kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖЕ?ІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ М??ГІЛІК. ШЫ?АРМА

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рахиш ?арыл?аш

№3 Балалар ж?не жас?спірімдер орталы?ыны? «К?ркем ?дебиет» ?йірмесіне ?атысатын Мамбет Сма??лов атында?ы №34 орта мектебіні? 10 сынып о?ушысы. Жамбыл облысы ?ордай ауданы Ал?а ауылы

 

ЖЕ?ІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ М??ГІЛІК

 

Адамзат тарихында ?мытылмайтын ауыр да ?асіретті ?лы Отан Со?ысы е? с?рапыл, жой?ын со?ыс ретінде есімізде ?алды. ?лемді д?р сілкіндірген екінші д?ниеж?зілік со?ысты? ?асіреті  мен ?лы Же?істі? ?асиетін, батыр аталарымыз бен  апаларымызды? ерлігін ешкім де, еш?ашанда ?мытпа? емес. 9 мамыр - Же?іс к?ні. Б?л -  сан мы?да?ан ?рпа? ?шін, ?лты мен тілі б?лек, діні мен м?дениеті б?лек халы?тар ?шін орта? мереке. Б?л мереке ?лемді тынышты?та тербететін бейбітшілік пен ?айырымдылы?ты? ?р?ашан же?етінін д?лелдеді. Б?л мереке  Отанын ?ор?а?ан ?а?арман жауынгерлерді? айбыны мен тылда?ы же?істі жа?ындат?ан ж?мысшыларды? ерлік е?бектеріні? м??гі ?шпейтіндігін д?лелдейтін белгі болып ?алды. 

Біз со?ысты к?рген жо?пыз. Фашистерді? жант?ршігерлік ?атыгездігін кинодан к?рдік, ?ан майданны? от?а оран?ан к?ндерін  ?деби шы?армалардан о?ыды?. Мені? ?лкен атамны?  со?ыс жайлы айт?ан ??гімелері, майдангер достары туралы еске ал?ан  кездегі жас?а толы жанары есімнен кетпейді.

Александр Бекті? хал?ымызды? ?а?арман ?лы Бауыржан Момыш?лыны? ерлігін баяндайтын «Арпалыс» романын о?ып отыр?анда мен фашистерді? ?атыгездігіне жаным т?ршікті. Бейбіт уа?ытта ?мір с?рген жас жауынгерлерді? ?анды майдан ортасына т?скен кездегі ?рей мен намыс сезімдеріні? арпалысына ку? болдым. Бауыржандай батырды? ?з батальонын бес рет жау ?оршауынан алып шы??ан с?ттегі ерлігі мен а?ылдылы?ына т?нті болдым.

Со?ыс – адам баласы ?шін е? ?рейлі, е? ?ор?ынышты с?з. ?йткені, со?ыс атаулы адамзатты ?ырып-жою?а ба?ыштал?ан. Тарихта Гитлер сия?ты ?атыгез, ?лемді билеуге ?мтыл?ан жауыздарды? ар?асында ?аншама ?арапайым адамдар к?з ж?мды?50 миллионнан астам ?мірді жалма?ан ІІ д?ниеж?зілік со?ыс ?р ?аза? отбасы ?шін орны толмас ?ай?ы-?асірет ?келді. Ая? астынан бастал?ан ?ділетсіз арпалыс?а ?аза?станнан 2 миллион?а жуы? т?рлі ?лт ?кілдері ?скер ?атарына ша?ырылды. Майдан даласынан 394 мы? ?аза? бозда?тары ?айтпай ?алды. Біріні? ?кесі, біріні? а?асы ?аза тапты. ?аншама жас бозда?тарды? ?ыршын жасы ?иылды.  ?ауызын ашпай к?ктей ?ыр?ыл?ан сол жастарды? ішінде, ?тте? дари?а-ай, ?аншама елімізді к?ркейтер жас ?ыздар мен жігіттер кете барды.

?лы Отан со?ысында же?іс са?атын жа?ындату?а ?аза?станны? ?ос?ан ?лесі телегей те?із.Сол бір с?рапыл жылдары ?аза? хал?ы ?зіні? Отанына, жеріне деген патриотты? сезімін д?лелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оны? ішінде 96 ?аза? Ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ын алды. Жау?а ?арсы шай?астар алды??ы шептегі ?рыстарда ?ана емес, алыста?ы ауыл мен ке? байта? далада да ж?ріп жатты. Сол жылдары ?она?жай хал?ымыз  миллионда?ан бос?ындарды бауырына басты. М?хтар Ма?ауинні? «Бір атаны? балалары» атты повесінен о?ы?анымыздай, Ахмет а?са?ал со?ыс ашып отыр?ан немісті? баласын бауырына басу ар?ылы ке?пейілділік танытты. Ахмет ?ария ?аза? хал?ыны? жиынты? бейнесі іспеттес.

?лы Отан Со?ысы жылдары жау?а ?арсы атыл?ан ?рбір он о?ты? то?ызы ?аза? жерінде жасалды. ?з бала-ша?асыны? аузынан жырып майдан?а аттандыр?ан азы?-т?лік, жылы киім де вагон-вагон болып со?ыс даласына аттанып жатты. ?лы Же?іске ?ажап к?шпен жеттік. Ол к?ш - ?рине, "бірлік”. ?аншама халы? бір туды? астына бірігіп, к?штерін бір арна?а салды.?лы Же?іс -  он бес ода?тас бол?ан мемлекеттерді? орта? мерейтойы.

?лы Отан Со?ысында аталарымыз мен апаларымыз ?шпес ерліктері ар?асында Отанымызды жаудан ?ор?ап ?алды. Аталарымызды?ерліктері, оларды? ?з Отанына деген шексіз с?йіспеншіліктері -  ?аза?станны? б?гінгі жауынгерлері ?шін ма?тан т?тарлы? ?лгі. Же?іс к?ні – абыройымыз бен да??ымызды? мерекесі. Табандылы? пен ерлік, Отан?а деген с?йіспеншілік ?атал со?ыста Же?іске жеткізді.

?анішер фашисті тал?анда?ан аталарымызды? ерлігі мен Рейхстаг?а же?іс туын тіккен Ра?ымжан ?ош?арбаевты? есімдері тарихта м??гілік ?ала бермек. ?з кеудесімен Отанын ?ор?ап ?ал?ан ?аза? даласынан шы??ан Бауыржан Момыш?лы, Тал?ат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, М?нш?к М?метова, ?лия Молда??лова сынды батырларымызды? есімі тарихымызда алтын ?ріптермен жазылу?а міндетті.

Дар?ан мінез, дария ой, дара шы?дар,
Жар?ын ж?зді, ж?регі а?, жаны асылдар.
Арамызда ж?ретін алша? басып,

Майдангерлер азайып барасы?дар.

?ан майданны? ж?ректе жарасы бар,
?ай?ысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда ж?ретін алша? басып,

Ардагерлер азайып барасы?дар.

Уа?ыт к?ші алды?а жылжы?ан сайын ?лы Отан Со?ысыны? ардагерлеріні? ?атары сиреп барады. Соларды? жанымен, ?анымен, терімен, к?з жасымен, к?шімен, ерлігімен келген  Же?іс к?ніне келесі жылы жетпіс жыл тол?алы отыр.  «Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жар?ын болаша?, ба?ытты ??мыр сыйла?ан аталар, апалар ерлігі еш?ашан ?мытылмайды.  Келешек ?рпа? ?лы Же?істі? ?алай келгенін, бейбіт ?мірге ?алай ?ол жеткізгенімізді білуі керек. Соларды? ?асиетті рухы б?гінгі бейбіт ?мірімізге  м??гі шуа?ын шашпа?. Же?істі? туы м??гілік желбірей берсін.        

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖЕ?ІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ М??ГІЛІК. ШЫ?АРМА »

Рахиш Қарылғаш

3 Балалар және жасөспірімдер орталығының «Көркем әдебиет» үйірмесіне қатысатын Мамбет Смағұлов атындағы №34 орта мектебінің 10 сынып оқушысы. Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылы



ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК



Адамзат тарихында ұмытылмайтын ауыр да қасіретті Ұлы Отан Соғысы ең сұрапыл, жойқын соғыс ретінде есімізде қалды. Әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де, ешқашанда ұмытпақ емес. 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл - сан мыңдаған ұрпақ үшін, ұлты мен тілі бөлек, діні мен мәдениеті бөлек халықтар үшін ортақ мереке. Бұл мереке әлемді тыныштықта тербететін бейбітшілік пен қайырымдылықтың әрқашан жеңетінін дәлелдеді. Бұл мереке Отанын қорғаған қаһарман жауынгерлердің айбыны мен тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалды. 

Біз соғысты көрген жоқпыз. Фашистердің жантүршігерлік қатыгездігін кинодан көрдік, қан майданның отқа оранған күндерін әдеби шығармалардан оқыдық. Менің үлкен атамның соғыс жайлы айтқан әңгімелері, майдангер достары туралы еске алған кездегі жасқа толы жанары есімнен кетпейді.

Александр Бектің халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының ерлігін баяндайтын «Арпалыс» романын оқып отырғанда мен фашистердің қатыгездігіне жаным түршікті. Бейбіт уақытта өмір сүрген жас жауынгерлердің қанды майдан ортасына түскен кездегі үрей мен намыс сезімдерінің арпалысына куә болдым. Бауыржандай батырдың өз батальонын бес рет жау қоршауынан алып шыққан сәттегі ерлігі мен ақылдылығына тәнті болдым.

Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Тарихта Гитлер сияқты қатыгез, әлемді билеуге ұмтылған жауыздардың арқасында қаншама қарапайым адамдар көз жұмды?50 миллионнан астам өмірді жалмаған ІІ дүниежүзілік соғыс әр қазақ отбасы үшін орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қаншама елімізді көркейтер жас қыздар мен жігіттер кете барды.

Ұлы Отан соғысында жеңіс сағатын жақындатуға Қазақстанның қосқан үлесі телегей теңіз.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары қонақжай халқымыз миллиондаған босқындарды бауырына басты. Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты повесінен оқығанымыздай, Ахмет ақсақал соғыс ашып отырған немістің баласын бауырына басу арқылы кеңпейілділік танытты. Ахмет қария қазақ халқының жиынтық бейнесі іспеттес.

Ұлы Отан Соғысы жылдары жауға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалды. Өз бала-шағасының аузынан жырып майданға аттандырған азық-түлік, жылы киім де вагон-вагон болып соғыс даласына аттанып жатты. Ұлы Жеңіске ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс - он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.

Ұлы Отан Соғысында аталарымыз мен апаларымыз өшпес ерліктері арқасында Отанымызды жаудан қорғап қалды. Аталарымыздыңерліктері, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері - Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.

Қанішер фашисті талқандаған аталарымыздың ерлігі мен Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері тарихта мәңгілік қала бермек. Өз кеудесімен Отанын қорғап қалған қазақ даласынан шыққан Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды батырларымыздың есімі тарихымызда алтын әріптермен жазылуға міндетті.

Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,

Майдангерлер азайып барасыңдар
.

Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Уақыт көші алдыға жылжыған сайын Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің қатары сиреп барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ерлігімен келген Жеңіс күніне келесі жылы жетпіс жыл толғалы отыр. «Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Келешек ұрпақ Ұлы Жеңістің қалай келгенін, бейбіт өмірге қалай қол жеткізгенімізді білуі керек. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт өмірімізге мәңгі шуағын шашпақ. Жеңістің туы мәңгілік желбірей берсін.      






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ЖЕ?ІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ М??ГІЛІК. ШЫ?АРМА

Автор: Рахиш ?арыл?аш

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163501


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства