kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Фариза – гау?ар тасты? поэзиясы» (?деби сазды кеш)

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ызылорда облысы

?арма?шы ауданы

?. К. Томанов атында?ы №183 орта мектебі

К?ні: 27 09 2014

Сыныптар:  5-10

Жауапты: ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі Айгерим Омарова

Уа?ыты: 17. 00

Та?ырыбы:    «Фариза – гау?ар тасты? поэзиясы» (?деби сазды кеш)

?ткізілетін орны: АКТ залы

Максаты: Атыраудын а?ын ?ызы Фариза О??арсынованы? ?негелі ?мірінен, а?ынны? поэзияларымен таныстыру. О?ушыларды? поэзия?а деген кызы?ушылыктарын арттыру, акыннын ipілігі мен парасаттылы?ын айкындай т?су.

К?рнекілігі: интербелсенді та?тадан к?рсетілімдер, а?ынны? суреттері, а?ын жайлы жазыл?ан лебіздер, ?мірінен видеок?рсетілімдер.

«А?ын к?п, Фариза жал?ыз» ты?далым

   1 – ж?ргізуші:

     «Фариза апамыз поэзия?а ?анат ?а?ып ал?аш ?осыл?ан кезден бастап, б?гінгі ?аза? поэзиясыны? падишасына айналып, б?кіл ?мірін шы?армашылы??а арнады» - деген еді, Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаев.

2 – ж?ргізуші:

      «Фаризада халы?ты? рух бар, ол — елімен бірге, ?аза?ынан б?лінбейтін а?ын. Оны? тілі ж?йрік, ?ткірлігі мен тап?ырлы?ы, ?ана?атты?ы б?рімізді де ?ызы?тыратын, ?уантатын а?ын. Абай баста?ан ?лы а?ындары бар елде ?ыздан шы??ан Фаризасы болу да ?аза? елі ?шін керемет жарасым. Мен осы жарасымды к?ргеніме ба?ыттымын», - деген екен жерлесіміз, халы? а?ыны   ?бділд? Т?жібаев.

Б?гінгі «Фариза - гау?ар тасты? поэзиясы» та?ырыбында?ы кешімізді ашып беру ?шін ??тты?тау с?зді мектебімізді? басшысы Кенжеева Алтынша апай?а береміз.

 «Фариза ?ыз» ?ні - к?рсетілім слайд

1 – ж?ргізуші:

     ??рметті ?она?тар! Б?гінгі  кешімізді  «Фаризажан» ?німен ашты?. Ж?ректерді  жан жылуымен epiтіn, поэзия ?леміні? биік шындарын ?з еркіне ба?ындырып, ?иял?а ?анат сермеген Атырауды? ару а?ыны, ?аза? ССР Жо?ар?ы Ке?есіні? ??рмет грамоталары мен «??рмет белгісі, «Парасат» ордендеріні? иeгepi, М?дени а?арту iciнe е?бегі сі?ген ?ызметкер, ?аза?стан Парламенті М?жілісіні? депутаты бол?ан халы? жазушысы Фариза О??арсынова  1939 жылы Атырау облысы Новобогат ауылында 25 желто?санда д?ниеге келген. Фариза О??арсынова ?зіні? ?ауырсын ?аламымен а? ж?регін ?ле?мен, кісілік келбетін ?лде?ашан т?гендеген а?ынны? бipi.

2 – ж?ргізуші:

    ?аза? поэзиясында ?зіндік т?л?а болып ?алыптас?ан а?ын ?ле?деріні? негізгі та?ырыбы: махаббат, замана, уа?ыт тынысы, ту?ан жер, ту?ан ел туралы болды.

1 – ж?ргізуші:

    А?ын орны ?аламы ?андай биікке к?теріп шы?аpca, сол жерде. Ондай орын ?cipece биікте к?п, — деп ?абит M?cipenoв айт?андай, ?рдайым бізді? а?ын апамыз Фариза ?аламы м??алмай, ?лі де сан-салалы ты? та?ырыпта?ы е?бектерімен о?ырман ж?регіне жол таба берсін дейміз.

2 – ж?ргізуші:

     «Фариза  - поэзияны? іші мен тысын ойлай алатын а?ын». ?абит М?сірепов.

Фариза?а арнау ?ле?дерін о?у

1 – ж?ргізуші:

      «Фариза О??арсынованы? ?ле?дерінде Махамбет ?ле?деріні? екпіні, Махамбет ?ле?дерінде ?ана кездесетін, лирикамен ?атар ж?ретін ашу-ыза екпіні бар. Фаризаны ма?тау ?ажет емес, ма?тану керек», деп ба?а берген ?кім Тарази. 

2 – ж?ргізуші:

     Фариза а?ынны? ерекше ?ырлары:

-     а?ынды?

-     ?стазды?

-     жазушылы?

-     аудармашылы? (Чили акыны Неруданын ?лендері)

1 – ж?ргізуші:

     Фариза О??арсынова есімін естігенде жыр с?йер ?ауымны? бір еле?демей ?ал?аны бол?ан емес. Поэзия?а келумен оны? к?ркемдік ?лемінен ойып алуды? арасы жер мен к?ктей. М?ны? біріншісі – бірталай ?аламгерлерді? еншісі бол?анмен, ал екіншісі – сирек те болса шынайы таланттарды? за?ды ырыс-несібесі, а?ынды? та?дыры сыйлайтын ?сіресе – ба?ы, ?зіне тиесілі сыба?асы.  Фариза а?ынны? поэзиялы?-к?ркемдік ?леміне мейлінше  ден ?ой?анынды, ?те с?йетіндігі?ді б?гіп ?алу еш м?мкін емес. Фариза а?ынны? мына бір жырына ??з жіберсек:     

Жыр –

Мені? жал?ыз тарланым,

Аялап ?тер арда?ым,

Талы?сып атар та?дарым

Айымдай жал?ы арман ?н,- дейді.

А?ын ?ле?дерін м?нерлеп о?у

2 – ж?ргізуші:

     « С?хбат» атты жина?ында?ы «Ма??ыстау монологтары», «Ода?ым – о?шау ??рлы?ым», «Революция ж?не Мен» деген ?ле?дер циклі ?шін ?аза?стан Мемлекеттік сыйлы?ына ие бол?ан еді.

1 – ж?ргізуші:

     «Фариза прозасында?ы эссе — ?ара с?з дегені болмаса, бая?ы сол есіліп т?р?ан поэзия». Шерхан М?ртаза.

2 – ж?ргізуші:

     «Фаризаны? шы?армашылы?ын т?сінуге ерекше бір тал?ам керек». А??штап Ба?тыгереева

Фариза ?ле?ін ты?дау

1 – ж?ргізуші:

    Ту?ан дала! Ту?ан ел! Б?л ??ымдар – а?ын жырында?ы е? ?асиетті, е? ?астерлі ерекше жалы?ды леппен жырланатын, ас?а? шабыттар?а толы сезімдерді? та?ырыбы. Оны? ?ле?деріні? барлы?ы дерлік ту?ан дала?а  деген перзенттік махаббаты бас?а та?ырыпта?ы ?ле?деріні? арасынан да ерекшеленіп, ?зге ?ле?дерді ?зіне к?гендеп жатады.

Ж?рек сенсі?, Отаным, ?о?амым да

Мейлі к?лдір, к?рсіндір, ора м???а, -

Мен б?рібір ?зі?нен б?лінбеймін,

Сенсіз мені? ?нім жо?, жо? арым да.

2 – ж?ргізуші:

    Ту?ан – жерін с?йген, о?ан барлы? ысты? ж?регімен берілген а?ын сол жерді? тынышты?ын, бейбіт ?мірін ойдан шы?ара ала ма? Фариза ?ле?дерінде де б?л леп ерекше.

Ж?ректе – с?йікті елес

М??гілік к?н – жанымда, биікте емес.

Б?л ?лемде е? биік – Адам ?ана,

М??дау?а ешкім де тиіс емес.

?зі ?лкен патриотты? сезімні? а?ыны бол?анды?тан, оны? елін, жерін с?ймегендерден, халы?ты? жанын ??па?андардан, «С?тін емген тілімні? ?адір - ?асиетін сезіп білмегендерден жаным жылап, т??ілгем» деген жолдары да:

Ерте?дерді, жерді ойлап, -

адамды ойлап, елді ойлап,

жер к?рсіне, к?з ілмей

жаны ауыр?ан ?зімдей

к?нмен бірге к?лмесем,

мен осылай ж?рмес ем, -

?нер дертін білмес ем, -

деген тебіреністері де ?лкен а?и?ат ?мірге биіктен ?арай білуді? ?ршіл белгісіндей.

 1 – ж?ргізуші:

   «Фариза – аспан?а алау атып, шо? шашыратып жат?ан рух жанартауы. ?шпейтін де с?нбейтін ?жеттік ?айнары» ?біш Кекілбаев. 

«Фариза а?ын?а» хат ?оржындары

2– ж?ргізуші:

     Досты? оны? ішіндегі халы?тар досты?ы та?ырыбы – а?ын шы?армаларында?ы ?зекті та?ырыпты? бірі. «Дауа» жина?ында?ы «?ыр?ыз ?аза? – ?зімні? ?ос жанарым» атты ?ле?інде де а?ын іргелес екі елді? орта? та?дырын, орта? тыныс - тіршілігін ы?ыласпен жырлайды.

Сен ?уанса?, шуа?ты менде де к?н,

Сен самса?ан, мені? де ?рлегенім!

Сізді? ?йде ?она?сып  ?рлемедім

?ыр?ыз, ?аза? – ?зімні? ?ос ?рлегенім

?ыр?ыз, ?аза? – ?зімні? ?ос жанарым,

?ос жанарым, ?ашан да с?нбе мені?!

1 – ж?ргізуші:

     Фариза а?ын ?ле?інде адамдарды? ?о?амда?ы орны, борыш пен парыз, жа?сылы? пен жаманды?ты? к?ресі сия?ты к?лемді м?селелерге ?з к?з?арасын білдіреді. Оны? «Адам деген – уа?ытты? сы?ары, заманыны? ?ланы, шыр?ап салар жыр - ?ні, к?кке ?рлетсе – ?ыраны, аяласа – ну ба?ы, жер салса – тула?ы. Заманыны? да ?лы емес, уа?ыты? да т?к емес!

2 – ж?ргізуші:

     «Адамдарды ?мір сыны же?бесе, тіршілікті? екпініне ермесе» деген жолдарында осындай келелі ой, ?о?ам алдында?ы борышты сезінушілік жатыр. Сонды?тан да адамдар, а?ын  т?сінігінше «?зі?е берілген ?лшеулі ?мір ішінде бір-біріне жа?сылы? жасай білуі керек», -дейді.

Кезінде етпеген жа?сылы?,

?ылмыспен кейде пара-пар

1 – ж?ргізуші:

     Ол ?мірді? м?нін адамдарды? бір-бірімен ізгі ?арым-?атынас, досты?ында деп т?сінеді.

Сонды?тан да:   Достарым, ортам, ?о?амым,

Оларсыз сенем, соламын.

Сал?ынды? сеуіп, сырт берсе,

К??ілім де – кірбі?, жо? ?нім,

Соларды? ?аба?тарымен

Налимын, тасып – толамын, -дейді.

«Мен са?ан ?ашы? емеспін» к?рсетілім - ?н

2 – ж?ргізуші:

    Ф.О??арсынова – ?мірге сергек ?арайтын, жаманды? атаулыны, оны? ішінде адамдарды? бойында?ы сал?ынды?ты?, екіж?зділік, жігерсіздік сия?ты босанды?ты жан-ж?регімен жек к?ретін а?ын.

Жандар ?анша к?лкісі де шектеулі,

Біледі олар тасадан к?сектеуді.

Жан ашырлы?, т?гілі, ондайларды?

Кіммен с?лемдесуі – есептеулі.

1 – ж?ргізуші:

    А?ын б?рын - со?ды ?ткен ой иелері мен с?з шеберлеріні? немесе ?лемні? ?р т?кпірінде ?тіп жат?ан уа?и?алар мен болмыстар?а ?зінше ба?а беріп, жыр жолдарына айналдырады.

Фариза а?ын «Сапфомен сырласу», «Айша бибі», «Баба ?же», «Омар Хаяммен ??гіме», «Шекспир шынды?ы» ?ле?деріндегі  адамдар?а деген ізгілік, мейірім сезімі, досты?, махаббат жайлары б?гінгі ?рпа?тарды? т?сінігіне ?ажет т?р?ыдан жырланады.

«?н Фариза» ?ні

2-ж?ргізуші:

     Осымен «Фариза - гау?ар тасты? поэзиясы» та?ырыбында?ы ?орытынды кешіміз ?з м?ресіне жетті. Жыр с?йер поэзияны? жанашырлары к?бейе берсін а?айын! 

?.К.Томанов атында?ы №183 орта мектебі

 «Бекітемін»

Мектеп басшысы:                Кенжеева А

Фариза - гау?ар тасты? поэзиясы

 (?деби сазды кеш)

Фариза О??арсынова?а - 75 жыл

Жауапты: ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі Айгерим Омарова

2014-2015 о?у жылы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Фариза – гау?ар тасты? поэзиясы» (?деби сазды кеш)»

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Ү. К. Томанов атындағы №183 орта мектебі



Күні: 27 09 2014

Сыныптар: 5-10

Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгерим Омарова

Уақыты: 17. 00

Тақырыбы: «Фариза – гауһар тастың поэзиясы» (әдеби сазды кеш)

Өткізілетін орны: АКТ залы

Максаты: Атыраудын ақын қызы Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмірінен, ақынның поэзияларымен таныстыру. Оқушылардың поэзияға деген кызығушылыктарын арттыру, акыннын ipілігі мен парасаттылығын айкындай түсу.



Көрнекілігі: интербелсенді тақтадан көрсетілімдер, ақынның суреттері, ақын жайлы жазылған лебіздер, өмірінен видеокөрсетілімдер.



«Ақын көп, Фариза жалғыз» тыңдалым



1 – жүргізуші:

«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады» - деген еді, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.



2 – жүргізуші:

«Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын», - деген екен жерлесіміз, халық ақыны Әбділдә Тәжібаев.


Бүгінгі «Фариза - гауһар тастың поэзиясы» тақырыбындағы кешімізді ашып беру үшін құттықтау сөзді мектебіміздің басшысы Кенжеева Алтынша апайға береміз.



«Фариза қыз» әні - көрсетілім слайд


1 – жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Бүгінгі  кешімізді  «Фаризажан» әнімен аштық. Жүректерді  жан жылуымен epiтіn, поэзия әлемінің биік шындарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерінің иeгepi, Мәдени ағарту iciнe еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова  1939 жылы Атырау облысы Новобогат ауылында 25 желтоқсанда дүниеге келген. Фариза Оңғарсынова өзінің қауырсын қаламымен ақ жүрегін өлеңмен, кісілік келбетін әлдеқашан түгендеген ақынның бipi.



2 – жүргізуші:

Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы болды.


1 – жүргізуші:

Ақын орны қаламы қандай биікке көтеріп шығаpca, сол жерде. Ондай орын әcipece биікте көп, — деп Ғабит Mүcipenoв айтқандай, әрдайым біздің ақын апамыз Фариза қаламы мұқалмай, әлі де сан-салалы тың тақырыптағы еңбектерімен оқырман жүрегіне жол таба берсін дейміз.



2 – жүргізуші:

«Фариза - поэзияның іші мен тысын ойлай алатын ақын». Ғабит Мүсірепов.

Фаризаға арнау өлеңдерін оқу

1 – жүргізуші:

«Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде Махамбет өлеңдерінің екпіні, Махамбет өлеңдерінде ғана кездесетін, лирикамен қатар жүретін ашу-ыза екпіні бар. Фаризаны мақтау қажет емес, мақтану керек», деп баға берген Әкім Тарази.


2 – жүргізуші:

Фариза ақынның ерекше қырлары:

-     ақындық

-     ұстаздық

-     жазушылық

-     аудармашылық (Чили акыны Неруданын өлендері)



1 – жүргізуші:

Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымның бір елеңдемей қалғаны болған емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып алудың арасы жер мен көктей. Мұның біріншісі – бірталай қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал екіншісі – сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын әсіресе – бағы, өзіне тиесілі сыбағасы.  Фариза ақынның поэзиялық-көркемдік әлеміне мейлінше  ден қойғанынды, өте сүйетіндігіңді бүгіп қалу еш мүмкін емес. Фариза ақынның мына бір жырына қөз жіберсек:     

Жыр –

Менің жалғыз тарланым,

Аялап өтер ардағым,

Талықсып атар таңдарым

Айымдай жалқы арман үн,- дейді.



Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу



2 – жүргізуші:

« Сұхбат» атты жинағындағы «Маңғыстау монологтары», «Одағым – оқшау құрлығым», «Революция және Мен» деген өлеңдер циклі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болған еді.



1 – жүргізуші:

«Фариза прозасындағы эссе — қара сөз дегені болмаса, баяғы сол есіліп тұрған поэзия». Шерхан Мұртаза.

2 – жүргізуші:

«Фаризаның шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек». Ақұштап Бақтыгереева


Фариза өлеңін тыңдау



1 – жүргізуші:

Туған дала! Туған ел! Бұл ұғымдар – ақын жырындағы ең қасиетті, ең қастерлі ерекше жалыңды леппен жырланатын, асқақ шабыттарға толы сезімдердің тақырыбы. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік туған далаға  деген перзенттік махаббаты басқа тақырыптағы өлеңдерінің арасынан да ерекшеленіп, өзге өлеңдерді өзіне көгендеп жатады.

Жүрек сенсің, Отаным, қоғамым да

Мейлі күлдір, күрсіндір, ора мұңға, -

Мен бәрібір өзіңнен бөлінбеймін,

Сенсіз менің әнім жоқ, жоқ арым да.



2 – жүргізуші:

Туған – жерін сүйген, оған барлық ыстық жүрегімен берілген ақын сол жердің тыныштығын, бейбіт өмірін ойдан шығара ала ма? Фариза өлеңдерінде де бұл леп ерекше.

Жүректе – сүйікті елес

Мәңгілік күн – жанымда, биікте емес.

Бұл әлемде ең биік – Адам ғана,

Мұңдауға ешкім де тиіс емес.

Өзі үлкен патриоттық сезімнің ақыны болғандықтан, оның елін, жерін сүймегендерден, халықтың жанын ұқпағандардан, «Сүтін емген тілімнің қадір - қасиетін сезіп білмегендерден жаным жылап, түңілгем» деген жолдары да:

Ертеңдерді, жерді ойлап, -

адамды ойлап, елді ойлап,

жер күрсіне, көз ілмей

жаны ауырған өзімдей

күнмен бірге күлмесем,

мен осылай жүрмес ем, -

өнер дертін білмес ем, -

деген тебіреністері де үлкен ақиқат өмірге биіктен қарай білудің өршіл белгісіндей.


1 – жүргізуші:

«Фариза – аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары» Әбіш Кекілбаев.


«Фариза ақынға» хат қоржындары


2– жүргізуші:

Достық оның ішіндегі халықтар достығы тақырыбы – ақын шығармаларындағы өзекті тақырыптың бірі. «Дауа» жинағындағы «Қырғыз қазақ – өзімнің қос жанарым» атты өлеңінде де ақын іргелес екі елдің ортақ тағдырын, ортақ тыныс - тіршілігін ықыласпен жырлайды.

Сен қуансаң, шуақты менде де күн,

Сен самсаған, менің де өрлегенім!

Сіздің үйде қонақсып  өрлемедім

Қырғыз, қазақ – өзімнің қос өрлегенім

Қырғыз, қазақ – өзімнің қос жанарым,

Қос жанарым, қашан да сөнбе менің!



1 – жүргізуші:

Фариза ақын өлеңінде адамдардың қоғамдағы орны, борыш пен парыз, жақсылық пен жамандықтың күресі сияқты көлемді мәселелерге өз көзқарасын білдіреді. Оның «Адам деген – уақыттың сыңары, заманының ұланы, шырқап салар жыр - әні, көкке өрлетсе – қыраны, аяласа – ну бағы, жер салса – тулағы. Заманының да ұлы емес, уақытың да түк емес!



2 – жүргізуші:

«Адамдарды өмір сыны жеңбесе, тіршіліктің екпініне ермесе» деген жолдарында осындай келелі ой, қоғам алдындағы борышты сезінушілік жатыр. Сондықтан да адамдар, ақын  түсінігінше «Өзіңе берілген өлшеулі өмір ішінде бір-біріне жақсылық жасай білуі керек», -дейді.

Кезінде етпеген жақсылық,

Қылмыспен кейде пара-пар













1 – жүргізуші:

Ол өмірдің мәнін адамдардың бір-бірімен ізгі қарым-қатынас, достығында деп түсінеді.

Сондықтан да:   Достарым, ортам, қоғамым,

Оларсыз сенем, соламын.

Салқындық сеуіп, сырт берсе,

Көңілім де – кірбің, жоқ әнім,

Солардың қабақтарымен

Налимын, тасып – толамын, -дейді.


«Мен саған ғашық емеспін» көрсетілім - ән



2 – жүргізуші:

Ф.Оңғарсынова – өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде адамдардың бойындағы салқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік сияқты босандықты жан-жүрегімен жек көретін ақын.

Жандар қанша күлкісі де шектеулі,

Біледі олар тасадан көсектеуді.

Жан ашырлық, түгілі, ондайлардың

Кіммен сәлемдесуі – есептеулі.



1 – жүргізуші:

Ақын бұрын - соңды өткен ой иелері мен сөз шеберлерінің немесе әлемнің әр түкпірінде өтіп жатқан уақиғалар мен болмыстарға өзінше баға беріп, жыр жолдарына айналдырады.

Фариза ақын «Сапфомен сырласу», «Айша бибі», «Баба әже», «Омар Хаяммен әңгіме», «Шекспир шындығы» өлеңдеріндегі  адамдарға деген ізгілік, мейірім сезімі, достық, махаббат жайлары бүгінгі ұрпақтардың түсінігіне қажет тұрғыдан жырланады.


«Ән Фариза» әні


2-жүргізуші:

Осымен «Фариза - гауһар тастың поэзиясы» тақырыбындағы қорытынды кешіміз өз мәресіне жетті. Жыр сүйер поэзияның жанашырлары көбейе берсін ағайын! 

























Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі

«Бекітемін»

Мектеп басшысы: Кенжеева А











Фариза - гауһар тастың поэзиясы

(Әдеби сазды кеш)

Фариза Оңғарсыноваға - 75 жыл



Жауапты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгерим Омарова






























2014-2015 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Фариза – гау?ар тасты? поэзиясы» (?деби сазды кеш)

Автор: Омарова Айгерим Бахытбековна

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327726


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства