kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                     «Тайынша қаласы №2 ОМ» КММ

                                                                                       өзін-өзі тану мұғалімі

                                                                                       Кусаинова Лаззат Салистаевна

                             Өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік ерекшеліктері

   «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, ғанибет!»                                                  

                                                                                                                С.А.Назарбаева

    Бүгінгі таңда өркендеп жатқан еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын асқақ жетістіктермен аттап, дамыған  елдердің қатарына қосылуға бет бұрып отырғандықтан,еліміздің білім беру жүйесі де бүкіл әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс.Ал әлемдік білім кеңістігінде адам мүмкіндігінің шексіздігін,өзін-өзі дамыту қабілетіне сенімі мен ерік бостандығын мойындау, абыройын қорғау және адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен сұраныстарын қамтамасыз ету негізгі мақсаттардың бірі.

     Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіне өмірге,ата-анасына,ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық,сүйіспеншілік,махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.Рухани тереңдікті қалыптастыру мақсатында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі: Ақиқат; Сүйіспеншілік; Дұрыс әрекет; Ішкі тыныштық; Қиянат жасамау жасамау болып табылады.

       «Өзін-өзі тану» пәнінің мектепте өтілетін басқа пәндерден бірқатар өзгешеліктері бар. «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігі сабақ барысында мұғалім тақырыпты өткенде әр түрлі іскерлік ойындарды, психологиялық жағдаяттарды қолдана отырып, әр оқушы өз ойын еркін айта алатындай, жеке мені, өзіндік көзқарасы айқындалатын атмосфера туғызады.

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

Өзін-өзі тануды жеке пән ретінде 1-11 сыныптардың әрқайсысында аптасына 1 сағаттан оқыту белгіленген. Оқу материалдары жүйеленіп барлық сыныптарда да 4 тарау бойынша беріледі. Олар:

1 тарау: Адамның өзін-өзі тануына арналған.

2 тарау: Адам және қоғам қарым-қатынасына арналған.

3 тарау: Адам және қоршаған орта қарым-қатынасына арналған.

4 тарау: Адамзаттың рухани тәжірибесіне арналған.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы мақсаттар мен міндеттер:

- оқушынның бойына ізгі қасиеттерді дамыту,өмірге, қоршаған ортаға,оң көзқарас қалыптастыру және жүзеге асыруын қалыптастыру;
- балалардың қоғамдағы әлеуметтік мәдени орта мен үйлесімді байланысын ішкі жан дүниесіндегі мәдениеттілігін өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыларын қалыптастыру;
- балаларды мәдениетті адамдарға тән нормалармен таныстырып, үлкен мен кішігіе қарым-қатынас жасауға үйрету.
- оқушының адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтіп, жаңа ұғымдармен таныстыру.
- жеке тұлға ретінде әр оқушының жеке ой-пікірі мен санасып, олардың көңіл-күйін ізгі сезімдерін рухани-адамгершілігін, қоршаған ортаға, мейрімді қарым-қатынас әр түрлі шығармашылығын-әрекеттер арқылы өзін-өзі айқындауға басшылық жасау.
- табиғат пен қоғам байлықтарына жанашырлықпен жауапкершілікпен қарайтын белсенді тұлға тәрбиелеу.
      «Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Дәйек сөз», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу»,  «Кел, ән айтайық!» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.

Сабақтың басындағы «тыныштык сәті» кезеңі балалардың көңіл - күйлерін көтеріп,ойлау қабілеттерін дамытып, сабаққа қызықтыруға, зейінін аударуға, сезімдерге берілуге мүмкіндік береді. Олардың ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын қызықты бейнелер елестейді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Тіпті күнделікті сабақтарда өзін ашық көрсете алмайтын тұйық балалар да өздерінің ойларын, көргендерін қызығушылықпен ортаға салады. Сондай - ақ, бала өзінің бастаған ісін соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол аз жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын өзгелердің жасағандарымен іштей салыстырады. Әр жасаған сапалы жұмысының нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі тапсырманы, бұдан да жақсы жасасам деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді.

Оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған «Мәтінмен жұмыс», «Әңгімелесу» әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы ерекше. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың танып білуге құштарлығын арттыру мақсатында олардың ойын, жадын, эмоционалдық күйін, еркіндігін дамытуға тақырып мазмұнын түсінуге мүмкіндік беретін сұрақтар түрінде қолданылады. Әрбір бала өзінің пікірін айтып, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады.

Балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін «Өзін-өзі тану» сабақтарының міндетті элементтерінің бірі – «Сабақтың дәйексөзі» болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөздер сабақтың тақырыбына сәйкес алынады. Жаңа тақырыты жете түсінген оқушылар сабақтың дәйексөзін өз пайымдауларымен түсіндіріп береді.

Адам – ұжымдық жанды организм. Ол қоғамда өзі үшін және қоғам үшін өмір сүреді. Бұл өмір сәтті болу үшін адам қарым - қатынас жасай білуді, басқалармен өзара әрекет жасауды және татулық пен үйлесімділік жағдайда өмір сүруді үйрену керек. Осы орайда «Шығармашылық жұмыс» - «Өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі болып есептеледі. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамытады, оқушылардың өз күшіне сенімділігін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып жауапкершілікке тәрбиелейді. Шығармашылық жұмыс кезеңінде балалар топқа бөлініп,жұмыстың шарты түсіндіріледі. Жұмысты орындауға уақыт белгіленеді. Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың көп тәсілдерін мұғалім өз ізденісімен толықтыра алады.

Барлық әлемде балалар ән айтуды және музыка тыңдауды жақсы көреді. «Өзін-өзі тану» сабақтарындағы «Ән айтайық!» жаттығуы баланың жан-жақты дамуында маңызды рөл атқарады.

Ән айту тынысты тереңдетіп, ырғақты етеді, бұл оқушылардың денсаулығына пайда келтіреді және баланы тәртіпке келтіруге үйретеді, ұялшақ оқушылардың рахаттана ән айтатынын байқауға болады.Музыка мен өлең сезімді оятып шығармашылық қабілетті дамытады.Сабақ кезінде жағымды әуен естіліп тұратын болса, балалар сабақты жақсы игеріп әкетеді.

«Соңғы тыныштық сәті» кезеңінде сабақ үстіндегі алған білімдерін, жаңа ақпараттарын қорытындылай келе ой бөлісіп, жылы тілектер жүректен – жүрекке ұштасып жатады.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді.

«Өзін-өзі тану» пәні оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тизізуде.Бұл пәннің басқа пәндерден ерекшелігі-ой еркіндігінде және әр оқушының өзін-өзі тануға ұмтылысын дамытуында деп білемін.

     Қорыта келгенде  «Өзін-өзі тану-өмірді тану», — дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат — әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету.

Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атаққа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік ерекшеліктері»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама "Өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік ерекшеліктері

Автор: Кусаинова Л.С.

Дата: 28.11.2016

Номер свидетельства: 363339

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Баяндама «?иын» о?ушымен ?арым-?атынас жасау м?селелері."
    ["seo_title"] => string(64) "baiandama-k-iyn-ok-ushymien-k-arym-k-atynas-zhasau-m-sielielieri"
    ["file_id"] => string(6) "315563"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459922001"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Баяндама    «?зін-?зі тану» п?ніні? ?дістемелік ерекшеліктері "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-ozin-ozi-tanu-p-ninin-distiemielik-ieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "194831"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427815917"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?дістемелік баяндама"
    ["seo_title"] => string(22) "distiemielik-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "250280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447066390"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Баяндама Тақырыбы: "Нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар""
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_tak_yryby_n_tizhieghie_bag_yttalg_an_bilim_bierudieghi_tiimdi_piedagho"
    ["file_id"] => string(6) "399437"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489311639"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(190) "Баяндама "Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы жаңа технологияның білім сапасын көтерудегі тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_bastauysh_synypta_p_ndierdi_ok_ytudag_y_zhan_a_tiekhnologhiianyn_bilim"
    ["file_id"] => string(6) "443954"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1513104708"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства