Сабақтың мақсаты: Үлкен өмірге жол алғалы отырған мектеп түлектері үшін ең қажетті нәрсе - құжат. Бүгін сабақта құжат түрлерімен танысып, келесі сабақтарда құжаттарды толтыруды үйренеміз.
І.Білімділік: Құжат түрлері туралы жалпы түсініктерін толықтыру, мәтінмен жұмыс жүргізуге мүмкіндік бере отырып оқушыларды ізденіске жетелеу, белсенділігін ояту.
ІІ.Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істете отырып, ой қорыту, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.
ІІІ.Тәрбиелік: Тілді үйренуге қажеттілікті туғыза отырып, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: мәтінмен жұмыс істеу, ізденушілік, талдау,баяндау сұрақ –жауап, тест.
Қолданылатын технологиялар: тірек сызбалар,сыни тұрғысынан ойлау т.б
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа қатысу туралы мәлімет
Сабақ кестесі туралы мәлімет
Ауа - райы туралы мәлімет
«Менің бір күнім» рубрикасы
Бүгінгі сабақтың ерекшелігі бар ма?
Үлкен өмірге жол алғалы отырған мектеп түлектері үшін ең қажетті нәрсе -құжат.Бүгін сабақта құжат түрлерімен танысып, келесі сабақтарда құжаттарды толтыруды үйренеміз.
Сынып 2 топқа бөлінген. Біз бүгін топпен жұмыс істейміз. Алдымен топпен жұмыс істеу ережесіне көңіл аударамыз.
1. Бәріміз өз ойымызды ашық айтамыз.
2. Бір - біріміздің жауабымызды мұқият тыңдаймыз, өзгенің жауабын қайталамаймыз.
3. Бір - біріміздің пікірімізді сыйлаймыз.
4. Жауаптарымызды тыңдағанда, өзіміз жауап бергенде асықпаймыз, шыдымды боламыз.
5. Бір - бірімізбен жағымды байланыстар орнатамыз.
6. Шешім қабылдаған кезде топ мүшелері ретінде барлығымыз қатысамыз.
7. Қорытынды жасауға үйренеміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«" Құжат түрлері "»
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Cабақтың тақырыбы: Құжат түрлері
Сабақтың мақсаты: Үлкен өмірге жол алғалы отырған мектеп түлектері үшін ең қажетті нәрсе - құжат. Бүгін сабақта құжат түрлерімен танысып, келесі сабақтарда құжаттарды толтыруды үйренеміз.
І.Білімділік: Құжат түрлері туралы жалпы түсініктерін толықтыру, мәтінмен жұмыс жүргізуге мүмкіндік бере отырып оқушыларды ізденіске жетелеу, белсенділігін ояту.
ІІ.Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істете отырып, ой қорыту, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу .
ІІІ.Тәрбиелік: Тілді үйренуге қажеттілікті туғыза отырып, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: мәтінмен жұмыс істеу , ізденушілік, талдау,баяндау сұрақ –жауап, тест.
Қолданылатын технологиялар: тірек сызбалар,сыни тұрғысынан ойлау т.б
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа қатысу туралы мәлімет
Сабақ кестесі туралы мәлімет
Ауа - райы туралы мәлімет
«Менің бір күнім» рубрикасы
Бүгінгі сабақтың ерекшелігі бар ма?
Үлкен өмірге жол алғалы отырған мектеп түлектері үшін ең қажетті нәрсе -құжат.Бүгін сабақта құжат түрлерімен танысып, келесі сабақтарда құжаттарды толтыруды үйренеміз.
Сынып 2 топқа бөлінген. Біз бүгін топпен жұмыс істейміз. Алдымен топпен жұмыс істеу ережесіне көңіл аударамыз.
1. Бәріміз өз ойымызды ашық айтамыз.
2. Бір - біріміздің жауабымызды мұқият тыңдаймыз, өзгенің жауабын қайталамаймыз.
3. Бір - біріміздің пікірімізді сыйлаймыз.
4. Жауаптарымызды тыңдағанда, өзіміз жауап бергенде асықпаймыз, шыдымды боламыз.
5. Бір - бірімізбен жағымды байланыстар орнатамыз.
6. Шешім қабылдаған кезде топ мүшелері ретінде барлығымыз қатысамыз.
7. Қорытынды жасауға үйренеміз.
Әр топ мүшесінде бағалау парағы бар. Сол бойынша өздерің бағалайсыңдар.
Бағалау парағы
0
1
2
Ұпай саны
Ы. Алтынсарин өлеңі
Жатқа білмеймін
Қатысып кетемін
Өте жақсы білемін
Сатылай кешенді талдау
Толық білмеймін
Сөздерде қате бар
Жатқа білемін
Сөздік жұмыс
Сөздердің жартысын білмеймін
2-3 қате бар
Толық тілемін
Мәтін,оқу, аударма, сұрақ
Қателерім көп
Қиындау болды, жауап бердім
Барлығына да жауабым жақсы
Диалог
Айта алмадым
Жақсы
Өте жақсы
Грамматика
Қателер көп
2-3 қате бар
Қате жоқ
9-10 «5»
7-8 «4»
4-6 «3»
0 -3 «2»
Сабақтың ұранын тапсырмадан алу.
Біздің жерлесіміз Ы. Алтынсариннің өлеңін тізбектеле әр топ шумақтан айтамыз:
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Соңғы жолдар сабақтың ұраны «Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған»
Дәптерге жазу. Біз еліміздің патриотымыз. Мәңгілік елдің азаматтарымыз, сондықтан бірлік біз үшін қымбат.
Сатылай кешенді талдау «Мәңгілік», «елміз» сөздеріне әр топ хормен сатылай кешенді талдау жасайды, дайындыққа1 минут уақыт беріледі.
Мәтінмен жұмыс «Іс қағаздары». Топтар бөліп алып, оқиды, аударады, сұрақ қояды,диалог, ауызша айтады.
Іс қағаздары- адамның күнделікті өмірінде жиі қолданатын үлгілер. Іс қағаздарды әдетте ресми құжаттар деп те атайды. «Құжат» - «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. С.И. Ожеговтың сөздігі бойынша, бұл ұғымның үш мағынасы бар: 1 1)қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын іс қағаз 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат. 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік.
Іс қағаздарына өтініш, қолхат, сенімхат, анықтама, хабарландыру, хаттама, шарт, мінездеме, қатынас, т. б. жатады.Бұл іс қағаздары көбінесе қалыптасқан үлгі бойынша жазылады. Бірақ олардың айырмашылықтары да бар.
Мысалы, қолхат, сенімхат, хабарландыру, анықтама сияқты құжаттар қалыптасқан үлгі бойынша жазылады, ал өмірбаянның, мақаланың үлгісі жоқ. Өйткені әр адамның өмірі әр түрлі
Іс қағаздарын дұрыс жаза білу үшін көп жаттығу қажет. Іс қағаздарын дұрыс жаза білу - әрбір адам үшін қажетті нәрсе.
1.Мәтінді мәнерлеп, тез оқу.
2.Аударма жасау.
3.Сұрақ қоя білу (жұппен жұмыс)
Тапсырманы нақтылай тексерейік: Тақтаға көңіл аударамыз. Бұл жұмыста жеке тұлға ретінде жекелей жұмыс істейміз. Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
1. Нелер – кімнің, қандай, несінде, қалай, не істейтін, нелер?
2.Кімнің, несі, қандай, ненің, неше , несі?
3.Не істеледі, қалай, қандай, нелер, қандай?
4.Нелерді, қалай, не істеуге, қалай, не істеу қажет?
5.Ненің несі жоқ?
6. Кімнің несі қандай?
7. Не , не деген, не істейді?
«Дневник двойной запииси»
Мәтінді оқи отыра не туралы ойладыңдар?
Маңызы бар қандай сөйлем көрдіңдер?
Бұл мәтін сендерге білім берді ме?
Жаңа тақырыппен жұмыс Табысты, білімді жеке тұлға болу үшін тек сөздерді біліп қана қоймай құжат түрлерін, іс қағаздарының қандай топтарға жататынын, оның мазмұнын, толтыруын білуіміз керек.
Еңбек қатынастарын
құжаттау
Бұйрық -
жарлық құжаттары
Ақпараттық -анықтамалық құжаттар
Жеке арыз
Сенімхат
қолхат
Мінездеме
Өмірбаян
Еңбек кітапшасы
Бұйрықтар жарлықтар хаттамалар
Жеделхат
Баяндаухат анықтама түсініктеме
Құжаттың түрлері
Құжаттың түрлері
Құжаттың түрлері
Құжаттың түрлері
Жеке
құжаттар
Аударма
Топпен бірлесіп түрлерін өз беттеріңше толтырасыңдар, салыстырасыңдар.
Хормен оқу.
Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық. Жұппен жұмыс
Жеке құжаттар
Жеке құжаттарға жеке арыз, сенімхат, қолхат жатады.
Жеке арыз - бұл жеке адамның өз құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін өтініш білдіретін құжат. Бұл құжаттың мақсаты - адамның қалауын, ниетін қағазға түсіру.
Жеке құжаттың тағы бір түрі - сенімхат.
Сенімхат - құжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, өз атынын оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сенімхаттың мәтініне мына мәліметтер кіреді:
1) сенімхат иесінің аты - жөні, қызметі, мекенжайы;
2) сеніп тапсыратын ісі;
3) сеніп тапсырған адамның аты - жөні, қызметі, мекенжайы, куәлігінің нөмірі, кім бергені, қашан бергені.
Жеке құжаттың үшінші түрі - қолхат.
Қолхат - іске асқан бір фактіні растайтын құжат түрі.Қолхатта берушінің қызметі, аты - жөні, алған ақшаның мөлшері немесе басқа құнды дүниенің атауы, оны кімнен алғаны толық көрсетіледі.
Зат есім ( жалғау түрлерін анықтау)
Сын есім (мағынасына қарай)
Етістік (шақтарын анықтау)
Үйге тапсырма: орыс тілімен салыстырмалы түрде түйіндеме, өмірбаян жазып келу. Бағалау парағын тапсыру.