2. Ж?ргізуші: 1945 жылды? 9 мамыры ?лы Же?іс к?ні боп тарихта м??гі ?алды. Же?іс! И?, оны сан миллионда?ан адамдар бес жыл бойы минуттап, са?аттап сарыла к?тті емес пе? А?ыры оларды? ?міті мен сенімі а?талды, тілектері орвндалды.
О?ушы : ?лы Отан со?ысында ерлік к?рсеткен бізді? ата – бабаларымызды? ерлік істерін ??рмет т?тып, еске алып, ?р уа?ытта бас иеміз.
Хор: «Олар келмесін, ол к?н келмесін,
Т?нбесін ?атер, т?нбесін!».
1. Ж?ргізуші:: Содан бері 70 жыл ?тті. ?арап отырса?дар аз уа?ыт емес. Б?гінде ?а?армандарымыз к?н сайын азайып барады. Ендеше елімізді? ?р ?аласында?ы, ?р ауылында?ы ?здеріні? білетін со?ыс ?а?армандарын ?лы Же?іс мерекесімен ??тты?тап к??ілдерін к?теруді бір с?т те ?мытпа?дар. ?йткені, ?лы Же?істі? 70 жылды?ына осы батырларды? к?пшілігін таба алмай ?алуымыз м?мкін.
Просмотр содержимого документа
«?лы Же?іске жетпіс жыл »
«Ұлы жеңіске 70 жыл» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңздер.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ардагер аталар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1.Жүргізуші : Олар өлді, тек аспан сау болсын деп,
Олар өлді, туған жер бар болсын деп.
Олар өлді, ақ арман сөнбесін деп,
Олар өлді өзгелер өлмесін деп.
2. Жүргізуші: 1941 жылдың 22 маусымында дүние мужырап, таң сібірлеген шақта Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күн қара түнекке айналды. Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Содан 5 жылға созылған, алып соғыс басталды. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары майданға аттанды.
Өлең: «Майданға» (көрініс солдаттар соғысқа кетіп жатыр).
1 оқушы: барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Еңкиген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін майдан үшін еңбек етті.
Хор: «Бәрі де майдан үшін».
2 оқушы: Қаһарлы күндер өттің арпалыста
Құныққан қан құмарлап қысса,
Мызғымай болат қорған армиямыз
Бір адым бастырмады алты ай қыста!
2. Жүргізуші: Қазақстандықтардың ерлігі:
Фашист танкілері Мәскеуге қарай беттеді. Бұл 1941 жылдың қараша айының 16 – сы еді. Таң сәріден гитлершілердің жаяу отрядтары парадқа шыққандай.
Өлең: «Тастар көкке атылды».
4 оқушы: Оқ борады күні – түні,
Жапты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ Тоқтаров!
5 оқушы: Туын жықпай қолдағы
Өжет болды ел үшін
Кеудесімен қорғады
Ар – намысын елінің.
2. Жүргізуші:: Осы қан – қасап, қырғында тек қазақ ұлтының өзінен 1 млн 200 мың адам опат болдв. Халқымыздың 20 мен 30 – дың арасындағы қылшылдаған жастары. Бұл соғыс сонымен қатар Бауыржан Момышұлының және мыңдаған қазақстандықтардың ғажайып ерлігін дүние жүзіне паш етті.
1. Жүргізуші:: Соғыс! Зұламат соғыс! Сұм соғыс! 1941,1942,1943 жыл. 3 жыл соғыс басталғалы, 3 қыс, 3 көктем, 5 жаз өтті. Әлия мен Мәншүк соғысқа аттануда. (Көрініс).
Автор: Туған – туыстары, апасы шығарып салуда).
Апасы: Қош қарағым қош!
Әлия: Апа, әлі – ақ жауды жеңіп келеміз.
Апасы: Аллам жар болсын!
Автор: Міне осылайша соғыс өз дегенін істеуде. Әлия мен Мәншүк өрімдей қыздар жас боз балалар аттанып жатты.
Әлия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік
Отан – ана отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Мәншүк: Отан – ана жылағанда шерленіп
Тапжылмастан төнеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те
Қолымызға қару алдық ерленіп.
Өлең: «1,2,3 бойға жинап күш».
Оқушы : Көк түтінге көмемін деп көгімді
Ес жидырмай еземін деп елімді
Келді фашист, жеңе алмады бірақта
Бақыт үшін қаншама қан төгілді.
Оқушы : Халық тыныштығы үшін, бақытты өмір үшін күресті. Сондықтан да, әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты.
2. Жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры Ұлы Жеңіс күні боп тарихта мәңгі қалды. Жеңіс! Иә, оны сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орвндалды.
1. Жүргізуші: Жеңіс! Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтардың аспандайтын күні. Жеңіс! Бұл күн әділеттіктің әділетсіздікті жеңген күн!
Оқушы : Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен біздің ата – бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, әр уақытта бас иеміз.
Хор: «Олар келмесін, ол күн келмесін,
Төнбесін қатер, төнбесін!».
1. Жүргізуші:: Содан бері 70 жыл өтті. Қарап отырсаңдар аз уақыт емес. Бүгінде қаһармандарымыз күн сайын азайып барады. Ендеше еліміздің әр қаласындағы, әр ауылындағы өздерінің білетін соғыс қаһармандарын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап көңілдерін көтеруді бір сәт те ұмытпаңдар. Өйткені, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына осы батырлардың көпшілігін таба алмай қалуымыз мүмкін.
Оқушы : Соғыстың өрті жанбасын
Сәбилер жетім қалмасын
Есігінде әр үйдің
Бесігінде сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын
Болмасын соғыс болмасын!
Оқушылар : « Мәңгілік бақыт орнайды,
Болмайды соғыс болмайды».
Өлең: «Әр қашан күн сөнбесін!»
2. Жүргізуші: Бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған тәрбие сағаты аяқталды.