Просмотр содержимого документа
«4-сыныпқа арналған қазақ тілінен қосымша тапсырмалар жинағы»
Ақмола облысы Жақсы ауданы
«Подгорное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4-сынып
қазақ тілі пәнінен
қосымша тапсырмалар дәптері
Құрастырған
қазақ тілі мен қазақ
әдебиеті пәні
мұғалімі
Аренова Меруерт Жумабековна
2016-2017 оқу жылы
Алғы сөз
Бұл жинақта оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнін оқушыларға терең меңгертіп, қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрастырылған. Бұл – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 4-сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін,сөздік қорын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру мақсатында қолданылатын қосымша құрал.
Мұнда оқушылардың сөйлеу тілін кеңейту, байыту мақсатында қысқа және қызықты мәтіндер,өлең, мақал,түрлі дидактикалық тапсырмалар берілді. Сондай-ақ жаттығу,тапсырмалардың түрлері де кеңінен қамтылды.
Дидактикалық материалдарды берудегі мақсат-оқушылардың тілін дамытуда,тіл үйренуде, сөздік қорын байытуда оқулыққа қосымша дүниені бір жерге топтап,мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Мұғалім тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне,қазақ тілін білу дәрежесіне лайықтап орындатады. Мұндағы материалдар грамматикалық тақырыптар бойынша берілді.
2-тапсырма.Мына сұрақтарға жауап беретін сөздерді жаз.
Не істеді?
Кім?
Не?
Қандай?
3-тапсырма.Толықтырып жаз.
Менің атым- --------------------- . Мен .................. жастамын.Бұл менің .....................
Ол менен ................. жас ............. . Ол неше жаста?................................................. .
4-тапсырма. Берілген мәтіннен отбасы атауларын теріп жаз.
Менің атым-Айдар. Бұл- біздің отбасымыз.Біздің отбасымызда төрт адам бар.Олар: әке-шешем,қарындасым, және мен. Менің әкемнің аты –Қайрат. Ол 40 жаста. Менің әкем күшті және ақылды. Менің анамның аты-Раушан.Ол 35 жаста.Менің анам әдемі және мейірімді.Менің қарындасымның аты- Маржан. Ол үш жаста.Менің қарындасым ақылды және сүйкімді.Мен отбасымды жақсы көремін.
11-тапсырма.Мәтіннен жіктік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Мынау –менің бөлмем.Менің бөлмем кең және жарық. Менің бөлмем таза. Мен заттарымды жинаймын.Мен еден жуамын, шаң сүртемін. Мен кілемді шаңсорғышпен тазалаймын.
Мен ыдыс жуа......... . Ол дастарқан жасай ............... . Біз гүлдерге су құя............. . сен шаң сүрте............... . Сіздер үй жинай ............ . Олар бізге көмектесе .............. .
14- тапсырма. «Дастарқан» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
Менің атым-Анар.Мен үйде анама көмектесемін. Мен дастарқан жасаймын. Мен дастарқанға ыдыстарды қоямын. Мынау-қасық. Мынау –шанышқы. Мынау –тәрелке. Мынау-пышақ. Біздің отбасымызда үш адам бар. Сондықтан мен дастарқанға үш қасық, үш шанышқы және үш тәрелке қоямын. Дастарқанға тамақты анам қояды. Біз тамақ ішеміз.
22-тапсырма.Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Астана қаласы-Қазақстанның елордасы.Астана – үлкен,әдемі және жас қала.Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан.Астанада әдемі үйлер,саябақтар,ескерткіштер,биік ғимараттар бар.Маған Астана қаласы ұнайды.
Ол бара-------------- Олар бара-------------------
26-тапсырма.Толықтырып жаз.
Біз Астанаға бара....... . Сендер Атырауға бара........... . Мен Семейге бара........... . Сіз Өскеменге бара ........... . Сен Өскеменге бара........... . Сіздер Таразға бара........... .
27-тапсырма.Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жаз.
Қазақстанның жері үлкен, табиғаты әдемі.Елімізде өзен,көлдер,биік таулар,жасыл ормандар бар.Астанада Есіл өзені,Семейде Ертіс өзені, Көкшетауда Бурабай көлі бар. Алматының мақтанышы –Алатау тауы.
29-тапсырма. Кіммен? Немен? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Менің атым- Маржан. Мен жазғы демалыста Көкшетауға бардым. Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Мен Көкшетауға ата-анаммен бардым.Біз машинамен бардық.Маған Көкшетау қаласы ұнайды.
33-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып жаз.
Мынау-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Қазақстанның Туы көгілдір және алтын түсті. Тудың ортасында күн және қыран бейнеленген.Көгілдір түс –бейбітшіліктің, ашық аспанның белгісі.Күн – бейбітшілік белгісі. Қыран құс –еркіндік белгісі.Күн,қыран және ұлттық өрнек алтын түсті. Алтын түс-молшылық пен байлықтың белгісі.
Мен жасап отыр............ Біз жасап отыр.................
Сен жасап отыр............. Сендер жасап отыр..........
Сіз жасап отыр.............. Сіздер жасап отыр............
Ол жасап отыр.............. Олар жасап отыр.............
39-тапсырма.-ып,-іп,-п толықтырып жаз.
Мен кітап оқы.... отырмын.Мен хат жаз..... отырмын.Біз ашықхат жаса.... отырмыз.Ол теледидар көр.... отыр. Сен үй жұмысын істе......... отырсың. Олар мұғалімді тыңда......... отыр. Сендер сыйлық жаса..... отырсыңдар.
Бүгін Наурыз мерекесі. Әжем наурызкөже пісіріп жатыр.Анам бауырсақ пісіріп жатыр. Әкем ауланы тазалап жүр. Атам ағаш отырғызып жатыр. Мен атама көмектесіп жүрмін.
Содан соң біз алаңға барамыз. Біз концерт көреміз, ұлттық ойындар ойнаймыз. Маған Наурыз мерекесі ұнайды. Наурыз мерекесі қызықты және көңілді өтеді.
49-тапсырма.Мәтінді оқып, аңдардың атын теріп жаз,сұрақ қой.
Мынау –хайуанаттар бағы.Хайуанаттар бағы өте үлкен. Хайуанаттар бағында әртүрлі аң,құстар бар. Мысалы:піл,арыстан,жолбарыс, қасқыр, түлкі,аю.Мен хайунаттар бағына жиі барамын.
Қарашы!Аю ұйықтап жатыр.Қоян секіріп жүр. Керік жапырақ жеп тұр. Піл су ішіп тұр.Маймыл банан жеп отыр.Маған хайуанаттар бағы ұнайды.
«.........................» баласын «аппағым» дейді, «....................» баласын «жұмсағым» дейді. Ас атасы- «..................». Көз «...........................», қол «................................» .
Туған елдей «........................» болмас.Жігітке жетпіс өнер де «.....................» .
Бірінші байлық- «...........................» .
53-тапсырма.Мәтінді оқып, қараменбелгіленген сөздерді тәуелде.
Мынау –біздің мектеп. Біздің мектеп үлкен.Мектеп үш қабатты. Біздің мектепте асхана, кітапхана, спортзал, бассейн бар. Асхана, спортзал және бассейн бірінші қабатта. Біздің кітапхана екінші қабатта. Біздің сынып бірінші қабатта.Маған біздің мектеп ұнайды.
Біз ......................... сабағында есеп шығарамыз. Біз .................... сабағында ағылшынша сөйлейміз. Біз ......................... сабағында қазақша сөйлейміз. Біз .......................... сабағында жаттығу жасаймыз, жүгіреміз, секіреміз, ойнаймыз.
57-тапсырма.Өлеңнен қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Күнделік
Күнделікті алайық,
Тақтаға бір қарайық.
Әдемі етіп бәріміз
Үй жұмысын жазайық.
Қараңдаршы, балалар,
Қандай бізге пайдалы
Үй жұмысын жазатын
Күнделіктің болғаны.
/Ә.Шапағат/
58-тапсырма.Мәтінді оқып, етістіктерді теріп жаз.
Маған күз мезгілі ұнайды. Күз айлары –қыркүйек,қазан,қараша. Күзде күн салқын болады. Жаңбыр жауады. Жел соғады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Күзде жапырақтар сарғаяды. Олар қызыл,сары,жасыл, қоңыр, қызғылт сары түсті болады. Күзде балалар мектепке барады.Мектепте сабақ басталады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер піседі.
59-тапсырма. Не істейді? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз.
Менің досым бар.Оның аты-Берік.Ол тоғыз жаста.Беріктің бойы ұзын, шашы қара,қысқа.Қыр мұрынды. Берік спортпен айналысады.Ол бос уақытында компьютер ойнайды,кітап оқиды,музыка тыңдайды.Ол шахмат ойнауды да жақсы көреді.