kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі әдістемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

jhfgiuhdkxj.,cnvbgsidlgkv.mz dhigouklesjh;dorfkls

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі әдістемесі»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Бау - бақшада.

Мақсаты: 1. Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні тура­лы түсіндіру.

2. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумен дері, оның адам денсаулығына

маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: фланелеграф, көкөністер мен жемістердің мульяжі.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

Балаларға бір ыдысқа көкөністердің, бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып алып келемін.

- Ыдыстағы заттарды бір ауыз сөзбен қалай атауға болады? (Жемістер, көкөністер).

- Көкөністерге не жатады?

- Қауын, қарбыз, қияр, қызанақ, т.б.

- Көкөністер қайда өседі?

- Көкөністер бақшада өседі.

- Жемістерге не жатады?

- Алма, алмұрт, шие, өрік, т.б.

- Олар қайда өседі?

- Бақта өседі.

- Дұрыс айтасыңдар. Бақты бау деп те айтамыз. Бау - бақша - жеміс - жидек, көкөніс егілген жер. Бау - бақша әр үйдің айналасында болады.

Осы жерде орам жапырақ және қызанақ сөздеріне де сөздік жұмысы жүргізіледі.

Орам жапырақ - бақшада өсетін көкөніс түрі. Қызанақ - қызыл түсті көкөніс.







Сұраққа жауап береді.

Іздену

Ұйымдастырушы.

Суретпен жұмыс

Дәптердегі екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылығын түсіндіру. «Бау - бақшаны жинау» тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру.

3. Жұмбақтар шешу.

1. Көк ала лағым

Көгалда жатып семірді.

2. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Шешулері: қарбыз, сәбіз.

- Жұмбақтың шешуі болған қарбыз, сәбіз жеміске жата ма, әлде көкөніске жата ма?

- Көкөніске жатады.

- Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

- Шешуі: алма. Алма жеміске жатады.

- Тағы қандай жемістерді білесіңдер?

- Алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.

4. «Сиқырлы қоржын» дидактикалық ойыны.

Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.

Мысалы: алма - тәтті, домалақ, түсі - қызыл, көк, сары; сәбіз - қатты, сопақша; бұршақ - ащы, сопақша.

Балаларды екі топқа бөліп, бірінші топқа көкөніс деген сөзге, ал екінші топ жеміс сөзіне сөйлем құрастырады. Екі топ балалары көкөніс, жемістердің қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсету.

- Түстеріне, пішініне қарап, бір - бірінен айырмашылықтарын салыстырыңдар. (Қай топтың асығы көп, сол топ жеңімпаз атанады).

5. дәптермен жұмыс.

а) Екі тәрелкедегі жемістерді (алмұрт, алма, өрік) атау.

- Бірінші тәрелкеде неше алмұрт, неше алма және неше өрік бар?

- Екі алмұрт, бір алма, төрт өріктің суреті салынған.

- Екінші суретте не жетпей түр?

- Бір алмұрттың суреті жетпейді.

- Алмұрт туралы не білесіңдер? Әңгімелеңдер.

- Алмұрт - жеміс. Бақта өседі. Алмұрттың құрамында көптеген дәрумендер бар.

- Дәл осындай етіп, екі тәрелкеге қияр мен қызанақтың суретін салыңдар. Қияр мен қызанақ қайда өседі?

- Қияр мен қызанақ - көкөніс. Олар бақшада өседі.

ә) «Теңестір» жаттығуын орындау.

- Шөп арасында неше қоян жүр?

- Үш қоян.

- Суретте неше сәбіз берілген?

- Екі сәбіз.

- Онда қояндарға тағы неше сәбіз керек?

- Бір сәбіз керек.

6. Жаңылтпаш жаттау.

Алма теріп балақайлар,

Алақайлар,

Талапайлар.




Сурет бойынша әңгімелеу











Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

- Осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. Еңбектің арқасында жақсылық та, қуаныш та, байлық та болады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумен дері, оның адам

денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

Түсінігі: Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні тура­лы түсіндіру.

Көрсете білуі: Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісі.

Мақсаты: 1. Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын

түсіндіру.

2. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

3. Оқу іс - әрекеті барысында балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,

адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: нанның түрлері, бидай, комбайн, диірменнің суреттері.

Тілдік компонент: наубайхана, диірменші, қауыз, диқан.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

- Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

- Нанды неден пісіреді?

- Ұнды қалай жасайды? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

- Мынау - бидай масағы, сабағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп, нан пісіреді.







Сұраққа жауап береді.

Іздену

Ұйымдастырушы.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқу іс - әрекетінің барысында танысатын наубайхана, наубайшы, диірмен, комбайн сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Наубайхана - нан пісіретін, нан жабатын орын.

Наубайшы - наубайханада нан пісіретін адам.

Диірмен - дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.

Комбайн - әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.

3. Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды.

(Егін)

4. Педагогтің түсіндіруі.

- Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер?

- Диқан - егін шаруашылығымен айналысатын адам.

- Диқан көктемде егістікке егін - бидай, қарабидай, арпа, жүгері, сұлы, т.б. егеді. Оны жаздай күтіп - баптайды. Күзде егіс даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп, тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жібереді. Элеватор - бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болады, Одан диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады. (Элеватор, диірменнің суреттері көрсетіледі). Ұнды наубайхана жөнелтеді. Наубайханада наубайшылар әртүрлі нан пісіреді. Ыстық нан, ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш, т.б. пісіреді.

5. Сергіту сәтін өткізу.

Жайқалады аң бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп тербеледі).

Басын иіп аңқудай. (Бастарын иеді).

Трактор мен комбайн (Қолдарын алға созып, тракторды жүргізеді).

Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді).

6. М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісін оқу. Тәрбиеші ертегінің бөлім - бөлімге бөліп оқып, сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып отырады. (Ертегі хрестоматияда берілген). Дәптердегі ертегі мазмұнына сай салынған сурет арқылы ертегі мазмұны ашылады.

7. Жазбаша жұмыс.

8. Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуі: қырман.




Сурет бойынша әңгімелеу











Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

- Тышқанды қандай сұрақ мазалады?

- Нан қайдан келеді?

- Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?

- «Нан - байлық, нан - береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдер ме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.



Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын

айтуға тәрбиелеу.

Түсінігі: Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын

түсіндіру.

Көрсете білуі: Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.






















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің отбасым.

Мақсаты: 1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: нанның отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

- Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір - бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.

- Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң! Қайырлы күн!

- Сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Енді бір - бірімізге мақтау сөздер айтайық.

- Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.

- Ал сендер үйлеріңде бір - бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?

- Қайырлы таң, әкетайым, анашым!

- Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!

- Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.

- Бір үйде қандай адамдар тұрады?

- Бір үйде бір - біріне жақын адамдар тұрады.

- Оларды атаңдар.

- Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.

- Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесіңдер.







Сұраққа жауап береді.

Іздену

Ұйымдастырушы.

а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.

- Отбасы мүшелері қайда тұрады?

- Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.

- Олар қалай тұрады?

- Отбасы мүшелері тату - тәтті тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Нағашы ата - анасының әкесі.

Нағашы әже - анасының анасы.

Немере - ұл - қыздарынан туған бала.

б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

- Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.

Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау - бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

- Ата.

- Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер.

- Өзі мейірімді, әрқашанда қатық - майы, ірімшігі, қант - кәмпиті дайын. Ол кім?

- Әже.

- Ал сендердің әжелерің қандай?

Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Педагогтің көмегімен төмендегідей мақал құрастырады, мақалдың мағынасы ашылады.

Әке - асқар тау,

Ана - етегіндегі бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала, т.б.

3. Сергіту жаттығуын орындау.

Атам жылқы бағады. (Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).

Ағам пішен шабады. (Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).

Жеңгем сиыр сауады. (Отырып, сиыр сауғандай қимыл жасау).

Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).

в) Жазбаша жұмыс

1. Шытырман арқылы әжесінің ийіне апаратын жолды бояу.

2. «Сыңарын тап» ойыны.




Сурет бойынша әңгімелеу











Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

- Отбасы мүшелерін атаңдар.

- Отбасы мүшелері бір - бірімен қалай тұрады?


Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте

сақтау қабілеттерін дамыту.

Түсінігі: Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Көрсете білуі: Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.



















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Біздің үй.

Мақсаты: І.Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.

2.Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін

дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын

жеткізе білуге үйрету.

3. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: үй жиһазының суреті, үйдің сызбасы, бейнетаспа, суретті әліппе.

Тілдік компонент: жиһаз, жатынжай, мансард.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

Балаларға бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлаймын. Сұрақ - жауап әдісі арқылы кіріспе әңгімені өткіземін:

1. Балалар, сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?

2. Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?

3. Үйде қандай бөлме түрлері болады?







Сұраққа жауап береді.

Іздену

Ұйымдастырушы.

а) Дәптердегі суретпен жұмыс.

- Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ертеден өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы, бірнеше қабатты (екі, үш, төрт, т.б.) тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі - үш қабатты үй. Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер өте көп болады. Оның әр пәтерінде тұрғындар тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Коттедж - жеке ауласы бар сәнді салынған 2 - 3 қабатты үй. Мансард - шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме.

Жиһаз - үй бұйымы, мүлік. Жатынжай - ұйықтайтын бөлме.

б) Салыстыру жұмысын жүргізу.

Дәптердегі көп қабатты тұрғын үй мен коттедждің айырмашылықтарын әңгімелеу.

- Көп қабатты тұрғын үйдің коттеджден айырмашылығы қандай?

- Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке - жеке отбасылары тұрады. Олардың ауласы - бәріне ортақ бір аула. Ал коттеджде бір ғана отбасы мүшелері тұрады.

в) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлем құрату.

- Үйдің бірнеше бөлмелері болады. Олар: асүй, зал, балалар бөлмесі және жатынжай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар бола­ды. Қандай жиһаздар болады?

- Әдемі жиһаз, ағаштан жасалған жиһаздар болады.

- Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?

- Үстел, орындық, диван, төсек, шкаф, т.б.

- Шкафта не тұрады? Орындық не үшін керек?

г) «Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрастыру. Балалар өздері тұратын үй, оның бөлмелері және үйдегі жиһаздар туралы әңгімелейді.

г) «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны. Шарты: бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.




Жаңа сөздермен танысады



























Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

1. Біз қандай тақырыпта әңгіме құрастырдық?

2. Қандай үйлер бар? Олар туралы әңгімелеңдер.



Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.

Түсінігі: Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу

тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын

жеткізе білуге үйрету.

Көрсете білуі: Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.





































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қасқыр, түлкі әтеш» ертегісі.

Мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру.

2.Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ертегі мазмұнына сәйкес салынған сурет.

Тілдік компонент: шаһар, мұржа, таулы өлке, ну орман.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

Тыныштық сәті.

- Ертегі - бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегі де сиқырлы құралдар бар. Жануарлар, аңдар туралы қандай ертегі тыңдадыңдар? Естеріңе түсіріңдер. (Балалар көздерін жұмып, ата - аналарынан немесе басқа ересектерден тыңдаған ертегілерін естеріне түсіреді. Бір - екі бала естеріне түсірген ертегілерінің мазмұнын қысқаша айтып береді).



Ертегі туралы мағлұмат алады.

Іздену

Ұйымдастырушы.

«Қасқыр, түлкі және қоян» ертегісі

а) Педагог дауыс интонациясын дұрыс қойып, мәнерлеп оқиды, мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіреді.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу. Шаһар - қала.

Мұржа - пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік.

Култеле - шоқтау, шоғырлау. Түлкінің күлтеленген құйрығы.

б) Сұрақтарға жауап беру.

1. Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.

2. Қасқыр, Түлкі және Әтеш не салмақ болды?

3. Түлкі Қасқыр мен Әтешке қандай тапсырма берді?

4. Түлкі өзі не істеді?

5. Ертегі қалай аяқталды?

в) Балалардың пікірлерін тыңдау.

- Балалар, сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнады, қайсысы ұнамады? Шаһар салу үшін не істеу керек еді?

Балалардың үлгі жауабы:

- Маған Қасқыр мен Әтеш ұнады. Өйткені екеуі де Түлкінің айтқан тапсырмасын орындады. Екеуі де еңбекқор екен. Ал Түлкі ұнамады. Өйткені Қасқырды орманға жұмсап жіберіп, Әтешті жеп қойғысы келді.

- Шаһар салу үшін үшеуі де тату - тәтті болу керек еді. Бірігіп еңбектенсе, шаһарды салып шығатын еді.

г) «Қасқыр, Түлкі және Әтештің жолын тап» ойыны. Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолды сызып көрсету.

ғ) Жұмбақ шешу.

Жұмбақтың шешулері: әтеш, түлкі.

Әтеш, түлкі сөздерін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату. Мысалы: әдемі әтеш, қу түлкі. Әтеш шақырады. Түлкінің құйрығы ұзын. Ол килтпеленіп тұрады.




Жаңа сөздермен танысады









Сұрақтарға жауап береді.





















Жұмбақтың шешуі табады

Рефлекісті- коррекциялаушы.

а) Ертегі мазмұнын мазмұндау.

- Балалар, бұл ертегі бізді өтірік айтпауға, әділ, адал болуға үйретті. Бірлік болған жерде кез келген жұмысты да аяқтауға болады.




Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: . Ертегі мазмұнын түсіндіру.

Түсінігі: Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрсете білуі: Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.





























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй құстары және үй жануарлары

Мақсаты: І.Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй

құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

2. Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы

пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге

баулу.

3. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және

құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері, үнтаспа.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

а) Үнтаспадан құстардың сайрағаны, судың сылдырлап аққан дыбысын тыңдату.

- Әуеннен не естідік?

- Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?

- Қауіп төнген кезде құстар шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт - құмырсқаға таласқанда, ащы дауыспен шырылдап, шу шығарады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады және бөтен құстарды қуады екен.

ә) «Әтеш пен тоты» ертегісін оқып беру.

- Ерте, ерте, ертеде аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Ешқандай құспен сөйлеспепті. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты.

Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі де жоқ екен. Бір күні Тотықұс әлгі кербез Әтешке келіп:

- Досым мен бүгін қонаққа бармақ едім, жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын? Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, - деп қиылып жалыныпты.

Әтеш досының сөзіне сеніп, әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп тотықұс жасанып, киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтып ұшып кетеді.

- Егер мен кешіксем дауыстап шақыр. Келмей жатсам тағы шақыр, дауысыңды естиін, - дейді.

Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп үсті - үстіне шақырады. Еш - қандай хабар болмайды.

Содан осы күнге дейін Әтеш Тотықұсты шақырып, таң қылаң бергеннен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен.

Сұрақтар:

- Ертеде әдемі кербез сұлу қай құс екен?

- Тотықұс Әтешке не үшін келді?

- Тоты әдемі киініп, қайда кетті?

- Әтеш таңертең неге айғайлап шақырады екен?

- Әтеш жабайы құс па?

- Үй құстарын атаңдар.

- Үй жануарларын атаңдар.



Үнтаспада құстардың дыбысын тыңдайды






























Сұрақтарға жауап береді

Іздену

Ұйымдастырушы.

а) Дәптермен жұмыс.

Суретке бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру, «Ұйқасын тап» ойынын ойнау, жалпы және жеке атауларын атау.

- Үй құстарына қандай құстар жатады?

Балалар үй құстарының мамығымен, қауырсынымен танысады, оның қасиеті мен пайдасы жайлы әңгімелейді. Жұмыртқаларды салыстырып, ерекшелігін анықтайды. (Түр - түсі, үлкен - кіші, пішіні).

ә) Музыканың сүйемелдеуімен құстардың қалай ұйықтайтынын, суды қалай ішетіндігін қимылмен көрсету.

б) Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.

в) Тыныштық сәтін өткізу.

- Балалар, көзімізді жұмып көз алдымызға өрістегі төрт түлік малды елестетейік. Таңертең жайлауда қой, сиыр, жылқылар жайылып жүр. Айнала тып - тыныш алыстан қозының маңырағаны, бұзаудың мөңірегені, құлыншақтардың дауысы естіліп қояды. Сол сәтте төлдердің енелерді жан - жағына қарайды, бірақ төлдері көрінбейді. Кешкілік өрістен ауылға қайтады. (Жайлап көзімізді ашамыз). Балалар көз алдарыңа қандай жануарларды елестеттіңдер?

- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

- Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады? Биенің сүті қалай аталады?

- Ат жарысын көргендерің бар ма? Ол қалай өтеді?

г) Жұмбақ шешу.

Мінсең - желдей жүйткиді, Көңілің таудай өседі, Алып ұшар алысқа «Ер қанаты» деседі.

(Жылқы)

ғ) Сергіту сәтін өткізу.

Музыканың сүйемелдеуімен қимылдар жасайды. Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді. Алға созып мойнын, ойнақтайды ботақан, Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан.

д) «Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.

Шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды.

Сиыр, жылқы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

ж) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу.




Сурет бойынша әңгімелейді






















Сұрақтарға жауап береді.






Жұмбақтың шешуі табады

Рефлекісті- коррекциялаушы.

а) Ертегі мазмұнын мазмұндау.

- Балалар, бұл ертегіден көп нәрсені үйредік.




Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: . Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы

пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге

баулу.

Түсінігі: Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және

құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрсете білуі: Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй

құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.












































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жабайы аңдар.

Мақсаты: 1. Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы

туралы түсінік беру.

2. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін

дамыту.

3. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: жабайы аңдардың суреттері.

Тілдік компонент: бөлтірік, мыршай, абдан, миығынан күлу.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

- Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?

- Неліктен жабайы аңдар дейміз?

- Мына суреттерден не көріп отырсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

Балаларға жабайы аң - қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады. Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал - үй жануары, ал арыстан, барыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.

- Қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдардың балаларын қалай деп атайды?

- Қасқырдың баласы - бөлтірік. Қоянның баласы Түлкінің баласы - мыршай (жаутаң). Аюдың баласы - қонжық. Жолбарыстың баласы - шөнжік. Арыстанның баласы - абдан.



Сурет бойынша әңгімелейді

Іздену

Ұйымдастырушы.

а) «Тапқыр қоян» ертегісін оқу.

• Педагог ертегіні мәнерлеп оқиды.

• Сөздік жұмысын жүргізу.

Миығынан күлу - езу тарту, мұртынан күлу.

• дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.

• Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.

ә) Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру.

б) Жұмбақтар шешкізу.

• Педагог жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқиды.

• Балалар жұмбақтардың шешуін дәптердегі суреттен көрсетеді.

1. Қолыңмен тиме,

Үсті толған ине. (Кірпі)

2. Паналайды үңгірді,

Іздемейді тасаны. (Аю)

3. Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

4. Бұлаңдаған құйрығы -

Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)

в) Сергіту жаттығуын өткізу.

г) дәптердегі тапсырманы орындау. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.




Жаңа сөздермен танысады









Сұрақтарға жауап береді.














Жұмбақтың шешуі табады

Рефлекісті- коррекциялаушы.

Сергіту жаттығуын өткізу.

Дәптердегі тапсырманы орындау. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.


Сергіту жаттығуларын жасайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: . Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы

зейіндерін дамыту.

Түсінігі: . Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы

туралы түсінік беру.

Көрсете білуі: Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.





































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы.

Мақсаты: 1. Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту,

ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

3. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Жаңа сөздер: жұмсақ, резина,

компьютер.

Көрнекілік: әртүрлі ойыншықтар,көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ

ойыншықтар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

Ертеңгілік жүздесу.

Қуанамын менде, қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін!

Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші ғажайып қалтаға салынған ойыншық түрлерін алып келіп, балаларға таратады, әрқайсысы алған ойыншықтарын сипаттайды.

- Бүгін - ойыншықтар мерекесі. Бізге көп ойыншықтар қонаққа келіпті. Олар көрме ұйымдастырып, ойыншықтар мерекесін өткізуге көмектеседі. Біздің көрмеге ойыншықты күтіп ұстайтын мейірімді



Бір-біріне сәттілік тілейді.

Іздену

Ұйымдастырушы.

Көңіл күйді көтеру.

Ойыншықтарды шашамыз, шашамызда жинаймыз, Бөлмемізді өрнектеп, мерекеге біз дайын.

«Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастыру. Ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Дәптермен жұмыс.

«Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу.

Кішкентай Сәнияның ойыншықтары көп. Туған күніне сыйлаған ойыншықтары қаншама. Неше түрлі қуыршақтар аю, қоян, ит және т.б. бөлмесіндегі ойыншықтар бұрышында сөрелерде тізіліп түр. Бір күні үйдегілер ұйқыға кеткен шақта ойыншықтар бір - бірімен айтыса бастады. Сондағы даулары Сәния қыз қайсысын өте жақсы көреді екен?

Әңгімені сары шашты әдемі қуыршақ бастады.

- Сәния мені өте жақсы көреді, себебі мен әдемімін.

- Жоқ мені жақсы көреді, өйткені мен мамықпын, - деп қуыршақпен ақ қоян келіспеді. Ал менің үлкендігім соншама кейде мені жастанып та жатады. Неге дауласасыңдар соншама біздер арқылы оның ой - өрісі дамиды, - дейді түрлі түсті тек - шел ер жамырап.

Бәрінің айтқан дәлелдерін тыңдап болған үш аяқты вело­сипед:

- Маған тең келетіндерің жоқ шығар. Адамға денсаулық ке­рек. Мен арқылы ол денсаулығын шыңдайды, - деп мақтанады. Осылай ойыншықтар ұзақ айтысады.Ойыншықтардың осы дауын ұшып келіп терезенің жақтауында отырған көгершін естиді.

- Ойыншықтар неге сонша дауласасыңдар? Ал сендердің қайсысың Сәнияны өте жақсы көресіңдер? - деп сұрады.

- Мен, мен, - деп бәрі жамырай жауап қатты ойыншықтар.

- Міне, көрдіңдер ме? Сәнияны бәрің бірдей жақсы көреді екенсіңдер. Сәния да бәріңді жақсы көреді. Оған сендер керек - сіңдер. Олай болмаған жағдайда Сәния қажет еместеріңді лақтырып, не біреуге сыйлап жіберер еді. Тек бәріңмен бірдей бір мезгілде ойнауға оның шамасы келмейді.

Аң көгершіннің айтқанының жаны бар. Ойыншықтар үндемей қалды. Бұл кезде таң да ата бастады.




Барлық балалар ойыншықтарды аралап көріп шығады. Қолмен ұстап көреді. Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады.


Сөйлем құрайды. Дыбыстық талдау жасайды.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады.

- Ойыншық не үшін керек және ол неден жасалады?

- Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?

- Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?



Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

Түсінігі: ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту.

Көрсете білуі: Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру
























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Елордасы — Астана.

Мақсаты: 1. Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы

мағлұмат беру.

2. Өлеңді мәнерлеп оңуға, ойларын жүйелі жеткізуге бау­лу -

3. Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып,

мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілік: Астана қаласының көрікті жерлерінің су - реттері, бейнетаспа.

Тілдік компонент : Елорда, Бәйтерек, барыс, көп қабатты үйлер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

1. Кіріспе бөлім.

- Біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы.

- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

- Елордамыз - Астана қаласы.

Сұраққа жауап береді.

Іздену

Ұйымдастырушы.

а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым - Астанам.

- Өлеңде не туралы айтылған?

- Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

ә) Астана туралы мәлімет беру.

Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын не - месе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.

• Сулы Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.

• Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

• Бәйтерек - Астананың басты белгісі.

• Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс - шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

• Парламент үйі - Өкімет үйі.

• Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

• Астана циркі - цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

• Хан Шатыры - Астананың ең үлкен ойын - сауық орталығы.

• Мұхит аралы - мұхит жануарларын көретін орын.

- Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы. 1997 жылы қазанның 20 - сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қала - сын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таңғалдырады. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. Міне, мына суретте балалар қалашығы бейнеленген. Астанада балабақша, мектеп көп. Қыста Астанада ең әсем мұз қалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.

б) Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.



Астана туралы мәлімет алады.






Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.

Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А - ана, алма, ...

С - су, сан, ...

Т - таң, тамаша, ...

А - асыл, ата, ...

Н - нан, нар, ...

А - апа, алқа, ...

г) Балаларға өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту

сабақты қорытындылау, бағалау.

Ойын ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып,

мақтаныш сезімдерін ояту.

Түсінігі: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы үйрету

мағлұмат беру.

Көрсете білуі: Өлеңді мәнерлеп оңуға, ойларын жүйелі жеткізуге бау­лу














Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Құстардың тіршілігі.

Мақсаты: І. Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

2.Сабақ барысында орындалған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: қыстап қалатын құстардың суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар дөңгелене тұрып, бір - біріне құстардың атына бай - ланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады.

- Көгершінім.

- Балапаным.

- Қарғам.

- Қарлығашым.

- Тотым, т.б.


Сұраққа жауап береді.

Іздену

Ұйымдастырушы.

а) Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ - жауап ойыны арқылы суреттеу, әңгімелеу. Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог олардың жауаптарын қорытындылайды.

- Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар (суреттерін көрсету): торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып - қонып жүреді. Адамдар жем - шашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.

ә) Балалар құстар, ұя деген сөздерге сөйлем құрастыру.

б) Сергіту сәтін өткізу.

Құстар біздің досымыз, бау - бақшаны қорғайды,

Ұя жасап қарсы алсақ, құстар бізді қолдайды.

2. Негізгі бөлім.

а) «Құстар қалай қыстайды?» деген ертегіні оқып беру. Қыстың бір суың күні Суықторғай, Қарға, Торғай, Тоқылдақ, Құр, Сауысқандар кездесіп, әңгіме - дүкен құрыпты.

Қарға: Адамдар тұратын жерлерге жақын келіп орналасқанымыз жақсы болады. Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен.

Құр: Бірдеңе таптың ба? Маралдар да келмей қойды. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім.

Торғайлар: Мынандай қалың қарда дән қайдан табылсын. Ағаш бүршігімен күн көре тұрамыз да.

Сауысқан: Ей, Қаздар сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?

Қаздар: Әй, Сауысқан - ай, танымадың ба? Біз отырықшы Қаздармыз. Кейбір жабайы Қаздар ғой жылы жаққа ұшып кететін. Сендер өздерің неге жылы жаққа кетпедіңдер?

Сауысқан: Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты Алақарға, Шымшық, Тоқылдақ, Торғай қыста өз туған жерлерінде қыстайды.

ә) Суретпен жұмыс.

«Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, сарышымшықтар, жем салды, т.б.

б) Сөздік жұмысын жүргізу.

Сарышымшық — сұр, қоңыр түсті, бауыры сары, қауырсынды кішкентай құс.

Құр - тауық тұқымдас жабайы құс.




Астана туралы мәлімет алады.






Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

а) «Қайсысы артық» дидактикалық ойыны. Шарты: Мұғалім тақтаға құстардың суретін іледі. Мысалы: суықторғай, тоқылдақ, қарға, жабайы үйрек. Балалар суреттерден қыстап қалатын құстарды атайды, ал жабайы үйректің артық екенін айтады.

ә) Сұрақтарға жауап беру.

- Қандай құстар қыста қыстап қалады екен?

- Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?

- Қандай ертегі тыңдадыңдар? Ол не туралы?


Ойын ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Сабақ барысында орындалған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Түсінігі: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

Көрсете білуі: Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: 1. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау

қабілеттерін дамыту.

3.Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.

Көрнекілік: жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

1. Шаттық шеңберін құру.

- Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір - бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік.


Сұраққа жауап береді.

Іздену

Ұйымдастырушы.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады.

- Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды? (Жылы үлпілдеген жүні, іңдері, апандары). Аңдардың суреттерін көрсете отырып:

- Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?

3. Негізгі бөлім.

а) Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.

- Қыста аңдар немен қоректенеді?

- Қыста қояндар мен бұғылар қысқа азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы - тышқан. Ал аю қысқа азық жинайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып табанын сорады. ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Суықта дірдектеп - қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу.

Айдын - жайылып жатқан су алабы.

б) Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аюдың суреттерін салу. Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтқызу.

в) Ә. Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттату: педагог мәнерлеп оқиды, балпаң - балпаң сөзіне сөздік жұмысын жүргізу (балпаң - балпаң - теңселе басып баяу қозғалады), балаларға өлең жолдарын бірнеше рет қайталату.




Астана туралы мәлімет алады.






Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

а) «Ақ аю» өлеңін 1 - 2 балаға жатқа айтқызу.

ә) Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы алған білімдері сұрақ - жауап әдісі арқылы пысықталады.

1. Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?

2. Ал қандай жануарлар қысқа азық жинамайды?

3. Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?

б) «Қандай жануар?» дидактикалық ойыны. Шарты: бір бала хатқалтадан жануарлардың суретін алады. Сол жануардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.


Ойын ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Түсінігі: Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.

Көрсете білуі: Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау

қабілеттерін дамыту.


































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мектепалды даярлау сыныбы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көшедегі көліктер.

Мақсаты: І.Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.

2.Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға

жаттықтыру.

3.Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: түрлі көліктер бейнеленген суреттер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

а) «Қандай көлік түрлерін білесіңдер?» деген сұраққа сурет бойынша көшедегі көлік түрлерін атап шығады.

ә) Көліктердің пайдасы туралы әңгімелеу.


Сұраққа жауап береді.

Іздену

Ұйымдастырушы.

а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Жедел жәрдем - қолма - қол берілетін көмек. Өрт сөндіргіш - өрт сөндіруге арналған техника. Су сепкіш — су тебуге арналған техника.

ә) Жедел жәрдем, өрт сөндіргіш машинасы, су сепкіш сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

б) «Төртінші артық» дидактикалық ойыны.

Педагог көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп тұрып, олардың аттарын атайды. Балалар аталған көлік түрлерінің артығын тауып айтады және оның неге артық екенін дәлелдейді.

- Камаз, Тойота, Жигули, Мерседес.

- Камаз артық. Өйткені ол - жүк тиейтін машина. Жигули, Тойота Мерседес - жеңіл көліктер.

в) Жұмбақтар шешу. Шешулері: пойыз, автобус.

- Жұмбақта пойызды неге үйге теңеп түр?

- Өйткені пойыздың ішінде жататын төсек, тамақтанатын орын, жуынатын жер және әжетхана бар.

г) Күрделі сөздермен жұмыс.

Сүт тасығыш машина, өрт сөндіретін машина, су себетін машина, жедел жәрдем, т.б.

Балалардан «Сүт тасығыш машина деп аталу себебі, өйткені сүт тасиды. Үш сөзден құралған» деген жауап алу қажет.

ғ) Сергіту сәтін өткізу.

Музыка әуенімен машинаның тұтқышын айналдырып билеу.




Астана туралы мәлімет алады.






Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

а) Педагог көлік түрлерінің суреттерін көрсетеді, ал балалар оның қандай көлік түрі және не үшін пайдаланатынын айта­ды. Мысалы:

- Троллейбус - электр қуатымен жүреді. Ол - жолаушы таситын көлік.

- Трамвай - электр қуаты арқылы рельспен қозғалады. Ол - қалада жолаушы таситын моторлы вагон көлік.

ә) «Толықтыр» дидактикалық ойыны. Педагог сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырып айтады. Мысалы:

Егер жермен жүрсе - бұл... (жер) көлігі. Олар: жеңіл маши­на, автобус, троллейбус. Егер су мен жүрсе — ... (су) көлігі. Олар: қайық, кеме, теплоход.

б) «Суретті жина» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Көліктердің суреттері салынған парақ бірнеше бөлікке бөлініп, екі хатқалтаның ішінде болады. Әр топ балалары қағаз қиықтарын біріктіріп, көлік түрін құрастырады да, сол көлікке байланысты жұмбақ ойластырады. Жұмбақты келесі топтың балалары шешеді. Мысалы:

1. Бұл көлік қалада жүреді. Электр күшімен қозғалады. Жолаушы тасиды.

2. Ол - вагон көлік. Рельспен жүреді.


Ойын ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.

Түсінігі: Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрсете білуі: Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы

айтуға жаттықтыру.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Қазақ тілі әдістемесі

Автор: Қалиева Жанат Қазбекқызы

Дата: 12.10.2016

Номер свидетельства: 348481

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Доклад на тему: "?аза? тілі саба?ында инновациялы?  технологияларды пайдалану" "
    ["seo_title"] => string(83) "doklad-na-tiemu-k-azak-tili-sabag-ynda-innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "219866"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1434393396"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "Доклад на тему: "?аза? тілі саба?ында жа?а инновациялы? технологияларды пайдалану" "
    ["seo_title"] => string(90) "doklad-na-tiemu-k-azak-tili-sabag-ynda-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "219899"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1434431276"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "" Практикалы? ?аза? тілі "  авторлы? ба?дарлама."
    ["seo_title"] => string(38) "praktikalykkazaktiliavtorlykbagdarlama"
    ["file_id"] => string(6) "306054"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1458044153"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?аза? тілі саба?ында АКТ?ны ?олдануды? ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(49) "k-azak-tili-sabag-ynda-aktony-k-oldanudyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "191710"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427360531"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(191) "Баяндама: ?АЗА?СТАН ТАРИХЫ П?НІНЕН А?ПАРАТТЫ?-КОММУНИКАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАР АР?ЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ."
    ["seo_title"] => string(115) "baiandama-k-azak-stan-tarikhy-p-ninien-ak-parattyk-kommunikatsiialyk-tiekhnologiialar-ark-yly-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "157163"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421564805"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства