Күні:пәні: қазақ тілі сыныбы: 6 А
Сабақ тақырыбы: Бейнелеуіш сөздер
Сабақтың мақсаты: бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту
Міндеттері:
Білімділік: Бейнелеуіш сөздердің құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін меңгерту;
Дамытушылық:ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, мәтіннен негізгі ақпаратты бөліп алып, талдау, салыстыру, жинақтау және қорытынды жасай алу дағдыларын дамыту, логикалық ойлау әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: ұжымда жұмыс істеу, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру; өзінің де өзгенің де еңбегіне әділ баға беруге, еңбек мәдениетіне баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім негіздерін қалыптастыру
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
