Қазіргі таң – білімділер заманы. Күн сайын өзгеріп жатқан жылдамдыққа толы уақытта талқыға түсіп, талданып жатқан мәселелер де көп. Соның бірі – латын әліпбиі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ жазуының тарихы»
Қазақ жазуының тарихы
Қазіргі таң – білімділер заманы. Күн сайын өзгеріп жатқан жылдамдыққа толы уақытта талқыға түсіп, талданып жатқан мәселелер де көп. Соның бірі – латын әліпбиі. 2017 жылдың қазан айынан бастап қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы пікірлер айтыла бастады. Бір тарап латын тілінің өміршеңдігін қолдаса, енді бірі үйренген жолмен жүріп, ештеңені өзгертпеуді қалайды. Біріншілер латын тілін қолданысқа енгізу арқылы халқымызға тән өз тіліміздің тазалығы сақталады, тіліміздің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашылады, түркі әлемімен байланыс нығаяды деген пікірлерді алға тартса, екіншілері латын тілі графикасының ағылшын әріптеріне ұқсастығы көп адамды оқу мен жазу барысында шатастырады, бұл мәселеге қыруар қаржы жұмсалады, қолданыстағы оқулықтар мен әдеби кітаптар пайдасыз болып қалады деген пікірлерін айтады.
Тарихымызға көз жүгіртіп қарайтын болсақ, 1929 жылға дейін араб әліпбиі, 1929-1940 жылдар аралығында - латын әліпбиі қолданыста болса, 1940 жылдан бастап кириллица қолданылып келеді. Бір айтарлығы, әр кезеңнің өз қиыншылықтары қатар жүрді, бірақ тоқтап қалған ештеңе жоқ. Демек, ештеңеден қорқып, үркудің қажеті жоқ. Жан-жағымызға қарасақ, латын әліпбиін қолданатын Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан сияқты түркітілдес мемлекеттерден тілге қатысты ешқандай қиындық байқалмайды, бәрі әлдеқашан қалыптасқан.
Енді біз де бірнеше жыл көлемінде латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшуді жоспарлап отырмыз. Оның көшу кезеңдері де айқын: 1-кезең: 2018-2020 жылдар – дайындық, талқы, соңғы латын нұсқасын бекіту кезеңі. Осы аралықта бұл нұсқа тағы да сараланып, кемшіліктер болса түзетілуі әбден мүмкін.
2-кезең: 2021-2023 жылдар. Бекітілген нұсқа бойынша жалпы дайындықты пысықтап, кезең-кезеңімен, сала-саламен латынға көшу. 3-кезең: 2024-2025 жылдар - латын графикасына өтудің соңғы басқышы.
Қалай болғанда да, мақсатқа жету, алға қойған істі аяғына дейін жеткізу, оның нәтижесін көру – қазіргі заманның талабы. Ал заманмен қатар жүру, өмір ағымы мен қажеттіліктерін қанағаттандыру – білімді ұрпақ еншісінде және әрқайсымыздың парызымыз.
Олай болса, іске сәт! Болашақты айқындайтын жаңалыққа жанашырлықпен кірісейік. Нәтижесінде әлемдік бетбұрыс бастауы, яғни латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшу - тілімізді тар бұғаудан босатады, жаһандануға жұтылудан сақтайды. Тіл жанашыры «Ел - бүгіншіл, менікі - ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтсақ, бүгінімізбен ғана өмір сүрмей, ертеңімізді ойлайық , ерте қамданайық, Қазақ елі!
Гүлмира Әлихан
«№152 қазақ орта мектебі» КММ-нің
орыс тілі пәні мұғалімі
Жанымда жүр жақсы адамдар
Бір үзік сыр
Табиғатында адамдар әртүрлі болады. «Жүре берсең, көре бересің» дегендей, өмірде түрлі адамдарды көресің: бірі жақсылығымен есте қалса, бірі жағымсыз істерімен жүйкеңді жұқартады. Дегенмен, жанымызда жүрген жақсы адамдар туралы жиірек айтқан дұрыс болар.
Имандылық тағылымы адамзатқа көркем мінезді болуды сілтейді, нұсқайды, бірақ ондай мінез иесі болу оңай емес. Дей тұрғанмен, істеген жақсылығын міндетсімейтін, қолынан келсе жанашырлық танытып, қамқор бола білетін жандар да аз емес.
Өзім танып-біліп, араласқан кісілердің арасынан көп жылдар бойы ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шыққан Құрбанова Бақтыгүл апайымызды мен ерекше айтар едім. Бақтыгүл апай шыншылдығымен, ісіне адалдығымен, кез келген кісіге айтар сөзін тура айта алатынымен мені баурайтын. Сондай сәттерде апайдың батылдығы мен шынайылығына тәнті болатынмын. Сонымен қатар, риза болып, сүйсіне қарайтынмын. Әлі күнге дейін сол сезім бойымда. Отбасының ұйытқысы болып, жапырағын жайып отырған апайыма бейнетінің зейнетін молынан көре берсін демекпін.
Мектебімізде ұзақ уақыт техникалық қызметкер болған, жақында ғана зейнеткерлікке шыққан Жұманазароава Жанат апайдың бойынан да мен кішіге деген қамқорлық, жанашырлықты байқаймын және біраз жыл бұрын қатты ауырған сәтте апайым маған риясыз көмек қолын созғанда, ол кісінің жақсылығын өз басымнан сезіндім. Шипалы қолдарымен ауруымды жеңілдетіп, жанымды тыныштандырған болатын. Әрине, ол ауыр күндер өтті де кетті, бірақ жасалған жақсылық жүрегімде сақтаулы. Өмірде көп қиындық көрсе де жаны жайсаң күйде жүретін апайдың қажырлылығына ризамын. Оразаңыз қабыл болсын, дұға-тілектеріңіз орындала берсін дегім келеді.
Зейнет демалысына шығып, жан-жағын гүлге, бау-бақшаға айналдырып отырған тағы бір жаныма жақын кісілердің бірі – Үрімова Сәпия апай. Бұл кісі де өмірдің ащысы мен тұщысын бір адамдай-ақ татып келеді. Бірақ өмір жолымен дәлелдеп келе жатқан мықтылығы, ұстамдылығы көп адамға үлгі боларлықтай дер едім. Өмір сынақтарын сабырлылықпен басып, әдемілік пен әсемдікке ұмтылуы және жасауы – жақсылықтың нышаны. Кездесе қалғанда, гүлдері мен жеміс-жидектері жайлы әңгімесін алға тосатын апайыма: «Өміріңіз гүлдей жайнай берсін», - дегім келеді.
Әрине, өмірде мен танитын не танымайтын, білетін не білмейтін жаны жайдары, жақсылығы мол жандар көп. Олардың бәрі жайлы бір сәтте айту мүмкін емес. Мүмкін, маған ұнайтын адамдар басқаларға байқалмаған шығар, ұнамайтын да шығар. Бірақ жақсы кісілер көп қой?! Менің айтқым келгені – бес күн тіршілікте жанымызда жүрген жақсы адамдарға зер салайық, өзіміз де көркем мінезді болмасақ та, болуға ұмтылыс жасайық! Сенімдімін, сол кезде өмір де жақсара түспек.