kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?аты " Алтын к?з"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Алтын к?з мерекесі.
Саба?ты? ма?саты:  К?з мезгіліндегі ??былыстарды? м?ні, адамдарды? іс-?рекеті туралы т?сінік бере отырып, о?ушыларды таби?и орта?а деген к?з?арастарын ?алыптастыру, таби?атты ?ор?ау?а, е?бек?орлы??а т?рбиелеу. О?ушыларды? ?з бетімен ж?мыс істеу м?мкіндіктерін арттыра отырып, ?нерге баулу.
Саба?ты? т?рі: сайыс
Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, сын т?р?ысынан ойлау, ойын.
Саба?ты? барысы:
1.?йымдастыру кезе?і. 
1-ж?ргізуші
?ызыл жасыл жапыра?ты к?з ?андай,
Айналада бар тіршілік ?ыз?андай.
Жан аямай терін т?ккен адам?а,
Бар байлы?ты жаратамыз ?ыз?анбай.
2-ж?ргізуші
К?з келді тамылжытып айналаны,
Жатыр ?ой хал?ым б?гін тойла?алы.
Бір жылды? ма?сат еткен игі істері,
Орындалды к??ілде ойла?аны.
1-ж?ргізуші
Дамылап жат?ан бал?ындай,
То?татты сулар тасуын.
 А?аштар алтын жамбыдай,
Шашады жерге шашуын.
2-ж?ргізуші
Алтын к?з! ?семсі? сен ат?ан та?дай,
К?ркі?е та? ?аламыз ?а?ып та?дай.
?р та?ы? тынышты?пен ата берсін,
Елімні? молшылы?ы арта берсін.
 
1-ж?ргізуші
??рметті «Алтын к?з» мерекесіні? ?она?тары!
Сіздерді мереке к?німен ??тты?таймыз!
2-ж?ргізуші
Орта?а думанды кешті? с?ніне айналар, мы? б?рала билеп, ?сем ?уендерімен ж?рекке тере? бойлайтын, к?ркіне а?ылдары сай алтындай жар?ыра?ан к?з ханшайымдары мен ханзадаларын ша?ырамыз. ?ошеметпен ?арсы алы?ыздар!
 
10-сынып:
 
?сем ?ні Мирасты?, ж?рекке тере? бойлайды,
?з ?лесін ?оссам деп, ел ерте?ін ойлайды.
Белсеніп шы?ты орта?а,
Же?іске жетпей ?оймайды.
?неріне т?нті ?ыл?ан баршаны,
К?ріп, білген сайыстарды? ?аншасын.
Ботаг?зді? к?з тартатын келбеті,
Бейнелер еді бейне «К?зді? ханшасын».
 
1-ж?ргізуші
8-сынып:
 
Н?рболаттан таба алмаймыз бір мінді,
Бос уа?ытпен ?ткізген емес бір к?нді.
Сыныбыны? намысы ?шін жанын берер,
На?ыз жігіт «сегіз ?ырлы, бір сырлы».
Сыныбыны? ма?танышы, тірегі,
Барлы? істе белсеніп-а? ж?реді.
Би билейтін, ?нді де айтар Дананы?,
Сыныбымен бірге со?ар ж?регі.
 
2-ж?ргізуші
9-сынып:
 
Б?л сыныпта ?нерлілер ?те к?п,
Тартынатын, б?лсінетін бірі жо?.
Саханада именбейді Н?расыл,
Жар?ырайды, жалындайды бейне шо?.
Тал бойына жина?ан барлы? ?нерді,
Тамылжытып айта да алар ?ле?ді.
Би де билеп, к?мбірлетіп к?й тарт?ан,
Кім білмейді Аяжандай ?ренді.
 
1-ж?ргізуші
?діл?азы ал?алар,
Сенімдерін ар?алар.
?рбір ?нер-білімді,
?ділдікпен ба?алар. –дегендей мерекелік кештегі о?ушыларымызды? біліміне, ?неріне сонымен ?атар сымбатына ?діл ба?асын берер ?діл?азылар ал?асымен таныс болы?ыздар:
Шайкамал апай, М?ркен апай, Тол?ын апай.
2-ж?ргізуші
Б?гінгі мерекелік кешті? ?она?тары, ханшайымдар мен ханзадалар?а арнал?ан Мекешов Еділді? «Есіл а?ады» ?нін ?арсы алы?ыздар.
?нер ?уып сайыскерлер ?тер деймін,
Бір басына ?нері жетер деймін.
Сын?а т?скен ?ырандар кезектесіп,
Таныстырып ?здерін ?тер деймін. – дегендей бірінші «Таныстыру» б?ліміне кезек береміз.
6-сынып о?ушыларыны? дайында?ан скетчын тамашала?ыздар.
1-ж?ргізуші
«?нерлі ?рге ж?зер» деген бар ?ой, 
?р сайыскерді к?рсететін ?нері ?ой.
Орта?а сал, ?ялма, осы к?ні,
?осылар ?діл ба?а соны? бірі-дей келе сайыскерлерімізді? ?нерін тамашалайы?. (?нер сайысы.)
2-ж?ргізуші    
?лкен жота то?тап т?р?ан ?р кеме,
?ар жамылма? кеш пе, ?лде ерте ме?
?ою б?лттар тау т?сінде оян?ан,
К?з келгенін хабарлап т?р ?лкеге.-демекші к?зде ал?ан т?рлі т?сті ?німге тіл бітірген сайыскерімізге кезек береміз. (костюм ?ор?ау)

11-сынып о?ушысы ?абдешова Тол?ынны? орындауында ?збек биін тамашала?ыздар.
1-ж?ргізуші:
«Ата с?зі – на?ыл с?з» дегендей хал?ымызда «А?аш к?ркі – жапыра?, адам к?ркі –ш?берек» деген даналы? с?здер бар. ?л-?ыздарымызды? бойына жарасымды к?рік беретін, келбетті сымбатын ерекшелейтін де с?нді киімдер. К?з айында ауа райы ?р кезде ??былмалы болады емес пе? Ханзада мен ханшайымдар сыныптастарыны? к?мегімен, ?здеріні? ?ш?ыр ойларынан туында?ан к?здік с?н ?лгілерін сіздерді? назарлары?ыз?а ?сынба?.
2-ж?ргізуші
Берекесін сыйлау?а,
?лкемізге к?з келді.
Жемістерін жинау?а,
Ша?ырыпты біздерді. –дегендей к?з кереметін тамашалайы?.       
(?й тапсырмасы)
1-ж?ргізуші:
Жылан ізі, кесірткені? іздері, 
Ыс?ырып ?ап ішін тарт?ан к?з демі.
А?аштардан ?шып жат?ан жапыра?,
Білім к?зін оятады біздегі.- дегендей келесі кезекті «Білім сайысына» береміз.
Сайыскерлеріміз ?здері жереби бойынша с?ра?тар та?дап алады да, сол с?ра??а жауап беруі тиіс.
1.    Биыл?ы жылы к?з жа?бырлы болды, ал шауып ?ой?ан ш?бімізді? шіріп кету ?аупі бар, ?андай шара ?олдану керек?
2.    Шиеден, алм?рттан, ?ріктен жасал?ан кампотты бір жылдан арты? са?тау? болмайды. Неліктен?
3.    Е? ірі жеміс?
4.    Бір а?ашта ?ыры? ?я,
          ?ыры? ?яда ?ыры? ж?мырт?а,
          ?ыры? ж?мырт?ада ?ыры? балапан.
          Ол не?
           5. Отырса жасыл, ?шса сар?аяды, жерге т?сіп ?араяды. Ол не?

6.    Ана? капуста, с?біз, т?тті б?рыш, ?ызана?, ?ияр жемістерінен к?здік салат жасады. Нені салмай ?мытып кетті?
7.    К?зде жапыра? неге сар?аяды?
8.    Бізді? ауылда?ы к?зде ?оныс аударатын ??старды ата?ыз?
9.    Аск?кті? емдік ?асиетін айт.
10.     Б?л жергілікті а?ынымыз,  жазушымызды? новелласынан ?зінді. Авторы кім? (тексті о?у)                  
2-ж?ргізуші:
Жеміс пенен к?к?ніс,
Нан, с?т, ет берер к?ш.
Витамин – та?ам, н?р,
Оны ж?рт ба?алар.
Ас – адамны? ар?ауы,
Аспен к?ш артады.
Та?ам исі жа?ымды,
Тазартар жаны?ды.
Дерті?ді ?уатты,
Дене?нен ?уады.
Сайыскерлерімізді? б?гінгі кешке арнап жаса?ан, мерекелік дастарханын тамашалайы?.
?айсысы ?нші, кім биші,
Талабына ?арайы?.
Кімдер зерек, кім жылдам,    
?діл?азылардан с?райы?.
Сайысымызды? же?імпазын аны?тау ?шін, кешімізді? ханшайымы мен ханзадасын та?дауды ?діл?азыларды? ??зырына береміз.
Музыкалы? жолдама: 
?айырбеков ?аршы?аны? орындауында «Ту?ан жер» ?ні.    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты " Алтын к?з" »

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз мерекесі.

Сабақтың мақсаты: Күз мезгіліндегі құбылыстардың мәні, адамдардың іс-әрекеті туралы түсінік бере отырып, оқушыларды табиғи ортаға деген көзқарастарын қалыптастыру, табиғатты қорғауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау, ойын.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1-жүргізуші

Қызыл жасыл жапырақты күз қандай,

Айналада бар тіршілік қызғандай.

Жан аямай терін төккен адамға,

Бар байлықты жаратамыз қызғанбай.

2-жүргізуші

Күз келді тамылжытып айналаны,

Жатыр ғой халқым бүгін тойлағалы.

Бір жылдың мақсат еткен игі істері,

Орындалды көңілде ойлағаны.

1-жүргізуші

Дамылап жатқан балғындай,

Тоқтатты сулар тасуын.

Ағаштар алтын жамбыдай,

Шашады жерге шашуын.

2-жүргізуші

Алтын күз! Әсемсің сен атқан таңдай,

Көркіңе таң қаламыз қағып таңдай.

Әр таңың тыныштықпен ата берсін,

Елімнің молшылығы арта берсін.

1-жүргізуші

Құрметті «Алтын күз» мерекесінің қонақтары!

Сіздерді мереке күнімен құттықтаймыз!

2-жүргізуші

Ортаға думанды кештің сәніне айналар, мың бұрала билеп, әсем әуендерімен жүрекке терең бойлайтын, көркіне ақылдары сай алтындай жарқыраған күз ханшайымдары мен ханзадаларын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

10-сынып:

Әсем әні Мирастың, жүрекке терең бойлайды,

Өз үлесін қоссам деп, ел ертеңін ойлайды.

Белсеніп шықты ортаға,

Жеңіске жетпей қоймайды.

Өнеріне тәнті қылған баршаны,

Көріп, білген сайыстардың қаншасын.

Ботагөздің көз тартатын келбеті,

Бейнелер еді бейне «Күздің ханшасын».

1-жүргізуші

8-сынып:

Нұрболаттан таба алмаймыз бір мінді,

Бос уақытпен өткізген емес бір күнді.

Сыныбының намысы үшін жанын берер,

Нағыз жігіт «сегіз қырлы, бір сырлы».

Сыныбының мақтанышы, тірегі,

Барлық істе белсеніп-ақ жүреді.

Би билейтін, әнді де айтар Дананың,

Сыныбымен бірге соғар жүрегі.

2-жүргізуші

9-сынып:

Бұл сыныпта өнерлілер өте көп,

Тартынатын, бәлсінетін бірі жоқ.

Саханада именбейді Нұрасыл,

Жарқырайды, жалындайды бейне шоқ.

Тал бойына жинаған барлық өнерді,

Тамылжытып айта да алар өлеңді.

Би де билеп, күмбірлетіп күй тартқан,

Кім білмейді Аяжандай өренді.

1-жүргізуші

Әділқазы алқалар,

Сенімдерін арқалар.

Әрбір өнер-білімді,

Әділдікпен бағалар. –дегендей мерекелік кештегі оқушыларымыздың біліміне, өнеріне сонымен қатар сымбатына әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Шайкамал апай, Мәркен апай, Толқын апай.

2-жүргізуші

Бүгінгі мерекелік кештің қонақтары, ханшайымдар мен ханзадаларға арналған Мекешов Еділдің «Есіл ағады» әнін қарсы алыңыздар.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Сынға түскен қырандар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін. – дегендей бірінші «Таныстыру» бөліміне кезек береміз.

6-сынып оқушыларының дайындаған скетчын тамашалаңыздар.

1-жүргізуші

«Өнерлі өрге жүзер» деген бар ғой,

Әр сайыскерді көрсететін өнері ғой.

Ортаға сал, ұялма, осы күні,

Қосылар әділ баға соның бірі-дей келе сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық. (Өнер сайысы.)

2-жүргізуші

Үлкен жота тоқтап тұрған өр кеме,

Қар жамылмақ кеш пе, әлде ерте ме?

Қою бұлттар тау төсінде оянған,

Күз келгенін хабарлап тұр өлкеге.-демекші күзде алған түрлі түсті өнімге тіл бітірген сайыскерімізге кезек береміз. (костюм қорғау)


11-сынып оқушысы Қабдешова Толқынның орындауында өзбек биін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

«Ата сөзі – нақыл сөз» дегендей халқымызда «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі –шүберек» деген даналық сөздер бар. Ұл-қыздарымыздың бойына жарасымды көрік беретін, келбетті сымбатын ерекшелейтін де сәнді киімдер. Күз айында ауа райы әр кезде құбылмалы болады емес пе? Ханзада мен ханшайымдар сыныптастарының көмегімен, өздерінің ұшқыр ойларынан туындаған күздік сән үлгілерін сіздердің назарларыңызға ұсынбақ.

2-жүргізуші

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырыпты біздерді. –дегендей күз кереметін тамашалайық.

(үй тапсырмасы)

1-жүргізуші:

Жылан ізі, кесірткенің іздері,

Ысқырып қап ішін тартқан күз демі.

Ағаштардан ұшып жатқан жапырақ,

Білім көзін оятады біздегі.- дегендей келесі кезекті «Білім сайысына» береміз.

Сайыскерлеріміз өздері жереби бойынша сұрақтар таңдап алады да, сол сұраққа жауап беруі тиіс.

  1. Биылғы жылы күз жаңбырлы болды, ал шауып қойған шөбіміздің шіріп кету қаупі бар, қандай шара қолдану керек?

  2. Шиеден, алмұрттан, өріктен жасалған кампотты бір жылдан артық сақтауғ болмайды. Неліктен?

  3. Ең ірі жеміс?

  4. Бір ағашта қырық ұя,

Қырық ұяда қырық жұмыртқа,

Қырық жұмыртқада қырық балапан.

Ол не?

5. Отырса жасыл, ұшса сарғаяды, жерге түсіп қараяды. Ол не?


  1. Анаң капуста, сәбіз, тәтті бұрыш, қызанақ, қияр жемістерінен күздік салат жасады. Нені салмай ұмытып кетті?

  2. Күзде жапырақ неге сарғаяды?

  3. Біздің ауылдағы күзде қоныс аударатын құстарды атаңыз?

  4. Аскөктің емдік қасиетін айт.

  5. Бұл жергілікті ақынымыз, жазушымыздың новелласынан үзінді. Авторы кім? (тексті оқу)

2-жүргізуші:

Жеміс пенен көкөніс,

Нан, сүт, ет берер күш.

Витамин – тағам, нәр,

Оны жұрт бағалар.

Ас – адамның арқауы,

Аспен күш артады.

Тағам исі жағымды,

Тазартар жаныңды.

Дертіңді қуатты,

Денеңнен қуады.

Сайыскерлеріміздің бүгінгі кешке арнап жасаған, мерекелік дастарханын тамашалайық.

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Әділқазылардан сұрайық.

Сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін, кешіміздің ханшайымы мен ханзадасын таңдауды әділқазылардың құзырына береміз.

Музыкалық жолдама:

Қайырбеков Қаршығаның орындауында «Туған жер» әні.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? т?рбие са?аты " Алтын к?з"

Автор: Нуриманова Назым Алибековна

Дата: 21.02.2015

Номер свидетельства: 176997


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства