kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама"Саба?тарда ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?тарда  ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ  ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ

?азіргі та?да сапалы білім беру м?селесі ?о?амды тол?андырып отыр. Себебі

?арыштап дамып келе жат?ан технологиялы? прогресс кезе?інде ?скеле? ?рпа?ты? білім де?гейі  ?азіргі заман талабына сай болуы баршаны? ма?саты болып отыр. Елбасы биыл?ы Жолдауында «Сапалы білім беру ?аза?станны? индустрияландырылуыны? ж?не инновациялы? дамуыны? негізіне айналуы тиіс», — деп атап к?рсетті.
Ал о?ушыларды? жаратылыстану-математикалы? ба?ытта п?ндерді игеруі- математикадан басталады. Математика п?нін д?рыс игермеген о?ушы осы ба?ытта?ы ?ай сала?а  да маман болып барса да шеберлік шы?ына жетуі ?иын?а со?ады. Сонды?тан ?ылымны? негізі болып табылатын математика п?нін о?ушы сапалы т?рде игеруі тиіс.
            ?азіргі заманны? о?ушысына о?у?а, білім алу?а не кедергі? О?у?а ?ызы?ушылы?ты? жо?ты?ы десем ?ателеспеймін.
?азір о?ушыны жан-жа?тан, ?орша?ан ортадан ала?дататын к?птеген ?ызы?ты, ?олжетімді «объектіліер» к?п-теледидар, компьютер, интернет желісі, т.б. ??рыл?ылар.
Осындай ортадан о?ушыны? назарын о?у?а, білімге тарту о?ай?а т?спейтіні белгілі. Біра? ?ай заманда болсын ?стазды? шеберлігі сонымен сомдалады, т?рлі кедергілерді же?е біліп, о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ын дамыта отырып, білімді ш?кірт т?рбиелеу.
М??алімні? шеберлігіні? кілті оны? саба? технологиясын ме?геруі, ?дістемелік т?сілдерді тиімді ?олдана білуі болып табылады.
Осындай  тиімді де, н?тижелі ?дістерді? бірі-дидактикалы? ойындар деп есептеймін.                Ойын-адамны? ?мір танымыны? ал?аш?ы ?адамы. Ал о?ыту процесінде жа?а технологияны? ма?ызды б?лігі т.б.
            Ойынсыз а?ыл-ойды? ?алыпты дамуы да жо?. Ойын ар?ылы баланы? рухани сезімі жасампаз ?мірмен ?штасып, ?зіне ?орша?ан д?ние туралы т?сінік алады.
            Математикалы? ойын дегеніміз-тынысы ке?, алыс?а ме?зейтін, ойдан-ой?а жетелейтін, адам?а ?иял мен ?анат бітіретін ?ажайып н?рсе, а?ыл-ой жетекшісі.
            Ойын-екі немесе одан да к?п адамдардан ??рылатын топтарды? ?з м?дделерін іске асыру ?шін к?рес ж?ргізу процесі. ?рбір топты? ?з ма?саты, стратегиясы болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды   дидактикалы? ойындар дейді.

Дидактикалы? ойындарды? ма?саты мен міндеттері

Дидактикалы? ойындар баланы? ынтасын саба??а аудару?а, к??іл ?ой?ызу?а, ?абылдауын же?ілдетуге, білімді толы? игеруге к?мектеседі,саба??а эмоциялы? бояу береді.
Ойынны? ма?саты:

Баланы п?нге ?ызы?тыру, логикалы? ойлауын дамыту, таным ?рекетін ?алыптастыру, тияна?тау, пысы?тау, ал?ан білімді тексеру, ?ызы?ушылы?ын ояту, белсенділігін арттыру.
Міндеті:

1) Танымды?: баланы? тану, іздену ?рекетін дамыту.
2) Т?рбиелік: айналасымен ?арым-?атынас жасау?а, ?ажетті да?дыны,
адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру.
Дидактикалы? ойындарды ?йымдастыруда т?мендегі элементтерге с?йінеміз:

Дидактикалы? ойынны? ??ралы, саба?ты? да ??ралы  болып есептеледі. Мысалы: таблицалар, модельдер, таратылу материалдары, интерактивті та?та, т.б. Дидактикалы? ойынды саба?ты? кезе?деріне байланысты ?олдануды?  орындылы?ы да бай?алады.
Дидактикалы? ойындарды ??ру мына негіздерге с?йенеді:
1) Балаларды? іс-?рекетіне ойын т?рлерімен о?уды байланыстыру,біртіндеп ?ызы?ты
же?іл ойындардан ойын-тапсырмалар ар?ылы берілген о?у-т?рбие м?селелеріне к?шу.
2) Шарты мен міндеттеріні? біртіндеп к?рделенуі.
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланы? а?ыл-ой белсенділігіні? к?шеюі.
4) О?у-т?рбие ма?саттарыны? бірлігі.
Дидактикалы? ойындарды? сапалылы?ы:
Оларды? саба?ты? ?р кезе?індегі орны мен міндетін, ма?сатын д?л аны?тау?а, оны ?олдануды? теориясы мен практикасын м??алімні? жетік ме?геруіне, шеберлік танытуына, ойын?а ?ажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын ?рдісіне о?ушыларды белсенді ?атыстыруына байланысты болады.
Математикалы? мазм?нында?ы дидактикалы? ойынны?  сапалылы?ына ?сер ететін келесі с?ра?тарды?арастыру керек:
•    Ойынны? ма?саты. Ойынны? кезінде о?ушылар ?андай математикалы? білік  пен да?дыны ?алыптастырады?
•    ?атысушыларды? саны.
•    Ойын?а ?андай дидактикалы? материалдар ?ажет болады ?
•    Ойынны? ережесімен таныстыру?а ?аншама уа?ыт кетеді?
•    ?анша уа?ытт?а ойын есептелінген? Ойын ?ызы?ты ж?не ?серлі бола ма? Осы ойынды та?ы ойнау?а келіседі ме?
•    О?ушыларды т?гелдей ?атыстыруды? ?андай амалдары бар?
•    О?ушыларды? ойын?а ?атысуын ба?ылауды ?алай  ?йымдастыру керек?
•    Ойынды ?ызы?ты етіп, о?ушыларды? белсенділігін к?теру ?шін ?андай ?згерістер ендіру керек болады?
•    Ойыннан со? ?андай ?орытынды жасау керек?
Ойын  кезінде келесі жа?дайларды ескеру керек:

Ескеретін жай    Кері ?сері            
Ойынны? шарты ?арапайым ж?не аны? болу керек, ал ?сынылатын материалды? математикалы? мазм?ны  о?ушылар?а ?абылдауына сай болуы керек.    Ойын о?ушыларды ?ызы?тырмауы ж?не формальды т?рде ?туі м?мкін.
Ойын кезінде ?олданылатын дидактикалы? материалды? ?олдану?а ы??айлы болуы.    Керісінше жа?дайда ойынны? ?сері т?мендейді.
Математикада ойынны?  м?нері болуы шарт.    Ойын ережесінен асып кету, о?ушыларды барлы? ісі?ізді «Ойын» деп ?абылдау?а итермелейді.
Ойынны? кезінде о?ушылар ?з ойын ?ыс?а ж?не сауатты тілмен  жеткізу керек.    Математикалы? тілде сауатты с?йлеуі т?мендейді.
Ойынды сол саба?ты? ?стінде ая?тап, ойынны? н?тижесіне жету.    Егер уа?ытылы н?тиже шы?арылмаса ойынны? м?ні кетеді.

Дидактикалы? ойынны? белгілі бір н?тижесі болады, ол ойынны? финалы болып есептелінеді, я?ни ойынны? ая?ы.
М??алім ?шін ойынны? н?тижесі о?ушыларды? математика саласында?ы жетістіктеріні? к?рсеткіші болып табылады немесе о?у-білімді игеру де?гейі болып есептелінеді.
Мен ?з т?жірибемде «Математикалы? лото»  ойынын  «Онды? б?лшектер», «Б?тін сандар» та?ырыбына байланысты пайдалан?ан кезде о?ушылар белсенді ?атысып, ойынны? н?тижесіне к??ілдері толды.

 Ауызша есептеулерге ойын ?йымдастыру?а к?п уа?ыт кетпейді, біра? о?ушыларды? ойлау ?абілетін дамыту?а жа?сы ?серін береді. О?ушылар шапша?, д?рыс есептегеніне к?зі жете отырып, ?уанышта болады. «?здік сана?ыш», «Кім жылдам?» ойындары о?ушыларды? жа?сы к?ретін ойындары болып табылады. Ол ойындарды ?йымдастыруда м??алімні?  ?зі  немесе о?ушылар бір-біріне тапсырмалар ?зірлеуі  м?мкін.
«Суретшілер бай?ауы» ойыны барлы? о?ушылар?а ?нады, координаталы? ж?йеде сурет шы?ару. О?ушылар ?йден ?здері суреттер ??растырып бір-біріне тапсырмалар ?зерледі. Б?л ойын о?ушыларды? координаталы? ж?йеде ешбір ?атесіз ж?мыс жасап ?йренуге м?мкіндік береді.
«Кім жылдам» ойыны к?рші о?ушымен ж?мыс жасау?а м?мкіндік береді.
Барлы? о?ушы бірдей карточка ?зірлейді ж?не ?рбір ?атар?а бір н?ктеден ?ойып шы?ады. К?ршілес о?ушылар карточкаларын алмастырады. М??алім  н?ктені? бойында?ы сандармен бірдей бір амал орындауды тапсырады.  2-3 минуттан со? о?ушылар карточкаларын ?айтып беріп, н?тижелерін ?зара тексертеді, ба?алайды. Тапсырмаларды тексерген со? м??алім жина?тап алып, ?орытындылайды.

-4    -3    -2    -1    0    1    2    3    4
3                        *
2    *        *
1                                *
0        *
1                *
2                    *
3                            *

Математикалы? ребус, кроссвордтарды, тестті, «си?ырлы квадратты» шешуді интерактивті та?таны? к?мегімен ?йымдастыру м??алімге уа?ытты ?немдеуге к?п м?мкіндік береді.
?лтты? т?рбие беру ма?сатын к?здеген м??алім ?лтты? ойындарды?  шартын математикалы?  ойын?а байланысты ?згерте отырып ?олдана алады.
?лтты? ойындарды саба?та ?олдану ар?ылы о?ушыларды? математика?а деген ?ызы?ушылы?ын, белсенділігін арттыру?а, тап?ырлы??а, шапша?ды??а, салт-д?ст?р ар?ылы ой-?рісін дамыту?а болады. ?аза?ты? ?лтты? ойындарынан ?осымша ма??лматтар алады.  ?лтты? д?ст?рге т?рбиеленеді. «Б?йге», «А? с?йек», «К?кпар», «?ыз ?уу» ойындары о?у барысында к?п  ?олданылады. Мысалы: «К?кпар» ойыны. Та?та?а к?кпар тартып жат?ан с?ті бейнеленген сурет ілінеді. Тапсырма беріледі. ?р ауылдан бір бала шы?ып есепті шы?арады. Ойынны? ма?саты берілген есепті тез ?рі ?атесіз шы?ару. Екі бала та?тада бір есепті шы?арады. Б?л ?діс В.Шаталовты? сенім ?дісі бойынша алын?ан. «?ыз ?уу» ойыны. Та?та?а ?ыз ?уу ойыны бейнеленген сурет ілінеді. Та?та?а бір ?ыз бала, бір ер бала шы?ып, тапсырмалар орындайды. Шешімдер тексеріліп, же?імпаз аны?талады. «Б?йге» ойыны. Б?йге ойыны-ат жырысы. О?ан ж?йрік баптал?ан атпен шабандоздар ?атыс?ан. Озып келгендер бас ж?лдеге ие бол?ан. Бізді? ма?сатымыз мыналар: тізімдегі сандарды? ішіндегі е? ?лкені мен е? кішісіні? ?осындысын табу: 3,02; 0,96; 15,4; 5,002; 19,2; 2,6. Жауабы: 0,96+19,2=20,16
Сол ар?ылы о?ушыны? бай?ампазды?ын бай?ау?а ж?не к?з зердесін ?алыптастыру?а болады.
Балалар ойын барысында ?здерін еркін сезінеді, ізденімпазды?, тап?ырлы? ?асиеттері бай?алады. Сезіну, ?абылдау, ойлау, зейін ?ою, ерік ар?ылы т?рлі психологикалы? т?сінікпен сезім ?рекетіне с?йенеді. Ойын ?стінде бала ?уаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.
Дидактикалы? ойындар о?ушыларды ?з бетінше ж?мыс істеуге да?дыландырады, оларды? ойлау ?абілеттерін, ізденімпаздылы?ын арттырады, с?з ?орын молайту?а к?мектеседі, саба?та дидактикалы? ойындарды пайдалану мектеп о?ушыларын сол п?нге белсенділігін арттырады, ба?дарламалы? материалдарды ?ажет де?гейде ме?геруге ы?пал етеді.
«Математиканы? аны?тамасын бере алмайсын, оны? бір айры?ша ?асиетін мойындамай — ол ?ызы?ты»-деген Поляни, мен де осы с?здерге ?осыламын ж?не осындай керемет п?нге о?ушыларымызды ?ызы?тыра білейік,- дегім келеді.
Ал о?ушыларды? математика саба?ында п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыруда дидактикалы? ойындарды? ролі айры?ша, себебі ?ай жаста болса да, адам ойын?а ?ызы??ан.

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер:

1.    Математика. Тест тапсырмалары: Жалпы білім беретін мектепті? 5-6 сыныптарына арнал?ан/ Алдам?ратова Т.А., Снегуренко Н.Б., Шынтемірова ?.К.-2-басылым.- Алматы: Атам?ра, 2010.
2.    Рудик  Г. А. «Игры и их педагогическое значения»  («Значение» 1949-90 стр)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама"Саба?тарда ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ"»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

 Әлия Молдағұлова атындағы  №173

   орта мектебінің  математика

пәнінің мұғaлімі

Бабашева  Жанар Мұратқызы

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ  ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Математика пәні- күрделі пән, сол себептен оны қызықты ету мүмкіндігінен  айырылып қалмау керек.
Паскаль.

Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі

қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі  қазіргі заман талабына сай болуы баршаның мақсаты болып отыр. Елбасы биылғы Жолдауында «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс», — деп атап көрсетті.
Ал оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағытта пәндерді игеруі- математикадан басталады. Математика пәнін дұрыс игермеген оқушы осы бағыттағы қай салаға  да маман болып барса да шеберлік шыңына жетуі қиынға соғады. Сондықтан ғылымның негізі болып табылатын математика пәнін оқушы сапалы түрде игеруі тиіс.
            Қазіргі заманның оқушысына оқуға, білім алуға не кедергі? Оқуға қызығушылықтың жоқтығы десем қателеспеймін.
Қазір оқушыны жан-жақтан, қоршаған ортадан алаңдататын көптеген қызықты, қолжетімді «объектіліер» көп-теледидар, компьютер, интернет желісі, т.б. құрылғылар.
Осындай ортадан оқушының назарын оқуға, білімге тарту оңайға түспейтіні белгілі. Бірақ қай заманда болсын ұстаздың шеберлігі сонымен сомдалады, түрлі кедергілерді жеңе біліп, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыта отырып, білімді шәкірт тәрбиелеу.
Мұғалімнің шеберлігінің кілті оның сабақ технологиясын меңгеруі, әдістемелік тәсілдерді тиімді қолдана білуі болып табылады.
Осындай  тиімді де, нәтижелі әдістердің бірі-дидактикалық ойындар деп есептеймін.                Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі т.б.
            Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады.
            Математикалық ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
            Ойын-екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды   дидактикалық ойындар дейді.

Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері

Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты:

Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту, таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Міндеті:

1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда төмендегі элементтерге сүйінеміз:

Дидактикалық ойынның құралы, сабақтың да құралы  болып есептеледі. Мысалы: таблицалар, модельдер, таратылу материалдары, интерактивті тақта, т.б. Дидактикалық ойынды сабақтың кезеңдеріне байланысты қолданудың  орындылығы да байқалады.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты
жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Математикалық мазмұнындағы дидактикалық ойынның  сапалылығына әсер ететін келесі сұрақтардықарастыру керек:
•    Ойынның мақсаты. Ойынның кезінде оқушылар қандай математикалық білік  пен дағдыны қалыптастырады?
•    Қатысушылардың саны.
•    Ойынға қандай дидактикалық материалдар қажет болады ?
•    Ойынның ережесімен таныстыруға қаншама уақыт кетеді?
•    Қанша уақыттқа ойын есептелінген? Ойын қызықты және әсерлі бола ма? Осы ойынды тағы ойнауға келіседі ме?
•    Оқушыларды түгелдей қатыстырудың қандай амалдары бар?
•    Оқушылардың ойынға қатысуын бақылауды қалай  ұйымдастыру керек?
•    Ойынды қызықты етіп, оқушылардың белсенділігін көтеру үшін қандай өзгерістер ендіру керек болады?
•    Ойыннан соң қандай қорытынды жасау керек?
Ойын  кезінде келесі жағдайларды ескеру керек:

Ескеретін жай    Кері әсері
Ойынның шарты қарапайым және анық болу керек, ал ұсынылатын материалдың математикалық мазмұны  оқушыларға қабылдауына сай болуы керек.    Ойын оқушыларды қызықтырмауы және формальды түрде өтуі мүмкін.
Ойын кезінде қолданылатын дидактикалық материалдың қолдануға ыңғайлы болуы.    Керісінше жағдайда ойынның әсері төмендейді.
Математикада ойынның өз мәнері болуы шарт.    Ойын ережесінен асып кету, оқушыларды барлық ісіңізді «Ойын» деп қабылдауға итермелейді.
Ойынның кезінде оқушылар өз ойын қысқа және сауатты тілмен  жеткізу керек.    Математикалық тілде сауатты сөйлеуі төмендейді.
Ойынды сол сабақтың үстінде аяқтап, ойынның нәтижесіне жету.    Егер уақытылы нәтиже шығарылмаса ойынның мәні кетеді.

Дидактикалық ойынның белгілі бір нәтижесі болады, ол ойынның финалы болып есептелінеді, яғни ойынның аяғы.
Мұғалім үшін ойынның нәтижесі оқушылардың математика саласындағы жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады немесе оқу-білімді игеру деңгейі болып есептелінеді.
Мен өз тәжірибемде «Математикалық лото»  ойынын  «Ондық бөлшектер», «Бүтін сандар» тақырыбына байланысты пайдаланған кезде оқушылар белсенді қатысып, ойынның нәтижесіне көңілдері толды.

 Ауызша есептеулерге ойын ұйымдастыруға көп уақыт кетпейді, бірақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға жақсы әсерін береді. Оқушылар шапшаң, дұрыс есептегеніне көзі жете отырып, қуанышта болады. «Үздік санағыш», «Кім жылдам?» ойындары оқушылардың жақсы көретін ойындары болып табылады. Ол ойындарды ұйымдастыруда мұғалімнің  өзі  немесе оқушылар бір-біріне тапсырмалар әзірлеуі  мүмкін.
«Суретшілер байқауы» ойыны барлық оқушыларға ұнады, координаталық жүйеде сурет шығару. Оқушылар үйден өздері суреттер құрастырып бір-біріне тапсырмалар әзерледі. Бұл ойын оқушылардың координаталық жүйеде ешбір қатесіз жұмыс жасап үйренуге мүмкіндік береді.
«Кім жылдам» ойыны көрші оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Барлық оқушы бірдей карточка әзірлейді және әрбір қатарға бір нүктеден қойып шығады. Көршілес оқушылар карточкаларын алмастырады. Мұғалім  нүктенің бойындағы сандармен бірдей бір амал орындауды тапсырады.  2-3 минуттан соң оқушылар карточкаларын қайтып беріп, нәтижелерін өзара тексертеді, бағалайды. Тапсырмаларды тексерген соң мұғалім жинақтап алып, қорытындылайды.

-4    -3    -2    -1    0    1    2    3    4
3                        *
2    *        *
1                                *
0        *
1                *
2                    *
3                            *

Математикалық ребус, кроссвордтарды, тестті, «сиқырлы квадратты» шешуді интерактивті тақтаның көмегімен ұйымдастыру мұғалімге уақытты үнемдеуге көп мүмкіндік береді.
Ұлттық тәрбие беру мақсатын көздеген мұғалім ұлттық ойындардың  шартын математикалық  ойынға байланысты өзгерте отырып қолдана алады.
Ұлттық ойындарды сабақта қолдану арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруға, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, салт-дәстүр арқылы ой-өрісін дамытуға болады. Қазақтың ұлттық ойындарынан қосымша мағұлматтар алады.  Ұлттық дәстүрге тәрбиеленеді. «Бәйге», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Қыз қуу» ойындары оқу барысында көп  қолданылады. Мысалы: «Көкпар» ойыны. Тақтаға көкпар тартып жатқан сәті бейнеленген сурет ілінеді. Тапсырма беріледі. Әр ауылдан бір бала шығып есепті шығарады. Ойынның мақсаты берілген есепті тез әрі қатесіз шығару. Екі бала тақтада бір есепті шығарады. Бұл әдіс В.Шаталовтың сенім әдісі бойынша алынған. «Қыз қуу» ойыны. Тақтаға қыз қуу ойыны бейнеленген сурет ілінеді. Тақтаға бір қыз бала, бір ер бала шығып, тапсырмалар орындайды. Шешімдер тексеріліп, жеңімпаз анықталады. «Бәйге» ойыны. Бәйге ойыны-ат жырысы. Оған жүйрік бапталған атпен шабандоздар қатысқан. Озып келгендер бас жүлдеге ие болған. Біздің мақсатымыз мыналар: тізімдегі сандардың ішіндегі ең үлкені мен ең кішісінің қосындысын табу: 3,02; 0,96; 15,4; 5,002; 19,2; 2,6. Жауабы: 0,96+19,2=20,16
Сол арқылы оқушының байқампаздығын байқауға және көз зердесін қалыптастыруға болады.
Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
«Математиканың анықтамасын бере алмайсын, оның бір айрықша қасиетін мойындамай — ол қызықты»-деген Поляни, мен де осы сөздерге қосыламын және осындай керемет пәнге оқушыларымызды қызықтыра білейік,- дегім келеді.
Ал оқушылардың математика сабағында пәнге қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындардың ролі айрықша, себебі қай жаста болса да, адам ойынға қызыққан.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    Математика. Тест тапсырмалары: Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған/ Алдамұратова Т.А., Снегуренко Н.Б., Шынтемірова Ә.К.-2-басылым.- Алматы: Атамұра, 2010.
2.    Рудик  Г. А. «Игры и их педагогическое значения»  («Значение» 1949-90 стр)

ОЙЫН АРҚЫЛЫ  БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.

   Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.

Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.

Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді. Қазіргі білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім-білік дағдыларды қалыптастырудың жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әрекеттерін дамыту бағалау жүйесінде өзгерістердің енгізілуін көздейді. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым, мінез- құлқында еріктілік жеткіліксіз, алдында кездескен мысалдарды шешуге практикалық тұрғыдан қарайды. Сондықтан да біз өз сабақтарымызда ойын әдістерін көптеп қолданамыз.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Өз іс-тәжірибемде өтетін сабақтарым көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар            «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының кейбір элементтерін сабақта қолданып жүрмін және «Ойын арқылы оқыту» технологиясында қолдануды дұрыс көремін. Бірінші сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның – ойлауын тыйғаның» деген қағида бекер айтылмаған. Қазақ халқының ұлы ақыны  А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға қызығушылығы артып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Ойын түрлерінің материалдары сабактың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз. Сөздерді дыбысқа талдау, сөз құрастыру жұмыстарына жаңашыл педагог Амоношвилидің ойын тәсілін пайдаландым.Ізденімдік ойындар – оқушыларды ізденімпаздыққа белгісізді табуға құштарлыққа үйрететін дидактикалық ойындардың бір түрі. Сабақ барысында ойындарды кірістіре оқыту сабаққа белсенділігін арттырады. Оқушыларға қазақ тілі дыбыс жүйесінің өзіндік белгілерін саралап танытуда, олардың фонетикалық біліктері мен білімдерін тәжірибеде қолдануда Ізденімдік ойындардың қызметі ерекше. Мысалы: «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын өткенде төмендегідей ізденімдік ойындарды өткізу оң нәтижеге қол жеткізеді.«Сөзді тап» ойыны. Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетінжетілдіру. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. Мысалы: сабақта жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді, олар оқушының ой -өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына баламасына қарай олардың атын табуға, сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.

Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуге тиіс. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Оқушылардың кейбір әріптерге, әсіресе « Р», «Л», «С», «Ң» дыбыстарына тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш ойындарын пайдаланудың мәні зор. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын-бірден- бір таптырмайтын құрал. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, білім алады, нашар оқитын оқушылардың өздері де ойынға араласып сабаққа ынтасы артады. Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін, дүниетанымын жетілдіруде сюжетті рөлді ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс -әрекеті әлеуметтік сипат алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мысалы : «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалы бойынша рөлдік ойын ойнаттым. Сынып оқушыларын 2топқа бөлдім. Қай топтың оқушылары рөлін жақсы ойнап, топқа берілген тапсырманы дұрыс орындаса, сол топ жеңіске жетеді.Алғашқы болып 2-ші топ оқушылары шықты. Бір оқушы автор сөзін оқып тұрды. Тоқылдақ рөлін ойнап шыққан Нұрсұлтан тоқылдақ секілді тоқылдатып келеді. Ойынның ережесі бойынша рөлде ойнап тұрған оқушының ненің рөлінде ойнап тұрғанын табу қажет. Осылайша барлық құстардың қимыл қозғалысын айнытпай салып шықты. Бұндай ойындарға математика сабағында «Сатушы», «Кітапханада»т.б ойындарды ойнатуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойынның бір түрі ойын жаттығулар.Ол оқушылардың белгілі бір қабілетін жетілдіруге бағытталған. «Сөзжұмбақ», «Ребус», «Ұйқасын тап» ойындары арқылы балалардың білсем деген ұғымы артады. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Сабақ үстінде ребустарды үнемі пайдаланып отырамын, сонымен бірге үйге ойдан ребустар, сөзжұмбақтар құрастырып келуді тапсырамын. Оқушының ізденушілік қабілетімен бірге белсенділігі артады. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдаланып отырамын. Сабақта жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады. Сондай ақ жатқа жазуда есте сақтау қабілетін дамытады. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.

« Қимыл –қозғалыс» ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын оқушының өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Мысалы: « Кім керек?»,»Көңілді поезд», «Мысық пен тышқан», « Өз орныңды тап», математика сабағында көп пайдаланатын, әсіресе көбейту кестесін еске түсіру мақсатында қолданылатын ойынның түрі « Қалт етпе қағып ал, жауабын тауып ал!» бұл ойын балаларды тез ойлауға, көбейту кестесін жылдам жаттауға септігін тигізеді.

Дидактикалық ойындарға сабақ материалын тереңдетуге және бекітуге арналған ойындар жатады. Оқушылар дидактикалық ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды. Бұл ойындардың ережесі балалардың түсінуіне оңай қарапайым, әрі қысқа болу керек. Сабақта ойын түрлерін ретсіз, әрі жиі қолдану оқушыларды жалықтырады. Дидактикалық ойындардың ырғағын сақтау мұғалімнің шеберлігін танытады. Бұндай ойындарды сабақта түрлі әдіс–тәсілдермен қызықты, әрі мазмұнды өткізу үшін әсіресе балалардың ерекшелігіне баса зейін аударып, сабақ кезеңдерін бір –бірімен логикалық байланысқа құрып, өзара бірін-бірі дамытып, толықтырып отыратындай етіп ұйымдастырып байланыстырып сөйлеуге мынандай ойындар пайдалануға болады.Мысалы: «Балық аулау», «Кірпіге көмек», «Бәйге», «Қарлығаштың тапсырмасы», «Қайда өседі?», «Жемістер жинау» ойындары. Сонымен қатар математика сабағында ойынды пайдалану мүмкіндігі өте көп. Оларды қолдану ретіне қарай түрлендіріп өткізуге болады. Сан аралас мақал мәтелдерді оқытамын. Бұл әдіс оқушыларды қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Мен, сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым. Ойын – балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа,ізгілікке әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Осындай ойындарға белсенді қатынасып, қазір жетістіктерімен танылып жүрген шәкірттерім Насұрлла Ділназ,Сапарғалиұлы Нұрсұлтан,Айжанова Аяулым,Совет Дарын. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады. Өзімнің оқытып отырған сыныбымда 2011жылы 61%, 2012жылы 68%,2013жылы 71% оқу сапасын көрсетті.Нәтижесінде:Тіл байлығы артады. Ойлау қабілеті дамиды.Білім алады. Нашар оқушылардың сабаққа ынтасы артады. Психикасына сапалы өзгерістер әкеледі. Мінез құлқы қалыптасады. Таным қабілеті артады. Ойынды ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне тікелей байланысты. Бала ойын үстінде білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.

Ана тілі мен қазақ тілі сабақтарында «Жалғастыр»,

 «Ұйқасын тап» ойын түрлерін қолдану оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады.

Шай ішетін кеше

Сатып алдық. (кесе)

Қорыта келгенде, жоғарыда аталған технологияны дұрыс, орынды, шеберлікпен қолдана білсек, үлкен нәтижеге жетуге болады және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болады.Біздің өткізген сабағымыз оқушыларға қызықты болып оларды жалықтырмауы қажет. Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт жоқ деп сөзімді аяқтағым келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.Аймауытов Психология.Алматы. 1995 -78 б

2. С.Ахметов «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары.» Алматы «Рауан» 1994 ж. 63-б

3. Р.Б.Нұртазина, А. Д Сейсенова. «Мен оқимын,ойнаймын ойлаймын!» 1,2 кітаптары. «Арман» баспасы. 2003 26-б

4. С.Рахметова Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-А,2003.-135-бет

5. Е.Сағындықов Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану Алматы «Рауан»1993ж

6. К.Д.Ушинский «Таңдамалы шығармалары» V том 54-б

7. журнал «Педагогика жаршысы»№4,№3 2010ж,

Тақырыбы:                          

«Баланың логикалық ойлауын ойын арқылы дамыту»

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

    1.1. Білім берудің басты құралы – ойын.

ІІ.Негізгі бөлім

    2.1. Баланың логикалық ойлауын  ойын арқылы дамыту

    2.2.Ойынға қойылатын талаптар мен ойынның түрлері 

ІІІ.Қорытынды бөлім

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

 1.1. Білім берудің басты құралы – ойын.

Орыс ғалымы Л.В. Занков “Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы”–деп атап көрсеткендей, күн сайынғы тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу,бүгінгі күннің мұғалімнен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи  жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде.Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып,сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең  бастысы –оқушының білім  жетістіктерін жақсартуға  ықпал етеді. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Баланың логикалық ойлауын  ойын арқылы дамыту

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер де аз емес. Себебі ойын оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс әрекеттің бір түрі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімдерінжетілдіреді.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс іс әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір - біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімін арттырады.Ойын кезінде барлық оқушы бірдей, өйткені барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта жұмыс істейді. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа балалармен бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Тез тілдік материал жатталады, ол оқушы өзінің басқалармен бірге сабаққа қатысқанына көңілі толып отырады.
Сонымен қатар ойын кезінде белгілі бір нәтижеге жету үшін оқушылар тек қана сөзді ғана қолданып қана қоймай, мимика, жест түрлерінде қолдана алады. Ал, ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік, сезім түрлерінде дамытады.

2.2.Ойынға қойылатын талаптар мен ойынның түрлері 

         Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптардапайдаланатын

ойын сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық есеп ойындар, ұлттық ойындар. Мұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Сондықтан бүгінгі күні қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған сауатты, саналы азама тәрбиелеу мәселесінің баянды болуы оқу - тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға жетелеп, оның тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.
Ойынға қойылатын талаптар мыналар:
-балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру
-баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру
-білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету
-ойын барысында балаға жаңа білім, білі, дағдылардың қайнар көзіне жету
-баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдылармен сәйкес келетіндігі.
Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойынын алар болсақ, оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Ребустар шешудің ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.Ұлттық ойындарды қолдану сабақ мазмұнын байыта түседі және баланың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, онша қиындық келтірмейді. Бірінші класта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ секілді ойын түрлерін ойнату тиімді. «Он саусақ» өлеңін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып, ауызша тез есептеуге, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады. Халықтың байырғы ауызша есептері, халық ойындары мұның дәлелі. Атап айтсақ, «Қай қолымда?», «Үш әділ», «Торғай мен бұтақ», «Сөз мәнісін байқайық» т.б.

Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес.Соның бірі - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құмарлықтарын арттыру.Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығару керек. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.

Логикалық тапсырмалар түрлері:
-айырмашылықты тап;
-артық затты тап;
-жетпей тұрған затты тап;
-қандай фигура жетіспейді;
-цифрларды тап;
-танграм;
-судоку  т.б.

"Танграм" – 4000 жылдық тарихы бар ақыл-ойды дамытатын қытай ойыны.

Түрлі пішіндегі фигураларды қиып алып бір-біріне қиюластырып жапсыру    арқылы  әркім өз қиялымен алдын ала білетін немесе жаңадан ойлап қалаған бейненің кескінін келтіру.

7 фигурадан 100-деген бейне жасауға болады.

Әлемдегі ең танымал сөзжұмбақ түрлерінің бірі- судоку .
Ол санмен байланысты жапондық жұмбақ.Судоку логиканы,зейінді,есте сақтау қабілеттерін дамытатын басқатырғыш.

Бір шырпы қозғау арқылы 0-ге тең болу керек
ІІІ. Қорытынды

Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Жұмабаев М. Педагогика Алматы, Рауан, 1993, 154 б.

  1. «Бастауыш мектеп» журналы. №1, 2002 жыл

  2. «Бастауыш мектеп» журналы. №9, 2002 жыл

  3. «Бастауыш сынып» журналы. №4, 2012 жыл

  4. «Бастауыш мектеп» журналы. №4, 2000 жыл

6.  «Бастауыш  мектеп»  журналы   2014  жыл

7.   PISA халықаралық зерттеуі (әдістемелік құрал) Астана 2013

  1.  Логикалық тапсырмалар т.б.

  2. Ғаламтор беттерінен

Просмотр содержимого документа Баяндаманың тақырыбы: Баланың логикалық ойлауын ойын арқылы дамыту




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Айтбаева Г?н?р Амалбек?ызы

Дата: 27.01.2016

Номер свидетельства: 283621


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства