Та?ырыпты? ?зектілігі:?азіргі жа?андану д?уірінде ел тарихын,оны? ?ткен кезе?дерін ж?не оны? ?лтты? м?дениетін саралап талдау ?зекті м?селе болып табылады.Ал бізді? елімізді? соны? ішінде Тарба?атай тауларыны? м?дени байлы?ы мол ж?не келешек ?рпа??а ма?танып,сол кезе?дегі салт-д?ст?рді сыйлап, ?лгі ретінде ал?а тарту?а болады.
Таби?ат анамызды? асты мен ?сті байлы??а,?лан-?асыр даласы тарих?а толы.Жартас суреттері адамзат ?рпа?тарыны? рухани ?мірін к?рсететін ?зінше бір туындысы болып табылады.
Зерттеуді? ма?саты мен міндеттері:Алынып отыр?ан кезе?дегі Тарба?атай тауларында?ы к?не ескерткіштер мен петрогливтік та?балар туралы толы? ма?л?мат беруге тырысу.Та?ырыптарды мектеп ба?дарламасында берілгеннен тере?ірек о?у,?осымша материалдарды пайдалану, та?балар орналас?ан жерлерге арнайы экспедициялар ?йымдастыру.
1.Та?балы тастар,петрогливтер жайлы жа?а ма?л?маттар алу
2.Тарихи та?баларда іздеу, оларды ж?йелеп ??растырып тану.
Зерттеу ж?мыстарыны? материалдары:З.Самашевты? зерттеу ж?мытарыны? материалдары, Ж.Шакаримов «Таскескен та?ылымы
атты кітабі, оны? зерттеулері.О.А.Тургазинны? «Таскескенні? та?балы тастары»туралы зерттеулері.
М.??рсабаевты? «Таскескен та?балары»зерттеулері.
Зерттеуді? теориялы? ж?не практикалы? манызы:
Ж?мыс ?лкені? тарихына к?п ой пікір ?осады.Б?л ж?мысты ?аза?стан тарихы саба?ында, айма?ты? компонентке арнал?ан ?осымша са?аттарда о?ушылар?а пайдалану?а болады.
Зерттеу нысаны:?ылыми зертеуді? нысанфы ретінде Таскескен ауылы жанында?ы Тарба?атай тауларында?ы таста?ы та?балар алынды.
Зерттеу ?дістері:Та?балы тастар орналас?ан жерге бару, фотосуреттерге т?сіру, та?балы тастар орналас?ан жерді? сызбасын, картасын жасау.
Таста?ы бейнеленген суреттерді? к?шірмесін жасау.
Зерттеуді? ??рылымы:Ж?мыс кіріспеден екі тарудан, екі тарма?шадан, ?орытындыдан т?рады.Сонынан пайдалан?ан ?дебиеттер тізімі берілген.
1.Та?балы тастар
?аза?ты? шежере а?ыздарында, тарихи жырларында «Та?балы тас?а »?атысты деректер еміс-еміс кездесіп ?алады.Ол н?с?алардан к?шпелі ру ?ауымдарыны? мемлекет ??рамыз деген талабы,?о?ам ж?не ?лт ынтыма?ы туралы т?сінігі жанкешті ?имыл мен к?ресі ай?ын сезіліп т?рады.
Жартас суреттері- барлы? континенттен табыл?ан адамзат ?о?амдасты?ыны? рухани ж?не материалды? м?дениетіні? тарихынан сыр шертетін бірден-бір дерекк?здер. Б?л к?не тас ?асырынан бастап ?азіргі заман?ы дейінгі к?птеген мы?жылды?тарды ?амтитын адамны? рухани дамуында?ы айры?ша ??былыс. Сурет ?нері ескерткіштері ?орша?ан ортаны? шынды?ын, жина?тал?ан т?жірибе мен білімді, д?ниетаным ба?ыттары мен ?зге де жа?дайларды белгілі бір образдар ар?ылы береді. Бабаларымыз метафоралар мен символдарда ?аттал?ан ерекше а?параттарын келешек ?рпа??а жеткізуге тырыс?ан, сонды?тан б?ндай бейнелеу ?нері ?р т?рлі тарихи кезе?дерде ?зіндік белгі-коммуникативтік ж?йені? ?ызметін ат?ар?ан(Самашев, 2006.-б.31-36.).
Шы?ыс ?аза?станны? жартас бетіндегі суреттері ?ылыми зерттеуді? нысанына ?лде?ашан айнал?ан болатын.Петроглифтерді? ма?ыналы? мазм?ны мен атрибуциясын баяндайтын, д?уірлейтін ж?не мерзімдейтін, ескерткіштерді талдап, оларды? ?ылыми сипаттамасын берген к?птеген ?дебиеттер бар.
Петроглифтерді? таралуы бойынша Шы?ыс ?аза?стан тек Кіндік Азияда?ы ?ана ма?ызды айма? болып табылмайды.Сонды?танда Ертісті? жо?ар?ы а?ысында?ы жартас суреттерін зерттеуді? ?ашанда келешегі зор.Петроглиф тануда?ы барлы? жетістіктерді ескерген к?нні? ?зінде, ?азіргі дейін далалы? зерттеу ?дістерін жетілдіру ар?ылы образдар мен сюжеттерді? ма?ынасын ай?ындау, ке?інен айтса?- этно-?леуметтік ?рдістерді ?алпына келтіруде осы ескерткіштерді толы? ?анды тарихи дерек к?зге айналдыру ?зектілігін еш?ашанда жо?алт?ан емес.(Самашев, 2010.-б.20.)
?.Мар??лан жазуына ?ара?анда «Та?балы тасты»ал?аш зерттеген ресейлік ?алым А.И.Шренк ?аза? ?арияларыны? ??гімелеріне аса к?п к??іл б?лген,ол кісі б?л жазуды? тарихи мативін айыру ?шін ?аза? ?ариялары айтып берген,к?п ??гімелерді жазып алып отыр?ан.Сонымен А.И.Шренк пікіріне ?ара?анда «Та?балы тасты?»тарихы тек Алаша хан заманына ?ана емес одан берідегі О?ыз хан заманына да ?атысты болып шы?ады.??н т?ркі тайпалары, осы ал?апта мемлекет туын к?теріп,к?шпелі рулларды? басын біріктіріп, ?лы жоры?тар?а дем беріп отырады.?аза? ?арияларыны? ??гімелері Шы?ысты? ?лы тарихшылары Рашид-ад-дин мен ?біл?азы кітаптарымен де д?лелденіп толы?ып жатады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыптың өзектілігі:Қазіргі жаһандану дәуірінде ел тарихын,оның өткен кезеңдерін және оның ұлттық мәдениетін саралап талдау өзекті мәселе болып табылады.Ал біздің еліміздің соның ішінде Тарбағатай тауларының мәдени байлығы мол және келешек ұрпаққа мақтанып,сол кезеңдегі салт-дәстүрді сыйлап, үлгі ретінде алға тартуға болады.
Табиғат анамыздың асты мен үсті байлыққа,ұлан-ғасыр даласы тарихқа толы.Жартас суреттері адамзат ұрпақтарының рухани өмірін көрсететін өзінше бір туындысы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:Алынып отырған кезеңдегі Тарбағатай тауларындағы көне ескерткіштер мен петрогливтік таңбалар туралы толық мағлұмат беруге тырысу.Тақырыптарды мектеп бағдарламасында берілгеннен тереңірек оқу,қосымша материалдарды пайдалану, таңбалар орналасқан жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастыру.
1.Таңбалы тастар,петрогливтер жайлы жаңа мағлұматтар алу
2.Тарихи таңбаларда іздеу, оларды жүйелеп құрастырып тану.
3.Өз өлкеміздің халқымыздың мәдениетіне, мәдени мұра ескерткіштеріне қызығушылықты арттыру.
Зерттеу жұмыстарының материалдары:З.Самашевтың зерттеу жұмытарының материалдары, Ж.Шакаримов «Таскескен тағылымы
атты кітабі, оның зерттеулері.О.А.Тургазинның «Таскескеннің таңбалы тастары»туралы зерттеулері.
М.Құрсабаевтың «Таскескен таңбалары»зерттеулері.
Зерттеудің теориялық және практикалық манызы:
Жұмыс өлкенің тарихына көп ой пікір қосады.Бұл жұмысты қазақстан тарихы сабағында, аймақтық компонентке арналған қосымша сағаттарда оқушыларға пайдалануға болады.
Зерттеу нысаны:Ғылыми зертеудің нысанфы ретінде Таскескен ауылы жанындағы Тарбағатай тауларындағы тастағы таңбалар алынды.
Зерттеу әдістері:Таңбалы тастар орналасқан жерге бару, фотосуреттерге түсіру, таңбалы тастар орналасқан жердің сызбасын, картасын жасау.
Тастағы бейнеленген суреттердің көшірмесін жасау.
Зерттеудің құрылымы:Жұмыс кіріспеден екі тарудан, екі тармақшадан, қорытындыдан тұрады.Сонынан пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
1.Таңбалы тастар
Қазақтың шежере аңыздарында, тарихи жырларында «Таңбалы тасқа »қатысты деректер еміс-еміс кездесіп қалады.Ол нұсқалардан көшпелі ру қауымдарының мемлекет құрамыз деген талабы,қоғам және ұлт ынтымағы туралы түсінігі жанкешті қимыл мен күресі айқын сезіліп тұрады.
Жартас суреттері- барлық континенттен табылған адамзат қоғамдастығының рухани және материалдық мәдениетінің тарихынан сыр шертетін бірден-бір дереккөздер. Бұл көне тас ғасырынан бастап қазіргі заманғы дейінгі көптеген мыңжылдықтарды қамтитын адамның рухани дамуындағы айрықша құбылыс. Сурет өнері ескерткіштері қоршаған ортаның шындығын, жинақталған тәжірибе мен білімді, дүниетаным бағыттары мен өзге де жағдайларды белгілі бір образдар арқылы береді. Бабаларымыз метафоралар мен символдарда қатталған ерекше ақпараттарын келешек ұрпаққа жеткізуге тырысқан, сондықтан бұндай бейнелеу өнері әр түрлі тарихи кезеңдерде өзіндік белгі-коммуникативтік жүйенің қызметін атқарған(Самашев, 2006.-б.31-36.).
Шығыс Қазақстанның жартас бетіндегі суреттері ғылыми зерттеудің нысанына әлдеқашан айналған болатын.Петроглифтердің мағыналық мазмұны мен атрибуциясын баяндайтын, дәуірлейтін және мерзімдейтін, ескерткіштерді талдап, олардың ғылыми сипаттамасын берген көптеген әдебиеттер бар.
Петроглифтердің таралуы бойынша Шығыс Қазақстан тек Кіндік Азиядағы ғана маңызды аймақ болып табылмайды.Сондықтанда Ертістің жоғарғы ағысындағы жартас суреттерін зерттеудің қашанда келешегі зор.Петроглиф танудағы барлық жетістіктерді ескерген күннің өзінде, қазіргі дейін далалық зерттеу әдістерін жетілдіру арқылы образдар мен сюжеттердің мағынасын айқындау, кеңінен айтсақ- этно-әлеуметтік үрдістерді қалпына келтіруде осы ескерткіштерді толық қанды тарихи дерек көзге айналдыру өзектілігін ешқашанда жоғалтқан емес.(Самашев, 2010.-б.20.)
Ә.Марғұлан жазуына қарағанда «Таңбалы тасты»алғаш зерттеген ресейлік ғалым А.И.Шренк қазақ қарияларының әңгімелеріне аса көп көңіл бөлген,ол кісі бұл жазудың тарихи мативін айыру үшін қазақ қариялары айтып берген,көп әңгімелерді жазып алып отырған.Сонымен А.И.Шренк пікіріне қарағанда «Таңбалы тастың»тарихы тек Алаша хан заманына ғана емес одан берідегі Оғыз хан заманына да қатысты болып шығады.Ғұн түркі тайпалары, осы алқапта мемлекет туын көтеріп,көшпелі руллардың басын біріктіріп, ұлы жорықтарға дем беріп отырады.Қазақ қарияларының әңгімелері Шыңыстың ұлы тарихшылары Рашид-ад-дин мен Әбілғазы кітаптарымен де дәлелденіп толығып жатады.
«Таңбалы тасқа»назар аударған ғалымдардың ішінде Қ.И.Сатпаевтың атын ерекше атауға болады.Ол «Жезқазған ауданының көне ескерткіштері»деген мақаласында аңыздарға сүйеніп,қазақтың қазақ болған,ту тіккен жері осы «Таңбалы тас »өңірі деп көрсетеді.Қазіргі күнге дейін шежіре білетін ақсақалдар «Таңбалы тасты»осы Қ.И.Сатпаев жазған мазмұнында айтып келеді.Олардың айтуына қарағанда Алтын Орда ыдырап, оның құрамындағы елдер сергелден жағдайжа жүргенде алты алаш тобына кіретін елдер осы таңбалы Нұрада бас қосып, өздерінің жеке мемлекет болатының жария еткен.Қазақтың «Таңбалы тастың»түп тамыры Алаша хан атымен байланыстырылуы осы себепті деп ойлаймын.
2.1.Қазақстанның Шығыс бөлігінде Алтай-Тарбағатай тауларын алғашқы адамдар көрнекті тарихшы-археолог З.С.Самашевтың айтуына қарағанда бұдан төрт мың жыл бұрын мекен ете бастағаның.Таңбалы тастардың көне дәуір тарихында маңызды орын алғанын Қазақстан тарихын зерттеуші ғалымдардың еңбегін де: «Осыдан төрт мың жыл бұрын, қола ғасыры дәуірінің өзінде-ақ Қазақстан аумағында тарихқа Андронов және Беғазы-дәндібаі мәдениеті деген атпен енген тайпаларды мекендеген.Күн күйдірген қара жартастардың беттеріне адамдар би көріністерін,күн сияқты басы бар құдайлардың, ежелгі құдай бейнелерін көрсететін алып түйелер мен өгіздердің бейнелерін қашап салған...»деп адамдардың тұрмыс тіршілігі жөнінде сипаттама береді.
Ғалымдардың болжамы бойынша алғашқы адамдар тобы Қазақстанның шығысындағы Ертіс өзенінің жоғарға жағалауын тас дәуірінің ортасынан бастап мекендеген.Ол жөнінде акадамик С.С.Черников басқарған археологиялық экспедиция материалдары арқылы жинақталған неолти дәуіріндегі ескерткіштер (тас құралдар,тас үнгір ғибадатханалар,петроглифтер т.б.)куә болады.Зерттеуші Ж.Таймағанбетовтың айтуына қарағанда Ертіс жағалауынан басқа тас дәуіріндегі ең ежелші ескерткіштердің бірі (Күршім ауданы ,Қаратоғай ауылы қалғұтты өзенінің жағалауы деп көрсетіледі)Аталмыш тұрақ жұртынан тас бұйымдар,үшкір тастардан мүжіліп жасталған шапқылар,екі қырлы болып келетін тас құралдар табылған.Қазақстан территориясындағы петрогливтер жайында А.Н.Марьяшев А.Е.Рогожинский,В.А.Новоженов көлемді зертулер жүргізді .Атлаған зерттеулерді Таскескен таңбалары қақында мағлұматтардың болмағаның байқадым.
Алғашқы адамдар үшін Ертіс бойының жоғарғы ағысындағы таулы қыраттар мен үнгірлер, тас үйінділер Алтайдың Қалба жотасымен Тарбағатй сілемдері,сонымен қатар солтүстік бөлікегі шалғанды-тоғайлы дала мен оңтүстігіндегі шөлейтті жерлердің алуан түрлі болуы олардың тұрмыс тіршіліктеріне оңды әсерін тигізді.Ертістің сағалары-Бұқтырма, Күршім, Оба, Үлбі, Шар, Қызылсу өзеннің маңындағы құнарлы алқаптар мен ит құсы көп шалғынды тоғайлы мекендер Андронов мәдени қауымына жататын тайпалардың тұрақтарына айналды.Зерттеу объектісі орналасқан Таскескен амңындағы алғашқы адамдар қалдырған тас ескерткіштер жөнінде жоғарыда айтылмағанын байқадым.Менің ойымша Таскескен маңындағы Тарбағатй Тауының теріскейін мекендеген алғашқы адамдардың қалдырған тас суреттері мен петрогливтік жәдігерлері мен Ертіс бойын мекендеген тайпалар арасында тығыз байланыс бар деп есептеймін .Тас ескеркіштердің мәні мен мағынасы сол сияқты Арпа өзен, Тамғалы, Ешкіөлмес сияқты таңбалы тастардағы сурет оқиғалардың мазмұнына ұқсастығын аңғардым.
Тастағы жазулардың орналасу ретін анықтау барысында ескерткіш айналасында адамдардың тұрақтары жөнінде археологиялық белгісі бар орындарды таба алмадым. Таңбалы тастар орналасқан жерлерді алғашқы адамдар ұзақ іздеп,үлкен ыждахатпен қарағандары көрініп тұр.
Олар тастың тек қана тақта тәрізді жалпақ болып келетініне мән беріп қоймай,ауа райының ыстық және аязды мезгілдеріне төзетін, сондай-ақ адам баласының қолы жете бермейтін биік,қиялы жартасты жерлерді таңдаған.
Тарбағатай тауының шығыс бөлігіндегі бірінші бағыттағы тас суреттер Үшбұлақ ауылынан үш шақырым жерде орналасқан. Таудың төменгі бөлігінде тастақты жерлер кездеседі,орта бөлігіне таман өсімдік жамылғысы қалыңдай түсіп,талды-бұталы және сабақтары ұзын арамшөптерге тола түскен. Шөптің қалың өсуі тек қана тау бөктеріндегі құнарлы топырақ қабатының ылғалы мол боуынан ғана емес,сонымен қатар сансыз бұлақтардың көп болуынан деген тұжырым жасауға болады.
Тас суреттер орналасқан жер жан-жағын тау бөктерлері қоршаған биік қорғаны бар үлкен алаңға ұқсайды. Жазық алаңнын ұзындығы 150 м, ені 90м жетеді .Жазулар биіктігі 70-75м болып келетін қатты тілімденген жартастардың ортанғы бөлігіндегі беті жазық, түсі күнге күйген қара тасқа қашалған.Тастың формасы үлкен жалпақ тасқа ұқсайды. Оның ұзындығы 3 м,ені 1,5 м. Тастағы суреттер 50-60м қашықтықтан көзге түседі. Тас суреттер негізінен бірнеше тақырыпты қамтыған,оның айқын себебі қоршаған ортаның адам санасына әсері деп жорамалдадым.
Екінші бағыт Үшбұлақ ауылының жанындағы шоқталды тоғайдан басталып, солтүстік батыс бөліктегі 1,5 км жердегі қырқаның төбесінде орналасқан тас шимайларға бағытталған. Шағын мен биіу қырқаның арасында 700м қашықтықағы сандықтың үстінде «Һ» әріпіне ұқсас белгі бар. Белгінің тау жотасына көтерілетін жолдың ортасындағы тастардың біріне орналасуы-сол жерде үлкен назар аударатын беймәлім ескеркіш сурет-таңбалардың бар екенің айғақтап тұр.Белгіден жоғары қарай қатпарланған қос тастар мен ірі қиыршықтардан тұратын биік релиф басталған. Төменгі бөліктің бойымен тау сайларынан жиналған бұлақтардан құралған шағын арық суы ағып жатыр. Арық суының бойы қара топырақты алқапқа ұласқан. Жазық жерден ұзақтығы 150 м, биіктігі 350 м болатын аласа шоқының жақпарындағы тасқа қашалған сансыз сурет шимайлардың бар екенің аңғаруға болады. Тас суреттер басқа бағытқа қарағанда едәуір биік жерді орналасқан. Тас таңбалар көбінесе таудың қиыр жақпарларына шекілгендіктен ол жерге салт аттың көмегінсіз жету қиын.
Ескеткіштердің үшінші бағыты екі өркешті қызғылт тастары көп,таудың солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Алғашқы адамдардың аталмыш жерді таңдап алуынында үлкен мән бар. Ескеркіштерге апаратын екі жолды шамаладым. Біріншісі, екінші бағыттағы тас суреттер тұрған жерден тау бөктерін солтүстік шығысқа қарай қиялай жүру арқылы апаратын жол болса, екіншісі таудың етегіндегі бұлық суларын жағалай орналасқан шақпар тасты тау соқпақтары арқылы апаратын жол. Бұлақты жағалай орналасқан тік жарлы қабаттар бойымен суреттерді аралап көру, айналма жол сияқты болғанымен, оны жақыннан икөріп танысу мүмкіндігі зор екенің байқадым. Тас таңбалар мен суреттердің басым көпшіліг осы маңда көп шоғырланған.
Адамдардың суретті салу кезінде тасты үлкен жауапкершілікпен іздегені анық байқалады. Тас таңбалардың орналасу реті әр түрлі. Тау етегін бойлай аққан бұлақ суларының маңы долана мен итмұрын араласып қалың өскен. Демек, бұл жерде олар қашан сурет салып біткенше ұзақ тұрақтанғанға ұқсайды .Бұлақтың тау арнасын жарып, жартастардың етегі арқылы иректеліп ағуы сол жердің өсімдік жамылғысын қажетінше ылғылмен қамтамасыз етіп тұр. Жартастардың арасында күннің ыстығы мен суығынан қорғалуға болатын тас апандар көптеп кездеседі. Соған қарап адамдардың сол жерлерді мекен еткен деуімізге болады.. Жоғарыда, біздер қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың Ертіс бойында тұрақтап, уақыт өте келе ол жердің географиялық жағдайына бейімделіп өмір сүргендері жөнінде айттық.
Олардың Таскескен өңіріне келуі жөнінде археологиялық деректер жоқ. Демек, олар бұл өңірді уақытша паналаған. Алғашқы адамдардың бұл жерде тұрақтамай, тек сурет таңбалар қалдырып кеткен деген тұжырым жасауға болады. Адамдар бұл жерге жазғы мал жайылымын іздеу немесе
аң аулау кезінде тап болды деп жорамалдаймын.
Қазақстанның шығыс бөлігіндегі алағашқы адамдардың қоныстарын зерттеуші ғалымдар С.С.Черниковтың, Л.К.Нифонтованың, Ф.Х.Арсланова еңбектеріне сүйенсек, Ертіс бойында және оған жақын орналасқан аймақтарда қола дәуірінің алғашқы тайпалары өмір сүргені жайлы айтылады. Бұл ойымыздан қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың Тарбағатай жотасының күнгейі мен теріскей жағын білген деген қорытынды жасауға болады. Ғаламдар зерттеулері негізінде палеолиттің соңында және қола ғасырының бас кезінде алғашқы адамдар жоғарғы Ертіс бойын,Қозыбай тұрағы, Железинко тұрағы және өзен жағаллауына жақын қорымдарды мекен еткен. Сол себепті Тарбағатй жотасының екі жағы ежелгі адамдардың мал жайылымдары негізінде пайдаланды деген болжам айтамын. Мал жайылымын кеңейту адамдардың жергілікті жердің табиғатына ұсамайтын ландшавтырымен танысуына мүмкіндік берді. Аталмыш үрдіс аң аулау және жабайы жеміс-жидектерді жинау барысында бірге қалыптасқан.
Таскескен таңбалары жөнінде ұлы ғалым Ш.Уалихановпен академик Ә.Марғұлан еңбектерінде аталып өткен деген деректер бар. Шығыс қазақстандағы петроглитік ескерткіштер жайында профессор З.Самашев үлкен зерттеулер жүргізді. Онда ғалым негізінен Қалба жотасымен жоғарға Ертіс бойындағы Таскескен таңбаларына ұқсас көне суреттер жайында толық мағлұматтар беріп,сондай петогливті таңбалардың Алтай жотасымен қатар Сауыр Тарбағатй жоталарында кездеседі деп, жалпылама сипаттама береді. Таскескен таңбаларының тақырыптары алуан түрлі болып келеді. Тастағы жазуларды қашау технологиясы үлкен шеберлікті қажет еткені байқалады. Суретті қашау алғашқы адамдар арасындағы ерекше өнері бар адам болғанға ұқсайды. Оған тайпа көсеті атынан зор құрмет көрсетіп, тасқа бейнелерді қашау аманат ретінде тапсырылған.Тастағы суретті неолит дәуірінде өмір сүрген адам салмағаны көрініп тұр. Оған көз жеткізу үшін,үшкір тас немесе малдың қатты сүйегін таңдап алып,оны балғаға құсаған ауыр таспен көздеп тұрып ұрған кезде тас жақпарына түскен іздің таңбаның шамалы ғана белегі салғаның аңғардым. Демек қола дәуірінде адмдардың еңбек құралы болып табылатын қола шапқы немесе басы үшкірленіп келген үшкір зат арқылы суреттердің шекілгенің білдік. Суреттердің тас бетіндегі ойылып түскені-оның ұзық жылдар бойы ауа райының құбылмалы өзгерістеріне, суық желдің өтіне жаңбыр мен қар суларына төтеп бергенің көрсетеді.
Бірінші бағыт бойынша орналасқан таңбалы тастарда қола дәуірдегі адамдар тіршілігі туралы шамалы мағлұматтар берілген. Таста төрт сирағы ұзын, ал мүйізі қылыш тәріздес болып келген тау теке немесе тау арқары ерекше шекілген.
Әсіресе, тас суреттердің айналасында кішігірім еліктер мен арқар текте ашатұяқты жабайы жануарлар бейнеленген. Суреттің мағынасы-осы жерді мекендеген барлық елеіктер мен арқарлардың ерекше бейнеленген тау арқарына бағынышты екенің көрсететін сурет. Тау шатқалдарындағы тақта тастардың суретті шекуге ыңғайлы болғанымен бұл жердің табиғатының жазы тым салқын, ал қыс айларының ызғарлы болғанынан осы аумақты мекендеген адамдардың артына қалдырған артефактілерінің жұтаң болуы осы жағдайға байланысты деп тұжырымдаймын. Адамдар бұл жерге Ертіс жағынан Тарбағатай тауларының асулары немесе Балқаш-Алакөл ойысынан мал жайылымы немесе аң аулау кезінде тап болған.Адамдар уақытша тау шатқалдарының арасындағы үңгір-апандарды мекен еткені анық. Өйткені, уақытша мекен еткен тас үңгір немесе апандар маңындағы кішігірім тастарға қола дәуірінің адамдары арнайы белгі сурет қалдырып отырған.
Үшбұлақ ауылы маңындағы тау етегіндегі шоқталдан бастау алып,сай бойымен біртіндеп биіктей беретін жотаның солтүстік шығыс бөлігіндегі таңбалы тастардағы суреттер мазмұны жағынан өте бай болып келеді. Таңба салынған тас, таудың үш арбасынан орын тепкен. Сурет салатын орынды алғашқы адамдар ұзақ уақыт таңдағаны көрініп тұр. Оның айқын бір себебі-жақрап тастың биік жартастың қол жетпес ортасында орналасқаны және тұрғылықты жер релиефінің өсімдік-топырақ жамылғысы қолайлы болғандығы бірден өзіне назар аударады. Тақта тастағы таңбалардың орналасуы үш тақырыпты қамтиды.Бірінші кезекте түйе һәм еліктер көшін бастаушы ретінде қос көсем тұлғасы айрықша орын алып тұр. Екінші мәселе-киіктер үйірінің ортасында ерекше таңбаланған жеті мүйізді тау арқарына арналған Арқардың немесе тау бұғысының басқа киіктерге қарағанда орасан болып көрінуі-ежелгі адамдардың мал киесіне табынуға деген төтемдік дәстүрлерінің орын алғаның көрсетіп тұр. Түйелер және жылықы малын қолға үйрету тақырыбы алдыменен-аталмыш жан-жануарладың киесіне терең назар аудару қажеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе жеті мүйізді
тау арқарының жанындағы салт атты жауынгердің бейнесі терең толғаныстарға толы. Жылқының құйрығы айдахар іспеттес болып келгені-оның қажет жағдайда қанатқа айналып,ұшып кете алатын сиқырлы күші бар екенің көрсетеді.Арқардың жеті мүйізді болып келуі жеті қасиетті аңғартып тұр. Түйе тақырыбына қатысты тас суреттердің қазақстанның оңтүстігіндегі қаратау жотасындағы Арпа өзен петрогливтерімен ұқсастығы мені таңғалдырды.
Таскескен таңбаларының орталық бөлігінле төрт түрлі таңбалы тастың орындары табылды. Олар биік жартастың қиыр екі шетімен ортаңғы бөліктерін қамтыған. Бұл жердегі таңбалар жел және топырақ эрозияларына ұшырау салдарынан аздап бүліне бастаған. Тек жартастың оңтүстік батыс бөлігіндегі қиянда орналасқан үшкір мүйізді таутекемен жетімүйізді маралдың бейнелері жақсы сақталған.
Бұл жердегі суреттер негізінен елеу пен марал жануарларының дүниесіне арналған. Қола дәуірі адамдарының назарын өзіне аударған елік пен марал жануарларының тасқа шеклі себептерін ұғыну қиын емес. Таудың ортаңғы бөлігінде Жалпақ тастың бетіне мүйізі тым үшкір болып келетін жалғыз маралдың суреті шеклген. Оның жанындағы шеті мүжіле бастағын тақта тастағы суреттер тым бұлыңғыр көрінеді. Марал кескінің басқа жануарлардан бөлек шекілуі-жануарларға деген үлкен құрметті көрсетіп тұр. Мұндай көрініс жартастың қиыр оңтүстік-шығысында ерекше сипат алған. Бірақ ол қара таста төрт маралдың кескіні өте шебер бейнеленген. Әсіресе, ең жоғары бөлігіндегі жеті мүйізді (арқар)
Марал жануарының орын тепкені –адам мен табиғат арасындағы гармониялық үйлесімділікті танытып тұр.
Адамдардың тұрмыс-тіршілігінің негізгі арқауы жабайы аңдарды қолға үйретуге бағытталған. Суреттерге қарап отырып, аталған Таскескен шатқалдарымен сайларында өсімдік жамылғысының молдығы жануарлар дүниесінің өсіп өнуіне қолайлы жағжай туғызғаның айғақтайды. Сол себепті алғашқы адамдар тас жақпарларына асқан ыждахаттықпен, ерекше сезіммен жан-жануарладың бейнелерін қашауы оларға деген табиғат гормониясымен ұштасқан төтемдік дәстүрлері деп білемін.
Қорытынды:
1.Таскескен таңбалары орналасқан аймақ қола дәуірінің орта кезеңінде өмір сүрген алғашқы адамдардың мәдени мұралары болып табылады.
2.Таңбалардың орналасу реті Тарбағатай тауының Үшбұлақ ауылының төнірегінде үш бағыт бойынша (шығыс, солтүстік және орталық) орналасқан.
3.Тарбағатай тауының екі жағындағы оңтүстік-шығысында Алакөл ойысы мен солтүстік шығысында Зайсан ойысы арасында ежелгі адамдар қоныстарымен мәдени мұраларының кездесуі екі аралықта тау жоталары арқылы өтетін байланыстың болғаның көрсетеді.
4.Таскескен өңірінде олардың тұрақты өмір сүрмеуі Ертіс бойы өңірінің тұрмыс-тіршілікке қолайлы болғаның көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Самашев.З.С. Некоторые замечания о проблемах петроглифоведения Казахстана. Часть 1. Актобе, -С.31-36.
2.Самашев.З., Сапашев.О., Оралбай.Е., Төлегенов.Е., Исин.А., Сайлаубай.Е. Шығыс Қазақстанның байырғы өнер туындылары. – Алматы: «Археология» ЖШС баспа тобы, 2010- 20 б.