kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі сабағында мәтіндерді талдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері – жүйелілік және тұтастық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі сабағында мәтіндерді талдау»

Қазақ тілі сабағында мәтіндерді талдау

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша стильдің барлық түрі қамтылып, әртүрлі стильдегі мәтіндерге талдау жүргізіледі.Стильдермен жұмыс жасау барысында оқушыларға дайын ақпарат немесе тапсырма бермей, сол стильдерді тілдік құралдар арқылы танытқан дұрыс. Алдымен мәтіннің мазмұнын, мақсатын, аудиториясын, формасын анықтап алған тиімді. Мақсат автордың ойлаған ойымен тығыз байланысты екенін оқушылар түсіну керек. Мәтінді оқушы түсінбей жатып, мәтінің аудиториясын, автор мақсатын анықтамай және мәтінің формасын көрсетпей бірден стильдік талдау жүргізе алмайды.

Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері – жүйелілік және тұтастық.

Барлық мәтіндер, ең алдымен, лингвистикалық нысан болып табылады.

Мәтін туралы білім мен тәжірибелік дағды, ең алдымен, оқу мен тындап түсіну әрекетіне байланысты. Оқу мен тындап түсінудің психологиялық- физиологиялық үдеріс ретінде ұқсастығы да, айырмашылығы да бар. Ұқсастығы – ойлау қабілеті үдерістерінде ойлау амалдары деңгейіңде (талдау, салыстыру, айыру, жалпыламалау т.с.с.) жүретіндігі, айырмашылығы шарт қою және қабылдау деңгейінде байқалады.

Лингвистикалық типологияның негізіне лингвистикалық дифференциация алынады. Оның өзі мәтіннің түрін, формасын, жанрлық- стилистикалық ерекшеліктерін, жүзеге асырылу шарттары мен тәсілін білдіреді. Сонымен мәтіннің белгілеріне (әдістемелік тұрғыдан келгенде) мыналар алынады: 1) сөйлеу түрі; 2) сөйлеу формасы; 3) сөйлеу стилі; 4) жанры; 5) сөйлеудің функционалдық-мағыналық типі (сөйлеу тәсілі); 6). сөйлеудің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі Мәтін бойынша тіл дамытуды жетілдіруге негіз болатындай әдістемелік маңызға ие талаптарды атайық:

Біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екеңдігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығы экспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.

Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер монологтық, диалогтық (кей ретте полилогтық та) болып бөлінеді. Бұл жерде сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтіңде де, ауызша мәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.

Үшіншісінде, мәтіннің қандай да бір стильде құрылатыны белгілі. Оқыту барысында функционалды стильдердің ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми, ресми іс қағаздары, публицистикалық және көркем әдеби түрі қолданылады. Осы стильдердің әрқайсысының өзіңдік ерекшеліктері белгілі. Олардың мәтіндегі өзіңдік құрылымы бірден көрініп тұруы да мүмкін. Көп ретте, публицистикалық және көркем әдеби стильдерді айыра алмау байқалады. Сондықтан да мәтін стильдерін таныту бағытында жүргізілетін жұмыстардың өзіндік жүйесі жасалынуы керек

Төртінші, мәтіннің жанрлық ерекшеліктері де танылуы қажет. Жанр, негізінде, функционалдық стильдермен тығыз астасып жатады.

Мәтіннің бесінші белгісі – сөйлеудің функционалдылығы. Сөйлеуде сипаттама, хабарлама түрлері қолданылатыны белгілі. Бұлардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері әрбір сөйлеу типтерінің құрылымдық- жүйелік заңдылықтарына сәйкес танытылады.

Мәтіннің тағы бір маңызды белгісі – оның эмоционалдық бояулылығы. Бұл жағынан, ғалымдардың пікірінше, мәтіңдер: а) ресми, ә) ресми емес, б) бейтарап болып бөлінеді.

Мәтін талдауда қолданылатын ұғымдар

  • Мәтін тудырушы адам – автор

  • Мәтін – таңба, тілдік таңба

  • Мәтінді оқитын адам – оқырман немесе тыңдарман

  • Әсер ету күші бар тіл құралдары – прагматикалық тіл құралдары

  • Таңбааралық қарым қатынас – адресант пен адресат қарым-қатынасы

  • Сөздің мақсатқа сай қызметін өзгертіп қолдану – сөз ойнату

Мәтін талдаудың маңыздылығы

1. Оқыған немесе тыңдаған мәтін арқылы білім игеру жүзеге асады.

(автордың жеке тәжірибесінен өнеге алу, ақпаратқа қанық болу, ойын әсерлі жеткізу мақсатында сөз ойнату тәсілдерін игеру т.б.)

2. Алдыңғы қадамда игерген білім қорын пайдаланып жазу немесе ауызша айту (қолдануға тырысу) әрекеті жүзеге асады.

3. «Көсемсөз шебері» деңгейіне жету немесе талпыну «әрекеті орындалады.

Оқыған немесе тыңдаған мәтінге талдау жасау арқылы

  • Мәтіннің көмегімен автордың айтпақ ойы ұғынылады

  • Мәтін арқылы белгілі бір мәселеге автор көзқарасын анықтау мүмкін болады

  • Мәтін арқылы автор мен оқырманның қоғамдағы әлеуметтік орны, тұлғалық ерекшелігі анықталады

  • Автордың тілді қолдану шеберлігі өлшенеді

  • Автор мен оқырман арасында қарым-қатынас орнайды

  • Автор мен оқырман арасындағы қарым-қатынас нәтижесі көрінеді (оқырманға әсері бағаланады)

  • Мәтін көлемінде қоғамдағы саяси ахуал, өмір шындығы бейнеленеді









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақ тілі сабағында мәтіндерді талдау

Автор: Шакирова Айымкөз Қуатқызы

Дата: 29.12.2020

Номер свидетельства: 569021

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(249) "Баяндама "ИННОВАЦИЯЛЫ? ?ДІСТЕР МЕН О?ЫТУДЫ? А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ" "
    ["seo_title"] => string(157) "baiandama-innovatsiialyk-distier-mien-ok-ytudyn-ak-parattyk-tiekhnologiialaryn-k-azak-tili-sabag-ynda-k-oldanu-ark-yly-ok-ushylardyn-k-yzyg-ushylyg-yn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "168187"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423205372"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Саба? ?лгісі. ?аза? тілі. ?аза? тілі саба?ында біз не ?йренеміз? "
    ["seo_title"] => string(68) "sabak-ulghisi-k-azak-tili-k-azak-tili-sabag-ynda-biz-nie-uirieniemiz"
    ["file_id"] => string(6) "232445"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442845717"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(109) "dienie-shynyk-tyru-sabag-ynda-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardy-paidalana-otyryp-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "274245"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452350451"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "Физика сабағында оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын пайдалану"
    ["seo_title"] => string(80) "fizika_sabag_ynda_ok_ytudyn_ak_parattyk_kommunikatsiialyk_tiekhnologhiialaryn_pa"
    ["file_id"] => string(6) "471936"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1527899308"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "БИОЛОГИЯ САБА?ЫНДА А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? А?ПАРАТТЫ? ??ЗІРЕТТІЛІГІН ?АЛЫПТАСТЫРУ "
    ["seo_title"] => string(127) "biologiia-sabag-ynda-ak-parattyk-tiekhnologiialardy-paidalanu-ark-yly-ok-ushylardyn-ak-parattyk-k-u-ziriettiligin-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "191556"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427322499"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства