Просмотр содержимого документа
«Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер»
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті
«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп» МКМ
Г Казербаева І санатты тарих пәні мұғалімі
Тақырыбы:Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Орташа мұғалім - баяндайды.
Жақсы мұғалім -түсіндіреді.
Тәжірибелі мұғалім-көрсетеді.
Ұлы мұғалім-шабыттандырады.
Улим Ворд.
Қазақ елінің болашағы - бүгінгі мектеп түлектері. Демек, олардың қандай азамат болып шығулары - мектеп қабырғасында қаланады, олардың дұрыс бағытта білім мен тәрбие алуы - бүгінгі педагогтардың негізгі міндеті. Жаңа формация педагогі ретінде калыптасу үшін, ең алдымен әр педагог өзін ретке келтіру керектігіне көзі жетуі тиіс. Біріншіден өзін сыни тұрғыдан ойлануға үйреніп, жалпы оқу процесіндегі өзгерістер оған жақсы әсер еткеніне сенімді болса, екіншіден мәдениетті болуына әсер етеді. Дәстүрлі сабақпен қазіргі сабақты салыстыра отырып, өз қателіктерін жоя бастайды. Жеті модульді сабақтарда кеңінен қолданса, оқушыларға ұнайтындығына күмән жоқ. Нәтижесінде балалардың сабаққа белсенділігі арта түссе, бір-бірін бағалауды үйренсе, өз ойларын еркін жеткізуге үйретсем, диалогтік оқытуды кеңінен қолдансам, жұппен,топпен,жұмыс істеуге үйретсем нұр үстіне нұр болады. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыру.
Ұстаз үшін оқушылардың ойын дамыту, белсендігі мен дербестігін қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды тиімді жүргізе білудің маңызы ерекше. Оқу үрдісінде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдану – менің шеберлігімді шыңдау, біліктілігімді арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Кейбір жалықтыратын сабақтарды қызықтыра өткізу немесе кездескен кез-келген кедергілерді сыни көзқараспен қабылдап, оны шешудің жолдарын таба білуге дағдыландыру, яғни шешілмейтін мәселе болмайтынына көздерін жеткізу. Әрине, мұндай жұмыстарды тиімді етіп ұйымдастыру үшін көп уақыт қажет. Алайда жақсы нәтиже көрсетіп жатса, еңбегіңнің зая кетпегенінің белгісі.
XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процесті жандандырып, дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда.Оқыту барысында озық,тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады », -деген болатын. Ал қазақтың заңгар жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен «Халық пен халықты теңеретін- білім» деп айтқандай,білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу- біздің мақсатымыз.Сондықтан да, жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек.Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау. Бағдарлама жеті модульден тұрады: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. 7 модуль бойынша сабақтарды тартымды өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақ- тастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсар- туына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастайды. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді.3.Мұғалімдер,өз кезегін- де,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. 1.Диалог бойынша оқыту Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді. Зерттеушілік әңгіме барысында бір-бірінің идеяларын талқылайды,баға береді,бірлескен түсінік қалыптасады. Өз идеясын ортаға салып,басқалардың пікірін тыңдайтын болады. Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады. Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады. Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-конференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолдандым.. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты орын алған өзгерістерге тоқталғым келеді. Сыныпқа ынтымақтастық топтасатыру атмосфераны қалыптастыру кезеңі Топ ережесін құру Постерді қорғау Оқушылар өзін - өзі бағалауда Рефлексия 7-модулді сабақта әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын оятады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды. Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флипчартқа түсіру арқылы жеткізеді. Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады.. 7 модульді қолдана отырып, көптеген ой-түйіндерді жүзеге асыру - белсенділіктің артуына ықпалы зор. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру - біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз. Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, тәжірибеде қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз
Пайдаланылған әдебиеттер: 1 .Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей 2. Портал материалдары 3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 3-деңгей 4.К. Дайрабаев, А. Дайрабаева Педагогика негіздері 5.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 2013 6.Мирсеитова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-1998