Білімді ел
ХХІ ғасыр –білім ғасыры.Жер бетінде алуан түрлі таңғажайып нәрселер орын алуда.Бұның барлығы адам баласының білімінің шарықтап өсуінің нәтижесі.Бұған әлемдегі білім саласындағы сан-алуан өзгерістер өз әсерін тигізіп отыр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман»деп әлемдегі өзгерістердің көшіне ілесіп,қазақ елі де жаһан жаңалығына құлақ түріп,білім саласына жаңа бетбұрыс жасауды тапсырды. Болашақ ұрпақ білімді,заман ағымына қарай бейім болуы үшін оны оқытатын мұғалімдерге үкімет тарапынан жаңа талап қойылып отыр.Сондықтан талапқа сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп,жаңа әдіс-тәсілдерді игеріп,жаңа технологияны меңгеруі керек.