Сабақтың мақсаты: Білімділік: тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту, Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін, белсенділігін арттыру, сын есімдерді ауызекі сөйлеу тілінде және жазба жұмыстарында дұрыс қолдана білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: қыс мезгілінің өзіне тән ерекшелігін, әсемдігін көрсете білу, оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сөздік Мұғалім- учитель білімді-образованный үйретеді-учит көңіл бөледі- обращает внимание мейірімді-добрая түсіндіреді-обьясняет ұнайды -нравится
1-тапсырма. Мәтінді оқып,мазмұнын айтып беріңдер
Біздің мұғалім
Біздің мұғалім- өте жақсы адам.Ол мейірімді.Бізге қазақ тілі сабағын жақсы түсіндіреді.Сабақтары маған ұнайды.Ол бізге көп көңіл бөледі. Жақсы бала болуға үйретеді,тәрбиелейді.
2-тапсырма. Өз мұғалімдерің туралы айтыңдар:
1.Мінезі (мейірімді,мейірбан,тік,ашық);
2.Бойы (ұзын,қысқа,орта бойлы),
3.көзі,шашы (түсі қара,көк, сары);
4.киімі(әдемі,жарасымды).
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Сен мектепке қашан келдің? 2.Сен нешінші сыныпта оқисың? 3.Нешінші партада отырасың? 4.Мұғалімнің аты –жөні кім? 5.Сендерде ертең неше сабақ болады? 6.Сенің жолдасың сабаққа келдіме? 7.Мектепте сабақ нешеде аяқталады?