Мектеп: «Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі |
Күні: 14.11.2015 | Мұғалімнің есімі:Сағымбаев Рустам Бахытбекұлы |
Коучингтің тақырыбы | Дарынды оқушы қалай анықтауға болады? |
Коучинг мақсаты | Дарынды оқушыларды анықтау жолдарын түсіне отырып жұмыс түрлерін ажырату. |
Күтілетін нәтиже | Дарынды оқушыларды анықтайды. Дарын оқушыға сипаттама жасайды. Дарын түрлерін ажыратады. |
Түйінді идея | Дарынды оқушы. Бұлақ көрсең – көзін аш. |
Сілтеме | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, интер белсенді тақта, парақтар, стикер, фломастерлер, видео түрткі, презентация |
Кезеңдері | Сұрағы | Уақыты | Коуч әрекеті | Мұғалім әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Амандасу | 3мин | Психологиялық тренинг өткізу. | Бір-бірінен жақсы тілек айтады. |
Топтарға бөлу | Стол үстіндегі берілген қималардағы құлпынайлардан не байқадыңыздар? Қалай топқа бөлінуге болады? | 2 минут | Коучингіге қатысушыларды ортаға шақыру. Қима қағаздағы суреттерді таңдату, топтарға дұрыс бөлінуін бақылау | Қима қағаздағы құлпынайдың жапырақтарына қарай оң және сол топқа бөлінеді. |
Түрткі бейнежазба | «Әлемнің жеті кереметі» түрткі бейнефильм арқылы. Әлемнің жеті кереметі деген не? Осы бейнефильмдегі қыз баланың әрекетін бір сөзбен қалай айтуға болады? | 10 минут | 1.Әлемнің жеті кереметі бейнефильмі нің І бөлімін көрсетіп мұғалімдердің ойын салыстыру. Сұрақтар қою. 2. Екінші бөлімін көрсетіп мұғалімдердің ойын тыңдау , зерделеу. | - Бейне жазбаны мұқият қарайды, өз ойын салыстырады, негізгі түрткіні табады. |
1-түрткі сұрақ | Дарынды оқушы деген кім? | 5 минут | Дарынды оқушы деген кім? Сұрағын топтарда талқылатып, постерлерге еңгіздіремін, талдатамын. «Аялдама» әдісі бойынша ұсыныстар жасайды, толықтырулар енгіздіремін. | Сұрақты топтарда талқылайды, ортақ постерлерге ойларын салады, дәлелдейді, «Аялдама» әдісінде ұсыныстар жасайды. |
2-түрткі сұрақ | Мені атым Қожа фильміндегі Қожаға сипаттама бер. Қожа қандай? | 4 минут | Қожаға сипаттама бергіземін, талдатамын, | Менің атым-Қожа фильмін еске түсіреді, талдайды. Қожаға сипаттама жасайды постерге енгізеді. |
3-түрткі сұрақ | Дарындылықтың неше түрі бар? Сипаттама беріп көр. | 10 минут | Дарын түрлерін ажыратып тапқызу. Әр түріне сипаттама бергізу, ойларын ортаға салғызу, талқылату. | Дарын түрлерін анықтайды, сипаттама бере , талқылайды, постерге енгізеді, қорғайды. |
Сергіту сәті | Тренинг және шығармашылық тапсырма | 3 минут | Тақтаға ілінген суретті постердегі бейнелерді анықтату, салыстыру. | Суреттердегі заттарды анықтайды, талдайды. |
4-түрткі сұрақ | Дарынды тұлғаны дамытудың әдістеріне не жатады? Не себептен дарынды оқушы қоғамдастыруымыз керек? | 5 минут | Дарынды тұлғаны дамытудың әдістерін мектептегі кешенмен үйлестірту, талқылату, саралау. | |
Кері байланыс | Сауалнамадағы сұраққа жауап беріңіз? Дарынды оқушы деген кім? | 3 минут | | Дарынды оқушының бойындағы қасиетті таба біледі. Өзінің коучингіден алған білімін тексереді. Салыстырады. |