kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ахмет Байтұрсынұлы "Ақын ініме" өлеңі

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен таныстыра отырып, өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту
  2. Әдеби-теориялық білімдерін тереңдету, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, шапшаңдыққа, тез ойлауға машықтандыру

      3. Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке баулу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ахмет Байтұрсынұлы "Ақын ініме" өлеңі»



Сыныбы/Пәні

7 «б»

Әдебиет (26.10.2016)

Сабақтың тақырыбы

А. Байтұрсынұлы «Ақын ініме» өлеңі

Сабақтың мақсаты

  1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен таныстыра отыра, өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгеру

  2. Әдеби-теориялық білімдерін тереңдету, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, шапшаңдыққа, тез ойлауға машықтандыру

  3. Оқушыларды білімге, адалдыққа, адамгершілікке баулу

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Технология, әдісі, стратегиялар

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ресурстар

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу

  2. Кезекшімен сұхбат

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сәлемдеседі, кезекші есеп береді, үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы сұралады

Интербелсенді тақта

1 мин

Қызығушылығын ояту

Аудио кітап тыңдату


Интербелсенді тақта

1 мин

Жаңа сабақ. Хронологиялық кесте

Болған уақыт

Басты оқиғалар

1873 ж

28 қаңтар

Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.

1886-1891ж

Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыды

1907 ж

Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыда екі сыныптық училищеде бала оқытады

1920 ж

Насихат жұмысы жүргізгені үшін Семей абақтысына 8 ай бойы қамалады

1926-1928ж

«Қырық мысал» және «Маса» өлеңдер жинағы шығады

1921ж

Қазақстан кеңестерінің I съезінде Қазақстан Үкіметіне мүше болып сайланады

1937 ж 8 қазан

Халық ағарту комисиарты жанындағы ғылыми әдеби комиссиясының төралығына тағайындалады.

Қара тізімге ілініп, тұтқынға алынады

Азапты қуғын-сүргіннен оралады

Қайта ұсталып 8 желтоқсанда ату жазасына ілінеді




Интербелсенді тақта

5 мин

Мағынатану

«Ақын ініме» өлеңінің тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктері.

Өлең қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлына арналған.

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығының ерекше бір қыры – айтатын ойын тұспалдап немесе ирониялық сарынмен жеткізу. Ақынның «Ақын ініме» осы сарындағы өлең. Өлеңдегі ақын інісіне ақыл айта отырып, адам мінезіндегі ұнамсыз қасиеттерді сынайды. Әсіресе, ел арасында кеңінен жайылған жемқорлық, кісінің ақысын жеу, момындарға күш көрсету, лепіріп сөйлеу, кісіге бере жүріп жағымпаздану, кісімсіп мұрнын шиыру сияқты мінез-құлықтарды әшкерелейді. Ақын сол замандағы оқыған азаматтардың халқына қызмет етудің орнына пайданы іздеп, мақтанды көздеп жүрген пысқайлар екенін осы өлеңінде астарлы мәнде айтады. Нашардың көбірек же хақын інім, айғырсып, момындарға ақыр інім. Шешенсіп жоқты сөйлеп лапыр інім, кісімсіп ең болмаса қақыр інім деп етістіктерге екпін түсіре отырып, жағымсыз қылықтарды сынау мен ақынның халық алдында парыз міндетін айқындап береді.

Интербелсенді тақта, аудио нүсқа

5 мин

«Тыңдалым»

Ақын ініме өлеңінің аудионұсқасын тыңдау

Өлеңді тыңдайды

Интербелсенді тақта

2 мин

«Оқылым»

Оқулықпен жұмыс

Кітаптан өлеңді мәнерлеп оқиды

Кітап

5 мин

«Жазылым»

Глоссарий

Мақұл көру – құптау

Ғапыл – бұл жерде қапы қалу

Пақыр – халі мүшкіл, бұл жерде: байғұс

Милләтіңе – араб сөзі: халқыңа, ұлтыңа

Айғырсып – қоқаңдау

Лапыр – көпіріп сөйлеу, лепіру

Аузымен орақ ору – барлық істі аузымен тындыру

Аплотондай – Платон – ертедегі грек оқымыстысы

Интербелсенді тақта

5 мин

«Айтылым»

Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.

«Ақын ініме» ----------- сарындағы өлең.

(сатиралық, романтикалық, ирониялық)


Интербелсенді тақта

1 мин

Өлеңге сатылай кешенді талдау

  1. Авторы – А. Байтұрсынұлы. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашы, мысалшы, саясаткер

  2. Жанр түрі – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі

  3. Идеясы – атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз – автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын, қиялын білдіреді.

А-зы-рақ, құ-ла-ғың сал, а-қын і-нім, 11буын, үш бунақ, а

О-йы-мыз, ру-хы-мыз жа-қын і-нім. 10 буын, 3 бунақ, а

А-ға-лық пра-во-сын қо-лы-ма а-лып, 11буын, 3бунақ, ә

Ке-ле-мін ай-та-йын деп а-қыл, і-нім! 11буын, 3 бунақ, а

1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы


Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ой. 8 шумақты

Тармақ – өлеңнің әр жолы. 30 тармақты

Бунақ – белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты

Буын саны – дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды

Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы, кезектес ұйқас, шалыс ұйқас. Ұйқас – өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі


Интербелсенді тақта

5 мин

Сәйкестендіру

Шешенсіп жоқты сөйлеп, лапыр, інім.

Айғырсып момындарға ақыр, інім.

Сыйласын десең жұрты қадір тұтып,

Білімді ел ішінде болам десең,


2


4


3


1


2 мин

Әдеби-теориялық ұғымдар

Теңеу: доңыздай, балдай, Аплотондай

Эпитет: ақылғ ажарлы, сүйікті милләт. Эпитет (гр. қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым.

Арнау – жазушының көбіне-көп ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.

Дәптерлеріне көшіреді

Дәптер, қалам, слайд

5 мин

Кері байланыс

Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңінде аталған ертедегі грек ойшылын көрсетіңіз

А) Цицерон

В) Платон

С) Демосфен

Д) Гомер

2. Берілген жолдарда ақын сынаған адам қасиетін белгілеңіз?

А) жемқорлық

В) өсекшілік

С) кісімсу

Д) жағымпаздық

3. Өлеңде ақын ақыл айтып отырған адамды белгілеңіз

А) досына

В) анасына

С) інісіне

Д) ағасына

4. Келесі тармақты белгілеңіз. Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа, ...........

А) Айғырсып момындарға ақыр, інім.

В) Нашардың көбірек же хақын, інім

С) Қымызды шара-шара сапыр, інім.

Д) Ет асып табақ-табақ, шақыр, інім

5. Асты сызылған сөздерге тән қатарды көрсетіңіз.

Жай жатсаң, жаңылмайсың, адаспайсың,

Күресте кім кетпейді ғапыл, інім.

А) омоним

В) синоним

С) антоним

Д) көп мағыналы сөз

6. Берілген жолдардағы сарынды анықтаңыз.

А) сатира

В) сарказм

С) ирония

Д) аллегория

7. Бос орынға тиісті сөздерді белгілеңіз.

Ақылдың Аплатондай болса-дағы........бен......жоқ құр татыр білім

А) қымыз, еті

В) қазы, қартасы

С) жал, жаясы

Д) ірімшік, құрты

8. Өлең жолдарындағы араб тілінен енген сөзді көрсетіңіз

Сүйікті милләтіңе болам десең, Нашардың көбірек же хақын, інім.

А) сүйікті

В) милләт

С) нашар

Д) іні

9. «Милләтіңе» сөзінің мағынасын белгілеңіз

А) ұлтыңа

В) Отаныңа

С) туған жеріңе

Д) тіліңе

10. «Ақын ініме» өлеңінің буын санын көрсетіңіз

А) 5-6

В) 11

С) 15

Д) 7-8




5 мин

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау, «Ел келешегі жастардың қолында» деген тақырыпта ой толғау жазып келу

Күнделіктеріне белгілеп алады


1 мин

Бағалау

Формативті бағалау



2 мин




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ахмет Байтұрсынұлы "Ақын ініме" өлеңі

Автор: Талапова Асемгуль Кайратовна

Дата: 27.10.2016

Номер свидетельства: 352691

Похожие файлы

object(ArrayObject)#975 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ахмет Байт?рсынов "А?ын ініме" ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(41) "akhmiet-baitu-rsynov-ak-yn-inimie-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "239437"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444789464"
  }
}
object(ArrayObject)#997 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "А?ын ініме "
    ["seo_title"] => string(12) "ak-yn-inimie"
    ["file_id"] => string(6) "212841"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431942396"
  }
}
object(ArrayObject)#975 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ахмте Байт?рсынов "А?ын ініме" "
    ["seo_title"] => string(33) "akhmtie-baitu-rsynov-ak-yn-inimie"
    ["file_id"] => string(6) "239438"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444789897"
  }
}
object(ArrayObject)#997 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Ана тілі п?ні. Та?ырыбы: А. Байт?рсын?лы. А??у, Шортан ??м Шаян. "
    ["seo_title"] => string(66) "ana-tili-p-ni-tak-yryby-a-baitu-rsynu-ly-ak-k-u-shortan-h-m-shaian"
    ["file_id"] => string(6) "133854"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416590396"
  }
}
object(ArrayObject)#975 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ахмет Байт?рсынов "?ара б?лт" "
    ["seo_title"] => string(32) "akhmiet-baitu-rsynov-k-ara-bu-lt"
    ["file_id"] => string(6) "163547"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422510643"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства