Просмотр содержимого документа
«Эссе" Қазақстан кеше, бүгін, ертең"»
Эссе
«Қазақстан : Өткені, бүгін, болашақта.»
Қазақ халқы ұлан-ғайыр даланы ғасырлар бойы қалай сақтап, бүгінгі ұрпағына қалай жеткізді?деген сұраққа Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақ халқының тарихы, сонау есте жоқ ескі замандардан Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттердің, соның ішінде сақтардың, ғұндардың түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық» деген тұжырымы еске оралады...
Жылдар жылжып, адамзат дүниені өзгертуге тырысқан уақытта қазақ елі өзінің қайратынан қайтпады. Керісінше рухының биіктігін байқатты. Жерін, елін сақтады.
Жырлаймын атам өткен күнін,
Елестетіп ата-бабам қайғы-мұңы.
Ел үшін аянбасын дәлелдеді,
Ер жүрек бабалардың қайсарлығы .
Өткен шақ.Бүгін.Болашақ
Үңіліп байқап қарасақ:
Ілінер көзге алдымен
Сұр жебе, найза, қорамсақ.
XX ғасырдың соңында әлем тарихының басты тарихи оқиғасы Кеңес Одағының күйреуі нәтижесінде пайда болған Қазақстан Республикасының, оның халқының, бірінші кезекте қазақ ұлтының алдында жеке мемлекет қалыптастыру міндеті тұрды. Абай атамыз айтқандай:
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел...
Бағымызға қарай мыңның ішінен сайлап алған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізге нұры мен құтын, бақыты мен ырысын ала келді.
Ел болдым, ерік алдым асқаралы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады- дегендей тұңғыш рет Қазақстан халқы 1991 жылы 1-ші желтоқсанда өз Президентін сайлады. Жүрегі елім деп соққан Елбасының бүкіл өмірі мен жүріп өткен жолы-қажырлы еңбек пен қайталанбас ерліктен тұрады. Президентіміз Қазақстан Республикасын бүкіл әлемге жаңа да, жасампаз қырынан танытты. Мызғымас бірлігі, тамаша тірлігі бар ел екендігімізді паш еттік. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы » Нұрсұлтанның нұрлы жолына жалғасты.
Бүгінгі таңда Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, бейбітшілік жолындағы еркін мемлекет. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз жас Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт жағдайда қол жеткізілді. Біз бүгін тәуелсіз, егемен елміз, енді қазақтан асқан бақытты халық жоқ шығар...
Қараңдаршы, бұл неғылған мықтылық,
Қарсы алуда туған елің тік тұрып!
Сіз келесіз, бүкіл әлем жұртына
Қазағымның кім екенін ұқтырып, - дегендей бүгінде қазақстандықтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналықпен жүргізген саясатының жеңісін де, жемісін де көріп отыр. Тәуелсіз Қазақстан ғасыр табалдырығын нық қадаммен басып, халқымыздың басты байлығы- ұлттық татулық, өзара түсіністік, келісім мен төзімділікті сақтай отырып, сан- тармақты дәстүр – салтын, тілі мен дінін өркендетіп, бостандық байрағын биік желбірете жаңа мыңжылдық есігін айқара ашты.
Біздің Президентіміз – тәуелсіз Қазақ елін тарих сахнасына шығарып, дүниежүзіне таныстырған, табыстырған тұңғыш тұлға.
Жалпы тарихқа жүгінсек, желтоқсан айы Қазақстан үшін қастерлі де қасиетті. 1991 жылдың 1-ші желтоқсанында тарихта тұңғыш рет Қазақстан халқы өз Президентін сайлады. Осы уақытқа дейін сайлауда өзіне балама бәсекелес таппаған Президент үнемі көшбасында. Ал үнемі лидер бола білу кез келгеннің маңдайына жазылмаған сыбаға. Қазір әлем қазақ лидері туралы әңгімелейді. Тіпті АҚШ президенті Барак Обаманың өзі Назарбаевты «әлем басшыларына үлгі боларлық тұлға » деп атады. Бұл –алпауыт елдің қазақ басшысын мойындап бағалауы деп білемін.
Жанашырлық, қолдау бар жерде әрқашан жеңіс бар. Қазақстанның ЭКСПО -2017 көрмесін жеңіп алуы Н.Ә.Назарбаевтың зор еңбегі дер едім. Өйткені, Президент ЭКСПО -2017 көрмесіне дауыс беру кезінде Францияға арнайы сапармен барды. 161 мемлекеттің 103 ел Астанаға дауыс берді. Әлемнің ризашылығына бөленген Елбсымыз барған жерде құт, береке, жеңіс болады. Ал жеңіске жету қашанда мақтаныш, ұлт үшін ұлы абырой.Бүкіл әлем «кіші БҰҰ»атап кеткен, Президент тікелей өзі құрған Қазақстан Халқы Ассамблеясы. Бүгінде Ассамблея ұлт пен ұлыстың, этностың, басқа да қоғамдық ұйымдардың арасын жалғастыруда алтын көпірге айналды. Ассамблея бірлік пен татулықтың, келісімнің киелі бесігі, ұлтаралық сыйластық пен ынтымақтастықты көрсету жолында бейбіт тірлігіміздің белгісі болды. Міне , Елбасының ұлтаралық мәселелер мен келісімдерді шешудегі көрегендігі мен даналығы. Әлемде кез келген мемлекетте Қазақстан Халқы Ассамблеясына тең келер халықаралық институт жоқ.
Абай атамыз «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың»,-дегендей ұрпақ тәрбиесі үшін , адамзат баласының болашағы үшін, еліміз бен жеріміздің көркею үшін аянбай еңбек етіп жүрген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымыз шексіз.
Бақытқа бастап халқыңды,
Сабырлы сақтап салтыңды,
Қазақтың ұлы –Нұрсұлтан
Жаһанға жайдың даңқыңды.
Елімнің нұрлы да жарқын болашағына, білімді ,өнегелі ұландарының жетістіктеріне, бүкіл әлемнің «Қазақстан» деп таңдай қағарына кәміл сенемін. Ең бастысы, Президент барда болашағымыз бүгіннен де нұрлы, бүгіннен де кемел болмақ . Өткені біздің алдымызда жарық жұлдыз -темірқазықтай болған, адамзаттың бағына біткен Президентіміз бар. Нұрсұлтандай Президенті бар Қазақ елі бақытты!
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н . Назарбаев .Әділеттің ақ жолы: Алматы:Қазақстан,1991
Н . Назарбаев .Тарих толқынында: Алматы:Атамұра ,1991