сабақ | Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектебі | 17.05.16ж |
Сабақ тақырыбы: | «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау критерий» модулі арқылы білім сапасын арттыру |
Жалпы мақсат: | ӘБ мұғалімдер арасынан бірлесіп жұмыс істейтін адамдар мен мектептің мәселесін анықтау. |
Сілтеме: | 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 23-24 б.б. |
Оқу нәтижесі | Әр мұғалім бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі керектігін, қалай бағалай алуын топтық жұмыстарда түсінеді. Әріптестерге кәсіби қолдау көрсетуге дайын болу. |
Түйінді идеялар: | Күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе туралы бара-бар пікір қалыптастыру |
Сабақта қолданылатын материалдар: | А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам. |
Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер Коучинг АКТ | Сергіту сәті Топқа бөлу Ой шақыру әдісі «Макет» жасау Критерий құру Формативті бағалау Кері байланыс |
Дерек көздері: | Аудиажазба, әдеби материалдар, газет-журналдар. |
Тапсырмалар: | Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация, |
Оқуға арналған тапсырма: | «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» Мұғалімге арналған нұсқаулық. |
Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату. | Әр мұғалім өзінің жанында тұрған әріптесінің атын атап, оған өзінің жылы лебізін, тілегін айтады. |
Сабақтың барысы: | 1) Мұғалімдерді ақша түрлеріне байланысты бөліп отырғызу. 2) сергіту сәті |
І. Қызығушылықты ояту кезеңі | Ой шақыру әдісі Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады. Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады? Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі –бағалау мәселесіне тоқталамыз. (бағалау туралы: слайд) – Бағалау дегеніміз не? Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?Сіз сабақта нені бағалайсыз?«5», «4», «3», «2» деген бағаларды қалай қоясыздар? Бұл бағаларды қойғанда нені ескересіз? |
«Дейінжәне кейін» стратегиясы. «Дейін»: алдымен мұғалімдерге өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын |
Шығармашылық тапсырма Жеке тапсырма | . Жылқының суретін салу (Мұғалімдерге кішкентай парақшалар үлестіріліп беріледі) Топтың әр мүшесі парақшаға жылқының суретін өз түсінгендері бойынша салады. Бірін-бірі бағалайды Қатар отырған мұғалімдерге салған суреттерін ауыстырып бағалау тапсырылады. Осы салынған суретке байланысты коуч бағалау критерийін ұсынады, критерий бойынша қайта бағалатады. |
| |
Критерий бойынша бағалау | Осы салынған суретке байланысты коуч бағалау критерийін ұсынады, критерий бойынша қайта бағалатады. Бағалау критерийі: Қағаз бетіне орналасуы | Толық қағаз бетіне – 3 ұпай | Жарты қағаз бетіне-2 ұпай | 1\3 бөлігінде– 1 ұпай | Түстердің үйлесімділігі | 4 түсті – 3 ұпай | 2-3 түсті- 2 ұпай | 1 түсті– 1 ұпай | Дене мүшелерінің саны | 5 мүшесі болса – 3 ұпай | 3-4 мүшесі болса – 2 ұпай | 1-2 мүшесі болса- 1 ұпай | | Критерий бойынша бағалау мен өз бағалағандарын салыстырады. Критерий бойынша ұпайлардың санын қосады. 9 ұпай – «5» 8-6 ұпай – «4» 5-3 ұпай – «3» |
Тапсырма бойынша рефлексия | Бұл бағалау түрі сіздерге түсінікті ме? Бұл бағалауды қалай атауға болады? Әріптесіңіз қойған бағамен қандай айырмашылығы бар? Қай бағаны қойған сізге жеңілдірек болды? Қойылған бағаның қайсысы сізге ұнады? | Пікірталас |
Сергіту сәті | Капитан ойыны арқылы топқа бөлу | Белгілер бойынша мыналарды орындау Капитан өз шеңбері ішінде қозғалады Еден жуамыз-екі адамнан жұптасады Құтқару шеңбері-үш адамнан шеңбер жасайды Тамақтанамыз-төрт адамнан бірігеді Қайық-бес адамнан қатарға тұрады. Осылайша бірнеше рет қайталап,сол бес адамнан құрылған топ құрады. |
Шығармашылық тапсырма | Бес түрлі түсті қағазды қолдана отырып бәйтерек жасауды ұсынады.Әр топ сол тапсырмаға бағалау критериін құрылулары керек. Топтар бірлесе отырып бірінші критерилер құрып. Осы критерилерге сүйене отырып , топтық бағалауды жүзеге асырды. Сонымен қатар өзін өзі бағалау кестесінде ұпай жинай отырып, соңында жиналған ұпайларын санап өзін өзі бағалады. Жұмысты бағалау. «Бәйтерек» жеке-жеке жасалып болған соң дискрипті бағалау түрі жасалып, тақтаға жазылды. Әр топтың жұмыстары таныстырылып, дискриптор бойынша балл жинақталды. Дискрипті балл жинақтау жолдарын толығымен түсіндіріп, таныстырылымнан бағалау түрлеріне тоқталып өттім . «Макетті бағалау рубрикалары» деген критериалды бағалауды мұғалімдерге ұсынып отырды. № | Критерийлер | Дискриптер | 30 | | Макетті бағалау үшін...... | 1.Макеттің «Байтерекке» ұқсауы | 3 | 2. Орнықтылығы, мықтылығы | 3 | 3. Биіктігі, көлемі | 3 | «Бәйтерек» монументін бағалау. Критерий 1. Түпнұсқаға ұқсастығы 1 ұпай – Монумент, бірақ «Бәйтерек» монументіне мүлдем келмейді. 2 ұпай – Түпнұсқаға ұқсайды, бірақ кейбір элементтері сәйкес емес.Шпиль-антенна, аяқтары т.б. 3-ұпай – түпнұсқадан айнымайды. Орнықтылығы, мықтылығы 1 ұпай – Қабырғаға сүйемелденіп қана аяғына тұра алады. Өздігінен қисайып қалады да, құлай береді, орнынан қозғауға келмейді. 2 ұпай – Нық тұрады. Оң немесе сол жаққа сәл ғана қисайған. Дегенмен орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады. 3 ұпай – Нық тұрады, қисаймайды. Орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады. 3. Биіктігі, көлемі. 1 ұпай – 50 см 2 ұпай – 51-100 см 3 ұпай – 101-200 см Ұпайды бағаға айналдыру. 8-9 ұпай – «5» 5-7 ұпай – «4» 3-4 ұпай – «3» 0-2 ұпай – «2» |
Рефлексия Кері байланыс әдісі | Критерийлерді тексеру Әр топ 2 жұлдызша, 1 тілек әдісі бойынша өзге топтың жұмысына баға беру |
Қорытынды | Формативті бағалау түрлерімен бағалап, түсіндіру |
Бекітіу: | Бағалау критерий толтыру | Әр топ өз критерий ұсынады |
Курманбаева З.М.