Ал, аталмыш де?гей ба?дарламасын игерген м??алімдерді? негізгі функциясыны? бірі – І де?гей ба?дарламасын игерген м??алімні? басшылы?ымен коуч-м??алімдер о?ыту мен о?у т?жірибесіне жа?а т?сілдерді енгізуге ба?ыттал?ан даму ба?дарламасын іске асырады [1] делінген. Сонды?тан да, мен І аудиториялы? кезе?нен кейінгі «Мектептегі т?жірибе» кезе?інде,
нені ?згерту керек екендігін аны?тау ма?сатпен, мектеп т?жірибесін ?згерту ?шін мектеп ?кімшілігі мен ?ызметкерлері, о?ушыларынан ж?не оларды? ата-аналарынан сауалнама, с?хбаттар, мектепті? к?шті ж?не ?лсіз жа?тарын
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектебімді ?згертуім керек пе»
Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?
Мен және менің әріптестерімнің, яғни 3 деңгейлік курстың І деңгейінде оқып жатқан мұғалімдердің мақсаттарының бірі – оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету, қолданылатын әдістер мен тәсілдердің тиімділігін қамтамасыз ету [1], болып табылады. Ал, аталмыш деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясының бірі – І деңгей бағдарламасын игерген мұғалімнің басшылығымен коуч-мұғалімдер оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған даму бағдарламасын іске асырады [1] делінген. Сондықтан да, мен І аудиториялық кезеңнен кейінгі «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде,
нені өзгерту керек екендігін анықтау мақсатпен, мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мектеп әкімшілігі мен қызметкерлері, оқушыларынан және олардың ата-аналарынан сауалнама, сұхбаттар, мектептің күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатымен SWOT талдауларды жасауымның нәтижесінде тақырыбым анықталған еді. Бұл тақы-рыбым – 7 модульдің бірі «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» деп аталады. Осылай Диалогтік оқытудың 3 түрінің бірі Зерттеушілік әңгіме жүргізу арқылы оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге үйретуді коучинг пен тәлімгерлік, Lesson study, іс-әрекеттегі зерттеу, мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы және тәжірибені өзгерту мақсатында ынтымақтастық орнатқан мектептер қоғамдастығы арқылы өткізуді жоспарлап отырмын және бұл іс-әрекетім, тәжірибеден соң да бір жылға арналып жасалған Мектептің даму жоспарына (қосымша) енгізіліп отыр.
Сонымен Мектептің даму жоспары - зерттеудің бағыттарын анықтайтын, жасалып жатқан жұмыстарға қорытынды жасайтын, күтілетін нәтижелерді болжайтын мектеп мәселелерінің шешу жолдарын қарастыратын мектеп қызметкерлерімен бірлесе отырып жасалуға тиісті құжат. Алайда, осындай құжаттың бар-жоқтығын әкімшілікте қызмет атқармаған адам білмеуші де еді. Бірақ осы курсты меңгерген мұғалімдер МДЖ-ының не екенін және оған өздерінің үлестерін қоса алатындығы мен МДЖ-ң маңыздылығын түсінді. Осылай жоспарлау – алға дамудың, өзгере түсуінің белгісі.
Мектебімдегі тәжірибеге келіп, Қазақстан Республикасы педегог мамандарының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасымен таныстыру үшін және қызығушылығын ояту мақсатында апталық кеңесте Кембридж тәсіл, яғни 3 деңгейлік курс жайлы қысқа шолу жасадым. Содан кейін бірігіп жұмыс істейтін топ құру мақсатында сауалнама жүргіздім.
Мақсат: Сабақ барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалогтік оқыту. Зерттеушілік әңгіме жүргізу арқылы оқушылардың өз ойларын, идеяларын дәлелдеуге үйрету.
Диалог – мектептегі жұмыс барысында мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу құралы. Диалогтік оқыту модулін қолдана отырып оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту басты мақсат болды. Осы модульге қызығушылық білдірген 15 мұғалім бір топ болып құрылды. Олардың ішінде жоғары санатты:1, бірінші санатты:3, екінші санатты:6, санаты жоқ: 5 мұғалім. Жұмыс өтілі 15 жылдан жоғары – 5;10-14 жыл –3;5-9 жыл-3,1-4жыл жоғары – 4. Мұндағы мұғалімдердің 26% жоғарғы және бірінші санатты.
«Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді. Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау және жүргізу мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін дамытуға көмектесуге басты назар аударылмақ»[1]. Өткізілетін коучингтар әріптестер арасында оқытудың жаңа тәсіліне деген қызығушылықтарын тудырады деп ойлаймын. Себебі алған білімдерін өз тәжірибелерінде қолдануға болады. Бұдан коучингтар өткізу тиімді және пайдалы болатындығын болжауға негіз бар.
Коучинг сөзін ағылшыншадан аударғанда – «тәлім ету, дайындау, жаттықтыру»[1] дегенді білдірсе, яғни менің әріптестерім біздің көрген-білгенімізден үйрене, кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді түседі деген сөз.
Мақсатқа жету мен күтілетін нәтижеге байланысты мен алдыма мынандай міндеттерді белгіледім:
- Коуч пен коучингқа қатыстыушылар арасында түсінушілік орнату
- сенімділік пен тығыз жұмыс жасауға жағдай туғызу;
- өткізілген коучинг қатысушылардың құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік жасау;
- қатысушылар алған тәжірибелерін сабақта қолданудың жолын таба білуі негізге алынады.
Коуч ретінде мынандай басымдықтар белгіленді:
- мұғалімдердің дамуына үздіксіз кеңес беру;
- педагогтың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру;
- кері байланыс арқылы әр қатысушының пікірін білу;
Тақырып бойынша жұмыс істеу мақсатында коучинг сабақтарын өткізуді жоспарладық. Диалогтік оқытудың теориялық білімдерімен таныса отырып, жұмыс істеудегі тиімді жақтарын меңгеру ең негізгі мақсат етіп белгіленді. Өткізілетін коучингтардың тақырыптары белгіленді. Алынған тақырыптар:
1-коучингтің тақырыбы: «Диалогтік оқыту-оқыту мен оқу тәсілі», мен өзім өткіземін деп жоспарладым. Бұл 1- коучингтың мақсаты: Диалогтік оқыту-оқыту мен оқу тәсілі екенін түсіндіру, іс жүзінде қолдануға үйрету болды.
2-коучингтің тақырыбы: «Оқушылардың креативті білім алуында диалогтік оқытудың 3 түрінде (Мерсер) әңгіме жүргізу жолдары, 3 түрі, олардың айырмашылықтары», қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, бірінші санатты, тарих – география пәні мұғалімі Алимова Р.М өткізеді деп жоспарладық. Бұл 2- коучингтың мақсаты: Оқушылардың креативті білім алуында диалогтік оқытудың 3 түрінде (Мерсер) әңгіме жүргізу жолдарын үйрету, өз идеясын дәлелдеу, 3 түрі бар екенін және олардың айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету болды.
3- коучингтің тақырыбы: «Зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыны әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі, оқушы ойын ұшқырлауда зерттеушілік әңгіменің маңызы», АлимоваР.М өткізеді деп жоспарладық. Бұл 3-коучингтың мақсаты: Зерттеушілік әңгіме - мұғалімдердің оқушыны әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі екендігін ұғындыру, оқушы ойын ұшқырлауда зерттеушілік әңгіме арқылы іске асыруға дағдылану.
4-коучингтің тақырыбы: «Оқытудағы әңгіменің оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс екендігі»,Алимова Р.М өткізеді деп жоспарладық. Мақсаты: Оқытудағы әңгіменің оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс екеніндігін түсіндіру, дәлелдету, аффективтілікке үйрету болды. Алимова Р.М арнайы 3 деңгейлік курстан алған сертификатсыз болса да, өзінің үйренгісі келген ниеті бар, сабағын әрқашан жаңа технологиялар арқылы түрлендіріп өткізетін, 16 жыл еңбек өтілі бар, үнемі ізденісте жүретін, қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, бірінші санатты, тарих-география пәні мұғалімі коуч ретінде маған көмектеседі деп ойлаймын.
Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) мен тәлім алушы (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді[1].
Ал, Lesson Study тәсілі мұғалімдерді оқу және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу үдерісі» [1] болғандықтан, мектептегі оқыту үрдісіне енгіздік.
Сондай-ақ, Lesson Study құрып, мәселені шағын топпен талқылап, шешімі күрделі мәселелердің шешімін таба алады. Бұл дәл осындай болмаса да жалғыз жарым адамға қиындық туғызатын мәселені белгілі құраммен талдап, шешуін табатын әдіс бұрыннан өмірде аздап болса да қолданылатыны жасырын емес дүние. Жұмыс барысында осындай табыстарға жету, жаңа идеяларды ұтымды пайдаланушылықтар болғанымен кейбір кері тартпалар да кездеспей қойған жоқ. Оларға қазіргі әлемнің тез өзгеруін, оған біздің де қатысымыз бар екендігін айтып түсіндіру арқылы басқалармен бірге алға даму керектігін, өзгеріп жатқан әлемде, мұғалімдерге тоқтап қалмауымызды түсіндіріп, өзімізге ілестіре алдым.
Қазір жаңа ғасыр – білім ғасыры. Lesson Study сабағын келесі мұғалімдермен өткізуді жоспарладық: бірінші санатты, тарих – география мұғалімі Алимова Р. М және 2 санатты қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Жөкен Р.М. Алимова Р.М 7 қазақ сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен 2 сабақ және Жөкен Р.М қазақ әдебиеті пәнінен 7 қазақ сыныбында Lesson Study тәсілін іске асыру бойынша 2- сабақ береді. Мақсат: 1. Lesson Study - сабақты, іс-әрекетті зерттеу, А,В,С деңгейінің оқушысын бақылай отырып, дамыту болып табылады. 2. Орта мерзімді жоспар құрудың ерекшеліктерін айқындай отырып, жоспар құруды үйрету және жоспар құруға бағыттау. Сабақта қолдануды меңгеру үшін екі-екіден 4 сабақ өткізеді деп белгіленді.
Менің тәлімгерлік ету жұмысымның нәтижесінде тәлім алушымның бойында методикалық және адами тұрғыда өзгерістер байқала бастады.Ол өз ісіне сыни ойлау жолдарын қолдана бастады. Сабақта мұғалімнің көшбасшы, тек бағыттаушы болатынына, аз сөйлеп, көп нәтижеге жетуге болатынына, іздендіре отырып, ынтымақтастықта оқытса, сындарлы оқытуға болатынына сенімді болды. Сондай –ақ жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жақсы нәтижеге жетуді меңгерді, сол үшін де өзгере білді деп айта аламын. Ендігі жолы, яғни курсытан кейін, мен жаңа тәлім алушы таңдап алып, алдыңғы жұмыс тәжірибеме сүйене отырып, алдыңғы тәлім алушымның жинақтаған тәжірибесін алдымен көрсетуден бастар едім. Себебі, ол тәлім алушым арнайы дайындалған сертификатсыз болса да, өзіндік тәжірибе жинақтап қалғандықтан, өзі тәлімгер ретінде өзіне тәлім алушы ала алады деп ойлаймын.
1-коучингті «Диалогтік оқыту-оқыту мен оқу тәсілі» деген тақырыпта мен өзім коучинг өткіздім. 2- коучингті «Оқушылардың креативті білім алуында диалогтік оқытудың 3 түрінде (Мерсер) әңгіме жүргізу жолдары, 3 түрі, олардың айырмашылықтары» деген тақырыппен, 3- коучингті «Зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыны әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі, оқушы ойын ұшқырлауда зерттеушілік әңгіменің маңызы» деген тақырыпта, 4- коучингті «Оқытудағы әңгіменің оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс екендігі» деген тақырыпта Алимова Р.М өткізді.
Lesson Study сабағын жоспар бойынша, 2 санатты қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Жөкен Р.М. бірінші санатты, тарих – география мұғалімі Алимова Р. М.: Алимова Р.М 7 қазақ сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен 2 сабақ және Жөкен Р.М қазақ әдебиеті пәнінен 7 қазақ сыныбында Lesson Study тәсілін іске асыру бойынша 2 сабақ өткізді.
Коучингтің табыс критерийлері:
- Қысқа мерзімді жоспар дайындайды;
- Орта мерзімді жоспар дайындайды;
- Диалогтік оқытуға негізделген сабақ барысын түрлендіре алады;
- Сабақтың барысына диалогтік оқытудың басты ерекшеліктерін кірістіреді;
- Диалогтік оқытуға негізделген сабақ барысын түрлендіре алады;
- Мәселелі әңгімелер қозғай алады;
- Критериалды бaғaлaу тәciлiн меңгеріп, жүзеге асыра алады;
Сабақ барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалогтік оқыту. Зерттеушілік әңгіме жүргізу арқылы оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге үйрету
Коучинг сабағының мақсаты
Уақыт шеңберлері
Коуч
Сабаққа қатысушылар
Сабақ нәтижелері
Табыс критерийлерін
Қалай анықтайсыз?
Диалогтік оқыту-
оқыту мен оқу тәсілі екенін түсіндіру, іс жүзінде қолдануға үйрету
90 мин
Маней Р.
15 мұғалім
Диалогтік оқыту -
оқыту мен оқу тәсілі екенін түсінеді.
Мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және
олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді. Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады.
сауалнама ,кері байланыс,интер-претация рефлексия
«Бірге ойлаймыз» (Мерсер)
2. Оқушылардың креативті білім алуында диалогтік оқытудың 3 түрінде (Мерсер) әңгіме жүргізу жолдарын үйрету, өз идеясын дәлелдеу, 3 түрі бар екенін және олардың айырмашылықтарын ажырату білуге үйрету
90 мин
Алимовава М.Р.
15 мұғалім
Диалогтік оқытудың 3 түрінде(Мерсер) әңгіме жүргізуді үйренеді, өз идеясын дәлелдей алады, 3 түрі бар екенін және олардың айырмашылықтарын біледі. Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды
Диалогтік оқытудың 3 түріне презентация жасау.
3 түрінің айырмашылықтарын венн диаграммасымен көрсету
3.
Зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыны әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі екендігін ұғындыру, оқушы ойын ұшқырлауда зерттеушілік әңгіме арқылы іске асыруға дағдылану
90 мин
Алимовава М.Р..
15 мұғалім
Зерттеушілік әңгіменің не екенін біледі, идеялармен пікір алмасады, өз ойларын, болжамдар ұсынады, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді.
Зерттеушілік әңгімеге презентация жасау. «Зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыны әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі» (Барнс (1976) пен Мерсер (2000))
4. Оқытудағы әңгіменің оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс екеніндігін түсіндіру, дәлелдету, аффективтілікке үйрету
90 мин
Алимовава М.Р.
15 мұғалім
Оқытудағы әңгіме-... білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдерісі ретінде Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді , қолдана алады
Рефлексивтік есеп Эссе жазу,өзін-өзі бағалау парағы
«Оқытудағы әңгіме-...оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс» (Александер (2004))
Жалпы мақсаттарға жетудің табыс критерийлері (бағалау жоспары)
Өз идеяларын дәлелдеуге бағытталған оқушылардың зерттеушілік әңгіме жүргізуге арналған тапсырмалар жиынтығын құру, диагностика жүргізу арқылы талдау жасау.
Тәлімгерлік етудің жалпы мақсаттарға жетудің табыс критерийлері:
- тәлiм aлушының бiлiмiн сұрақтар арқылы анықтау;
- мұғaлiмдеpдің өз іс әрекетіне қорытынды жacaй білуі;
- мұғaлiмдеp caбaққa жасалған жоспарды орындайды, нәтижеге жетуге талпынады;
- тәлім алушы мен тәлімгердің apacындa жaғымды жағдай туғызу;
- oқушылapдың caбaққa деген ынтасы артады; білім алуға деген көзқарасы дұрыс жаққа өзгереді. Шығapмaшылықпен жұмыc icтей aлу;
- oқушылap ойларын еркін жеткізе алады, өзiн caбaқтa еpкiн, белсенді ұстайды.
Жоғарыда көрсетілген табыс нышандары жүзеге асатын болса, мектептегі өткізілген жұмыстардың жемісті болғанын байқатады. Мектепті өзгерту үшін менің қолданған әдістерімнің дұрыстығын білдіреді деп ойлаймын.
Қорытындыласақ, мектептегі өзгерістердің маңызы - мұғалімдер тәжірибелерінде өзгеріс енгізе отырып, шеберліктерін арттыру. Сондықтан да тәлімгердің өткізетін коучингтары нақты өзгерісті енгізудің қажеттілігін сезінуін тудыра отырып, жаңалықпен құлақдар етуі маңызды .
. Пайдаланылған әдебиет:
Мұғaлiмдeргe aрнaлғaн нұcқaулық, Бірінші (ілгері) деңгей, Екінші бacылым, «Нaзaрбaев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.