Просмотр содержимого документа
«Қашықтықтан білім беру аясында әдістемелік тәжірбие»
Қашықтықтан білім беру аясында әдістемелік тәжірбие
Қазақстан аумағында төтенше жағдай жариялауына байланысты еліміздің барлық білім беру мекемелері мен оқу орындары қашықтан оқуға көшкен болатын. Білім беру саласының қалыпты тыныс-тіршілігі желісін үзбей ары қарай да жемісті жалғастыру ең өзекті мәселелердің бірі ретінде күн тәртібінде тұрды. Осы орайда «ДИАНА» жоғары медицина колледж ұжымыда тың ізденістер негізінде жұмыс жүргізді. Бұл жағдай менің әдіскерлік жұмысыма біршаша өзгерістер алып келді. Қашықтан оқыту нысанына көшуде ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетуде жоспардан тыс ауқымды жұмыстар атқаруға тура келді. Бүгінде бір қалыпқа түскендей болған жұмыс ағымы ұтқыр ұйымдастырушылықтың және ұжымдық ұтымды еңбектің арқасында ғана жүзеге асып отыр.
«ДИАНА» жоғары медицина колледжі қашықтан оқыту платформалары ретінде «Edupage», «Zoom», «Google Classroom» бағдарламалары арқылы өз жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруда.
Вебинарлар үшін біз ZOOM платформасын қолданамыз. «ZOOM» — бұл ыңғайлы функционалдығы бар қарапайым және интуитивті платформа. Нақты уақыттағы кері байланыс, практикалық және зертханалық сабақтар, дәрістер, презентациялар, суреттер, бейне және аудио материалдар, сауалнамалар арқылы онлайн-чат өткізуге мүмкіндік береді. Бұл платформаның маңызды қасиеттерінің бірі — бағдарламаның қауіпсіздігі, 100 адамға дейін аудиториямен қамту, коммерциялық қол жетімділік.
Білім алушылармен тікелей онлайн-байланыс орнатудың әдістерін меңгеру. Бұл орайда, оқытушылардың ZOOM қосымшасын жылдам меңгеруін ұжымдық жиналыстар және қашықтықтан оқыту бойынша «Edupage» платформасында және ZOOM қосымшасында қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану әдістемесі», «Edupage» платформасының мазмұны мен сапасы бойынша әдістемелік көмек көрсету», «Қашықтықтан оқыту формуласы бойынша бейне сабақтарға әдістемелік нұсқаулық туралы» тақырыбында вебинарлар өткізу арқылы қол жеткіздік деуге болады. Соның нәтижесінде онлайн-сабақтар, бейне сабақтар өткізе алатын дәрежеге жеттік. Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтардың ақпараттық құзіреттілігін жетілдіру бағыты бойынша негізгі жұмыс ол арине бейне сабақтар болып табылады.
Алдымен біз колледждебейне-сабақтар түсіру бойынша әдістемелік ұсынымдар қалыптастырдық. Мысалы, бейне- сабақтарды түсіру үшін ZOOM, Bandicam (скрин рекорде) Screen Recorder, iRecorder бағдарламаларын пайдалану, сабақтарға СМАРТ – мақсат қою, қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін ұтымды оқу материалы мен тапсырмаларды таңдау, заманауи әдіс –тәсілдер қолдану, бағалау парақтарын құрастыру (критерий, дискрипторлаға көңіл бөлу), онлайн- ресурстерге сілтемелер беру, кері байланысты жүзеге асыру және т.б. Жалпы колледжде оқытушылар саны 64, оның 35 –і онлайн сабақтар мен бейне сабақтар түсірді. Нәтижесінде өзіміздің ютуб каналымызға 60 сабақ жүктелді.
Осындай бағыттарда жұмыс жасау нәтижесінде біздің ұжымның мүшелері ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын шыңдап, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыра білді. Әрине, кез-келген істің бастауы қиындық тудырары сөзсіз. Ең бастысы – қашықтан оқытуды дұрыс жағынан пайдаланып, қиындыққа мойымай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге әрекет жасасақ, бағындырар биігіміз бен алынбайтын қамалымыз болмасына ешкім күмән келтіре алмас. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты іс. Пандемия ерте ме, кеш пе аяқталады, ал білім қалады.. Жалпы алғанда, ДИАНА жоғары медицина колледжінің ұжымы «Қашықтықтан оқытуды» алдымыздан шыққан кедергі емес, бізге берілген тамаша мүмкіндік ретінде қабылдады.
Алматы облысы Жаркент қаласы ДИАНА жоғары медицина колледжі