Просмотр содержимого документа
«"Жатақхана кеші көңілді"»
«Жатақхана кеші көңілді»
Мақсаты: Студеттердің қоғамдық орынға бейімделуі, өзара танысу, мәдениеттілікке, көпшілікке, ұйымшылдыққа баулу, студенттік өмірдің қызығы мен қиыншылығы туралы көріністер көрсету.
Бұл шарада студенттердің өнері мен тапқырлығына жол ашып, бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру.
Студенттерді адамгершілікке, жаңашылдыққа, адалдыққа, жан-жақтылыққа және мейірімділікке баулу.
1-жүргізуші: Қайырлы кеш ұстаздар мен студенттер.Бүгінгі «Жатақхана кеші көңілді» деп аталатын Ж. Досмухамедов атындағы педагогикалық колледж жанындағы жатақхана Студенттік Кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен өткелі отырған студенттермен танысу кешіне қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Армысыздар қадірменді халайық,
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
1-жүргізуші: Болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Олай болса сол жауапкершілікті мойнына алып, болашақ ұстаз болатын студенттерімізге үлкен қошеметтеріңіз болса.
Ән: «Айта берсін»
Орындайтын: 1курс студенті Шүкірбай Назерке
1-жүргізуші: Алдарыңызда Айтенова Айжан өз туындысымен. Қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Жоғары сапалы білім мен тал бесіктен алған тәрбиені тыңғылықты ету колледж студенттерінің басты міндеті.
1-жүргізуші: 1-курста ауылын аңсап,семестрдан қашып,лекцияда секіріп, емтиханда қобалжып, коникулда қыдырып, апайларға өтірік күліп қарап, колледждің ауасын жұтып, степендиядан лоторея ұтып, мәз болып жүрген студенттер тағыда қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Ортаға Алибеков Ерасылды шақырамыз. «Попури»
Өлең: Коняшина Ольга (өз шығармасы)
Би Хип-Хоп. «3 б» қабатының қыздары
Ән: «Сұлу қыздар» Орындайтын Ысқақ Самат
2-жүргізуші: Иә, шынымен де студенттік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық. Әсіресе жатақханада.
1-жүргізуші: Біздер студент атанып, жаңа ортаға келіп, жаңа достар табамыз. «Солдат өмірді-студент жастықты көреді» демекші студенттік шақтағы достықтың орны ерекше.
Ән:«Асыл досым» Ерғалиева Жанар
1-жүргізуші: Дайынова Жанатты өз туындысымен ортаға шақырамыз.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз. Қалтаңдағы ақша билетке жетпейді. Бірақ қалайда сабаққа үлгеру керек. Аялдамаға жеткенде достарыңыз тез түсіп кетті. Сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?
Жатақхана. Ауылдан келген сүр етті пісіріп жатсыз. Пісті ау деп барсаңыз ыдыс жоқ. Сіздің әрекетіңіз.
Қалаға жаңа келдіңіз. Орысша мүлде білмейсіз. Жатақханаға орналасуға келсеңіз коммендант апай орыс. Ешкімді араластырмай жағдайды қалай шешесіз.
1-жүргізуші: Ән: Гайсина Саягүл «Ризамын»
Жатақхана. Өздеріңіз білетіндей асхана ортақ. Тамақ дайындауға орын таппадыңыз. Қарныңыз ашып барады. Бөлмеге тамақ дайындауға тыйым салынғанын біле тұра амал жоқ бөлмеге тамақ дайындадыңыз. Аяқ астынан тәрбиеші келіп қалды. Сіздің әрекетіңіз.
2-жүргізуші: Ортаға «Өзбек биімен» Кенжеғалиева Арайлымды шақырамыз.
«Жатақхана туралы әзіл». Ортада Қалыбаев Еламан.
1-жүргізуші: Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығына тойып, айналаңызда достарыңыз көп болған қандай жақсы. Бүгінгі шарамызға қатысып отырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Сағынғалиқызына және жатақханамыздың меңгерушісі Набира Ақылбекқызына сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші: Қайтып келмейтін жастық шақтағы есте қалар ерекше студенттік шағымызды бағалай білейік -деген ниетпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.