Коучинг тақырыбы: | Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау. «Оқыту үшін бағалау- оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал». |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 109-115 бет.; Үлестірмелі нұсқаулық; Бағдарлама; Презентация «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»; |
Мақсаты: | Бағалау туралы заманауи түсінік беру, формативті және жиынтық бағалаудың айырмашылығын түсіндіру. Мұғалімдерге оқыту үшін бағалаудың мәні мен маңыздылығын ұғындыру. Мұғалімдерге бағалаудың түрлі әдіс тәсілдерін анықтауға көмектесу,бағалау үдерісін қалыптастыру. Оқытудағы жаңа тәсілдерді анықтай отырып, оны қолдап, дамыту әдіс-тәсілдерін қолдануды меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалау әдістерін меңгерту . |
Оқыту нәтижесі: | Коучинг барысында мұғалімдер бағалау үшін табыс критерилерін құрастыруға үйренеді. Бағалаудың екі түрін ажыратады, оқыту үшін бағалау- оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал екенін түсінеді. |
Негізгі идеялар: | -Формативті бағалау, суммативті бағалау; -Критериалды бағалаудың маңыздылығын меңгерту; |
| Шaттық шeңбepiнe тұpғызып «Өрмекші торы» тренингін жүргізу арқылы психологиялық ахуал туғызу (бір-біріне мадақтау сөздер мен комплименттер айту). |
Топқа бөліну | Ән атаулары арқылы топқа бөлу, ән айтқызу. І топ «Ұстаз» ІІ топ «Дос» ІІІ топ «Ана» |
Кіріспе тапсырма: | Презентация арқылы бағалау туралы мағлұмат беру. |
Ресурстары: | интертақта, слайдтар, маркер, стикерлер,видеожазба. |
| Мұғалімдерге сауалнама жүргізу. |
Тапсырмалар-дың түрлері: | Тапсырманы орындау барысында қолданылған тәсілдер | уақыт | Бағалау. |
тапсырма | бағалауға. |
1-тапсырма. | Оқу үрдісінде бағалау керек пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сіз сабақта бағалаудың қандай түрін қолданасыз? | 15мин | 2мин | «Бас бармақты жоғары көтеру», «төмен түсіру», «қимыл бағытын ауыстыра тын бас бармақ» |
2- тапсырма | Көбелек суретін салу арқылы бірін-бірі өзара бағалау Критерий шығару арқылы келесі көбелекті салу, бағалау Бұл бағаны не үшін қойғаны түсінікті ме? Көршіңіздің жұмысын бағалағанда неге назар аудардыңыз? Жұмысын бағалау оңай болды ма? Әр бала сабақ сайын бағалана ма? Бағалау тәсілі түсінікті болды ма? Сіз өткізген бағалау тәсілі тиімді ме? Қазіргі бағалау тәсілі арқылы не айтасыз? Екеуін салыстыру | 15 мин | 3 мин | Өзара бағалау Критерий арқылы бағалау |
Тренинг-сергіту | Сергіту сәтін жасату. | | | |
3- тапсырма 4-тапсырма: | Бейне жазба «Көрсетілім» стратегиясы «Көбелек» бейне жазбасын көрсету арқылы бейнежазбаны әрі қарай өз ойларымен толықтыру. Өз пікірлерін ортаға салу Бағалау не үшін керек? Мұғалім үшін маңызы? Оқушы үшін маңызы? | 20 мин 10мин | 3 мин Постер қорғау | |
Қорытынды. Кері байланыс | «Емен» ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу. Кері байланыс орнату. | 5 мин | | |
Қорытынды рефлексия | -Коучингтан алған әсерлерін екі жұлдыз ,бір тілек арқылы білдіру; -Мұғалімдерге сауалнама жүргізу; | 3 мин | | Екі жұлдыз, бір тілек. |
пәнінің мұғалімі Асатаева А.Б.