жылы қайтыс болған мезгілінде Елена Сергеевна Сидорованың атына салған салымы бар болса, сол туралы мәлімет жіберулеріңізді өтінеді.
Мәлімет мұрагерлікті ресімдеу үшін қажет.
Павлодар қ. МНК-нің мемлекеттік
кеңсесінің нотариусы М.О. қолы /тегі/
4.2 Жауап хат
Жауап хат – келіп түскен өтініш хатқа мәселелерді шешу
сипатында жауап қайтару мақсатында жазылатын хат.
Үлгі
Павлодар қ. мемлекеттік
нотариалдық кеңсесі
мемлекеттік нотариус
М. Т. Жанғазыға
Сіздің 13. 11. 2006 жылғы № 00012 хатыңызға
«Данабанк» ААҚ-ы Иван Алексеевич Сидоровтың 04. 07. 2002 жылғы қайтыс болған мезгілінде Елена Сергеевна Сидорованың атына салған салымы болмағанын хабарлайды.
«Данабанк» ААҚ басқармасының
төрағасы қолы /тегі/
00.00.0000
4.3 Ақпараттық хат
Ақпараттық хат – мекемелерде, ұйымдарда, т.б. атқарылатын
жұмыстарға байланысты жазылған ақпаратты өзіне ұқсас мекемелерге таратылатын хат.
Үлгі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Ақпараттық хат
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2009 жылдың 25 қыркүйегінде «Ұлттық құндылық: өткенді ұлықтау, әлемдік өркениет» атты республикалық ғылыми конференция өткізеді.
Конференцияда төмендегі секциялар жоспарланған:
Менің Қазақстаным – менің болашағым. Өлкетану шежіресі;
Тарих және тарихи мұраларымыз;
Әдеби және мәдени дәстүрлеріміз.
Жариялау үшін конференцияның материалдарын 2009 жылғы
қыркүйектің 15-іне дейін конференцияға деген белгімен ұсынылып отырған үлгіде қатысуға өтінішті, шет тілде 3,5 дюйм дискетте МS WORD (6.0 немесе 7.0) редакторында терілген және А4 форматты ақ қағазға басылған 5 беттен аспайтын мақаланы мына мекен-жайға жіберу керек: 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64. С.Торайғыров атындағы ПМУ, ғылыми шараларды ұйымдастыру бөлімі.
Байланыс тел.: 8 (7182) 00-00-00, факс: 8 (7182) 00-00-00.
4.4 Шақыру хат
Шақыру хат – белгілі бір іс-шараларға қатысуға байланысты
жазылатын хат.
Деректемелері:
кіріспе сөз;
мәтін;
сыпайыгершілік сақтау сөзі;
қолы;
аты-жөні, тегі.
Үлгі
Құрметті ______________________ мырза!
Cізді 2009 жылғы қыркүйектің 25-і күні сағат 10.00-де,
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырып отырған «Ұлттық құндылық: өткенді ұлықтау, әлемдік өркениет» атты республикалық ғылыми конференцияға шақырамыз.
Аса құрметпен,
ҒЗЖ-ның төрағасы қолы М.Н.Уахит
4.5 Алғыс хат
Алғыс хат – мекемеге, ұйымға немесе жеке тұлғаның атына
қоғамдық жұмыстарға, шараларға ат салысқаны үшін, ризашылық білдіру мақсатында жазылатын хат.
Үлгі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Алғыс хат
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректораты Қазақ тілі кафедрасы ұжымына Республика күні мерекесіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Сіздерге зор денсаулық, кәсіби-шығармашылық табыс, жанұяларыңыз-ға бақыт тілейді.
Аса құрметпен,
Тәрбие ісі жөніндегі проректор қолы М.Н.Уахит
4.6 Жеке хат
Жеке хат – қызметтен тыс мәселелерге, жеке тұлғаның өз қызметiмен, ұйымның атқаратын қызметiмен шеше алатын мәселелер өрiсiмен тiкелей жазылатын хат.
Үлгі
«Ертіс» ЖШС-ның
директоры Н. М. Жайлаубайға
бағдарламашы Р.О.Үкібайдан
Сізден денсаулық жағдайыма байланысты материалдық көмек беруіңізді сұраймын.
00.00.0000.
қолы /тегі/
4.7 Ескерту хат
Ескерту хат – белгілі бір міндеттеменің не жүргізілген іс
шаралардың орындалу мерзімінің жақындағанын немесе өтіп кеткенін баяндап жазылатын хат.
Үлгі
«Ертіс» ЖШС-ның директоры
Н. М. Жексенге
«Тұранбанк» ААҚ Астана қ. Т. Бигелдинов к. 14-үйдегі банкі мекемесінің ішкі өңдеу жұмыстарындағы өздеріңіз мойындаған кемшіліктерді жою қажет екенін қайталап естеріңізге салады.
Банкі әкімшілігі жоғарыда көрсетілген шаралар толық орындалғаннан кейін ғана мекемеге күзет қоятынын және ғимараттың фасады бойынша жасалатын жұмыстардың жобасы туралы мәселені қарай алатынын ескертеді.
«Тұранбанк» ААҚ
басқармасының төрағасы М.О. қолы Р.Ө. Сейсенбай
00.00.0000.
Орынд. А. Н. Молдабай.
Тел.: 00-00-00
4.8 Шағым хат
Шағым хат – белгiлi бiр мекеменiң немесе мекеме қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекетiн көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылатын хат.
Үлгі
Павлодар облысының
әкімі Т.Д. Айтқазыға
Естай көшесіндегі
82-үй тұрғындарынан
Шағым хат
Естай к., 82-үйдің алдына «Нұр» ЖШС-і заңсыз автотұрақ орнатып алды. Бұл жер аула балаларының ойнайтын жері болғандықтан, сізден осы мәселені тез арада шешіп беруіңізді сұраймыз.
Сұранысымыз іске аспаған жағдайда жоғары сотқа шағымданатынымызды ескертеміз.
Үй тұрғындарының тізімі қоса берілді. қолдары /тегі/
00.00.0000.
4.9 Сұраныс хат
Сұраныс хат – мекемеден керектi ақпаратты немесе белгiлi бiр
құжатты жiберуiн сұрауға байланысты бiр ғана мақсатпен жазылатын хат.
Үлгі
С.Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік
университетінің
кітапхана меңгерушісі
С.А.Қасымға
Сұраныс хат
Филология факультетінің қазақ тілі кафедрасы сізден 2004-2005 оқу жылында кітапхана қорына келіп түскен тіл және әдебиет сериясының тізімін жіберуіңізді сұрайды.
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі қолы Б.К. Омар
00.00.0000.
4.10 Ұсыныс хат
Ұсыныс хат – қызметкердi белгiлi бiр орынға, қызметке ұсыну
жөнiнде басшыға ұсыныс жасау, аталған қызметкердiң сол орынға лайық екендiгiне кепiлдеме беру мақсатында жазылатын хат.
Үлгі
С.Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік
университетінің ректоры,
проф. С.Т.Жексенге
Ұсыныс хат
Филология факультетінің деканаты қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Мақпал Ақанқызы Жұмағұлды факультет деканының орынбасары қызметіне лайық деп тауып, осы қызметке алуыңызды сұрайды.
Филология факультетінің
деканы қолы С.Т. Досжан
00.00. 0000.
4.11 Ресми хат
Ресми хат – белгiлi бiр ортаның атқаратын жұмыстарына
байланысты мәселелердің жазбаша хабарланатын, ресми түрде мекеменiң атынан жазылатын хат.
Үлгі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Жоғары және орта кәсіптік
білім департаменті
473000, Астана қ. Республика даңғылы, 1
тел./3172/ 00-00-00, тел.факс 00-00-00
№ 05-4/5754
«__» _______0000 ж.
Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті _____ жылы болатын ғылыми конференциялардың өткізілуін ретке келтіру мақсатында және ұйымдастыру мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік жасау үшін сіздердің оқу орындарыңызда жоспарланған халықаралық және республикалық шаралардың атауы мен мерзімі көрсетілген тізімді жіберулеріңізді сұрайды.
Директор қолы Т.М.Ескендір
Орынд. С. А. Нұрахмет
Тел.: 00-00-00
4.12 Жолдама хат
Жолдама хат – құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе
қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы ақпарат берілген хат.
Үлгі
Қазақ мемлекеттiк
ғылыми-техникалық
зерттеу институтының
директоры А.Б.Сүлейменге
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетiндегi техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесiн алу үшiн диссертация қорғайтын ДР 00.00.00 диссертациялық кеңес 00.00.00 – машина жасау мамандығы бойынша Қайрат Бәкірұлы Ысқақтың “Іштен жанатын қозғалтқыш” атты кандидаттық диссертация жұмысын және авторефератының 2 данасын мемлекеттiк тiркеу мен микрофильмнен өткiзу үшiн жiберiп отыр.
Диссертацияның қорғалған күнi 22 ақпан 2006 жыл.
Диссертация кеңесінің төрағасы,
техника ғылымының докторы, профессор қолы Ж.Қ.Баймұрат
00.00.0000.
5 ұйымдастыру-басқару құжаттары
5.1 Өкім
Өкім – мекеме, ұйым, кәсіпорын бөлімшелерінің күнделікті
өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша директор немесе оның орынбасарлары шығаратын құжат.
Үлгі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті
Филология, журналистика
және өнер факультеті
№ 05-4/5754 ӨКІМ
«___» __________0000 ж.
Ғылыми жұмыстарының есептері 2007 жылғы желтоқсанның 20-сына дейін факультетке тапсырылсын. Кафедраның ғылым жұмыстарына жауапты адамдар (С.Т.Ахмет, Б.М.Омар, Ж.Г.Есен) осы жұмыстың орындалуын қадағаласын.
Факультеттің ғылыми жұмыс
жөніндегі орынбасары қолы /тегі/
5.2 Хаттама
Хаттама – мекеменiң, ұйымның, кәсiпорынның жиналысы мен мәжiлiстерiнде қаралған, талқыланған, қорытындыланған істерді тiркейтiн ресми құжат.
Қоғамдық тәртiптiң бұзылғаны туралы факт тiркелетiн ресми құжат. Хаттамада қаралған мәселелер бойынша баяндамашының, талқылауға қатысқан сөйлеушiлер сөздерiнiң қысқаша мазмұнынан және алынған нақты қаулылардан тұрады. Хаттамаға мекеме басшысы, фактiнi тiркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басылады.
Деректемелері:
- мекеменiң, ұйымның, кәсiпорынның атауы;
- құжаттың номері, атауы;
- мекеменің орналасқан жері (қаланың атауы)
- күнi;
- төраға мен хатшының аты-жөні;
- қатысқандар туралы мәлiмет (саны, аты-жөнi, лауазымы);
- күн тәртiбi;
- негізгі мәтіні;
- қабылдаған қаулы;
- төраға мен хатшының қолдары
Тапсырмалар:
1) Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз;
2) Күн тәртібінде қарастырылған отырыстың хаттамасын жазыңыз;
3) Күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша хаттама құрастырыңыз;
4) Ұжым жиналысының хаттамасын жазыңыз;
5) Хаттама көшірмесін жазыңыз.
Үлгі
Мекеменің атауы
№ Хаттамасы
мекеменің орналасқан жері (қаланың атауы)
00.00.0000
Төраға – А.Ахмет
Хатшы – Н.Омар
Қатысқандар: 15 адам /тізім қоса берілді/
Күн тәртібінде:
1. 2007 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың есебін талқылау туралы.
2. 2007 жылдың екінші жартысында атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекіту туралы.
ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ: ____________________________________
Төраға қолы /тегі/
Хатшы қолы /тегі/
5.3 Қаулы
Қаулы – алқалылық негiзiнде жұмыс iстейтiн мекемелерде шешiмдердi, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжiлiстерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады. Онда көрсетiлген шаралардың орындалуы мiндеттеледi.
Iрi мекемелерде, министрлiктер мен ведомстволарда ең маңыздымәселелер бойынша алдын-ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешiмнiң жобасы әзiрленедi. Қаулы мен шешiм тiлдiк құрылымы жағынан ұқсас болып келеді.
5.4 Жарғы
Жарғы – ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, қоғамдық ұйымдардың жарғыларын съезд қабылдайды және бекітеді.
Деректемелері:
- мекеменің (кәсіпорынның, ұйымның) атауы;
- құжаттың түрі;
- индексі, күні, жасалған грифі;
- мәтіні;
- кәсіпорын басшысының қолы.
Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жазылады:
- жалпы ережелер;
- негізгі міндеттер;
- атқаратын қызметі;
- құқықтары мен міндеттері;
- басшылық;
- қарым-қатынас, байланыс;
- өндірістік-шаруашылық қызмет;
- мүлік және құралдар;
- қызметті бақылау, тексеру жүргізу;
- қайта құру және жою.
Заң құжаттары: жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс құрылымы,
қажетті деректемелері, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді.
6 Бақылау тапсырмалары
№ 1-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
2. Түйіндеме
(Үлгі бойынша құрастырыңыз )
3. Қолхат
(Жолдасыңыздан бағалы зат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)
4. Сенімхат
(Жолдасыңыздың автокөлігін уақытша иемденуге байланысты сенімхат жазыңыз)
5. Өтініш
(Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз)
6. Бұйрық
(Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарыңыз)
7. Мінездеме
(Жұмыскеріңіздің лауазымдық қызметін көтеру мақсатында мінездеме жазыңыз)
8. Хаттама
(Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз)
9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы
(Үлгі бойынша толтырыңыз)
10. Анықтама
(Жұмыскеріңіздің жұмыс орнын растайтын анықтама жазып беріңіз)
11. Баяндау хат
(Жұмыскеріңіздің жұмыс тәртібін бұзғаны жөнінде баяндау хат жазыңыз)
12. Түсініктеме
(Жұмысқа кешігіп келгеніңізге байланысты түсініктеме жазыңыз)
13. Хабарландыру
(Жұмыскерлерге жиналыс болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)
14. Қызметтік хат
(Кәсіпорын басшысының атына өтініш хат жазыңыз)
15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз
№ 2-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
2. Түйіндеме
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
3. Қолхат
(Жолдасыңыздан ақша алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)
4. Сенімхат
(Еңбекақыңызды алуға байланысты жолдасыңызға сенімхат жазыңыз)
5. Өтініш
(Жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз)
6. Бұйрық
(Жұмыстан босату туралы бұйрық шығарыңыз)
7. Мінездеме
(Жұмыскеріңіздің басқа лауазымдық қызметке ауысуына байланысты мінездеме жазыңыз)
8. Хаттама
(Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз)
9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы
(Үлгі бойынша толтырыңыз)
10. Анықтама
(Жұмыскеріңіздің тұрғылықты мекен-жайы бойынша жазылған анықтама мәтінін құрастырыңыз)
11. Баяндау хат
(Жұмыскеріңіздің берілген тапсырманы орындамағаны туралы баяндау хат жазыңыз)
12. Түсініктеме
(Жұмысқа келмей қалуыңыздың себебін көрсетіп түсініктеме жазыңыз)
13. Хабарландыру
(Мерекелік шараға байланысты хабарландыру жазыңыз)
14. Қызметтік хат
(Кәсіпорын басшысының атына жауап хат жазыңыз)
15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз
№ 3-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
2. Түйіндеме
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
3. Қолхат
(Жұмыс орнынан құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)
4. Сенімхат
(Почтадан хат-хабарларыңызды алып тұруға байланысты жақын адамыңызға сенімхат жазыңыз)
5. Өтініш
(Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы өтініш жазыңыз)
6. Бұйрық
(Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы бұйрық шығарыңыз)
7. Мінездеме
(Жұмыскеріңіздің сынақтан өтуіне байланысты мінездеме жазыңыз)
8. Хаттама
(Жұмыс барысында өткізілген жиналыстың хаттамасын жазыңыз)
(Жұмыс орнынан берілген анықтама мәтінін құрастырыңыз)
11. Баяндау хат
(Жұмыс тәртібін бұзғаны жөнінде басшы атына баяндап баяндау хат жазыңыз)
12. Түсініктеме
(Жұмыс тәртібін не себептен бұзғаныңыз жөнінде түсініктеме жазыңыз)
13. Хабарландыру
(Үйірменің кезекті мәжілісі болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)
14. Қызметтік хат
(Лауазымдық бос орынға ұсыну мақсатында мекеме басшысының атына ұсыныс хат жазыңыз)
15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз
№ 8-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
2. Түйіндеме
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
3. Қолхат
(Жұмыс орнынан құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)
4. Сенімхат
(Жолдасыңыздың карточкасын пайдалануға байланысты сенімхат мәтінін құрасытырыңыз)
5. Өтініш
(Материалдық көмек сұрап басшыңыздың атына өтініш жазыңыз)
6. Бұйрық
(Материалдық көмек беру туралы бұйрық шығарыңыз)
7. Мінездеме
(Жұмыскеріңіздің сынақтан өтуіне байланысты мінездеме жазыңыз)
8. Хаттама
(Күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша хаттама құрастырыңыз)
9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы
(Үлгі бойынша толтырыңыз)
10. Анықтама
(Дәрігердің ауырғаныңыз туралы мәліметі бар анықтамасын жазыңыз)
11. Баяндау хат
(Сабаққа қатыспай жүрген студент туралы факультет деканының атына баяндау хат жазыңыз)
12. Түсініктеме
(Не себептен сабаққа қатыспағаныңызды баяндап түсініктеме жазыңыз)
13. Хабарландыру
(Театрдағы қойылым туралы хабарландыру жазыңыз)
14. Қызметтік хат
(Мекемеге қажет құжаттарды сұрау мақсатында басқа бір мекеме басшысының атына сұраныс хат жазыңыз)
15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз
№ 9-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
2. Түйіндеме
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
3. Қолхат
(Кадрлар бөлімінен керекті құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)
4. Сенімхат
(Пәтеріңізді жолдасыңызға сеніп тапсыру жөнінде сенімхат жазыңыз)
5. Өтініш
(Іссапарға бару туралы өтініш жазыңыз)
6. Бұйрық
(Іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарыңыз)
7. Мінездеме
(Қызметке жоғарылату мақсатында жұмыскеріңізге мінездеме жазыңыз)
8. Хаттама
(Ұжым жиналысының хаттамасын жазыңыз)
9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы
(Үлгі бойынша толтырыңыз)
10. Анықтама
(Жоғары оқу орнында оқитыныңыз туралы анықтама жазыңыз)
11. Баяндау хат
(Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз)
12. Түсініктеме
(Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз)
13. Хабарландыру
(Мәжілістің болуы туралы хабарландыру жазыңыз)
14. Қызметтік хат
(Өз мәселеңізге байланысты мекеме басшысының атына жеке хат жазыңыз)
15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз
№ 10-нұсқаның тапсырмалары
1. Өмірбаян
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
2. Түйіндеме
(Үлгі бойынша құрастырыңыз)
3. Қолхат
(Алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға байланысты қолхат жазыңыз)
4. Сенімхат
(Зейнетақыңызды алуға байланысты сенімхат жазыңыз)
5. Өтініш
(Отбасы жағдайына байланысты жұмыстан уақытша сұранып өтініш жазыңыз)
6. Бұйрық
(Басқа оқу орнына ауыстыру туралы бұйрық шығарыңыз)
7. Мінездеме
(Практикадан өткен студентке мінездеме жазыңыз)
8. Хаттама
(Хаттама көшірмесін жазыңыз)
9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы
(Үлгі бойынша толтырыңыз)
10. Анықтама
(Практикадан өткен студентке анықтама қағазын беріңіз)
11. Баяндау хат
(Жұмыскерлердің жұмыс орнына үнемі кешігіп жүретіні туралы баяндау хат жазыңыз)
12. Түсініктеме
(Жұмысқа кешіккеніңіз туралы түсініктеме жазыңыз)
13. Хабарландыру
(Мерекелік шара болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)
14. Қызметтік хат
(Іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында басқа бір мекеме, кәсіпорын басшыларының атына ресми хат жолдаңыз)
15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз
7 Іс жүргізуге қатысты қысқаша түсіндірме сөздік
АББРЕВИАТУРА – 1) сөздердiң жазуда шартты түрде қысқартылуы 2) eкi немесе бiрнеше сөздердiң бiрiншi буындарының қысқартылуы арқылы жасaлған сөз, және eкi немесе бiрнеше сөздердiң алғашқы әрiптерiнiң қысқартылуы, мысалы: АҚ (акционерлiк қoғaм).
АДРЕС, МЕКЕНЖАЙ– 1) хатта немесе сәлемдемеде алушы мен оның мекенжайы көрсетiлген жазу; 2) бiреудiң, бiрдененiң орналасқан, тұратын жерi және орналасқан, тұратын жердiң белгiсi, атауы.
Айлықақы – жұмыскерге бір айда белгілі бір жұмыс көлемі үшін төленетін еңбекақының көлемі.
АЙЫППҰЛ – жалпыға ортақ нормаларды, ережелерді, заңдарды бұзған үшін тұлғаларды ақша төлету арқылы жазалау.
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ– ҚР азаматтық кодексі бойынша, жарғылық капиталы акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам.
АҚПАРАТ – қандай да бір саладағы істің жағдайы, қандай да бір оқиғалар туралы хабар.
АҢДАТПА – кiтаптың, мақаланың т. б. қысқаша баяндалған мазмұны.
АТАҚ – қызметтің бір саласында біреудің сіңірген еңбегінің көлемін, қызмет дәрежесін, біліктілік деңгейін танытатын ресми түрде берілетін атау.
АХАЖ – азаматтық хал актілерінің жазбасытіркесінің қысқарған түрі.
БАЯНДАМА – қызмет жағдайы туралы бастыққа жазбаша немесе ауызша жасалатын хабар.
БЛАНК– негiзiнен А4 немесе А5 форматты, құжатты құрастырушы заңды тұлғаның аты, алдын-ала жазылған қағаздың таза бетi. Кәсiпорынның бланкiсi типографиялық жолымен немесе компьютердiң көмегімен дайындалады. Кәсiпорының бланкiсi eкi түрлi болады: кәсiпорының өз iшiнде қозғалатын құжаттарға арнaлған бланкi (жалпы бланкi); кәсiпорынан шығатын құжаттарға арналған бланкi (хат, факстерге арналған). Реквизиттердiң бланкiде орналасуының негiзгi eкi түpi қолданылады; opтaғa және бұрышқа орналастыру.
БІЛІКТІЛІК – 1. еңбектің бір түріне жарамдылық дәрежесі, дайындық деңгейі; 2. қызмет саласы.
ГРИФ – 1. Қолдың белгісі бар мөрқалып, осындай мөрқалыптың белгісі. 2. Кітаптар мен құжаттардағы арнайы жазу.
ДАТА – 1. Қандай да бір оқиғаның күнтізбелік мерзімі. 2. Бірдеңенің жазылған уақытын (жыл, ай, күн) көрсетуші белгі.
дәйексөз – бір мәтіннен алынған дәл, нақты сөздер.
ДЕРЕКТЕМЕ – құжаттың түрін анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттық бөлігі.
ДЕРЕКТЕР – белгілі бір шешімге, қорытындыға қажетті мәліметтер.
ЕҢБЕКАҚЫ – жұмыс берушінің жұмыскерге жұмысы үшін беретін ақысы, уақытқа немесе тапсырмаға сәйкес төлейтін ақшалай сыйақысы.
Есеп – лауазым иесінің өзінің атқарған жұмыстары немесе басқа әрекеттері туралы хабарламасы немесе баяндамасы.
ЖАЛАҚЫ – қызметі, жұмысы үшін ақшалай берілетін ақы.
Жауапкершілік – тұлғаға, ұжымға, қоғамға артылған талаптардың жүзеге асуындағы нақты тарихи, объективті сипаттама.
Жәрдемақы – көбіне ақшалай берілетін көмек.
ЖЕКЕ ТҰЛҒА – азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие тұлға.
ЖЕҢІЛДІК – жеке немесе заңды тұлғалардың заңмен белгіленген жалпыға ортақ ережелерді сақтаудан, қандай да бір міндеттерді орындаудан толық немесе жартылай босатылуы.
Жиналыс– қандайда бір ұйым мүшелерінің түрлі мәселелерді талқылауы үшін өткізетін мәжілісі.
Жоба – 1) ғимараттың немесе құрылымның жоспары; 2) қандай да құжаттың алдын-ала дайындалған мәтіні.
ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ – белгілі бір салада көлемді білімі бар маман.
ЖОЛАРАЛЫҚ – бір-бірінен бірдей қалып отыратын қозғалыстағы немесе қозғалмайтын нәрселердің арасындағы қашықтық.
Жүктеме – 1. жұмыстың көлемі, қандай да бір жұмыспен айналысудың дәрежесі; 2. біреуге жүктелген, біреудің атқаратын, орындайтын жұмысы.
ЗАҢ – мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органының белгіленген тәртіппен қабылданған және жоғары заңдылық күшке ие нормативтік актісі.
Заңгер– заң мәселелерінің, заң ғалымдарының маманы.
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие мекеме, кәсіпорын, ұйым.
Зейнетақы – азаматтардың қызмет атқарған жылдары үшін, мүгедектікке байланысты, жұмысқа жарамсыздық жағдайда т.б. мемлекет тарапынан ақшалай қамтамасыз етілулері.
КЕҢСЕ – мекеменің іс жүргізу жұмысын басқаратын бөлім және осы бөлімнің орны.
КЕПІЛАҚЫ – міндеттің толық орндалуын қамтамасыз ету үшіналдын-ала берілген ақша.
КЕПІЛГЕР – біреуге немесе бірдеңеге кепіл болатын жеке, заңды тұлға немесе мемлекет.
КӨШІРМЕ – түпнұсқаның ешбір өзгеріссіз нұсқасы.
КУӘЛАНДЫРУ – мөрмен және қолмен құжаттың дұрыстығын, шындығын растау.
Күн тәртібі – алқалық органның мәжілісінде талқыланатын сұрақтар тізбесі.
Кіріс нөмірі – мекемеге түскен құжаттардың реттік саны.
ҚОЛДАУХАТ – тұлғаның біреуді, бірдеңені қолдаған ресми өтініші.
ҚОЛЖАЗБА – қолмен жазылған немесе жазу машинасына, я компьютерге көшірілген мәтіннің түпнұсқасы немесе көшірмесі.
ҚОРЫТЫНДЫ – қандайда бір мәселеге, құжатқа байланысты комиссияның, маманның, лауазым иесінің пікірі жазылған құжат.
Қоса атқарушы – бір жұмыс орнындағы жұмысымен қатар екінші бір орында жұмыс істейтін лауазым иесі.
Қосымша – құжаттың негізгі мәтінін толықтыру үшін берілетін түрлі ресми және анықтамалық материалдар (фотосуреттер, схемалар, кестелер, құжаттар).
ҚУЫНЫМ – сотқа азаматтық құқықтарды қорғауды талап етіп өтініш жасау.
ҚҰЖАТТЫҢ КІРІСПЕ БӨЛІМІ – эмблема, кәсіпорынның атауы, анықтамалық деректер, құжат түрінің атауы, дата, келіп түскен құжаттардың нөмірі мен датасына сілтеме деректемелерінің жиынтығы.
ҚҰЗЫРЕТТІ, БІЛІКТІ – бір салада жеткілікті хабардар, білімді лауазым иесі.
Құпия – жарияланбайтын, жасырын ұсталатын ақпарат.
ҚҰРЫЛТАЙШЫ – қоғамдық ұйымдардың, қорлардың құрушысы болып табылатын заңды тұлға.
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР – лауазым иелерімен, мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және жекелеген тұлғалармен байланысудың құралы болып табылатын түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының үлкен тобының жалпы атауы.
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУ – кәсіпорын қызметкерлерінің функцияларын, құқықтары мен міндеттерін белгілейтін құжат.
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛАР – кәсіпорынның қызметкерінің қызметін, құқықтары мен міндеттерін белгілейтін құжат.
Мағлұмат– 1) қандай да бір сала бойынша алынған білім; 2) қандай да бір іс туралы хабар, дерек.
Мәлімет – қандай да бір деректердің, мағлұматтардың жиынтығы болып табылатын құжат, жазба.
Мәміле – бірдеңені орындау туралы екіжақты келісім.
Мәслихат – бір мәселені талқылауға арналған мәжіліс.
МӘТІННІҢ ТАҚЫРЫБЫ – құрастырылған құжат мәтінінің негізгі мазмұны қысқаша баяндалып жазылған деректеме. Ол құжат атауымен грамматикалық байланыста болуы керек.
MҰРАҒАТ– 1) eскі құжаттарды, бұрынғыдан қaлған жазба және графикалық eскepткiштepдi сақтайтын, жүйеге келтipeтiн, тiзiмдейтiн арнаулы мекеме; 2) мекеменiң eскі құжаттар сақталатын бөлiмi; 3) қандай да бiр мекеменің, тұлғаның қызметiне қатысты хаттардың, қолжазбалардың т. б. жинағы.
Негіздеме – белгілі бір нәрсеге, тұрмысқа, танымға, ойға, іс-әрекетке жеткілікті және маңызды шарт.
НҰСҚАУ – бірдеңенің жүзеге асырылуының жолы мен тәртібін белгілейтін ережелер жиынтығы.
ОТЫРЫС – қандайда бір ұйымның, ұжымның белгілі бір мәселелерді талқылау мақсатында жиналуы.
ӨСИЕТНАМА – біреудің өзінің өлгенінен кейін мүлкін кімге тапсыратыны туралы өкімінен тұратын ресми құжат.
ӨТЕМАҚЫ – мүліктерді бөлу немесе айырбастау кезінде мәмілеге негіз болған мүліктердің құнын немесе үлестерін теңестіру мақсатында бір жақтың екінші жаққа беретін ақшалай сомасы.
Өтіл – қандай да бір саладағы қызметтің жалғастығы.Еңбек өтілі.
Пікір – бірдеңе немесе біреу туралы ой, пікір жазылған құжат.
РЕСІМДЕУ – белгілі бір құжаттарды толтыру, құрастыру
РҰҚСАТНАМА – бір жерге кіру немесе басқа жаққа бару үшін берілетін рұқсат қағаз, куәлік
Салық – міндетті, өтеусіз төлем, салық ұйымдармен түрлі салалардан меншік құқық ережесі бойынша алынады, мемлекет тарапына шаруашылық жұмыстарын жүргізу, қауырт жұмыстар ұсталатын ақшалай қаражат түрі.
САУАЛНАМА – 1) жұмыскерлер жұмысқа орналасқанда құрастыратын құжат. Сауалнамада көрсетiлген жазбалар тиiстi құжаттармен расталады. Бұны кадрлар қызметiнiң жұмыскерлерi тексерiп, қол мен мөр қойып растаулары керек. Сауалнама жұмыскердiң жеке iciнiң құрамдас бөлiмi; 2) қандай да бiр деректердi енгiзуге арналған сауал қағаз.
Серіктестік– тең құқықты қатысушылардан тұратын өндірістік, сауда, т.б. ұйымы.
Сыйақы – орындалған жұмыс көлемі үшін берілетін ақшалай немесе материалдық сыйлық.
Сілтеме – негізгі мәтіннен бөлек, беттің ең төменгі жағына жазылатын, негізгі құжаттың мәтініне түсінік, ескерту берілетін мәтін.
Тағайындау – 1. құжаттың орындалу мерзімін белгілеу, анықтау; 2. бір лауазымға, жұмысқа т.б. жіберу, алу; 3. шешім жазылған құжат.
ТАҚЫРЫП – құжаттың атауы немесе құжаттың бір бөлігінің атауы.
ТӘРКІЛЕУ – мүлік немесе ақшаның мемлекет меншігіне еріксіз алынуы.
ТЕЛҚҰЖАТ – құжаттың түпнұсқамен заңдылық күші бірдей екінші нұсқасы.
Төлқұжат – иесінің жеке басын куәландыратын ресми құжат.
ТӨЛНҰСҚА – құжаттың мекемеде қалатын көшірмесі
ТҰЛҒА – қоғамдағы жеке адам; индивидуум.
Түпнұсқа – 1. құжаттың алғашқы жасалынған нұсқасы, көшірме емес. 2. қолжазба.
ТІРКЕУ ОРНЫ – 1. мекеменің тұлғаларды тіркейтін бөлімі; 2. индекс қойып және құжатты тіркеу туралы мәліметтерді жазып, құжаттың жасалғанын немесе түскен фактісін тіркеу.
ҰЛЫҚТАУ – жаңа сайланған мемлекет басшысының ант қабылдап, өз қызметіне аяқ басу кезінде өткізілетін салтанатты мәжіліс.
ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ – қандай да бір мәтіннен, құжаттан жасалған көшірме.
Үлгі – құжаттың негізге, басшылыққа алуға, еліктеуге болатын нұсқасы.
ҮМІТКЕР, КАНДИДАТ – 1. бір орынға сайлануы, тағайындалуы немесе қабылдануы мүмкін тұлға; 2. кіші, алғашқы ғылыми дәрежесі бар тұлға.
Үстеме – еңбекақыға қосылған, қосымша сома.
Хатшы – іскери хат алмасу құжатын жүргізетін, жеке адамдардың немесе мекеменің ағымдағы істерін жүргізетін жұмыскер.
ШАРТ – өзара міндеттемелер туралы, әдетте жазбаша жасалатын келісім.
ІС – 1. Жұмыс, қызмет. 2. Кәсіпорын. 3. Сот процесі.
4. Қандай да бір тұлғаға немесе фактіге қатысты құжаттар жиынтығы.
ІС ЖҮРГІЗУШІ – кеңсе істерін жүргізетін қызметші.
ІССАПАР – қызметтік тапсырманы орындау мақсатында басқа жаққа сапар шегу.
8 Құжаттардың атаулары
Алғыс хат – Благодарственное письмо
Аннотация – Аннотация
Анықтама – Справка
Акт – Кесім
Ақпараттық хат – Информационное письмо
Аттестат – Аттестат
Ашық хат – Открытое письмо
Бағдарлама – Программа
Баяндама – Доклад
Баяндау хат – Докладное письмо
Бұйрық – Приказ
Визит карточкасы – Визитная карточка
Диплом – Диплом
Еңбек кітапшасы – Трудовая книжка
Есеп – Отчет
Ескерту хат – Письмо напоминание
Ереже – Положение
Жарғы – Устав
Жарлық – Указ
Жарнама – Реклама
Жауап хат – Ответное письмо
Жеделхат – Телеграмма
Жеке еңбек келісімі – Индивидуальное трудовое соглашение
Жеке куәлік – Удостоверение личности
Жеке хат – Личное письмо
Жеке іс парағы – Личный листок
Жоба – Проект
Жолдама – Направление
Жолдама хат – Сопроводительное письмо
Жоспар – План
Келісім – Соглашение
Келісімшарт – Договор
Кепіл хат – Гарантийное письмо
Кесте – Расписание
Көшірме – Копия
Куәлік – Свидетельство
Қаулы – Постановление
Қолдау хат – Ходатайство
Қолхат – Расписка
Қорытынды – Заключение
Құттықтау хат – Поздравительное письмо
Қызметтік хат – Служебное письмо
Қызметтік нұсқау – Должностная инструкция
Мәлімдеме – Рапорт
Мінездеме – Характеристика
Нұсқау – Инструкция
Оқырман билеті – Читательский билет
Ордер – Ордер
Өкім – Распоряжение
Өмірбаян – Автобиография
Өсиетнама – Завещание
Өтініш – Заявление
Өтініш хат – Письмо просьбы
Пікір – Отзыв
Пікірсарап – Рецензия
Ресми хат – Официальное письмо
Рұқсатнама – Виза
Рұқсаттама – Пропуск
Сауалнама – Анкета
Сенімхат – Доверенность
Сұраныс хат – Запрос
Сынақ кітапшасы – Зачетная книжка
Талап арыз – Исковое заявление
Тапсырыс – Заявка
Телефонхат – Телефонограмма
Телқұжат – Дубликат
Төлқұжат – Паспорт
Төлнұсқа – Отпуск документа
Тұжырымдама – Концепция
Түбіртек – Квитанция
Түйіндеме – Резюме
Түпнұсқа – Оригинал
Түсініктеме – Обьяснительная записка
Тізімдеме – Ведомость
Тізім – Список
Тіркеу карточкасы – Регистрационная карточка
Ұсыныс хат – Рекомендательное письмо
Үзінді – Выписка
Үкім – Приговор
Факс – Факс
Хабарлама – Сообщение
Хабарландыру – Обьявление
Хаттама – Протокол
Шағымхат – Жалоба
Шақыру хат – Пригласительное письмо
Шарт – Контракт
Шешім – Решение
Штат кестесі – Штатное расписание
Іссапар куәлігі – Командировочное удостоверение
Әдебиеттер
1 Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.
Ресми іс қағаздары. – Астана, 2001. – 216 б.
2 Баймұқанова М.А. Мемлекеттік тілде іс жүргізу : оқу құралы.
– Павлодар, 2004. – 65 б.
3 Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы : Ана тілі, 2004. – 208 б.
4 Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. – Алматы : Раритет, 2006. – 208 б.
5 Жахина Б., Құрманова А., Қайырбекова И. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. – Көкшетау, 2003. – 100 б.
Қасымбеков М. және т.б. Екі тілде іс жүргізу. – Алматы, 1994. – 224 б.
7 Есімболова М.Қ. Мемлекеттік тілде іс жүргізу курсы (үлгілер) : оқу құралы. – Алматы, 2004. – 150 б.
8 Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізу үлгілері).
4-басылымы, толықтырылған /Құрастырушылары: В.И.Скала, Б.В.Скала, Н.В.Скала. – Алматы : «LEM», 2006. – 336 б.
Іс жүргізу мен мұрағат ісі /Жалпы редакциясын басқарған п.ғ.д., профессор А.Қ. Құсайынов. – Алматы : Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000. – 256 б.
10 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік : Іс жүргізу / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын. – Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ, 2007. – 144 б.
Мазмұны
Алғы сөз .................................................................................... 3
1 Құжаттарды, хаттарды жазарда ескеретін
кейбір жағдайлар .......................................................................4