kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ахмет Байт?рсынов "?ара б?лт"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Байт?рсын?лы.     «?ара б?лт»
Саба?ты? ма?саты: білімділік- Ахмет Байт?рсын?лыны? тілші,?дебиетші,к?семс?з шебері,а?ын ж?не аудармашы екендігін таныту, «?ара б?лт» ?ле?іні? мазм?нын ме?герте отырып, идеясын ашу;дамытушылы?-о?ушыларды? ойын еркін айта білуін ?алыптастыру;т?рбиелік-?айырымдылы??а, жанашырлы??а, мейірімділікке т?рбиелеу.
Типі:жа?а та?ырыпты ме?герту саба?ы.?діс-т?сілдері:о?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан ойлау стратегиялары, сатылай кешенді талдау,топты? ж?мыс,проблемалы? с?ра?-жауап,?з бетімен ж?мыс.К?рнекілігі:компьютер,интерактивті та?та,тестор,электронды о?улы?.
   Саба?ты? барысы.?йымдастыру.
   Жа?а саба?.
   «?ызы?ушылы?ты ояту» сатысы.


 А?ын жайлы не білетінін ?а?аз?а т?сіруге уа?ыт беріледі.
«Ма?ынаны ажырату» сатысы (м??алімні? к?мегімен)
   Мысал-айтылатын ?негелі ойды т?спалдап жеткізетін,к?біне ?ле? т?рінде келетін,сюжетті,ша?ын к?лемді к?ркем шы?арма.
   Ахмет Крыловтан аударса, Крыловты? ?зі грек мысалшысы Эзоп, Рим мысалшысы Федрден аудар?ан.?алымдарды? пікірінше,Крыловты? 33 туындысы аударма екен.Бізді? Ахмет Байт?рсын?лы да Крыловтан мысалдар аудару ар?ылы мысал жанрына ?лкен ?лес ?осты.Соны? бірі- «?ара б?лт» мысал ?ле?і.
   Ахмет Байт?рсын?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы м?тін таратылады,о?у?а уа?ыт беріледі.Білгендерін ауызша айтып екінші ?атар?а т?сіреді.
   «?ара б?лт» ?ле?ін м?нерлеп о?у.
   С?здікпен ж?мыс.Т?сініксіз с?здерді с?здік д?птерге жазып, м??алім к?мегімен аны?тау.
Аптап-?те ысты?
П?рменінше-бар к?шімен
Мырзасынып-жомартсынып
?айыр-пайда
?ибрат-?неге
К?к-ш?п

І топ ?ле?ді ?ара с?зге айналдырып,??гіме ??растырады.
   Жаз?ы к?нні? аптап ысты?ында біріз уа?ыт жауын жаумай т?рып алды.Бір к?ні аспанды ?ара б?лт ?аптады.Шаруалар «Жеріміз бір суарылатын болды ?ой» деп ?міттене ?уанып ?алды.Бір мезетте к?н желдетіп, б?лт ?те шы?ты да, те?ізге барып ??йып салды.Содан со? Б?лт Тау?а барып ма?танды.Сонда Тау:
   -Сені? осы ма?тан?аны?а мен ?айран ?алып т?рмын,сен д?л осылай жерге жауса?, ш?птер шы?ып,егін ?сіп, елге к?п пайда? тиер еді.Те?ізді? онсыз да суы жетерлік ?ой,-депті.
   Осы сия?ты ?мірде де ?зіні? ?олынан келетін ісін ?з орнына ж?мсамай, ?ажетсіз жерге ж?мсайтын адамдар болады.

ІІ топ ?ле?ге сатылай кешенді талдау жасайды.
   ?ле?: «?ара б?лт».
   ?ле?ні? та?ырыбы:Адам бойында?ы ?айырымсызды?, ма?танша?ты? ?асиетті ?шкерелеу.
   Кейіпкер:Б?лт,Тау,Шаруа.
   ?ле? ??рылысына ?арай:
А)буын саны:11
?)буна? саны:3
Б)тарма? саны:4
В)шума? саны:6
   ?й?ас т?рі:?ара ?ле? ?й?ас.
   К?ркемдігі:А)Эпитет:?урап т?р?ан дала, ш?лдеп т?р?ан егін,зор пайда.
   ?)Синоним:?урап,к?йіп.
Б)Кейіптеу: б?лт-?айырымсыз адам,тау-а?ылды адам.

ІІІ топ?а –Венн диаграммасы.?ле? кейіпкерлері-Б?лт пен тауды салыстырады.
 Б?лтТау



«Ой тол?аныс» сатысы.Сауаттылы? хат.
??рметті Б?лт!
Мен сізді? б?л іс-?рекеті?ізге ?атты ренжідім.Шынында да сіз кейде осылай жасайсыз.Егер ?ашан да кереті жерге жауын беріп т?рса?ыз,халы?ты? ал?ысын алар еді?із.Сіз бізге керексіз.Жазда ?атты ысты? бол?анда,??р?а?шылы? бол?анда біз сізді к?п іздейміз.Сондай жа?дайларда адамдар?а к?мек к?рсетіп т?руы?ызды с?раймын.Ахмет атамыз сіз ар?ылы ейбір адамдарды? мінезін айт?ысы келген болар.Біз ондай болмау?а тырысамыз.

   ?орытынды:Т?мендегі с?ра?тар?а жауап береді.
Б?лт пен Тауды? астарында ?андай адамдар жатыр?
Б?лт?а ??са?ысы келетін о?ушы бар ма екен?
Тау?а ??са?ысы келетін о?ушы бар ма екен?
Б?лт ?андай бейне?
Тау ?андай бейне?

Топ басшыларыны? ба?алау пара?ы бойынша ?орытынды ба?асын шы?ару.Ба?алау.
?йге тапсырма: «Д??гелек айналым» ?дісі ар?ылы «Адам бойында?ы ?асиеттер» та?ырыбына шы?арма жазу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ахмет Байт?рсынов "?ара б?лт" »

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Ахмет Байтұрсынұлы. «Қара бұлт»
Сабақтың мақсаты: білімділік- Ахмет Байтұрсынұлының тілші,әдебиетші,көсемсөз шебері,ақын және аудармашы екендігін таныту, «Қара бұлт» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу;дамытушылық-оқушылардың ойын еркін айта білуін қалыптастыру;тәрбиелік-қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Типі:жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.Әдіс-тәсілдері:оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, сатылай кешенді талдау,топтық жұмыс,проблемалық сұрақ-жауап,өз бетімен жұмыс.Көрнекілігі:компьютер,интерактивті тақта,тестор,электронды оқулық.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру.
Жаңа сабақ.
«Қызығушылықты ояту» сатысы.


Ақын жайлы не білетінін қағазға түсіруге уақыт беріледі.
«Мағынаны ажырату» сатысы (мұғалімнің көмегімен)
Мысал-айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін,көбіне өлең түрінде келетін,сюжетті,шағын көлемді көркем шығарма.
Ахмет Крыловтан аударса, Крыловтың өзі грек мысалшысы Эзоп, Рим мысалшысы Федрден аударған.Ғалымдардың пікірінше,Крыловтың 33 туындысы аударма екен.Біздің Ахмет Байтұрсынұлы да Крыловтан мысалдар аудару арқылы мысал жанрына үлкен үлес қосты.Соның бірі- «Қара бұлт» мысал өлеңі.
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәтін таратылады,оқуға уақыт беріледі.Білгендерін ауызша айтып екінші қатарға түсіреді.
«Қара бұлт» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сөздікпен жұмыс.Түсініксіз сөздерді сөздік дәптерге жазып, мұғалім көмегімен анықтау.
Аптап-өте ыстық
Пәрменінше-бар күшімен
Мырзасынып-жомартсынып
Қайыр-пайда
Ғибрат-өнеге
Көк-шөп

І топ өлеңді қара сөзге айналдырып,әңгіме құрастырады.
Жазғы күннің аптап ыстығында біріз уақыт жауын жаумай тұрып алды.Бір күні аспанды қара бұлт қаптады.Шаруалар «Жеріміз бір суарылатын болды ғой» деп үміттене қуанып қалды.Бір мезетте күн желдетіп, бұлт өте шықты да, теңізге барып құйып салды.Содан соң Бұлт Тауға барып мақтанды.Сонда Тау:
-Сенің осы мақтанғаныңа мен қайран қалып тұрмын,сен дәл осылай жерге жаусаң, шөптер шығып,егін өсіп, елге көп пайдаң тиер еді.Теңіздің онсыз да суы жетерлік қой,-депті.
Осы сияқты өмірде де өзінің қолынан келетін ісін өз орнына жұмсамай, қажетсіз жерге жұмсайтын адамдар болады.
ІІ топ өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.
Өлең: «Қара бұлт».
Өлеңнің тақырыбы:Адам бойындағы қайырымсыздық, мақтаншақтық қасиетті әшкерелеу.
Кейіпкер:Бұлт,Тау,Шаруа.
Өлең құрылысына қарай:
А)буын саны:11
Ә)бунақ саны:3
Б)тармақ саны:4
В)шумақ саны:6
Ұйқас түрі:Қара өлең ұйқас.
Көркемдігі:А)Эпитет:қурап тұрған дала, шөлдеп тұрған егін,зор пайда.
Ә)Синоним:қурап,күйіп.
Б)Кейіптеу: бұлт-қайырымсыз адам,тау-ақылды адам.

ІІІ топқа –Венн диаграммасы.Өлең кейіпкерлері-Бұлт пен тауды салыстырады.
БұлтТау



«Ой толғаныс» сатысы.Сауаттылық хат.
Құрметті Бұлт!
Мен сіздің бұл іс-әрекетіңізге қатты ренжідім.Шынында да сіз кейде осылай жасайсыз.Егер қашан да кереті жерге жауын беріп тұрсаңыз,халықтың алғысын алар едіңіз.Сіз бізге керексіз.Жазда қатты ыстық болғанда,құрғақшылық болғанда біз сізді көп іздейміз.Сондай жағдайларда адамдарға көмек көрсетіп тұруыңызды сұраймын.Ахмет атамыз сіз арқылы ейбір адамдардың мінезін айтқысы келген болар.Біз ондай болмауға тырысамыз.

Қорытынды:Төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Бұлт пен Таудың астарында қандай адамдар жатыр?
Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
Бұлт қандай бейне?
Тау қандай бейне?

Топ басшыларының бағалау парағы бойынша қорытынды бағасын шығару.Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Дөңгелек айналым» әдісі арқылы «Адам бойындағы қасиеттер» тақырыбына шығарма жазу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ахмет Байт?рсынов "?ара б?лт"

Автор: Абильдина Салтанат Сарсенбаевна

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163547


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства