Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру
Топқа бөлу: Әр түрлі жемістер арқылы топқа бөлу
Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану, тыныштық сақтау, сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, әр топ өзінің топ басшысын сайлау.
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық».Н.Ә.Назарбаев
Көшбасшы(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді)- нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді.Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйренумен болады.
Сізге осындай дағдыларды үйренуге мүмкіндік туғанын қуанышпен жариялаймын.
«Өзін- өзі таныстыру» жаттығуы.
Мақсаты: Өз «менін» қалыптастыру, көпшілік алдында өзін еркін сезінуі үшін.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.Әр оқушы өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
- Өмір ағымынан қалмау;
- Әрдайым білімге талпыну;
- Әрқашан жақсылық жасау;
- Биікке ұмтылу т.б.
«Ой қозғау» жаттығуы. Топқа бөліну бойынша тақырыптың маңызын ашу (постер қорғау)
Құрметті оқушылар, міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары ортаға келіп сұрақтарды таңдап, алуыңызды сұраймыз. Ең алдымен«Көшбасшы деген кім? Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Қалай көшбасшы болуға болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, осы сұрақтарды топта талқылап, Күн сәулесінің шуағына жазайық.Сұрақтар:
1.Көшбасшы деген кім?
2.Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?
3.Көшбасшылық: бұл қасиет оқушыға қаншалықты қажет және маңызы қандай?
4.Өздеріңізді көшбасшымын деп сезінесіз бе?
Түйін: Көшбасшы Күндей айналасына жылу береді.
«Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет ... » жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың қабілеттері мен өнерлерін шыңдау.Оқушылар ортаға шығып өздерінің таң қалдыратын қасиеттерін ортаға салады.
Түйін:Бойымыздағы бар жақсы қасиеттерімізді бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп, әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.
Ақпарат «Талапқа сай көшбасшы».
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс.
Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:
1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бірорындатұрмай, өзбетіншедамуменболады.
13. Өзгешеойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияғасәйкесөзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекшеболғанынқалайды.
Олайболса, іскесәт!
«Сіз көшбасшы болуға лайықсыз»
«Жақсылық тамшысы» жаттығуы.
Оқушылардың санына сәйкес алдын-ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.Тақтаға тамшыларды іліп, әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.
- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен теңізге айналды.(Психолог тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек теңіз суретін апарып іледі). Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса,жер бетінде бейбітшілік орнап,адамдар бақытты өмір сүреді.
Анаграмма
Нұсқау: әріптер орындары ауыстырылып берілген. Сол сөздерді тауып әріптерді орнына қойып жазу.4 топқа бір сөзден беріледі
Арна (анар) Рабқзы (қарбыз)
Ізжмү (жүзім)
Әрбір қатарда адамның дене мүшелеріне және жемістерге қатысты сөздер аралас әріптермен жазылған. Осы сөздерді тауып, ұяшыққа дұрыс орналастырыңдар.Әрбір қатардан артылған бір әріпті қасындағы ұяшыққа толтырып, жасырылған дене мүшесінің атын іздеп табыңдар.
құлақ, тамыр құрма, лимон, жүзім, інжір,
Сүйек, сіңір, жұлын банан
Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында берілген сөздерді қарама-қарсы мағынасын айту. Мысалы, қара-ақ,
«Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған. 1 топқа-тікұшақ
2 топқа –кеме
3 топқа –қоян
«Заттың қолдану тәсілдері». Жақсы танымал бір сөз беріледі, «кітап». Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т.с.с. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады. 1-топқа –кітап
2 топқа- газет
3 топқа – пластмас құты
«Ойлан не болуы мүмкін?»
Егерде,
«. ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң,.»
«. адамдар құстарша ұшуды үйренсе,.»
«. су құбыры кранынан шырын аға бастаса,.»
Сұрақтар
Тапсырмалар 1 топқа
1.Қыс айларын ата
2. «Сабын» сөзін орыс тіліндем айт
3. Бөле деген кім?
4.Қазақстан астанасын ата.
5.Өзіңізден үлкен туыстарды ата
6.Түсі қызыл жемістер мен көкеністер
7. Ең ыстық жыл мезгілі
8. Төрт түлік төлдерін ата
9. Аптаның үшінші күні
10. Ең тәтті, ең ащы не?
11. Судың түбінде қандай тас болмайды?
12. 1+2+3+4+5+6+7+8+9 жауабын айт
2 топқа арналған
Дұрыс па, бұрыс па? төмендегі сұрақтарға дұрыс немесе бұрыс деп жауап алынады.
1. Қымыз түйенің сүті
2.Бұзау сиырдың төлі
3.Алма жерде өседі
4. 8-наурыз Жеңіс күні
5.Біз оқушымыз
6.Қайық аспанда ұшады
7.Қыста боран болады
8.Екі жақсы баға
9.Тас жұмсақ болады
10. Ұзын-қысқа мағынасы бірдей сөз
11.Гүлдер әр түрлі болады
12.Қоян батыр болады
13. Оныншы ай желтоқсан
3-топқа арналған тапсырма
«Математика-логика»
1. Тек саған ғана тиісті, бірақ өзгелер ғана пайдаланатын не?(Есім)
2.Қай кезде біз екіні көріп тұрып, 14 деп атаймыз? (Түс мезгілінде)
3.1 кг темір, 1 кг мақтаның қайсысы жеңіл (екеуіде тең)
4.Қай айлардың атаулары Р-ға аяқталады
5.Менің әжемнің ұлы маған аға емес. Ол кім (әке)
6. 1жұмыртқаны 4 минут қайнатады, ал 4 жұмыртқаны ше? (4 мин)
7.Жылдың 4 айы қалай аталады (сәуір)
8. Ең қысқа айды ата (ақпан)
9.Сенбіден кейін бір күн өткен күнді ата (дүйсенбі)
10. 1- ден 100-ге дейінгі қатарда неше бірлік бар (21 бірлік)
«Сурет салайық»
Жүргізуші: «Қолыңызға парақ, қағаз алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз». Екінші қолыңызға қалам алыңыз.
Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішкентай үй салыңыз. Үйдің қасына 2 ағаш салыңыз. Сол жағына жүріп машина салыңыз. Енді қайтып келіп үйдің қасына өзіңізді салыңыз. Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болсада ұқсайды.? Онда кімің суреті нұсқаулыққа сәл болсада ұқсайтын болса ол тренинг барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған қойып аударып отырған.
«Жинақтаушы қол шапалақтау» жаттығуы.
Балалар, сендердің бүгінгі жұмыстарыңа рахмет айтамын. Бір - бірімізге қол шапалақтау арқылы алғыс білдірейік. Барлығымыз шеңбердің ортасына оң алақанымызды созамыз, оларды бірінің үстіне бірін қоямыз, әрі қарай сол алақандарымызды дәл осылай біріктіреміз де, бәріміз бірге «Біз біргеміз», «Біз көшбасшымыз» деп айтамыз
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Көшбасшы болуға ұмтыламыз»
«№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Көшбасшы болуға ұмтыламыз»Дайындап өткізген: Педагог-психолог Б.ДармағамбетоваҚатысушылар: 4-сыныптар 06.01.2016жЖаңаөзен-2016ж«Көшбасшы болуға ұмтыламыз»
Психологиялық тренинг
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру
Топқа бөлу: Әр түрлі жемістер арқылы топқа бөлу
Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану, тыныштық сақтау, сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, әр топ өзінің топ басшысын сайлау.
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық».Н.Ә.Назарбаев
Көшбасшы(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді)- нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді.Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйренумен болады.
Сізге осындай дағдыларды үйренуге мүмкіндік туғанын қуанышпен жариялаймын.
«Өзін- өзі таныстыру» жаттығуы.
Мақсаты: Өз «менін» қалыптастыру, көпшілік алдында өзін еркін сезінуі үшін.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.Әр оқушы өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
- Өмір ағымынан қалмау;
- Әрдайым білімге талпыну;
- Әрқашан жақсылық жасау;
- Биікке ұмтылу т.б.
«Ой қозғау» жаттығуы. Топқа бөліну бойынша тақырыптың маңызын ашу (постер қорғау)
Құрметті оқушылар, міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары ортаға келіп сұрақтарды таңдап, алуыңызды сұраймыз. Ең алдымен«Көшбасшы деген кім? Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Қалай көшбасшы болуға болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, осы сұрақтарды топта талқылап, Күн сәулесінің шуағына жазайық.Сұрақтар:
1.Көшбасшы деген кім?
2.Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?
3.Көшбасшылық: бұл қасиет оқушыға қаншалықты қажет және маңызы қандай?
4.Өздеріңізді көшбасшымын деп сезінесіз бе?
Түйін: Көшбасшы Күндей айналасына жылу береді.
«Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет . . . » жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың қабілеттері мен өнерлерін шыңдау.Оқушылар ортаға шығып өздерінің таң қалдыратын қасиеттерін ортаға салады.
Түйін:Бойымыздағы бар жақсы қасиеттерімізді бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп, әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.
Ақпарат «Талапқа сай көшбасшы».
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс.
Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:
1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бірорындатұрмай, өзбетіншедамуменболады.
13. Өзгешеойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияғасәйкесөзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекшеболғанынқалайды.
Олайболса, іскесәт!
«Сіз көшбасшы болуға лайықсыз»
«Жақсылық тамшысы» жаттығуы.
Оқушылардың санына сәйкес алдын-ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.Тақтаға тамшыларды іліп, әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.
- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен теңізге айналды.(Психолог тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек теңіз суретін апарып іледі). Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса,жер бетінде бейбітшілік орнап,адамдар бақытты өмір сүреді.
Анаграмма
Нұсқау: әріптер орындары ауыстырылып берілген. Сол сөздерді тауып әріптерді орнына қойып жазу.4 топқа бір сөзден беріледі
Арна (анар) Рабқзы (қарбыз)
Ізжмү (жүзім)
Әрбір қатарда адамның дене мүшелеріне және жемістерге қатысты сөздер аралас әріптермен жазылған. Осы сөздерді тауып, ұяшыққа дұрыс орналастырыңдар.Әрбір қатардан артылған бір әріпті қасындағы ұяшыққа толтырып, жасырылған дене мүшесінің атын іздеп табыңдар.
Жүрек, құлақ, тамыр құрма, лимон, жүзім, інжір,
Сүйек, сіңір, жұлын банан
Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында берілген сөздерді қарама-қарсы мағынасын айту. Мысалы, қара-ақ,
«Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған. 1 топқа-тікұшақ
2 топқа –кеме
3 топқа –қоян
«Заттың қолдану тәсілдері». Жақсы танымал бір сөз беріледі, «кітап». Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т.с.с. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады. 1-топқа –кітап
2 топқа- газет
3 топқа – пластмас құты
«Ойлан не болуы мүмкін?»
Егерде,
«... ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң, ...»
«... адамдар құстарша ұшуды үйренсе, ...»
«... су құбыры кранынан шырын аға бастаса,...»
Сұрақтар
Тапсырмалар 1 топқа
1.Қыс айларын ата
2. «Сабын» сөзін орыс тіліндем айт
3. Бөле деген кім?
4.Қазақстан астанасын ата.
5.Өзіңізден үлкен туыстарды ата
6.Түсі қызыл жемістер мен көкеністер
7. Ең ыстық жыл мезгілі
8. Төрт түлік төлдерін ата
9. Аптаның үшінші күні
10. Ең тәтті, ең ащы не?
11. Судың түбінде қандай тас болмайды?
12. 1+2+3+4+5+6+7+8+9 жауабын айт
2 топқа арналған
Дұрыс па, бұрыс па? төмендегі сұрақтарға дұрыс немесе бұрыс деп жауап алынады.
1. Қымыз түйенің сүті
2.Бұзау сиырдың төлі
3.Алма жерде өседі
4. 8-наурыз Жеңіс күні
5.Біз оқушымыз
6.Қайық аспанда ұшады
7.Қыста боран болады
8.Екі жақсы баға
9.Тас жұмсақ болады
10. Ұзын-қысқа мағынасы бірдей сөз
11.Гүлдер әр түрлі болады
12.Қоян батыр болады
13. Оныншы ай желтоқсан
3-топқа арналған тапсырма
«Математика-логика»
1. Тек саған ғана тиісті , бірақ өзгелер ғана пайдаланатын не?(Есім)