ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЕНДІРУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЕНДІРУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
?аза?стан Республикасы орта білім беру ж?йесін дамытуды? мемлекеттік т?жырымдамаларында «Кез келген білім ба?дарламасыны? табысты орындалуы м??алімге байланысты. Оны? к?сіби шеберлігі нысаналы ба?дарламаны да, о?у жоспарын да биік де?гейде ж?зеге асыру?а ы?пал етеді, ал к?сіби д?рменсіздігі ??лдырайды» делінген. Болаша? ?рпа??а сапалы да саналы білім беру – ?о?ам талабы. ?о?амда?ы ?згерістер мен жа?алы?тарды ж?зеге асыратын ?стаздар ?ауымы. Б?л ?стаздар?а жауапкершілік пен ізденісті, білім беру ке?істігіндегі жа?алы?тарды еркін ме?гере отырып, ?лемдік білім ке?істігіне енуге батыл ?адам жасай алатындай болуды талап етеді. Ол ?шін білім беру саласында о?ытуды? білім технологияларын ме?геруді? ?ажеттілігі туындайды. Я?ни, о?ытуды? жа?а технологияларын ме?геру м??алімні? зияткерлік, к?сіптік, адамгершілік, рухани, азаматты? ж?не бас?а да к?птеген адами келбетіні? ?алыптасуына игі ?серін тигізеді, ?зін – ?зі дамытып, о?у – т?рбие ?рдісін тиімді ?йымдастыруына к?мектеседі. «?з е?бегін талдай білген адам ?ана т?жірибелі ?стаз бола алады» деген В.Сухомлинскийді? с?зін м??алімні? талмай ізденген е?бегіні? н?тижесінде ?ана к?рінетіні белгілі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЕНДІРУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ »
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЕНДІРУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Г.Б.Ақашева
К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі, Талдықорған қ.,[email protected].
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік тұжырымдамаларында «Кез келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал етеді, ал кәсіби дәрменсіздігі құлдырайды» делінген. Болашақ ұрпаққа сапалы да саналы білім беру – қоғам талабы. Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыратын ұстаздар қауымы. Бұл ұстаздарға жауапкершілік пен ізденісті, білім беру кеңістігіндегі жаңалықтарды еркін меңгере отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуге батыл қадам жасай алатындай болуды талап етеді. Ол үшін білім беру саласында оқытудың білім технологияларын меңгерудің қажеттілігі туындайды. Яғни, оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін мұғалімнің талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттілігі туындап отыр. Жаңа ғасыр - оқыту процесінде оқытудың инновациялық технологияларын талап етеді. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету.
Педагогикалық технологиялар оқушылардың сабақ процесіндегі белсенділігін арттыруға, сапалы білім негізін құруға, жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында тікелей әсер етеді. Бұл жағдайда ұстаз үшін ең басты мәселе – инновациялық технологиялардың оқыту әдістерін дұрыс таңдау.
Инновация – латын тілінде жаңару, жаңалық, өзгеріс деген мағына білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілеттерді дамыту.
Б. Лихачев «Педагогикалық технология – оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздейтін педагогикалық ықпал» [1] десе, М. Кларин «Педагогикалық технология – белгілі бір мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисын, ілім-амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп тұжырымдаған [2]. Я.Каменскийше айтқанда: «Білім саласындағы кез-келген технологияның ядросы – Мақсат – Құрал – Оны қолдану ережелері –Нәтиже» болып табылады [3].
Оқытудың инновациялық технологиялары оқушылардың өзіндік жұмыстарына аса зор мән беріліп, олардың әр түрлі деңгейде әрекеттенуіне мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастырылады, уақытты үнемдейді. Оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талаптың, психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушының тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижесіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үрдісінде басты рөл атқарады. Әдебиеттерден алынған мәліметтерге қарағанда, қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Тәжірибе барысында байқағанымыздай, бір технологияның өзі мұғалімнің шеберлігіне байланысты әр түрлі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына: а) тұжырымдық негізі;
ә) оқытудың мазмұндық бөлімі (оқытудың нақты және жалпы мақсаты және оқу материалының маңызы);
б) үрдістік бөлім- технологиялық үрдісі кіреді (оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары, мұғалім жұмысының әдістері мен формалары, мұғалімнің материалды меңгерудегі, басқарудағы іс-әрекеті және оқу үрдісінің диагностикасы).
Педагогикалық технология – ғылымда оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші және оқытуда пайдаланатын әдістердің, прициптердің жүйесі, сондай-ақ оқытудың нақты үрдісі ретінде қызмет атқарады.
Педагогикалық технология – оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы [4].
Білім берудегі инновациялық технологиялардың мақсаты:
Оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру;
Ақыл-ойын дамыту;
Жеке бастың эстетикалық-өнегелік ортасын қалыптастыру;
Жеке бастың өзіндік басқару механизмін жүзеге асыру;
Жеке бастың практикалық әрекет ортасын қалыптастыру;
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
Әлеуметтік мәдени тәрбиені қалыптастырады;
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
Қазіргі дидактикадағы көптеген инновациялық бағыттар ішінен мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту құралы - педагогикалық технологиялар болып отыр. Себебі, педагогикалық технологиялар сабақтастық жүйедегі оқу үрдістерінде мемлекеттік стандарттар мен бағдарламаларды түбегейлі өзгертуді талап етпей ешбір қиындықсыз қолданыла алады. Ол бүгінгі білім саласындағы демократияландыру, жеке тұлғаны дамыту сияқты келелі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Білім негізі пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлылығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болған жоқ. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б. таным әрекетерін жасайды.
Өз тәжірибемде оқытудың тиімді технологияларын әр сабақта қолданамын. Атап айтқанда, оқытудың ақпараттық технологиясын, дамыта оқыту технологиясын, ұжымдық оқыту технологиясының тиімді тұстарын интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып қолдану білім өрісін кеңейтуге, еңбекке баулуға мүмкіндік береді, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашады.
Дамыта оқыту технологиясының авторлары Л.Выготский, Л.Занков, В.Давыдов, Д.Элькониннің пікірінше бұл технология жеке тұлғаның барлық сапасын тұтас сәйкестікке дамытуға бағытталған жүйе. Оқыту барысында білім, дағды, біліктілік пайда болмайды, оның психологиялық баламасы – когнитивті (таным) құрылымдары пайда болады [5].
Когнитивтік құрылым, ол - ақыл-ой дамуының сұлбасы, сол арқылы адам дүниені таниды. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі байқалады [5].
«Ұжымдық оқыту» технологиясының мақсаты: Әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, байқампаздыққа тәрбиелеу [4].
Ерекшеліктері: оқыту, топтық оқыту, ұжымдық оқыту.
Оқушы – оқушы
Оқушы – мұғалім
Оқушы – үйретуші міндеттерін атқарушы
Талаптары:
Әр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек;
Өзінің ғана емес басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
Өзі оқи отырып, өзгені оқыту;
Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту
Тәрбиелік мәні:
Өзін –өзі басқару;
Өзіне – өзі қызмет ету;
Жауапкершілікті сезіну;
Басқаның еңбегін бағалау;
Ұқыптылық;
Белсенділік;
Ынтымақтастық;
Қорыта айтқанда, әрбір сабақта, күнделікті тәрбиелік жұмысымызда мүмкіншілігіне қарай оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланып отырсақ, оқушының білім сапасы артып, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптасады және оның мұғалімнің шеберлігіне ықпалы мол болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
[1] Б. Лихачев. Инновационные школы. 1996.
[2] М.В.Кларин. Педагогическая технология в учебном процессе. 1989.
[3] Я.Каменский. Современные образовательные технологии 1989.
[4] Қ.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технологиялар. 2007.
[5] Л.В.Занкова, В.В. Давыдов. Обучение и развитие. 1973., Проблемы развивающего