Просмотр содержимого документа
«Өзін өзі тануда ұрпақтар сабақтастығы»
Өзін өзі тануда ұрпақтар сабақтастығы
Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданығ «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Орынбасар Айымгүл Ветесінқызы
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Топтарға бөлу:
І топ 1960-1980
ІІ топ 1981-2001
ІІІ топ 2001 жылдан бері туылғандар
Тапсырма:
Әрбір топтар өздеріңіздің ерекше қасиеттеріңізді,ұқсастықтарыңызды жазыңдар!(балалық шақтарыңыз,еңбек етудегі қасиеттеріңіз,хобби)
* Әлеуметтанушылар әрбір 20 жыл сайын алдыңғысынан ерекшеленетін жаңа буын дүниеге келеді деген ойды айтады.
Қазіргі таңдаX, YжәнеZұрпақтары туралы жиі айтылып жүр. Жас теориясының үш негізгі компоненті (X, YжәнеZұрпақтары) және бір қосымша компонент (Baby boomers)бар. 1991 жылы АҚШ зерттеушілері Нил Гоув (Neil Howe) пен Уильям Штраус (William Strauss) алғаш рет жас айырмашылықтарының ерекшеліктері туралы айтты. Олар адамдардың жас айырмашылықтарына қарап, әртүрлі уақыттағы ұрпақтардың құндылықтарына негізделген теорияны шығарды. Олардың пікірінше, әр кезең шамамен 20 жылға созылады.
Ал Қазақстанда бұл туралы нақты статистикалық дерек жоқ болса да,X-Y-Z ұрпақтар теориясы туралы өмірдің өзі көрсетіп жатқандай.
Ұрпақтар
Ұлы ұрпақ
жылдар
Үндемейтін ұрпақ
сипаттары
1901-1925 жылдар
Ашаршылықта өліп кеткен ұрпақтар
(Дубайда олар бар болған),сүйектері асыл адамдар
1926-1942 жылдар
Бэби-бумер ұрпағы
Х-ұрпағы
Кризис уақыттарында дүниеге келгендер
1943-1963ж
У-ұрпағы(миллениал)
Акселеранттар(кондиционер,холодилник,радио ойлап тапқандар және технологияны ащқандар)
1964-1983ж
Тұтынушылар,ішіп-жеу,кинолар,фестивалдар
Z- ұрпағы
1984-2004жылдар
Альфа ұрпағы
Өте жомарт ұрпақтар,ғасырлардың тоғысқан жылдарында туылғандар,ғасыр бітетін уақыттарда туылғандар(бұларды қатты ұстай алмайсың)сенім керек (махаббатпен ,мейіріммен тәрбиелеу керек)
2004-2014жылдар
2014-,,,,
Өте жомарт,тоқ ұрпақтар,әлемнің дамыған кезінде дүниеге келгендер(бұларды қатты ұстай алмайсың)сенім керек
Ақыл санаға кіру үшін еркіндік керек,
*
Х ұрпақтары «икс» - 1964 жылдан 1984 жылға дейін туылған адамдар.
Олардың ерекшеліктері – өзіне ғана сенім арта алады, балама ойлайды, әлемде болып жатқан нәрселер туралы хабардар болады, таңдау жасауға және өзін өзгертуге дайын адамдар. Олардың жұмыстары қиын және жетістікке өзі жетуді мақсат етеді. Олар үзақ жылдар бойы бір салада қызмет атқарып, бірте-бірте мансап жолында биік дәрежеге жетеді.
Xұрпағы (1964-1984) – жиһанкездер. Басқа атаулары: Иксерлер, 13-ұрпақ, Белгісіз ұрпақ.
Бұл интернетке дейінгі дәуірдің тірі куәгерлері:) Олардың балалық шағы Кеңес одағы тұсында өтті, ал қырғи-қабақ соғыс кезеңі, Ауғанстандағы соғыс бұл адамдарды индивидуалистерге және реакционерлерге айналдырды.
Негізгі ерекшелік белгісі – дербестік. Оларды «мойнына кілт таққан балалар» деп атаған: өздері үйге келіп, өздері тамақ әзірлеген, өздері серуенге шыққан. Бұл балаларға ата-ана көңілі мен қамқорлығы аз бұйырды, есесіне көптеген сыйлықтар алды. Сондықтан, өсе келе, олар ерте есейіп, бұқаралық тұтынушыларға айналды.
Оларға тән сипаттамалар: сауаттылық, жаһандық хабардарлық, жоғарыIQ,тек өзіне үміт арту, құлшыныс, қажырлы еңбек сүйгіштік және сарқылмас төзім қоры.
*
Миллениал ұрпақтар -У ұрпақтар
Yұрпағы «игрек» - 1983 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта туған адамдар. Олардың мақсатқа жету мен жетістік туралы түсінігі өзгеше: көп жағдайда кәсіби өсуін төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Олар дереу өсуді мақсат етеді және бұл олардың бір кемшілігі. Бұл санаттағы адамдар бірден бірнеше сала бойынша жұмыс атқарып, барынша көп ақпарат білуге және кәсібилікке ұмтылады. Олар үшін тек бір салада қызмет істеу мүмкін емес.Өте жомарт ұрпақтар,ғасырлардың тоғысқан жылдарында туылғандар,ғасыр бітетін уақыттарда туылғандар(бұларды қатты ұстай алмайсың)сенім керек(махаббатпен ,мейіріммен тәрбиелеу керек)
Yұрпағы - қазіргі заманғы бизнестің үміті. Олар техникалық жағынан ең сауатты және жұмыс уақытынан тыс уақытта да жұмыс істеуге деген ұмтылысымен, білімге деген ынтасымен де ерекшеленді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, келесі онжылдықтаYұрпағы негізгі жұмыс күшіне айналады.
Yұрпағы (1982-2004) – батырлар. Басқа атаулары: Миллениалдар, «некст» ұрпағы, «желілік» ұрпақ, жаңғырық-бумерлер. Оларды балалық шағында кездестірдік, Чернобыль апатын, КСРО-ның ыдырауын, лаңкестік әрекеттер мен қарулы қақтығыстарды, дефолтты көрді – бұл, бір қызығы, оларды оптимист, көпшіл, жауапты және сенімді етуге ықпал етті.
Миллениалдарға ақпараттық технологияларды дамуы және жаппай ақпаратқа қолжетімділік, оның ішінде музыка, фильмдер мен кітаптар, сондай-ақ дүниенің кез келген бұрышынан келген адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі ерекше әсер етті. Олардың ерекше белгісі – өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу. Жұмыста және оқудаYұрпағының өкілдеріне икемді жұмыс кестесі мен креативтілік маңызды болды.
* Z-ұрпағы
Z ұрпағы «зет» – 2000 жылдан кейін туылғандар, технологияның тілін меңгерген бүгінгінің жастары. Бұл адамдардың есейгенде қандай тұлға болатынын кәсібилік тұрғысынан бағалауға әлі ерте яғни болашақта қандай болатыны әлі белгісіз - ұрпақ жаңа қалыптасуда. Бірақ қазір олар ерекше деп саналады. Индиго балалар. Ерекше дарынды, ерекше философия мен дүниетанымға ие, қолында гаджеттермен туылған балалар. Алайда оларды нағыз "цифрлы балалар" деп атауға болады. Олар біздің елдің экономикалық қалпына келуін қамтамасыз етуі керек.
Ұраны: «Мені тыңда, түсін, менімен сөйле, мені бағала».
*
Психологтардың айтуынша, ХХІ ғасырдың балалары шынымен де алдыңғы буын құрдастарынан ерекшеленеді. Бүгінгі таңда олардың екі негізгі белгілері бар.
Біріншіден, олар өте ақылды, тез түсінеді, ересек ұрпаққа жат көптеген нәрселерді қабылдайды және түсінеді.
Екіншіден, олар өте сезімтал және осал. Осыған орай дәстүрлі білім беру әдіс-тәсілдері бүгінгі балаларға сай келмеуі мүмкін. Осыған дейін сабақ жоспары бойынша ұйымдастыру кезеңіне 3-5 минут уақыт берілген. АлZұрпағы оқушыларының сабаққа деген ынтасын 8 секунд ішінде аударуымыз керек. Олай болмаған жағдайда сабақтың сапасы нашарлайды.
Z ұрпағының балаларын тәрбиелеуде басты назарда ұсталатын ақпарат(ЖЕТІ ЖАРҒЫ):
1. Гаджеттер - қазіргі заманғы адамның өмірінің ажырамас бөлігі. СондықтанZ ұрпағының балаларын ғаламтордан ақпарат алуына шектеу қойып, техникадан оқшаулауға тырысудың қажеті жоқ, керісінше мұндай құрылғыларды қалай қолдануға болатындығын, одан дұрыс ақпаратты қалай алу керектігін, алынған ақпаратты дұрыс түсініп, жүйелеуге үйретіңіз.
2. Өмірдің қызықты болатындығын мысалмен көрсету үшін балалармен көбірек уақыт өткізіп, назар аударыңыз. Бұл маскүнемдіктің, нашақорлықтың және басқа да тәуелділіктің алдын-алудың тамаша тәсілі.
3. Балалармен қарым-қатынаста сыйластық танытыңыз, оларға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріңіз.
4. Баланы жанашырлыққа және басқалардың сезімін түсінуге үйретіңіз.
5. Баланың қажеттілігін бірінші сөзінде-ақ орындауға тырыспаңыз: бұл оның қажеттіліктерін дұрыс қалыптасуына мүмкіндік бермейді.
6. Өзгеге тәуелсіз болуды үйретіңіз, ең кішкентай жетістігі болса да күш-жігер мен сәттілік үшін мақтаңыз.
7. Оның ойынына кедергі жасамаңыз, егер мүмкін болса, онымен бірге ойнаңыз.