Просмотр содержимого документа
«Әртүрліміз, бірақ - барлығымыз біргеміз!"»
Педагогтарға арналған тренинг
Тренинг барысы:
1.«Сәлем досым» жаттығуы
2. «Адасқан әріптер» жаттығуы
3. «Таныс болайық» жаттғуы
4. «Кәсіптік герб» жаттығуы
5. «Сандар» сергіту сәті
6. «Төкпей-шашпай» жаттығуы
7. «Жарнама» жаттығуы
8. «Жүзім» жаттығуы
9. «Кездескенше»
«Сәлем досым»
Қатысушылар ортаға шығады, бір-біріне қарама-қарсы тұрып амандасу рәсімін өткіземіз:
Сәлем, досым!
(Бір-бірінің қолын алады)
Халің қалай?
(Алдындағы тұрған досының сол жақ иығын оң жақ қолымын қағады)
- Қайда болдың?
(Қолдарын екі жаққа жаяды)
- Сағындым сені, досым!(Қолдарын кеуделеріне қояды)- Сен келдің!
( оң қолмен сол қолды
түйістіреді)- Қош келдің!
(Қолдарын көтеріп қарсы тұрған досымен қағыстырады)
«Адасқан әріптер»
Себеттен парақшаларды алады.
Қолдарындағы парақшаларға әріптер жазылған. Осы әріптерден сөз құрау керек. Қандай сөздер шықса, сол сөз бойынша топтар құралады.
«Кәсіптік герб»
Бізбәріміз ұстазбыз. Мен сіздерге өз жеке кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипаты, формасы қандай болу керек екендігін әр топ өзі шешеді. Ол үшін сіздердің үстелдеріңізде ватман, түрлі-түсті маркерлер бар, соларды пайдаланып, герб контурын бейнелеп, оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырасыздар.
Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек:
-кәсіби қызметіңізде неғұрлым маңызды деп есептейтін жетістік немесе оқиға;
-сізді бақытты етуге студенттеріңіз пайдалана аларлықтай нәрселер немесе білім аясы;
-сіздің педагогикалық қызметте көмектесетін немесе көмектесе алатын жеке тұлғалық қасиеттеріңіз .
Жалпы пәндер бірлестігі
Талқылау сұрақтары:
Суреттер неге осыншама әр келкі немесе бір келкі болып шыққан?
- Жаттығуды орындау кезінде қандай қиындықтар туындады?
- Оларды қалай жеңдіңіздер?
Сергіту жаттығуы: «Сандар»
Әр команда сандардың бейнесін салады. Ол үшін ортаға шығып, атомдар тәрізді араласып жүреді, сандарды атаған кезде әр қайсысы өз команда мүшесін тауып солармен айтылған санды салады (өз бейнелерімен).
«Төкпей-шашпай»
Ортаға шығып екі шеңбер жасаймыз: ішкі және сыртқы. Шеңбердің ара қашықтығы қол созымды болу керек, шеңберде тұрғандардың аралары бір-біріне кедергі жасамайтындай болуы шарт. Қолдарына ішінде суы бар шайтабақ беріледі. Бір минуттың ішінде осы шайтабақ шеңберді айналып шығуы керек.
Талқылау:
жаттығу кезінде қандай сезімде болдыңыздар?
- жаттығуды орындау неліктен қиын немесе жеңіл болды?
«Жарнама»
Тақтаға мамандықтар атауы ілінеді. Осы мамандықтарға жарнама жасау керек. Шарты: жарнамаңызда мамандықтың атауының ішінен үш әріпін ғана пайдалауға болады.
Мамандықтар:
«Аспаз»
«Дәнекерлеуші»
«Автомеханик»
«Кеме жөндеу»
«Тігінші»
Мысалы:
Ас – адамның арқауы
Пісірер аспаз палауды.
Асты асықпай алдырар.
Аспазшының ақылынай.
«Жүзім»
Алдарына жүзім беріледі.
Жүзімді зерттейді, ұнаған жүзімді үзіп жейді. Содан соң жүзімді талқылайды: көлемі, пішіні, түсі әр түрлі екені...
Талқылау:- Егер де бір түйір жүзім жалғыз өссе, оларды байқар ма едік?- Бір түйір өсіп тұрған жүзімді жел үзіп әкетсе, не болады?
«Кездескенше»
Мен сіздергежылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік, бірліктілеймін. Үстел үстінде түймедақ гүлдерінің үзінділері бар соларға бүгінгі күннен алған әсерлеріңізді жазып тақтаға ілеміз.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – көңілдің ақындығы,Ұстаз болу – өмірдің күншуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы.
Р а х м е т !
Кәсіби қызметтеріңізге шығармашылық табыс тілеймін!