kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Подготовка к ЕГЭ

Сабақтың тақырыбы: қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. қазақ тілі, 8-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тапсырмаларға

қойылатын талаптар (критерийлер)

1 кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:

а)  ұйымдастыру сәтін өткізеді;

б)  өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде       

      аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;

в)   төмендегі «Көпір» тапсырмалары тексереді (алдымен жеке тексеріп

     шығады, сосын фронтальды тексереді, Ж: жауабы).

«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз боладын қайталау тапсырмалары

Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.

1.  Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі қандай?

     Ж: Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соң-

     ғысына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

2.  Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірі-

     мен мағыналық қарым-қатынасына байланысты неше мағыналық түрі

     бар?

     Ж: Сабақтас құрмалас сөйлемнің 6 мағыналық түрі бар.

  1. Шартты бағыныңқылы сабақтас
  2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
  3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
  4. Себеп бағыныңқылы сабақтас
  5. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
  6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас

3.  Сурет арқылы ой салу.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. қазақ тілі, 8-сынып»

Шәріп Қарлығаш Әлімхатқызы

«Жаңа Ғасыр» № 175 гимназия

Алматы қаласы Әуезов ауданы

Сабақтың тақырыбы: қарсылықты бағыныңқылы

сабақтас. қазақ тілі, 8-сынып

Тапсырмаларға

қойылатын талаптар (критерийлер)

1 кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:

а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;

б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде

аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;

в) төмендегі «Көпір» тапсырмалары тексереді (алдымен жеке тексеріп

шығады, сосын фронтальды тексереді, Ж: жауабы).

«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз боладын қайталау тапсырмалары

Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі қандай?

Ж: Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соң-

ғысына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

2. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірі-

мен мағыналық қарым-қатынасына байланысты неше мағыналық түрі

бар?

Ж: Сабақтас құрмалас сөйлемнің 6 мағыналық түрі бар.

  1. Шартты бағыныңқылы сабақтас

  2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

  3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

  4. Себеп бағыныңқылы сабақтас

  5. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

  6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас

3. Сурет арқылы ой салу.



2 кезең (топтық жұмыс):жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне

жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау» , «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсыр-

маларын өздері толтырады(10минут); ә)жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды(10минут).Нәтижесі ауызша

марапатталады.


1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан Кім? Не?Кімнің?Кімді?Кімде?Кімнен? Кіммен?Қайда? Қай?Қашан?Не істеді?сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақ-

Парат тіркелінуі керек

Бос орынға қажетті сөздерді қой.

1. Басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске

қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

дейміз.

2. Қарсылықты бағыныңқылының баяндауыштары мынадай жолдармен жаса-

лады:

А) Шартты райлы етістікке да , де шылауы жалғас келуі арқылы;

Ә) Шартты райдың болымсыз түрі (-ма+са) арқылы;

Б) Есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы;

В) Есімшеге –ша,-ше жұрнағы жалғануы арқылы;

Г) -а, -е, -й жұрнақты көсемше түрі арқылы;

Ғ) Келер шақ есімшенің болымсыз түріне (-тан, тен) шығыс септік жал-

Ғауының жалғануы арқылы.

2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін Неге? Неліктен?Себебі?Не үшін? Сұрақтары, дәлелде, түсіндір сөздерімен бірге оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой. Төменде берілген сөйлемдерді неліктен қарсылықта бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз? 1. Қыс келсе де, қар жаумайды. 2. Алмасты көршілерінің көбі жек көрсе, Жанат оны жақсы көреді. 3. Осынша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті. Ж:Себебі біріншіден, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз, екіншіден, бір сөйлемдегі ой екінші сөйлемдегі ойға қарама-қарсы, үшіншіден, жасалу жолдары қарылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге сәйкес келеді.

3-қадам: теорияны «Талдау» үшін 1.Салыстыр. 2 Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек.Немесе 1-3 тапсырмалары Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

1-3.Берілген сөйлемдерді салыстыр, айырмашылығын тап. Қарсылықты салалас құрмалас Мысал: Алыстан әлдекімдердің күбірлеген даусының жаңғырығы естілген сияқтанды, бірақ қай жақтан естілгенін шамалай алмаймын.

Қарсылықты салалас құрмалас

Ортақ белгілері

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас

Мысал:Алыстан әлде-

кімдердің күбірлеген даусының жаңғырығы естілген сияқтанды, бірақ қай жақтан естіл-

генін шамалай алмай-

мын


Мысал:Зұлымдылық жалғыз қалады десем, ел іші де шылқыған әділетсіз екен.

1.Құрмаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз және салаласа байланысқан.

2.Қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалған.

1.Екеуі де қарсы-

лықты құрмалас сөйлем.

2.Екеуінде қарама-қарсы мағына бар.

1.Құрмаластың бірінші жай сөйлемінің баяндаышы тиянақсыз

2.Екі жай сөйлем бар екіншісіне бағыныңқы-

лы сабақтаса байланысқан.

3.Тақырыптың басты идеясы неде? Екеуі де құрмалас, екеуін де қарама-қарсы мағына бар.Олардың айырмашылықтары: бірінің баяндауышы тиянақты, біреуінің баяндауышы тиянақсыз, бірі салаласа байланысса, бірі сабақтаса байланысады.

4-қадам:теорияны «Жинақтау» үшін қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұн-ды жүйеле,кестені, ті-рек сызбаны, сөзжұм-бақты толтыр немесе өзің құрастыр, тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушы-ның жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жа-уабына қойылады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы білгеніңді жинақта. Жасалу жолы: а) –а,-е,-й жұрнақты көсемшенің жалғауынан; б) Шартты райлы етістікке (-са, -се) да, де; в) Есімшеге көмектес септік (-мен) кейде да, де шылауы; г)шартты райдың болымсыз түрінен (-ма,+са); д)Келер шақ есімшенің болымсыз түріне (-ма,с)(-тан,-тен) шығыс септігінің жалғауынан;

Оқулықпен жұмыс (5минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады.Нәтижесі ауызша марапатталады.

5-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі

Оқулықпен жұмыс.Берілген сөйлемнен қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлем жаса. 1.Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты. 2.Жасы менімен шамалас бола тұра, ақылы, мінезі, жүрегімен ел ағасына ұқсайды. 3.Наурыз туса да, қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын. 4.Ара-тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нәрсе жоқ.

6-қадам: практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың ?Не істер едің?деген тапсырмалар оқушы-ға жоғарыда алған бі-лімін(теория бойын-ша)және біліктілігін (практикасы бойын-ша)өмірдегі жағдаят-тарды шешуге бағыт-талып қойылады.

Сұрақтарға жауап бер.Бос орынға қажетті сөздерді қой. Сен қалай ойлайсың,қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты сабақтастың басқа мағыналық түрін қалай ажыратуға болады? Ж:Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың басқа мағыналық түрлерімен құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналарының бір-біріне қарама-қарсы болып келеді.

3кезең(кері байланыс-бағалау кезеңі): Жеке тұрмыс.Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгеге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар, оларды біртіндеп орындату арқылы ұпай жинату барысында оқушының құзыреттілік деңгейін анықтап,әділ бағалауасырылады.Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15минуттың 12минутына орындайды +3минут қорытынды жасалады.Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді.Қорытынды ұпай саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады,мониторингке тіркеледі.

1-деңгей (5ұпай)

1-қадам:теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан Кім?Не?Кімнің ?Кімге?Кімді?Кімде?Кімнен? Кіммен?Қандай?Қай?Қашан? Не істеді?сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.

Бос орынға қажетті сөздерді қой. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда етістіктің қандай тұлғалары қолданылады? Ж:Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда етістіктің есімше, көсемше шартты рай тұлғалары қолданылады.





1-аралық нәтиже: Бірінші деңгейде қалыптасқан құзыреттілік (білім біліктілік деңгейінің сапалық өлшемі бірінші аралық өлшемі):-«дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский).Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі –бес ұпай = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады (егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса).

3-деңгей (5ұпай +4ұпай = 9ұпай)

3а-қадам: теорияны «Түсіну» үшін Неге?Неліктен?Себебі?Не үшін?(дәлелде,түсіндір) сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

Сұрақтарға жауап бер.Бос орынға қажетті сөздерді қой.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышы неліктен тиянақсыз болып жасалады? Ж:Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз болу себебі, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге бағына сабақтаса байланысады.

3б-қадам:теорияны «Талдау» үшін: 1.Салыстыр. 2.Айырмашылығы неде? 3.Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. 2кезеңде Венн диаграммасы арқылы орындалған тапсырманы кесте түрінде беріп, баланың білімін тексеруге болады.

Берілген сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштарын тауып, астын сызып, тұлғаларын салыстыр. 1.Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ. 2.Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғамен- тарихтағы ең ұлы істің бірі.

4-қадам:практика жүзінде «Қолдану» 2кезеңдегі қарапай-ым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады.

Оқулықпен жұмыс: 131-жаттығу.Берілген қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа айналдыр. 1. Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін. 2. Жатақхананы ол оңай тапты, алайда аңсап келген ақ үйі оған жылы құшағын жая салмады. Ж:1.Мен де алға қарағанмен, көзіме ештеңе көрінбейтін. 2.Жатақхананы ол оңай тапқанымен, аңсап келген ақ үйі оған жылы құшағын жая салмады.

2-аралық нәтиже: Екінші деңгейде қалыптасқан құзыреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі):-оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады.Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі-алғашқы жинаған бес ұпайға- 2ұпай = 9ұпай = «4», яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады (егер оқушы келесі деңгейді меңгере алса.

3-деңгей (9ұпай-3ұпай =12ұпай







5-қадам:теорияны «Жинақтау» үшін Қорытын-ды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрас-тыр тағы с.с басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жа-уабына қойылады. 2 кезең.4қадамда «жинақ-тауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралды білетініңді жинақта.

Есімшенің бол-ымсыз түріне шығыс септік-тің жалғануы

Есімшеге кө-мектес септік (-мен) жалға-нуы

Көсемшенің а,е,й жұрнақ-тары арқылы

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Есімшенің –ша-ше жұрнағының жалғануы

Шартты рай-дың болымсыз түрі арқылы жасалады

Шартты райлы етістікке(са,се)да,де шылауы

6-қадам:практика жүзінде «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?деген тапсырмалары орындату арқылы оқушы-ның жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша)өмірдегі жағдаят-тарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.

Сұрақтарға жауап бер.Бол орындарға қажетті сөздерді қой. Сөйлеуде қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаласты қолдаудағы қажеттілік неде деп ойлайсың? Ж:Адам өмірдегі құбылыстарды тану мен оларды тіл арқылы білдіруге, өз ойын қарсыластыра, қарама-қарсы нәрселерді салыстыра жеткізуде,қарсы-лықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің қызметі ерекше. Ойды жалғастыр:.............................................................................................. .

3-нәтиже: Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже):алғашқы екі деңгейде жинаған 9ұпайға - 3ұпай=12ұпай= «5» журналға қойылады.Оқушынығ білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелік» пен «саналық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К.Бабанский).

4 деңгей (стандарттан тыс жоғарғы деңгейі

Шығармашылық, яғни олим-пиалық, ғылыми жоба дәрежесіндегі тапсырмалар.

«Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластарды қолданып, шағын шығарма жаз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Сабақтың тақырыбы: қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. қазақ тілі, 8-сынып

Автор: Шәріп Қарлығаш Әлімхатқызы

Дата: 24.01.2018

Номер свидетельства: 452111

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ": ?арсылы?ты ба?ыны??ылы саба?тас"
    ["seo_title"] => string(29) "karsylyktybagynynkylysabaktas"
    ["file_id"] => string(6) "301852"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457001563"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "?аза? фальклоры"
    ["seo_title"] => string(16) "k-azak-fal-klory"
    ["file_id"] => string(6) "315162"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459844912"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "??рмалас с?йлемнен ?ткенді ?айталау 8-сынып . "
    ["seo_title"] => string(49) "k-u-rmalas-soiliemnien-otkiendi-k-aitalau-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "188066"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426608976"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "$22-23. Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы."
    ["seo_title"] => string(71) "22_23_k_azak_stannyn_1920_1940_zhyldardag_y_k_og_amdyk_saiasi_zhag_daiy"
    ["file_id"] => string(6) "365303"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480767351"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Саба? жоспары: Саба?тас ??рмалас с?йлемнен ?ткенді ?айталау (?БТ– ге сапалы дайынды?)"
    ["seo_title"] => string(92) "sabak-zhospary-sabak-tas-k-u-rmalas-soiliemnien-otkiendi-k-aitalau-u-bt-ghie-sapaly-daiyndyk"
    ["file_id"] => string(6) "296696"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456067346"
  }
}

Личный сайт учителя и сертификат бесплатно!!!
Получите в подарок сайт учителя


Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства