kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мәнге толы өмір"

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-сынып оқушыларын арналған сабақ жоспары "Мәнге толы өмір" тақырыбы бойынша ұсынып отырмын. Іздеген адамдарға көмек ретінде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мәнге толы өмір"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:Оқжетпес орта мектебі

Мерзім

Мұғалімі: Дағыстан алтынбек

Сынып: 9

Оқушылар саны- 7

Тақырып: Мәнге толы өмір

Құндылық: ішкі тыныштық Сабақ: №3

Қасиеттер: талпыныс, қызығушылық, бағалау.


Сабақ мақсаты: оқушылардың өмірдің мәнін туралы түсініктерін ішкі тыныштық құндылығы арқылы ұғындыру.

Міндеттері:

  • Өмірдің адам үшін маңыздылығын талпыныс арқылы жан-жақты ашу;

  • Өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне қызығушылық етуіне ықпал ету;

  • Өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, музыка

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Тыныштық сәтінен алған әсерлермен бөлісу.

5 Т- ны еске алу.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Сабақ барысын талдау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Жазғы демалыс туралы эссені тексеру


3.Дәйексөз.

«Неге біз алға, үнемі алға ұмтыламыз?

Өйткені өмірдің мәні-тек жаңалық ашу ғой».

3.1.Дәйексөзді оқыту(хормен, жұппен, көзіне қарап, көзін жұмып.)

3.2. Дәйексөздің мәнін ашу

- Дәйексөздің мәнін қалай түсінесіңдер?

3.3. Дәптерге жазу


4. Оқиғаларды әңгімелеу(әңгімелесу).

Оқушыларға өмір, өмірдің мәні, мәнді өмір сүру, өмірді бағалай білу және ол үшін адамның ең әуелі өзін-өзі тани білуі қажет екенін ұғындыру мақсатында оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар арқылы мұғалім әңгімелесу жүргізеді:

  • Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендік?

  • Өмірдің мәні неде деп ойлайсыздар?

  • Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?

  • Өмірден не күтесіз?

  • Сіздің мақсатыңыз қандай?


5. Шығармашылық іс-әрекеттер, сұрақ-жауап.

Артына қараған уақытта екі нәрсеге қуанам атты шағын әңгімені оқып сахналау барысында диалог құрыңдар және мына сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Әнгіме кейіпкерінің өз мақсатына жетуіне оның адами қасиеттері қалай әсер етті деп ойлайсындар?

  2. Өздеріңіз күнделікті өмірде әңгімеде аталған адамгершілік қасиеттерді басшылыққа аласыздарма? Қалай?








6. Топпен ән айту.

Жас өмір

Сөзі А.Шамкенов

Әні К.Күмісбеков

Жас өмір жайқалтады жапырағын,

Жас өмір жардай ыстық жақсы әнің.

Жас өмір толған мақсат шексіз арман,

Батыл ой, ұшқыр қиял, батыл адым.

Қайырмасы:

Айхай, шіркін, жастық шақ,

Өзендей асау арындап.

Сырыңды білемін,

Сарқылмас жігерің,

Елім деп соқса жүрегің.

Жарқылдап жас өмірдің алтын бағы,

Сиқырлы саясына шақырады.

Не жетсін жас өмірдің қызығына,

Көз ілмей талай таңды атырады.

Қайырмасы:

Жас өмір, жалыңды өмір, думанды өмір,

Жазира, дарқанды өмір, дарынды өмір.

Көтеріп ақ тілегін тудай көкке,

Алдыңа жайып салар барын өмір.

Қайырмасы:




7.Үй тапсырмасы

«Өмірдің мәні» ертегіні оқып келу.




8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Музыка әуені


Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүрегімізде сақтайық.

Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзімен – өзі, өзгелермен үйлесілімділікте өмір сүреді. Кешірімді болу –айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі. Біз де бір-бірімізге түсіністікпен қарап, кешірімді болайық.

Бүгінгі сабақта айтқан сөздерімізді жүрегіміздің түбіне түйіп қояйық. Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

Рахмет.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Мәнге толы өмір"

Автор: Дағыстан Алтынбек

Дата: 24.10.2019

Номер свидетельства: 523994

Похожие файлы

object(ArrayObject)#1087 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ерте?гілік"Алтын к?з" "
    ["seo_title"] => string(26) "iertien-ghilik-altyn-kuz-1"
    ["file_id"] => string(6) "159130"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421852968"
  }
}
object(ArrayObject)#1109 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай "
    ["seo_title"] => string(45) "diebi-iertieghilier-bdild-t-zhibaiev-tolag-ai"
    ["file_id"] => string(6) "128170"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415451250"
  }
}
object(ArrayObject)#1087 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "?зін-?зі тану: "Жаным тол?ан жа?сылы?""
    ["seo_title"] => string(39) "ozin-ozi-tanu-zhanym-tolg-an-zhak-sylyk"
    ["file_id"] => string(6) "252248"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447347722"
  }
}
object(ArrayObject)#1109 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Баяндама "МАТЕМАТИКА САБА?ЫНДА ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ  ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ" "
    ["seo_title"] => string(119) "baiandama-matiematika-sabag-ynda-didaktikalyk-oiyndardy-k-oldanu-ark-yly-ok-ushylardyn-p-ngie-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "190922"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427228111"
  }
}
object(ArrayObject)#1087 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "Баяндама"Саба?тарда  ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ  ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ""
    ["seo_title"] => string(91) "baiandamasabaktardadidaktikalykoiyndardykoldanuarkylyokushylardynpngiekyzygushylygynarttyru"
    ["file_id"] => string(6) "283621"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453863960"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства