kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазіргі заман ұстазы неге өзгеру керек?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен өзімнің ойымды  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Болашақта өмір сүретіндер–бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деген сөздерімен бастағым келіп отыр. Себебі, қазіргі заман талабына сай ұстаз - еліміздегі өзгерістер  тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары, қоғамның жедел ақпараттануына, дамуына ілесе алуы қажет. Мұғалім мамандығы бізді үнемі алда болуға,  оқушыларға білімімізді нақты беруге жетелейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазіргі заман ұстазы неге өзгеру керек?"»

«Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ









Педагогикалық кеңес


Баяндама



Тақырыбы: «Қазіргі заман ұстазы-неге өзгеру керек?»



Абугалиев Асқар Тулегенович




«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Астана қаласы, Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымы басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша сертификатталған ұстаз




















2015-2016 оқу жылы



«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

Абай


Мен өзімнің ойымды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Болашақта өмір сүретіндер–бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деген сөздерімен бастағым келіп отыр. Себебі, қазіргі заман талабына сай ұстаз - еліміздегі өзгерістер тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары, қоғамның жедел ақпараттануына, дамуына ілесе алуы қажет. Мұғалім мамандығы бізді үнемі алда болуға, оқушыларға білімімізді нақты беруге жетелейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында –«Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан, оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап көрсетілген.[1]

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы қаулыда «Оқыту нысаны мен әдістерін жаңарту елдегі жалпы білім беретін мектептерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) тәжірибесін тарату және баланың оқуға қызығушылығын тудыратын қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі» деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, -«Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетінболады»-делінген.
      Тағы бір ерекше айта кетерлік мәселе «Жоғары оқу орындарының, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық шеберлік орталықтары мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өңірлік орталықтарының базасында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларының мазмұны жаңартылып, іске асырылып, мұғалімнің кәсіби-жеке тұлғалық құзыреттілігін диагностикалау жүйесі әзірленетін болады. Мұғалімдердің оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қолдау табатын болады және мұғалімдер мен оқушыларға қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып ең үздік оқытушылардың сабақтарына қатысу қолжетімділігі ұсынылатын болады» деп көрсетілген.[2]

Елбасымыздың қолдауының арқасында осы мақсатқа жету жолында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Біз тыңдаушы болып отырған деңгейлі бағдарлама да осыған кепіл.

PISA зерттеулерінде оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бағаланады. 2012-дегі PISA зерттеулерінде 65 мемлекет, PISA-2006 да 57 мемлекет, PISA-2009 жылы 65 мемлекет қатысты. PISA-2006 бағалау қорытындысы бойынша үш бағытта да «ортадан жоғары» көрсеткішті тоғыз мемлекет көрсетті. Олар: Финляндия, Гонконг,Оңтүстік Корея, Канада, Жаңа Зеландия, Австрлия, Нидерланды, Линхтенштейн, Япония мемлекеттері. PISA-2012 жылдағы бағалау қорытындылары бойынша математикалық сауаттылықтан жоғары көрсеткіш көрсеткен 13 мемлекет болды: Эстония, Финляндия, Канада, Польша, Бельгия, Германия, Астрия, Австралия, Ирландия,Словения, Дания,Жаңа Зеландия мемлекеттері. PISA-2009 бағалау қорытындылары бойынша «ортадан жоғары» көрсеткішті 14 мемлекет көрсеткен: Шанхай, Финляндия, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік корея, Япония, Канада, Жаңа Зеландия, Австралия, Швейцария, Макао, Вьетнам, Германия, Франция, Норвегия. PISA бағалау қорытындысы бойынша өз мемлекетімізді жоғары сауаттылық көрсеткішке жеткізуіміз қажет. Ол үшін әр мұғалім өз мектебінде білімі мен тәжірибесін ортаға салып,оқушылардың оқу үрдісін зерделеулері қажет.

Маған мынадай ой келді. Сонда, әлемде білім сапасы жөнінен алдыңғы қатарда тұрған елдер бұл денгейге қалай жетті? Әлемдегі білім және ғылым саласын зерттеумен айналысатын Pearson компаниясы британдық «The Times» газетіне әлемдік білім беру және ғылым саласын зерттеу нәтижесін жариялады. Әлемдегі Мемлекеттердің білім беру жүйесін зерттеу бітірушілер тапсырған халықаралық емтихандардың нәтижесі және басқа да ақпараттарға сүйене отырып жүргізілген екен. Нәтижесінде «үздік жиырмалық» мына мемлекеттер жатады екен: Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Жапония, Сингапур, Ұлыбритания, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Ирландия, Дания, Австралия, Польша, Германия, Бельгия, АҚШ, Венгрия, Словакия, Ресей. Зерттеу тобын басқарып жүрген Майкл Бербердуң айтуынша, тізімдегі елдердің оқытушылар дәрежесі де жоғары екен. Сонда зерттеулерді бағамдап, талдап қарасаң көбінесе бірқатар мемлекеттер білім беру жүйесі жаңынан өте жоғары деңгейде екендігіне көзім жетті. Мен осы жиырма мемлекеттің арасындағы таңдаулы елдің бірі Финляндия мемлекетінің білім беру жүйесіне тоқталып көрейік.

Финляндия мектебінің ұстаздарын таңдау өткізу ең алдымен 2007 жылдан бастап жалпыұлттық деңгейде міндетті түрде емтихан және сауаттылығын анықтайтын тестілер тапсырады.Бұл сынақтан өткендер ғана келесі кезеңге өтеді. Келесі кезеңді мүғалімдердің коммуникативтік дағдыларын, академиялық қабілеттерін және мұғалімдік жұмысқа деген ынтасын анықтайтын тесттер арқылы университеттер өткізеді екен.Ең соңында университет бітірген болашақ мұғалімдер өздері жұмысқа орналасатын мектептің өзінде тест тапсырып барып жұмысқа қабылданады екен.(М.Барбер М.Муршед)

Финляндия мемлекеті бүгінгі таңда талай жетістіктерге жеткен өркениетті елдің қатарында. Менің ойымша, бұлай болуы мемлекеттің білім жүйесін сәтті құра білуінде және елдің экономикалық,әлеуметтік,саяси дамуында. Біздің мемлекетімізбен бір ұқсастығы Финляндияда Конституциясында да әр азамат оқуға құқылы делінген. Баланы мектепке 6 жасынан бастап дайындайды. Егер ол жерде қажет болса, қабілетін жетілдіріп, мүмкіндік болса бастауыш сыныптың бағдарламасын меңгерте бастайды. Сонымен қатар, біздің еліміздегі сияқты Финляндия мектебі де екі сатыдан тұрады: міндетті ақысыз бастауыш және орта 1-6 сыныпқа дейін бір ғана мұғалім сабақ береді, 7 сыныптан 9-сыныпқа дейін әртүрлі пән мұғалімдері сабақ береді. Негізгі мектепті бітірген соң оқушылар қайда оқу жалғастыратындықтарын өздері шешеді. Ерекшелігі, оқушылар мектепте оқыған уақытта мемлекет есебінен үш уақытта тамағына, оқулықтарына және бала мектептен 5 км қашықтықтан алыс тұрса оған да мемлекет қаражат бөледі екен.Тағы бір ұнаған жері, мектеп оқушыға өмірін жоспарлауға, қарапайым мақсаттан күрделі мақсат қоюға үйретеді және мінез-құлқын қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін аша білуге жетелейді. Финляндия мектептерінде- оқушы негізгі мектепті бітірсе де емтихан тапсырмайды. Екінші ерекшелігі- басқа пәндердің есебінен кейбір пәндерді тереңдетіп оқытады. Сабақтар бір ауысымда, үй жұмысына көп көңіл бөлінбейді, бастауыш сыныптар мектепте 1-2 сағат қана оқиды, жоғары сыныптар 5-сағаттан артық оқымайды. Үй жұмысын орындау барысында оқушы мен отбасында әр түрлі қарым-қатынастар туындамас үшін қажеті жоқ деп есептейді.Тек біраз уақыт өткен сон фин мектептерінде сабақ-үй тапсырмасы-тест тізбегі бойынша меңгерілген материалға бақылау жүргізіледі. Ал, өзімізде үй тапсырмасын көп мөлшерде береді немесе күрделі етіп береді де оларды орындағанға бірталай уақыт кетеді. Қазақстаннның мектептерінде де әр тоқсан сайын бақылау, сынақтар өткізіледі.Бірақ, оларды бағалау оқушылардың шын мәңіндегі білім деңгейін толық көрсете алмайды деп ойлаймын.(congres-tour.ru global networking)

Финляндияда оқу жылы 190 күннен тұрады және тек күндіз ғана білім алады. Сенбі, жексенбі күндері мектептерде демалыс әрі, барлық финляндия мектебі тек бір ауысымда жұмыс жасайды. Ұстаздардың жұмыс күні таңертеңгі сағат сегізден үшке дейін созылады.Білім мекемелері,яғни мектептері жоғары деңгейде жабдықталған. Шкаф, парта, орындық сындыларға сынып ішінде қозғалу үшін дөңгелек аяқтар тағылған және кейде матамен қаптайды екен.

Финляндия білім жүйесі-әлемдегі үздік жүйеге жатады,себебі, «РISA» зерттеулері бұл елдің жоғары рейтингте екенін көрсетті. Мұндай нәтижеге жетуінде қандай ерекшелік бар? Халықтың көбі елдің георафиялық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерінен бе деп ойлайды екен. Олар оқушылардың оқу жылдамдығын жетілдіру үшін кәдімгі уйдегі телевизорды пайдаланады екен. Мысалы, шетелдік бағдарламалар, кинофильмдер аудармасы титр түрінде беріледі. Сонда кітап оқуға құлқы жоқ балалар, телевизорды көріп отырып жылдам оқуға жаттығады екен. Меніңше, мұның әсері жоғары. Сонымен қатар, Финдықтар бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге біліктілігіне, сауаттылығына қатты мән береді екен. Қазақстанда да бастауыш сынып пәні мұғалімдерінің біліктілігіне баса назар аудару жүйесін енгізу қажет және титртлік әдістерді телевизор емес сабақ барысында қолдану қажет пе деп ойлаймын. Финляндия мектептерінің тағы бір ерекшелігі, мұнда оқушылар кабинетте ғана емес, ұстаздар қала ішіндегі балалар ғылыми орталығына барып сабақтар өткізеді. Сабақтың тақырыбына байланыста зерттеулер жүргізіп, қолмен ұстап, тәжірибелер көрсетеді.

Ал,енді Сингапур мемлекетінің білім беру жүйесіне тоқталсақ. Сингапур білім беру жүйесінде көшбасшылардың бірі. Мемлекеттің ерекшелігі үздік мектептердің іс-тәжірибесі басқа мектептерге таратылады екен. Сол мектептің әдістемесін, оқыту әдіс-тәсілдерін басқа мектептер қолданады екен. Тағы бір маған ұнаған жері Сингапурде - мектептер кластерлерінің құрылуы. Әр кластерге 12 ден 14 ке дейін бастауыш және орта мектептер кіреді. Осы кластер шеңберінде мектепті дамыту үшін әрі қосымша қаржы табу үшін мектептер бір-бірлерімен сайыстарға түседі. Ара қашықтықтары жақын орналасқан мектептер бір-бірлеріне жиі көмектеседі. Мен осы жүйемен таныса отырып, осы бірінші деңгейлік ұсынып отырған мақсатқа келеді екен деген ойда қалдым. Шынында да, Қазақстандық мектептерде де осы жүйені дамытса болар еді.

Сингапур мемлекетінің білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады. «Алғашқы білім беру» - 6 жылдан, «Орта білім беру»-4жылдан, «Екінді білім беру»- 2 жыл уақытта беріледі екен. Мектеп оқушылары «алғашқы білім беру» сатысын аяқтаған соң бірыңғай ұлттық сынақтан өтеді, бұл сынақ оқушылардың келесі орта білім беру мектебін анықтайды. Ал, мұнан кейін- арнайы «орта білім-беру сынағын» тапсырады және жоғарғы оқу орнына тапсырмастан бұрын тағы бір сыналту,яғни емтихан тапсырады екен. Ол «озат сыналту бағдарламасы» деп аталады екен.

Сингапур мемлекетінің көптеген мектептері мемлекеттік мектептер. Бірақ та, жеке меншік мектепке баратын да оқушылар бар. Егер Сингапур азаматы үкімет орнынан рұқсат алмаса жеке меншік немесе халықаралық мектептерде балаларын оқыта алмайды. Сингапур мемлекетінің ресми тілі ағылшын тілі болып 1987 жылы өзгертілген. Балалардың көпшілігіне мектепке дейінгі білім беру кезінде ағылшын тіліне баса назар аударылады. Сонымен қатар Малай, Мандарин,Қытай,тамил тілдері де мемлекеттік тілдерге жатады және орта мектептерде бұл тілдерге тек қана әдебиет, сол тілдің тіл зерттеу сабақтары үйретіледі. Тағы бір ерешелігі, арнайы бағдарламамен жеке меншік орта мектептерде Мандарин,Қытай тілдерінде кейбір пәндер кіреді және Сингапурда ең қымбат халықаралық мектеп United World College, 3800 оқушы оқиды,жылдық төлемі $45,000-басталады екен. Сингапур мемлекетінің орта мектептер сабағын бір жылда екі семестрге бөледі екен және алғашқы семестр қаңтар айында басталып,мамыр айында аяқталады екен.Екінші семестрі шілде айында басталып қараша айында демалады екен.

Сингапур мемлекетінің тағы бір ерекшелігі, мұғалімдерді жұмысқа алған уақытта таңдау жүргізіледі екен. Алдымен, мұғалімнің өзінің мамандығын жақсы көретінін резюмеде көрсетеді екен.Сонымен қатар, мұғалімнің қарым-қатынас дағдысына, тұлғалық сапасына назар аударылады екен. Сонан кейін бағалау тесттері жүргізіледі, сауаттылығы тексеріледі, яғни өте жоғары дәрежеде сауатты болуы қажет. Мұнан кейін үш тәжірибелі педагогтың қатысуымен әңгімелесу жүргізіледі және әңгімелесу барысында практикалық тапсырмалар беріледі. Осындай сынақтардан өткен соң, орналасқысы келген алты адамның біреуі ғана жұмысқа алынады екен.Қазақстанның мектептеріне де осы жүйені енгізсе, білім сапасы жоғары болар ма еді. (М.Барбер М.Муршед) [5]

Сингапурлықтар бастауыш мектептегі әр оқушыға есептегенде аздаған ақша жұмсалса да,Сингапурлық оқушылар да TIMSS (жаратылыстану ғылымдары мен математиканы оқытудағы халықаралық тенденциялар) жүйесінде жоғары баға алады. Ал, Финляндияда балалар мектепке 7 жасқа толған соң барады және алғашқы екі жылда оқыту уақыты күніне 4-5 сағаттан аспайды. Бірақ саған қарамастан финдық оқушылар 15 жасында әлемдік рейтингіде математикадан, жаратылыстану ғылымдарынан оқуда, есептерді шешуде өте жоғарыда көрінеді және көрші Норвегиядағы өзімен жасты балалардан 50 пункт бойынша озық тұрады. (М.Барбер М.Муршед)[5]

Келесі кезектегі, Германия мемлекеті әлемде экономика саласы бойынша көшбасшы екендігі белгілі, себебі мемлекетінің дамуы өте жоғары білікті мамандық иелерінің көптігіне байланысты ма деп ойлаймын. Ал, білікті маман иелерін дайындайтын әрине, сол мемлекеттің білім беру жүйесі. Мысалы, бастауыш сыныптарда міндетті түрде ана тілі,математика, дүниетану пәндері оқытылады. Ал музыка мен дінтануды оқытуды сол жердің жергілікті министрлері шешеді. Бірақ, бүкіл мемлекетте бір басқару жүйесі де,әрі білім беру жүйесінің жұмысы да нақты мақсатқа бағытталған. Мектеп оқушыларының білім алуы мектепке дейінгі уақытта басталады. Баланы 2 жасынан бастап балабақшаға беруге болады. Германия балабақшаларында балаларды бөлмейді, 2 жастағы бала мен 5 жастағы балада бір балабақшада болады.Мұның ерекшелігі балалар бір-біріне өте тез бейімделеді екен. Сонымен қатар, мұнда оқуды да жазуды да үйретпейді,басты мақсат баланы әлеуметтік-бейімделуге үйрету болып табылады. Бала алты жасқа толғанда балалар 1-сыныпқа қабылдану үшін психологиялық тест тапсырады. Балабақшадан кейін балалар бастауыш мектепке қабылданады, мұнда 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін білім алады. Бастауыш білім берудің бір ерекшелігі, мұнда сыныптар екі блокка бөлінеді екен. 1-ші блокқа 1-2 сынып, 2-ші блокқа 3-4 сыныпты топтастырады екен. Оқушылар еркін қозғалыста әр түрлі тапсырмалар орындайды екен. Олардың ішінде дарынды балаларға ерекше назар аударылады.

Бастауыш сыныптан кейін орта білімнің 1-ші кезеңі- мұнда оқушылар 5-сыныптан 10-сыныпқа дейін оқу үлгерімдеріне байланысты әр түрлі типтегі мектептерде оқиды. Бұл оқу орындары арнайы белгілі бір мамандыққа бағытталған, яғни оқушының болашақ мамандығына байланысты. Германия мемлекетінде 4 типтегі мектептер бар. Соның ішінде жақсы және үздік оқитын оқушыларға арналған мектеп гимназия бар. Бұл мектептің ерекшелігі мұнда оқып бітірген түлектер жоғарғы оқу орнына емтихансыз түседі. Екінші тип ол кәдімгі мектеп деп аталынады, бұл мектепте жоғары статусы бар мектептің қатарына жатады.Мұндағы оқушылар мемлекеттік қызметпен сауда-саттық сферасына қарай бағытталып оқытылады. Мұндай мектепті бітірген түлектер гимназияның 10-сыныбына қабылданады да ары қарай білімін жалғастыруына болады. Сонымен қатар, Германия мемлекетінде негізгі мектеп те бар, бүл мектеп оқу үлгерімі нашар оқушыларға арналған екен. Мұнда оқушыларға базалық білім беріледі және төменгі біліктілікті қажет ететін мамандықтарға бағытталып оқытылады. Бітірген түлектер оқуларын орта кәсіптік біліммен жалғастыруларына болады. Ең соңғы типтегі мектеп, ол аралас мектеп деп аталады. Бұл мектеп 40 жыл бұрын ғана құрылған, ерекшелігі жаңа жоғарыда сипаттаған мектептердің барлығы бірге осы мектепте оқытылады. Германия мемлекетінің білім беру жүйесінде ата-анамен қарым-қатынас, байланыс өте жақсы жолға қойылған. Баласын 4-сыныптан кейін қай бағыттагы мектепке оқитынын ата-ана өздері шешеді. Алайда, менің ойымша бұл мемлекеттің баланы 4-шы сыныптан жан-жақты бағытта бөліп тастағаны дүрыс емес деп ойлаймын. (congres-tour.ru global networking)

Әрине, осы мемлекеттерді қарап отырып, жақсы,тиімді, ұтымды тұстарын өзімізге алсақ ұтатынымыз анық. Әлемдегі білім жүйесі озық тұрған мемлекеттердің ерекшеліктеріне назар аудара отырып, мен осы жүйе біздің Қазақстандық мектептерде де енгізілетіндігіне сенімдімін. Бұған дәлел Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші, екінші және үшінші деңгейлік бағдарламаларын оқып жатқан- мектеп ұстаздары. Қазіргі уақытта біздің мектепте үш ұстаз 1-ші және 2-ші деңгейді бітіріп, сертификат алды.

Жалпы, табысты оқыту туралы мен Жапония мемлекетінің Сабақты зерттеу әдісін мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы бірлескен тәсіл өте тиімді деп ойлаймын және де осы мемлекеттің осы тәсілін өз мектебіме енгіземін.

Оқушыларымыз білікті болуы үшін ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: мұғалімдерге көптеген оқу стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қандай жағдайда қолдану қажеттілігі туралы білім қажет және мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс, сондай-ақ оқу үдерісін бақылауда ақпараттық басқару жүйелерін тиімді қолдана білген жөн.[5]

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім. (strong.ward&grant.2011) Бірінші деңгей мұғалімдері оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы,сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады деп ой түйіндедім.[5]

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. (2014ж 17 қаңтар)

  2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы)

  3. М.Барбер М.Муршед «Как добиться стабильно высокого качества обучения в школах»

  4. Кусайынов А.К. Качество образования в мире и в Казахстане. Алматы.2013г

  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық бірінші (ілгері) деңгей.Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,2015ж

Интернет ресурстар

  1. Материалдар халықаралық білім сайты http: //en. wikipedia. org/ wiki/ Education_in_Singapore

  2. Сайт материалдары (congres-tour.ru global networking)



Абугалиев Асқар Тулегенович

Знаменка орта мектебі



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Астана қаласы, Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымы басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша сертификатталған ұстаз























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Қазіргі заман ұстазы неге өзгеру керек?"

Автор: Абугалиев Аскар Тулегенович

Дата: 28.11.2017

Номер свидетельства: 441084

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Баяндама. Тақырыбы: «Қазіргі заман ұстазы-неге өзгеру керек?»"
    ["seo_title"] => string(68) "baiandama_tak_yryby_k_azirghi_zaman_u_stazy_nieghie_ozghieru_kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "356861"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1478630495"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Мен - ?азіргі заманны? педагогімін"
    ["seo_title"] => string(38) "mien-k-azirghi-zamannyn-piedaghoghimin"
    ["file_id"] => string(6) "327890"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463504915"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""XXI ?асырды? м??алімі ?андай болу керек?!" "
    ["seo_title"] => string(45) "xxi-g-asyrdyn-mu-g-alimi-k-andai-bolu-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "120576"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1413736861"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Қазақстандағы білім жүйесіне өзгерістің қажеттілігі туралы ойлар"
    ["seo_title"] => string(76) "k_azak_standag_y_bilim_zhuiiesinie_ozghieristin_k_azhiettilighi_turaly_oilar"
    ["file_id"] => string(6) "372838"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482514336"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Білім беру ?рдісіндегі заман?а сай жа?а технология"
    ["seo_title"] => string(60) "bilim-bieru-urdisindieghi-zamang-a-sai-zhan-a-tiekhnologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "273330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452185833"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства