kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері тақырыбындағы баяндама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері»

«Май ауданының білім беру бөлімі» ММ

ГУ «Отдел образования Майского района»














Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері


применение новых технологий при обучении казахскому языку









АубакироваИндира Биржанкызы

әдістемелік кабинет әдіскері





Аубакирова Индира Биржанкызы

методист методического кабинета







Павлодар 2017 жыл

Павлодар 2017 год

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері



Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер оқушы екені мәлім. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. [1]

Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.

«Технология дегеніміз - қандай да болсын істегі шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы» - деп түсіндіреді В.Кларин.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Адам ой-әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді. Мұғалімнің міндеті осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысын да бақылап отыру.

Жаңа технологиялардың басты міндеті оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

- Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

- Оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;

- Оның ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

- Пәндік білім стандартымен жете танысу;

-Білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;



ХХІ ғасыр жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры болғандықтан, ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамып, қоғам дамуы салаларының мазмұны жаңарып, өзгеше сипат алуда.

Педагогикалық технологияны жетік меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуын игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат оқушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру болу керек. [2]

Қазіргі педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады. Оқушылар мектеп қабырғасында меңгерген білімдерін колледжде одан әрі ғылыми – практикалық түрде дамытады. Осы мақсаттың орындалу жолында тілдік материалдарды модульдік жолмен ұсыну уақытты да үнемдейді, әрі оқушылардың практикалық, лабораториялық жолмен жұмыс істеу дағдысын жетілдіреді. Олар түрлі тараулар мен тақырыптар бойынша дайындалған тірек кестелерімен, текстпен, басқа да ізденімпаздық, шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс түрлерімен өздерінің іскерлік дағдыларын қалыптастыра алады.

Осы орайда қазіргі қазақ тілі, тіл біліміне кіріспе пәндері бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.

Әсіресе, оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын түрлерін сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді.

Оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектеседі. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады.

Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере, білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын - ұстаз.

Сын тұрғысынан ойлау-шығармашылық ойлау. СТО бағдарламасы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ жоспарын құруда және оны өткізуде өте қолайлы. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында көп ізденеді және оқушыны да өз бетімен ізденуге дағдыландырады. Оқушы мектеп бағдарламасындағы тақырыпты толығырақ зерттейді, қорытынды шығарады.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осы технологияның өзіндік пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.

Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсіреді де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқанда, сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді.

- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады

- оқушыны басқа жақтарынан таниды

- өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды

- оқушының жұмысын бағалайды

Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке, топтық іс әрекеттерді ұйымдастырады.

«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:

- оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;

- оқушыларға өз пікірін айта білуіне;

- оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға;

- шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.

Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін береді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. [3]

Мемлекеттік тілді оқып үйретуде соңғы жылдары көптеген іс-шаралар өткізілуде. Осыған байланысты 8-11 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша «Қазақ тілі практикумы» атты оқу кешені ұсынылып отыр. Осы оқу кешені бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектеп жүйесіне енгізіп, оқушыларды қазақ тілінен пәндік олимпиадаға дайындау барысында «Сатылай кешенді талдау» технологиясын қолдануға болады. Сатылай кешенді талдау - қазақ тілінің төл технологиясы. Білімділік, танымдық, тәрбиелік мақсатты көздеген оқу әдістемелік кешенінің білім мазмұны мен құрылымы оқулыққа қарағанда жаңарды. Сатылай кешенді талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі кешенді меңгеріп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.

Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен еңгізу. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.

































Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Мұғалім.kz. «Қазақ тілі және әдебиеті» журналы №1 2015 ж.

  2. «Қазақ тілі» ғылыми-әдістемелік журналы. №3 2012ж

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» журналы № 1 2008 ж.

  4. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж.


 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері

Автор: Аубакирова Индира Биржанкызы

Дата: 16.05.2017

Номер свидетельства: 415741

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«?аза? тілін о?ытуда Жа?а технологияларды ?олдану т?сілдері»"
    ["seo_title"] => string(57) "kazaktilinokytudazhanatiekhnologhiialardykoldanutsildieri"
    ["file_id"] => string(6) "287307"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454465912"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері."
    ["seo_title"] => string(61) "kazak_tilin_okytuda_zhana_tekhnologiialardy_koldanu_t_silderi"
    ["file_id"] => string(6) "492421"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1545633366"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "БАСТАУЫШ СЫНЫПТА О?ЫТУДЫ? ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ?ОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ "
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synypta-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologiialaryn-k-oldanu-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "159784"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421945578"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(215) "Кембридж Университетіні? ?сын?ан жеті модулі бойынша ?ыс?аша т?сінік.Білім беру ?рдісінде жа?а технологияларды ?олдану "
    ["seo_title"] => string(139) "kiembridzh-univiersitietinin-u-syng-an-zhieti-moduli-boiynsha-k-ysk-asha-tusinik-bilim-bieru-urdisindie-zhan-a-tiekhnologhiialardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "212378"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431844382"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Білім беру ?рдісінде жа?а технологияларды ?олдану"
    ["seo_title"] => string(58) "bilim-bieru-urdisindie-zhan-a-tiekhnologhiialardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "311548"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459230310"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства