Просмотр содержимого документа
«Құжаттардың түрлері»
«№6 Агротехникалық колледжі» КММ
Құжаттардың
түрлері
Дайындаған: Баймурат Г.
Информатика және география
пәндерінің мұғалімі
Кез келген ұйым, мемлекеттік болсын ол, жеке болсын, ірі корпорация, шағын ғана ЖШС болсын, бәрін біріктіретін нәрсе – іс қағаздарын жүргізу. Онсыз ешбір жұмыс іске аспайтыны анық.
Соңғы уақытта барлық мемлекеттік мекемелер іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшіп жатыр. Ол дегеніміз қазақ тілінде жазылатын құжаттар саны көбейіп, қолданысқа ие болды.
Әрине, қазақ тілінде іс жүргізу оңай дүние емес, өйткені жаңа терминдер, жаңа сөздер күн сайын пайда болып, оның үстіне бәріне бірдей болатын шаблоны әлі де бекітілмеді. Алайда, мейілінше сауатты жүргізу үшін, қыр сырын тану күнделікті ізденісті қажет етеді деп ойлаймын.
Құжат жасаудың және сақтаудың жүйесі ұйымдық басқару құжаттары болып табылады.
Жеке құрам
бойынша
құжаттар
Ұйымдық
Басқару
Қаржылық
Ақпараттық-
анықтамалық
бухгалтерлік
құжаттар.
Ұйымдық құжаттар
«Қызметкерлер туралы»
ереже
Құрылтай құжаттары
( Учредительные документы)
Құрылым және штат саны.
Штаттық кесте
Лауазымдық нұсқаулық
Үлгі
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Кәсіпорынның басшысы
Қолы Аты-жөні
00.00.00
Мөр
Кәсіпорынның атауы
ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ШТАТ САНЫ
00.00.00
Алматы қаласы
Штаттық кесте
Ұйымның ресми ататуы
Ұйым
(мемлекеттік тілде)
________________ № ________
эмблемасы
ШТАТ КЕСТЕСІ
Шығарылған орны
ШТАТНОЕ РАСПИСАНИЕ
Ұйымның ресми ататуы
(мемлекеттік тілде)
(орыс тілінде)
Шығарылған орны
(орыс тілінде)
БЕКІТЕМІН
Штат санының бірлігі ___ еңбек жалақысының айлық қоры _____теңге.
Ұйым басшысы
Қолы А.Ә.Тегі
«____»__________200__ ж.
Мөр
Құрылымдық бөлімшенің және лауазымның атауы
Штат саны
Басшы
1
Басшысының орынбасары
1
Мұғалімдер
10
Бөлім басшысы
1
Бас маман
3
Психолог
1
Бухгалтер
2
Аспаз
Барлығы
1
20
Үлгі
________________________
(Ұйымның атауы)
БЕКIТЕМIН
Бас директор
______________________
______________20___ж.
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
_________________20___
№ ___________________
бас директордың
хатшы-референтiне
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Хатшы-референттер кәсiпорын мамандарының санатына жатады, оларды жұмысқа директор қабылдайды және шығарады.
1.2. Хатшы-референттердiң негiзгi мiндеттерi басқару қызметiн ұйымдық және құжаттамалық қамтамасыз ету болып табылады.
1.4. Өз қызметiнде хатшы-референт мына құжаттарды басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заң актiлерi;
- кәсiпорынның жарғысы;
«Қызметкерлер туралы» ереже;
кәсiпорын басшысының бұйрықтары (өкiмдерi);
iс қағаздарын жүргiзудi ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк-әдістемелік материалдар;
осы лауазымдық нұсқаулық.
1.5. Хатшы-референт лауазымына жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi бар және 1 жыл еңбек стажы бар немесе стажы жоқ, бiрақ хатшы-референттердiң курсынан өткен тұлғалар тағайындалады.
есептеу және ұйымдастыру техникаларын қолдана бiлу;
қызметтiк құжаттамаларды коммерциялық әрiптестердiң тiлiне аудару;
еңбек мәдениетi және қызмет этикасы;
еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өртке қарсы қорғаныстар.
2. ҚЫЗМЕТТЕРI
Хатшы-референттерге мынадай қызметтер жүктеледi:
2.1. Кәсiпорынның құжаттары бойынша ақпараттықанықтамалық қызмет көрсету.
2.2. Кәсiпорынның құрылымдық бөлiмшелерi мен филиалдарындағы iс жүргiзудi ұйымдастыруға әдiстемелiк басшылық және бақылау.
2.3. Кәсiпорынның кеңесшi органдарының қызметiн құжаттау.
2.4. Басшылықты жедел-ұйымдастыру қызметiмен қамтамасыз ету.
2.5. Кадр құжаттарын жүргiзу және ресiмдеу, есепке алу (қызметкерлер жөнiндегi инспектор болмаған жағдайда).
3. ҚЫЗМЕТТІК МIНДЕТТЕРI
Хатшы-референттiң мiндеттерi:
3.1. Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiн қамтамасыз ететiн қажеттi құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.
3.2. Құжаттарды қабылдау, тiркеу, есепке алу, орындалуын қадағалау, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету және құжаттық ақпараттарды сақтау.
3.3. Кәсiпорынның басшысына қол қоюға апарылатын құжаттардың дайындалуының, дұрыс жасалуының, келiсiлуiнiң, бекiтiлуiнiң сапасын қадағалайды.
3.4. Басшылардың құжаттары мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды, сапалы түрде тез жасалуға жiберiлген тапсырмалардың жедел орындалуы үшiн шаралар қолданады.
3.5. Дайындықты ұйымдастыру, шешiм қабылдау және оны орындау үшiн тиiстi адамдарға жеткiзудi жүзеге асырады. Басшыға берiлетiн анықтамалар мен баяндамаларға талдау жасайды, олар бойынша құзіретті тұжырым ұсынады.
3.6. Кәсiпорынның ағымдағы қызметiне байланысты ұйымдармен (коммерциялық және мемлекеттiк) және жекелеген азаматтармен жедел байланысты жүзеге асырады (телефон, факс).
3.7. Келушiлердi қабылдайды.
3.8. Кәсiпорынның кадр қызметi құжаттамаларын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындайды: - жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресiмдеу; - жеке карточкалар немесе жеке парақтардың нысандарын ресiмдеу; - еңбек кiтапшаларын толтыру; - еңбек шарттарын (келiсiм-шарттарын) жүргiзу және ресiмдеу; - icсапар құжаттарын ресiмдеу; - еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы құжаттарды ресiмдеу; - жұмыс уақытын есептейтiн табельдi жүргiзу; - еңбек стажы және жалақы туралы анықтамалар беру.
3.9. Машинкаға басылған және көшiрiп-көбейту жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етедi.
3.10. ПЭВМ-дi кәсiпорынның құжаттамалық қағаздармен қамтамасыз етудегi автоматты құрал ретiнде пайдалану.
3.11. Жыл сайын құжаттарды мұрағатқа өткiзу немесе жою.
3.12. Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық саласы бойынша басшының жекелеген тапсырмаларын орындау.
4. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Хатшы-референттiң құқығы:
4.1. Қызметкерлер мен мамандардан қажеттi материалдарды талап етедi, сонымен бiрге басшының тапсырмасын кешiктiрiп орындағандардан түсiнiктеме алады.
4.2. Құжаттарды қарап, оларды орындау үшiн басшыларға және кәсiпорынның мамандарына жiбередi.
4.3. «Iс қағаздарын жүргiзу туралы» нұсқаулықты, құжаттарды ресiмдеудегi халықаралық ережелердi бұзып дайындалған құжаттарды орындаушыларға өндеуге жiберiп, дұрыс орындауын талап етедi.
4.4. Өзiнiң құзiретi шегiнде басқару қызметiнiң құжаттарына белгi соғады.
4.5. Кәсiпорын қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету жұмысын жақсарту жөнiнде және электрондық техниканы қолдану негiзiнде басқару жұмысының әдістері мен нысандарын одан әрi жетiлдiру жөнiнде басшылықтың қарауына ұсыныстар енгiзедi.
4.6. Кәсiпорын басшыларынан қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн және кәсiпорын қызметi барысында жинақталған барлық құжаттарды сақтау үшiн қажеттi жағдай жасауын талап етедi. 4.7. «КҚ» немесе «Өте құпия», «ҚПҮ» (қызметте пайдалану үшiн) деген белгiлерi бар құжаттармен жұмыс iстейдi.
4.8. Өз құзiретi шегiнде шешiмдер қабылдайды.
4.9. Құжаттардың орындалуын тексеру мәселелерi бойынша және басшылыққа қажет ақпараттарды ұсынуға байланысты кәсiпорынның барлық қызметтерiмен (қызметкерлерiмен) өзара байланысты ұйымдастырады.
5. ЖАУАПКЕРШIЛIГI
Хатшы-референт мына жұмыстарға жауапты болады:
5.1. Кәсiпорынның басшысына қол қоюға апарылатын құжаттардың сапасына;
5.2. Құжаттарды тiркеудегi және жүргiзудегi салақтық пен ұқыпсыздыққа;
5.3. Құжаттардың сақталуына, «КҚ», «Өте құпия», «ҚПҮ» деген белгiсi бар мәлiметтердi жария етпеуге;
5.4. Осы нұсқаулықта көзделген лауазымдық мiндеттердi орындамаған немесе уақытында орындамаған жағдайларға жауапты болады.
Бас директор __________ ______________
(қолы) (аты-жөнi)
Заң кеңесшiсi __________ _____________
(қолы) (аты-жөнi)
______________ күнi
«БЕКІТЕМІН»
Директор
_________________________
(кәсіпорын атауы) ____________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
20__ жылғы «____»__________
Үлгі
Қызметкерлер туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын белгiлейдi.
1.2. Кәсiпорын қызметкерлерiнiң келiciм-шартта, жарғыда, ұжымдық шартта, осы ережеде реттелмеген еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi заң актiлерiмен белгiленедi.
1.3. Кәсiпорында мамандардың мынадай санаттары болады:
кәсiпорынның жұмыскері – кәсiпорынмен еңбек қатынасында тұрған тұлға;
кәсiпорынның басшы қызметкерi – директор тағайындаған қызметкер;
кәсiпорын қызметкерi – кәсiпорынның директоры лауазымға тағайындаған маман;
кәсiпорынның басқа да жұмысшылары мен қызметкерлерi – кәсiпорынның директоры тағайындаған басшы қызметкерлерiнен басқа кәсiпорынның барлық жұмысшылары мен қызметкерлерi.
1.4. Кәсiпорынның басшы қызметкерлерi: кәсiпорынның директоры, оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылады.
2. Жұмысқа қабылдау
2.1. Басшы қызметiне жұмысқа қабылданатын азаматтармен шарт жарғыда белгiленген мерзiмге, ал кәсiпорынның қызметкерлерiмен – 1 (бір) жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
2.2. Еңбек шарты лауазымын, жұмыс орнын, еңбектегi құқықтық қатынастар пайда болған күнi және лауазымдық жалақысының мөлшерi көрсетiлiп, жазбаша түрде толтырылады.
2.3. Еңбек шартын мына жағдайда: құрылтайшылардың шешiмi бойынша басшы қызметкерлердiң шартын жаңа мерзiмге, екi жақты келiсiм бойынша кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын созуға болады.
2.4. Құқықтық қатынастардың пайда болатын және еңбек шартының жасалу күнi еңбек шартында келiсiлген мерзiм болып табылады.
2.5. Еңбек шартын жасау кезiнде жұмысқа қабылданып отырған қызметкердiң сол лауазымға сәйкестігін бақылау үшiн сынақ мерзiмi белгiленедi.
2.6. Сынақ мерзiмi басшы қызметкер үшiн де, қатардағы қызметкер үшiн де 3 айдан аспауға тиic, ал басқа жұмысшылар мен қызметкерлер үшiн — 2 ай болады. Қызметкер ауырып қалса немесе басқа себептi жағдаймен жұмыста болмаса, онда ол кезең сынақ мерзiмiне енбейдi.
Жұмысының нәтижесi кәсiпорынды қанағаттандырмаса, қызметкер жұмыстан босатылады.
3. Құқықтары мен мiндеттерi
3.1. Кәсiпорын қызметкерлерi ҚР заң актiлерiнде, құрылтай құжаттарында белгiленген демалыс, әлеуметтiк сақтандыру мен әлеуметтiк қамтамасыз ету және жұмыс режимiне қатысты барлық құқықтарды пайдалана алады.
3.2. Кәсiпорын қызметкерлерi белгiленген уақытта кәсiпорын басшыларына кiрiп, өз жұмыстарына байланысты мәселелердi айтуға құқылы.
3.3. Кәсiпорын әкiмшiлiгi ұжымдық шартта көзделген шаралардың орындалуы туралы еңбек ұжымы кеңесiнiң алдында есеп бередi.
3.4. Қызметкердi жұмысқа алғаннан кейiн оның басшылары қызметкердi құрылтай құжаттарымен, ережелерiмен, еңбек шартымен және iшкi еңбек тәртiбiмен, лауазымдық нұсқаулықпен таныстыруға тиic.
3.5. Кәсiпорын қызметкерi:
— ҚР қолданылып жүрген заң актiлерiн бұзбауға, кәсiпорынның iшкi еңбек тәртiбiн қатаң сақтауға, тиiстi басшылардың өкiмдерiн орындауға;
— кәсiпорынға немесе оның қаржысы мен мүлкiне зиян келтiретiн әрекеттердi жасамауға міндетті.
3.6. Әкiмшiлiктiң қызметкерден еңбек шартында көрсетiлмеген жұмыстарды талап етуге құқығы жоқ.
4. Жұмыс уақыты және демалыс
4.1. Кәсiпорын қызметкерлерi үшiн жұмыс аптасының, жұмыс күнiнiң және жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен бiрге демалыс күндерi және мереке күндерi ҚР заң актiлерiмен, кәсiпорынның iшкi еңбек тәртiбi туралы ережемен белгiленедi.
4.2. Ерекше жағдайларда кәсiпорын директорының немесе оның орынбасарының өкiмiмен қызметкер жедел жұмыстарды орындау үшiн жұмыс күнінің белгіленген уақытынан тыс мерзімге, сонымен бiрге өтемақы төлеген жағдайда мереке күндерi және демалыс күндерi жұмысқа шақырылуы мүмкiн.
4.3. Кәсiпорын өз қызметкерлерi үшiн икемдi жұмыс уақытын енгiзе алады, оның нормативтiк негiзi жұмыс уақытының жиынтық есебi болып табылады.
5. Демалыстар
5.1. Кәсiпорынның қызметкерлерi бiр жыл iшiнде 30 күнтiзбелiк күнге созылатын, жалақысы сақталатын еңбек демалысын ала алады.
5.2. Кәсiпорынның басқа қызметкерлерi еңбек шартын жасаған кезде ұзақтығы әрбiр нақты жағдайға байланысты белгiленген жыл сайынғы демалысты пайдаланады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы 18 күнтiзбелiк күннен кем болмауға тиiс.
5.3. Кәсiпорын қызметкерiнiң жылдық демалысты алу құқығы егер еңбек шартында өзгеше айтылмаса, еңбек қатынастары пайда болған күннен кейін 12 ай өткен соң мүмкін болады.
5.4. Жыл сайынғы демалыс уақыты алдын-ала белгiленген кесте бойынша берiлуге тиiс. Егер қызметкердiң демалыс алған уақыты кәсiпорынның жұмысына зиян тигiзетiн болса, онда қызметкердiң келiсiмiмен демалыс басқа уақытқа жылжытылады.
5.5. Жоспарлы демалыс уақытының басқа мерзiмге ауысқаны туралы қызметкерге 30 күн бұрын хабарлау қажет.
5.6. Пайдаланылмаған демалыс қызметкердiң келесi жылғы демалысына қосылып берiлуi мүмкiн, бiрақ жыл бойы демалыс алмаған қызметкер қажет болған жағдайда кейiнге қалдырылған демалыстың есебiнен ұзақтығы 12 күнтiзбелiк күнге демалыс алуға құқығы бар.
5.7. Жыл сайынғы еңбек демалысын екi жыл қатарынан бермеуге тыйым салынады, сонымен бiрге 2 жыл пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы төлеуге де болмайды.
Екi жылғы еңбек демалысын қосып алып, демалыста жүрген кезде жұмыс орнында сақталатын орташа жалақының мөлшерiн анықтау тәртiбi кәсiпорынның iшкi тәртiбi туралы ережеде көрсетiледi.
5.8. Өндiрiстiк маңызды себептерге байланысты кәсiпорынның басшысын немесе қызметкерiн оның келiсiмi бойынша демалыстан шақырып алуға болады. Бұл туралы шешiмдi кәсiпорынның директоры немесе оның орынбасары қабылдайды.
Қызметкердiң жеке басындағы немесе отбасындағы жекелеген жағдайларға байланысты кәсiпорын оған жалақысы сақталмайтын демалыс бере алады.
6. Iссапарға жiберу, уақытша iссапарға жiберу және жаңа жұмыс орнына ауыстыру
6.1. Кәсiпорынның қызметкерi өз келiсiмi бойынша басқа жұмыс орнына белгiлi бiр мерзiмге, 1 айдан 6 айға дейiнгi мерзiм шегiнде iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
Iссапарға уақытша жiберiлгендер үшiн еңбек шартын өзгертудiң қажетi жоқ. Егер кәсiпорын тиiстi үй-жай беретiн болса, онда қызметкер iссапарға жiберiлген жерге отбасымен бiрге баруға құқылы.
Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру қызметкердiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады және қажет болған жағдайда кәсiпорын басшысының келiсiмi бойынша ауыстырылады.
Еңбек шартына енгiзiлетiн тиiстi өзгерiстер екi тараптың келiсiмiмен жазбаша түрде ресiмделедi.
7. Жалақы, әлеуметтiк сақтандыру және өтемақылар
7.1. Кәсiпорындағы қызметкерге кәсiпорынның өзi қызметкермен келiсе отырып белгiлеген мерзiмдi ақы, кесiмдi ақы немесе еңбекақы жүйесiнiң басқа түрi бойынша жалақы төлейдi.
7.2. Әрбiр қызметкердiң жалақысы оның жұмысының нәтижелерiне байланысты белгiленедi және ол белгiлi бiр жоғарғы мөлшермен шектелмейдi.
7.3. Кәсiпорын еңбекақы жүйесiне қосымша ретiнде жекелеген кезеңдерге жұмыстың нәтижесi үшiн үстемақы материалдық ынталандыру және сыйақы, сыйлықақы белгiлеуi мүмкiн.
7.4. Басшы қызметкерлерге және қызметкерлерге штаттық кесте бойынша олардың атқаратын қызметiне байланысты жалақы белгiленедi.
Бiлiктiлiгi мен жұмыс тәжiрибесiнiң, сонымен бiрге қол жеткен табыстары үшiн кәciпорын директорының жекелеген қызметкерлерге дербес жалақы төлеуге құқығы бар.
7.5. Кәсiпорынның қызметкерi жәрдемақылар мен әлеуметтiк сақтандыру бойынша жеңiлдiктердi пайдалана алады.
7.6. Iссапарға жiберiлген қызметкердiң сол уақыт немесе кезең iшiнде негiзгi жұмыс орнындағы негiзгi жалақысы сақталады.
7.7. Қызметкердi жұмыстан босатқан кезде оған тиiстi барлық төлем сомалары сол жұмыстан босатылған күнi төленуге тиiс.
— тәртiп бұзуына немесе кәсiпорын жұмысын дұрыс орындамағаны үшiн еңбек шартында көрсетiлген мерзiмнен бұрын қызметтен босату болып табылады.
9. Жұмыстан босату
9.1. Кәсiпорынның басшы қызметкерлерi мемлекеттік басқару органының келісімі негiзiнде шығарылған директордың бұйрығы бойынша жұмыстан босатылады.
9.2. Кәсiпорынның басқа қызметкерлерi директордың бұйрығы арқылы жұмыстан шығарылады.
9.3. Кәсiпорын қызметкерi мынадай жағдайларда жұмыстан босатылуы мүмкiн: еңбек шарты (келiсiмiнiң) мерзiмiнiң аяқталуына байланысты және еңбек шартының мерзiмi бiткенге дейiн, яғни мерзiмiнен бұрын жұмыстан шығарылуы мүмкiн.
9.4. Еңбек шартының мерзiмi бітпей жұмыстан шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн:
— қызметкер атқарып келген лауазымның қысқаруына байланысты қызметкердi басқа лауазымға ауыстыруға лауазымдық қызметтердi бөлуде белгiленген қызмет шеңберіне оның бiлiмiнiң сәйкес келмеуi және тәжiрибесiнiң аздығы себеп болады;
— атқарып отырған қызметiне қызметкердің сәйкессiздiгi;
— кәсiпорын жұмысына лайықсыз әрекет жасауына байланысты;
— өзара келiсiм бойынша.
9.5. 2 айдан астам уақыт бойына жұмысқа қабiлетсiз болған жағдайда, кәсiпорын өзiнiң бастамасымен қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзуға құқылы.
9.6. Жұмыстан босатылатыны туралы қызметкерге 1 ай бұрын жазбаша түрде ескертiледi. Егер қызметкер өз қалауы бойынша өтiнiш берiп, жұмыстан шығарылатын болса, онда ескертудiң қажетi жоқ.
9.7. Қызметкердi жұмыстан шығарған кезде оған атқарған лауазымы, кәсiпорында iстеген мерзiмi, лауазымдық жалақысы және үстеме ақысы, сонымен бiрге басқа жерге жұмысқа тұруға қажеттi басқа да ақпараттар туралы анықтама берiледi.
Басшының орынбасары __________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
Үлгі
Құрылтай құжаттары (Учредительные документы)
Құрылтай құжаттары – Заңды тұлғаның іскерлік үшiн негiздеу қызмет ететiн құжаттары. Құрылтай құжаттарына жатады: жарғы немесе жарғы және құрылтайшылық келiсiм-шарт, немесе (1 шiлдесiнен 2009 жыл құрылтай шарт құрылтай құжаттарына жатқызбайтын болған), құрылтайшылық келiсiм-шарт ғана. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарындағы болуы керек: • Заңды тұлғаның атауы; • Заңды тұлғаның табуын орыны; • Заңды тұлғаның қызметтiң басқаруын тәртiбі, тағы басқа мәлiметтер.
Басқару құжаттары
Бұйрықтар (приказ)
Нұсқау (указания)
Өкімдер (распоряжения)
Шешім (қаулы) (Решение (постановление))
Үлгі
Үлгі
Кәсiпорынның атауы
БҰЙРЫҚ
00.00.0. №______________
_________________қаласы
Жұмысқа қабылдау туралы
«____»___________20__ж. №_____ келiсiм-шарттың негiзiнде бас бухгалтер қызметiне азамат __________________________________ тағайындалсын.
(аты-жөнi)
2. «___»_____________20__ж. дейiн көрсетiлген келiсiм-шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында бас бухгалтер мына жобаларды жүзеге асырсын:
бөлiмшелердi, қызметтердi, лауазымды тұлғаларды және басқа да кәсiпорын қызметкерлерiн олардың келiсiм-шарттарымен таныстыруды көздеген директордың өкiмiн;
бас бухгалтердiң келiсiм-шартта белгiленген құқықтарын, сонымен бiрге келісім- шарттың басқа да талаптарын орындауын қамтамасыз ететiн директордың бұйрығын дайындасын.
Негiгi: «___»__________2000____ж. №______ ЖЕШ
Директор қолы Аты-жөнi
Бас бухгалтер қолы Аты-жөнi
00.00.00.
Кәсiпорынның атауы
БҰЙРЫҚ
00.01.0. №___________
_________________қаласы ___________________________жұмыстан шығару туралы
(аты-жөнi) ____________________________________себептерге байланысты жұмыстан шығарылсын. _____________________ _______________________
(шығарылған күнi) (шығарылу себебi)
Негiзi: жұмыстан шығаруға негiз болған құжат
Директор қолы Аты-жөнi
Бұйрықпен таныстым қ
ызметкердiң қолы
00.00.00.
Өкімдер
(Распоряжения)
Өкім – кәсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша басшы немесе оның орынбасары шығаратын құжат.
Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерде ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасарлары қол қояды.
Өкімнің мәтініне:
нақты тапсырма (жұмыс);
жауапты орындаушы;
орындау мерзімі кіреді.
Басқару бөлігі әдетте, қазақ тіліндегі мәтінде «Міндеттеймін», «Белгілеймін»деген сөздермен аяқталады.
Үлгі
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ
№ 567
ӨКІМ
12. 01. 2016.
Қостанай қаласы
Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы
№ 211 аудиториядағы жылу жүйесінің апаттық жағдайына байланысты
МІНДЕТТЕЙМІН:
№ 211 аудиторияға жөндеу жұмыстары жүргізілсін.
Жауапты шаруашылық бөлімінің инженері А.А. Ковальчук.
Орындау мерзімі: 2016 жылдың 13 – 16 қаңтар аралығы.
Өкімнің орындалуын бақылау шаруашылық бөлімінің бастығы П.Н. Иванов шаруашылық бөлімінің бастығы П.Н. Ивановқа жүктелсін.
Ректор қолы аты-жөні
Бұрыштамалар (визы)
№ 396 іске
Орындаушының қолы 12. 01. 2016.
Нұсқау
(Указания)
Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша басқару құжаты. Нұсқаулар бұйрық, нұсқаулық, өкімдердің орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға кәсіпорынның басшысы немесе құзіреті шегінде оның орынбасары қол қояды.
Нұсқаудың басқару бөлігі «орындау мақсатымен», «соған сәйкес», «мақсатында» деген сөздерден басталады да, «Ұсынамын», «Міндеттеймін» деген сөздермен аяқталады.
Нұсқауларға күнтізбелік жыл шегінде реттік нөмірлер беріледі.
Үлгі
Қостанай облыстық әскери комитеті
НҰСҚАУ
02. 12. 2016.
Қостанай қаласы
2017 жылғы демалыстар кестесі туралы
2017 жылы берілетін кезекті демалыстар кестесін жасау үшін
ҰСЫНАМЫН:
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары хатшыға 2007 жылғы еңбек демалысының шамамен алынған мерзімі көрсетілген тізімді ұсынуға тиіс. Тізімді ұсыну мерзімі 2006 жылғы 20 желтоқсанға дейін.
Хатшы қызметкерлердің 2017 жылғы еңбек демалысының жиынтық кестесін жасап, оны бастықтың бекітуіне ұсынсын. Кестені ұсыну мерзімі 2006 жылғы 22 желтоқсанға дейін.
Қостанай облыстық
әскери комитетінің бастығы қолы аты-жөні
Бұрыштамалар
№ 596 іске
Орындаушының қолы 02. 12. 2016.
Шешім (қаулы)
(Решение /постановление/)
Шешім немесе қаулы өндірістік мәселелер бойынша жасалған алқалық органдардың (Директорлар кеңесі, акционерлердің жалпы жиналысы) құжаттарын білдіреді. Шешім «ШЕШТІ», «ШЕШІЛДІ», «ҚАУЛЫ ЕТЕДІ», «ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ» деген сөздері пайдалана отырып, басқа басқару құжаттары сияқты ресімделеді. Шешімге (қаулыға) алқалық органның төрағасы және оның мүшелері немесе төраға мен хатшы қол қояды. Шешім мен қаулы тек қана дербес құжат емес, сонымен бірге хаттаманың құрамдас бөлігі болып табылады.
Ақпараттық – анықтамалық құжаттар
Хаттар.
хаттардың түрлері :
қызметтік
ілеспе
хабарлама
жарнамалық
шақыру
растау
ескертпе
кепілдік беру
бастама
коммерциялық
жауап хаттар
Актілер
Баяндау хат (докладные записки)
Түсініктеме
Факстер және электрондық пошта
Анықтамалар
Сенімхат: ресми және жеке
Телефонограммалар
Шағым (претензия)
Шағымға жауап
Талап арыздар (исковые заявления)
Шағымдану (жалоба)
Ілеспе хат
Үлгі
Қала, ……………..пошта индексі…… ұялы: 555-555-5555
Күні
Аты Лауазымы Компания Көше Қала, пошта индексі
Құрметті (аты, тегі, әкесінің аты)!
Сізге ……………………. стажер позициясына өз кандидатурамды ұсынғым келеді, оның ашылуы жөнінде (университеттің атауы) мансап және жұмысқа орналастыру / стажировка бөлімі хабарлады.
Мен ………………………………………..саласында …………………… .жұмыс тәжірибесіне ие болдым. Мен…………………………………. (компанияны көрсету) …………………………………орындадым және қазіргі уақытта …………………………………………………мақсатында ……………………..пайдаланамын (мысал). Мен экология саласында судың химиялық құрамын талдау бойынша зертханалық жұмыстар жүргіздім.
2010 жылғы өткен жазғы / күзгі семестрде мен ……………………………………… (компания атауы) …………………………………….. ассистенті ретінде жұмыс істедім (мысал). Мен …………………………………… саласында (саланы көрсету) жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыны алу мақсатымен ………………………………………………………………. тағылымдамадан өтіп, осы жұмыс тәжірибесін толықтырғым келеді.
Мен сіздің бағдарламаңыздың дамуына өзімнің маңызды үлесімді қоса аламын деп есептеймін. Осы тағылымдаманың нәтижесінде мен сізге қолдау көрсету және ………………………………………………………….өз дағдыларымды (мәселен, зерттеу жүргізу дағдылары) жетілдірудің тамаша мүмкіндігін алмақпын.
Осы позицияға менің құзыреттілік деңгейімнің қаншалықты сәйкес келетініне қатысты өзіңіздің пікіріңізді білу үшін келесі аптада хабарласамын. Егер сіз оң жауабыңызды берсеңіз, онда екеуара қолайлы уақытта әңгімелесу үшін жақын уақытта өзіңізбен кездесуге үміт артамын.
Менің кандидатурамды қарағаныңыз үшін сізге алғысымды айтамын.
Құрметпен,
Қолы
Аты, тегі
ҚЫЗМЕТТІК ХАТ
Кәсіпорынның атауы Директор
Кәсіпорынның мекен-жайы Ә.Н. Сардаровқа
Тел.
Факс: 001111, Қостанай,
00.00.00 № 21/1 – 3
№ ___ 00.00.00 Алтынсарин, 12
Жиһаз жеткізуді кешіктіру туралы
Құрметті Әнуар Нұрбекұлы!
Біз Сізге 00.00.00-дағы № ___ келісім-шарт бойынша келісілген үш офис жиһазының жиынтығын, өкінішке орай, уақытында жеткізіп бере алмағаныңыз туралы хабарлаймыз. Өзара келісілген мерзімнен бері екі апта уақыт өтіп кеткенін естеріңізге саламыз.
Жеткізуді кешіктіру бұдан әрі жалғасатын болса, бірлескен қызметіміз доғарылуы мүмкін.
Біз Сіздер қажетті шаралар қолданып, оның нәтижесі туралы бізге хабарлайды деп есептейміз.
Директор қолы аты-жөні
Байтұрсынов 265 5192
Үлгі
Хабарлама хат - өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және ақпараттық хаттарға ұқсас. Нақты адресат үшін толтырылады және сұратуға жауап болып табылады. Ол: «Хабарлайымыз», «Хабардар етеміз», «Сіздің назарыңызға ұсынамыз» деген сөздер арқылы жазылады. Оданәрі қандай да бір фактілер көрсетіледі.
Жарнамалық хаттар – ақпараттық хаттардын бір түрі, нақты адресатқа жіберіледі және жан-жақты сипаттамасы және жарнамалап отырған тауарлар мен қызмет көрсетүлердің бағасы көрсетіледі.
Жарнамалық хаттардын мақсаты – адресаттың ұсынылып отырған қызметтерге қызығушылығын тудыру. Хаттың мәніні нақты, анық әне толық ақпаратқа ие болуы тиіс. Мұндай хаттарда автор-ұйымның мекен-жайы бөлек көрсетіледі.
ЖАЗБАША ХАБАРЛАМА
00.00.00
Қостанай қаласы №
Бас маман Б.А. Оспановқа
«Луч» ЖШС 01.07.2008 жылдан бастап Сіздің лауазымыңыз бойынша жұмыс жағдайының өзгеретінін ескертеді.
10.05.2006 жылғы №____ ЖЕШ-ның 5-бабына және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 10.12.99. № 493-1 заңның 19-бабы негізінде Сізді өзгерістермен таныстырып, 00.00.00-ға дейін шешім қабылдауыңызды өтінеміз.
Директор аты-жөні
Мөр
Шешім:
Сіздердің ұсыныстарыңызды қабыл аламын және 10.05.2006ж. №____ ЖЕШ-ын қайта қараған кезде «Луч» ЖШС-дегі бас маман қызметіне байланысты енгізген өзгерістерге келісімімді беремін.
_______________________ аты-жөні
(қолы, қызметі)
Жаңа еңбек тәртібімен ұсынылған «Луч» ЖШС-нің бас маманы қызметін одан әрі істеуден бас тартамын және ҚР 10.12.99. №493-1 заңының 26-бабына сәйкес 10.05.2006 ж.
Шақыру хаты – адресатты қандай да бір жүргізілетін іс-шараларға қатысуғашақыру. Нақты тұлғаларға, сондой-ақ мекемелерге жіберіледі. Хат: «Қатысуыңызды өтінеміз», «Сізді шақырамыз», «Біз Сізді шақырғанымызға өте қуаныштымыз» және т.б. сияқты сөздер арқылы жазылады.
Растау хаттары – бұрын жіберілген құжаттың күшінде қалатынын хабарлайтын (мысалы, шарт, нұсқаулық және т.б.) жіберілімдерді (хат, телеграмма, аударым, бендероль, тауарлар, құндылықтар) алу туралы хабар. Хат қандай да бір фактіні, іс-әрекетті, телефонмен сөйлесүді растайды. Бұл хатта « растаймыз» деген сөз болуы тиіс.
Шақыру хатнда жүргізілетін іс-шараның сипаты беріледі, өтетін мерзімі, нақты уақыты көрсетіледі.
Осындай хаттарды уақтылы жіберу мәселені бақылаудан алуға және ескертпе хат жіберуді болдырмауға мүмкіндік береді.
Ескертпе хат қандай да бір міндеттеменің не жүргізілген іс-шаралардың орындалу мерзімнің жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсетеді. Бұл хат өте қысқа болуы мүмкін және маңызды бір бөліктен ғана тұрады. Мұндай хаттар « Ескертеміз» деген сөзбен аяқталады.
Бастама хаттар – бұл жауап талап ететін хат. Осындай хаттардың көпшілігі қандай да бір мәселені шешүді өтіну (ұсыныс, сұрату) болып келеді. Бұл хаттың ең көп тараған түрі, оның тақырыбы алуан түрлі. Оның сипаттамасы қойылған мәселенің оң немесе теріс шешілуін білдіреді.
Кепілдік беру хаты – ондағы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін құжат. Бұл хаттарда ақы төлеуге, өнімді немесе оның қандай да бір бөлігін жеткізу мерзімдеріне кепілдік беріледі. Кепілдік беру хаттарының жоғары құқықтық функциялары бар, сондықтан хаттың мәтіні анық және нақты болуы тиіс.
Коммерциялық хаттар – келісім-шарттар жасау және оны орындау кездерінде жасалады. Олар сатып алушының тауарлар, қызметтер туралы жан-жақты ақпарат берүін өтіну және\немесе тауар жіберуге ұсыныстар (оферта), сатушылардың жауаптары, жарнамаға жауап, кредиттік хаттар болуы мүмкін.
Рекламациялық (шағым) хаттарда кәсіпорын басқа тараптың (қарсы агенттің) келесім-шарт талаптарын орындамауынан болған шығындарды өтеүін талап етеді. Рекламацияда осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Осы негізгі құжатқа дайындалған көшірмелер ресімделеді.
Шетелдік әріптестермен келісім-шарт жасау кезінде кредиттік хаттар (L\C Letter of credit) пайдаланылады. Онда сатушы алушының банкінен валюталық есептік шотының нөмірі мен сатып алушының тауарлар және қызмет көрсету үшін ақы төлеуге берген банк кепілдігін көрсете отырып, көпілдік беру хатын сұрайды.
Жауап хаттар – бастама хаттардың сипаттамасына байланысты болады, өйткені оның мәтінің тақырыбы белгілі, бастама хатта қойылған мәселелерді шешу сипатын жазу ғана қалады: ұсынысты, әтінішті орындауды қабылдау немесе одан бас тарту. Жауап әрқашанда анық, қысқа болады: қандай өтініштер қанағаттандырылады, өтініштердің барлығы қанағаттандырылды ма, қашан, қай мерзімде. Ұсыныстан бас тарту дәлелді болуы керек.
Қаржы мәселелері бойынша хаттарға фирманың бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Қандай да бір кепілдіктер беретін хаттардың заңдық және қаржылық зардаптары болады, сондықтан оларға фирманың мөрі соғылады.
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Кәсіпорынның басшысы
______________________
Қолы аты-жөні
00.00.00
Мөр
ІСТІ ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАУ
АКТІСІ
00.00.00 № Қостанай қаласы
«Атамұра» Ақ-ның жұмыстан босатылатын бас бухгалтері Рахметова Сайран Жұмабекқызы және жаңадан тағайындалған бас бухгалтер Омарова Ләйлә Маратқызы № 0000 бұйрық негізінде, 00.00.00 жағдай бойынша олардың істі тапсыру-қабылдау актісі жасалды.
Тапсыру-қабылдау актісі кәсіпорын директорының орынбасары Темірбаев Дастан Оспанұлының қатысуымен жүргізілді.
Істі тапсыру-қабылдау нәтижесінде:
Бас кітап толығымен «____» _____________ жылғы жағдайларға сәйкес толтырылған. Синтетикалық есеп мәліметтері сараптама есептің тиісті позициялдарымен сәйкес келеді.
2. __________________ шоты бойынша сараптама есептің карточкасы көрсетілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларына арналған ордер журналы көрсетілді, __________________ сараптама есеп бойынша ведомостар мен депоненттерді тіркеу кітабы көрсетілді.
__________________ жылғы бухгалтерлік баланс көрсетілді.
- табыс салығы бойынша;
ҚҚС бойынша;
әлеуметтік салық бойынша __________________ жылғы салық декларациясы көрсетілді.
__________________ жылғы І, ІІ, ІІІ тоқсандардағы тексерулердің актілері көрсетілді.
__________________ жылғы кәсіпорынның жылдық есебін тексерген тәуелсіз аудитордың қорытындысы берілді.
8. Тізімдеме бойынша __________________ іс мұрағатқа өткізілді.
9. Тізімдеме бойынша анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тапсырылды.
Қосымша: 1. Кәсіпорын мұрағаты ісінің тізімдемесі, 5 бет.
2. Анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тізімдемесі, 2 бет.
Істі тапсырдым қолы Рахметова С.Ж.
Істі қабылдадым қолы Омарова Л.М.
Істі тапсырып-қабылдап алуға қатысқандар:
Кәсіпорын директорының орынбасары қолы Темірбаев Д.О.
Өндірістік-техникалық бөлім
БАЯНДАУ ХАТ
Производственно-технический отдел
00.00.00.
ДОКЛАДНАЯ ЗАПИСКА
М.Д. Сағатовты іссапарға жіберу туралы
00.00.00
____________________ байланысты өндірістік-техникалық бөлімнің менеджері М.Д. Сағатовты «Формаз» зауытына 00.00.00 – 00.00.00 дейін іссапарға жіберуіңізді өтінемін.
О командировании Сагатова М.Д.
ӨТБ-нің бастығы қолы аты-жөні
В связи ___________________ прошу командировать менеджера производственно-технического отдела Сагатова М.Д. на завод «Формаз» с 00.00.00. по 00.00.00.
Начальник ПТО подпись И.О. Фамилия
Үлгі
Бағалы қағаздар бөлімі Банк басқармасы
төрағасының орынбасары
___________________
ТҮСІНІКТЕМЕ
Бөлімнің 2007 жжылдың ІІІ тоқсанына арналған жиынтық есебін факс-модем байланысының бұзылуына және банктің Алатау филиалындағы есеп беру мәліметтерінің болмауына байланысты көрсетілген мерзімде өткізе алмадық.
Бөлім бастығы қолы аты-жөні
Кәсіпорынның атауы Кәсіпорынның басшысы
Кәсіпорынның мекен-жайы _____________________
Тел., факс факс (095) 1411526
«____» __________ 200__г. №__
№ __ «___» __________ 200__ ж.
«___» _____________ 200 __ №_____ шот бойынша төлемді кешіктіру туралы
Құрметті _____________________!
«Технократ-105» жабығының комплектісін жеткізіп беру туралы «__» ____________ 200__ жылғы № ___________ шот бойынша төлемнің кешіктірілгенін естеріңізге саламыз. Шотты Сіздерге факс бойынша 10 күн бұрын жібергенбіз.
«__» ____________ 200__ жылғы № _______ келісім-шарттың 6.4. тармақшасына сәйкес 5 банктік күннен кейін кешіктірілген төлем үшін өсімақы есептеледі.
Директор қолы аты-жөні
Р.S. Бұл ескертпені алғанға дейін Сіздер төлемді төлеп үлгерсеңіздер, біз Сіздерге тек қана алғысымызды білдіреміз.
Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат. Факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез-келген түрлері және оған қосымшалар жіберіледі: кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер, т.б. Факс іскер әріптестермен, ұйымдармен арадағы хат алмасудың бір түрі. Факсті ресімдеу іскерлік хатты рәсімдеуге ұқсас.
маркетинг бөлімінде __________________________ жалақымен экономист болып
(санмен және жазбаша)
қызмет істейді.
Директор қолы аты-жөні
Бас бухгалтер қолы аты-жөні
М.О.
СЕНІМХАТ
00.00.00
Мен, Лазарева Марина Васильевна, 2007 жылдың тамыз айындағы маған тиісті елу мың теңге мөлшеріндегі жалақыны алуды бухгалтер Ковалева Оксана Юрьевнаға сеніп тапсырамын.
Хатшы қолы А.Н. Макарова
М.В. Лазареваның қолын куәландырамын
КБ-нің инспекторы қолы К.Н. Кузнецов
М.О.
Қостанай облыстық соттың
Шаруашылық даулары жөніндегі алқасына
Талапкер “Іскер” АҚ-ның директоры
А.А. Араповтың
Жауапкер “Көмек” АҚ-ның жүргізушісі
С.Б. Саламатовтан
152000 теңгені өндіріп алу туралы
ТАЛАП АРЫЗ
№129 жөнелтпе құжат бойынша жауапкер біздің мекен-жайымызға 13.10.2006ж. № 1112694 шот бойынша төленген кеңсе жиһаздары тауарларын әкеліп түсірді.
Өкілетті тұлға қойма меңгерушісі Ғ.Т. Ақаевтың қатысуымен тауарды 20.12.2006 ж. №29 акт бойынша қабылдадық.
Жеткізу кезінде сынған тауарлардың құны мен қайта сұрыпталғаннан кейінгі айырмасы есеп айырысуға сәйкес 152000 теңгені құрайды.
24.12.94ж. №268-ҮІІІ ҚР АК-нің 349, 350 баптарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда жазылғандар негізінде:
ӨТІНЕМІН
Жауапкерден 152000 теңгені және мемлекеттік баж салығына төленген 8369 теңгені өндіріп беруіңізді сұраймын.
Қосымша:
Шарттың көшірмесі.Көлік жүк құжатының көшірмесі.Тауарды қабылдап алғандығы туралы актінің көшірмесі.Мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек.
Шарттың көшірмесі.Көлік жүк құжатының көшірмесі.Тауарды қабылдап алғандығы туралы актінің көшірмесі.Мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек.
Шарттың көшірмесі.Көлік жүк құжатының көшірмесі.Тауарды қабылдап алғандығы туралы актінің көшірмесі.Мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек.
Шарттың көшірмесі.
Көлік жүк құжатының көшірмесі.
Тауарды қабылдап алғандығы туралы актінің көшірмесі.
Мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек.
Кәсіпорынның басшысықолы
ТЕЛЕФОНХАТ
00.00.00 Қостанай қаласы №
10:30 “Вист” АҚ директоры
А.И. Розинге
т. 533428
20.09.2008 ж. сағат 10.00-де ХСО-да (Байтұрсынов көшесі, 55, конференц-залда)
“ Информатика-2008” көрмесін ұйымдастыру комитеті мен қатысушы-фирма өкілдерінің бірлескен мәжілісі өтеді.
Сіздің ұйымнан осы мәжіліске қатысатын өкіл жіберуіңізді сұраймыз.
Ұйымдастыру комитетінің
төрағасы қолы аты-жөні
Телефонхатты жіберуші қолы аты-жөні
Қабылдап алушы қолы аты-жөні
«Алатау» ЖШС
ХАТТАМА
21 қаңтар, 2008 жыл. № 2
Қостанай қаласы
Еңбек ұжымының жиналысы
Төраға: Оспанов Біржан Алтынбекұлы
Хатшы: Сұлтанбаева Ләйлә Қайранбайқызы
Қатысқандар: 21 адам (лауазымы, аты-жөні көрсетіледі)
Шақырылғандар: 3 адам (лауазымы, аты-жөні көрсетіледі)
КҮН ТӘРТІБІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығын талқылау.
Әр түрлі мәселелер.
ТЫҢДАЛДЫ:
Ыбышев Н.Ы. – кәсіпорын директорының орынбасары (сөзінің қысқаша мазмұны беріледі).
СӨЗ АЛҒАНДАР:
Ертаев С.Е. – бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі (сөзінің қысқаша мазмұны беріледі).
Оразбаева Қ.Б. – ұжым мүшесі (сөзінің қысқаша мазмұны беріледі)
Көлбаев А.Ж. – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.
ШЕШІМ (ҚАУЛЫ) ҚАБЫЛДАНДЫ:
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығының орындалуы міндеттелсін Бағдарламаны жүзеге асыруға ұжым мүшелерінің белсенді ат салысуы жөніндегі шаралар белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығының орындалуы міндеттелсін
Бағдарламаны жүзеге асыруға ұжым мүшелерінің белсенді ат салысуы жөніндегі шаралар белгіленсін.
ТЫҢДАЛДЫ: (2-тармақ 1-тармақ сияқты толтырылады)
Қысқаша хаттаманың үлгісі (Образец краткого протокола).
Сенімхат ( ағылш.warrant; power of attorney; proxy ; — сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.
Үлгі
ҚҰЖАТ АТАУЫ.(СЕНІМ ХАТ)МӘТІН.
( кім, кімге, нені және қандай мерзімге сеніп тапсырады )
Нотариалдық тұрғыдан куеландыратын құжаттардың үлгісі сәл басқаша " Сенімхат " деген сездің алдында қандай іс тапсырылатыны көрсетіледі.
Мысалы: Жалақыны (алиментті, зейнетақыны т.б. ) алуға
Күні Сенімхат берушінің қолы.
СЕНІМХАТ
" Балхаш" сауда үйі Манатов Осет Қобланұлына,
жеке куәлігі № 000 358225, 1996 ж. 15 қыркүйекте
Қазақстан Республикасы ІІМ берген, жүргізуші куәлігі АА № 1056118, " Тайота " маркалы автомашинаны, двигателі № IB 813772, шасси ІМЗ - НВ 12387, мемлекеттік № РНІ 02113,
түсі-ақшыл сары, жүргізуді сеніп тапсырады.
Сенімхат 2001 ж. 20 шілдеге дейін берілген.
Директор Алибеков З.
Мөрі
Өтініш – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі.
«№ 6 Агротехникалық колледжі» КММ
директоры
Быстрицкая Валентина Григорьевна
фермер шаруашылығы
бөлімінің 2-курс студенті
А.М. Оспановадан
Өтініш
Мені денсаулығыма байланысты фермер шаруашылығы күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.
27.06.2013 ж. қолы
№ 6 Агротехникалық колледжі» КММ
директоры
Быстрицкая Валентина Григорьевна
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Ж.К.Кусаиновадан
Өтініш
Мені 2016 жылғы 18 маусым мен 18 шілде аралығында кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.
20.02.16 /қолы
Үлгі
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты-жөнi: Айбек Нұргүл Хамитқызы Мекен-жайы: Астана қаласы, Абылай хан даңғылы 25 үй, 33 пәтер Телефон: 8 (7178) 45-96-73; ұялы телефон: 8 777 123 45 67 Е-mail : [email protected]Жалпы ақпаратЖұмыс тәжiрибесi: “Аймаусым” ЖШС, 2007 – 2008 жыл, Астана қаласы. Бухгалтер “Қайсар” АҚ, 2008- осы күнге дейін, Астана қаласы. Бас бухгалтер. Бiлiмi: - Орта 1989 – 2000 жж. – №12 орта мектеп - Жоғары: 2000-2004 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – бухгалтер, бакалавр. 2004-2006 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – экономист, магистр Тiлдi бiлуi: Қазақ тілі – ана тілі Орыс тілі – еркін Ағылшын тілі – еркін Компьютердi игеруi: 1 C бухгалтерия, Microsoft Office, Enternet Explorer Жеке қасиеттері: Ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады. Қосымша ақпараттар: Көлік жүргізуші, халықаралық бухгалтерлер конгрессінің қатысушысы Құштарлығы: Тілдер үйрену, кітап оқу, саяхат жасау
ТҮЙІНДЕМЕ Аты-жөні: (аты-жөні). Туған күні: (туған күні). Туған жері: (туған жері). Ұлты: (ұлты) Мекенжайы: (мекенжай). Телефоны: (нөмір). Мамандығы: (мамандық). Мақсаты: (лауазым түрі) лауазымын алу. Білімі: (жыл) жж.(институт, университет, колледж) «(мамандық атауы)» мамандығы бойынша диплом. (жыл) жж. (институт, университет, колледж) «(мамандық)» мамандығы бойынша аспирантура. Еңбек жолы: (жыл) жж. (атауы) колледжі. (тіл түрі) тілі пәнінің мұғалімі. (жыл) жж. № (номер) кешкі мектеп. Оқу бөлімінің хатшысы. Арнайы білімі: (тіл) және (тіл) тілдерін еркін меңгергенмін. Компьютерде (компьютерлік бағдарламалар түрі) бағдарламалары бойынша жұмыс тәжірибем бар. Ісқағаздарының стенограммасын жүргізу курсын бітірдім. Отбасылық жағдайым: үйленгенмін. (саны) ұлым (қызым) бар.