kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Интерактивтік оқытудың негізгі формалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Методическая статья содержит в себе описание интерактивных методов обучения, которые можно широко использовать на уроках казахского языка и литературы. Дано описание о различных методов работы с обучаейся группой.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Интерактивтік оқытудың негізгі формалары»

Интерактивтік оқытудың негізгі формалары


Интерактивтік оқытудың негізгі формалары диалог, топ жұмысы, оқулық, пікірсайыс болып табылады.

Диалог барысындағы талдау заты пікірлердің келісуі немесе келіспеуін болдыратын нақты проблемалар. Диалог авторитарлық емес дәлелдейтін сөзді талап етеді. Репликалар, сұрақтар, шындықты іздеуге түрткі болатын фактілер пайдаланады.

Топ жұмысының артықшылығы оқушы өз көзқарасын қорғауға, салыстыруға үйренетінде. Оқушылардың сын ойлауы, іздену белсенділігі дамиды.

Оқу пікірсайысының артықшылығы - топтағы ойлаулар мен идеялардың реттелген алмасуы болып табылады. Ондай айырбастауға әр оқушы әсерін тигізеді.

Оқыту-тәрбиелеу процесінде белсенді әрі тиімді пайдаланылатын оқыту тәсілдері: сыныпты топқа бөліп проблемамен жұмыс істеу, іскер (рөльдік) ойындар, пікіржарыстар, пікірсайыстар, жанжал жағдайларды шешу және т.б. Оқу дағдыларын жетілдіріп белсендіретін тиімді тәсіл болып табылатын және жақсы нәтижелерді қамсыздандыратын интерактивті тәсілдерді әрі қарай да айтып өтуге де болады.

Бірақ ең жиі қолданылатын әдіс - шағын топтардағы жұмысқа тоқтап кетсек. Шағын топтардағы жұмыс барысында келесі қиын емес, бірақ өте қажет ережелерді сақтау керек.


  1. Топ тапсырма мен регламент бойынша жұмыс істеу керек.

  2. Топта жұмыстан ешкім айынбай әрі шығарылмауы тиіс.

  3. Әрқайсының бағасы топ жұмысына байланысты.

Топта жұмыс істер алдында: жұмысын бақылайтын жүргізушіні, керек ойларды жазып отыратын хатшыны, бекітілген регламентті бақылайтын тайм-скиперді, барлықтарының атынан шығып айтатын презентаторды, басқа топтарға сұрақ қоятын координаторды таңдау керек.

Шағын топтардағы жұмыс интерактивті сабақта жұмыс түрлерінен ең қолайлы әрі мықты түрі болып табылады. Оның себебі қиын емес: топтың әр мүшесінде пікірсайысқа белсенді қатысуға мүмкіндігі бар. Топтың жалпы сәтті жұмысына оқытылатындардың әрқайсысының қатысуына байланысты. Оған қоса уақыт та үнемделеді, топтардың нәтижелерін салыстыруға да болады, топтың әр мүшесімен жұмыс істеу мүмкіндігін туғызып жайлы атмосфераны жасауға қажет.

Жұмыс барысы: Оқушылар бірнеше кішкене топтарға бөлініп нақты тапсырма берілуі тиіс. Егер тапсырма мәтіндік вариантта ұсынылса тіпті жақсы.Уақыт шектелген жағдайда 2-3 минут қосымша беруге болады. Жылдамдығы мен жасау дұрыстығына басты назар.жасалған жұмыстың нәтижелерін анықтағанда пікірсайыс қатысушылары комментарий, сәйкес қорытынды жасайды.

Оқушылар нөмірлер, жыл мезгілдері, апта күндері, түстер бойынша бөліндірілуі мүмкін. Барлығы оқушылардың жалпы санына байланысты. Жұмыста келесі қателерді болдырмауға тура келеді:

  1. Бөлінген уақыт үшін тапсырманың көлемі тым үлкен болуы мүмкін.

  2. Тапсырма анық түсіндірілмеген.

  3. Тапсырма тым анық түсіндірілген.

  4. Тапсырманың материалы қарама-қарсы.

Шағын топтардағы қай тақырып болса да жұмыстың интерактивті әдісін пайдалануға болады.

Жұмыс барысы: Оқушыларды бірнеше шағын топтарға бөліп әр топқа берілген тақырып бойынша кішкене тест таратып кейскезеңдерді (казус) шешуге ұсыныңыз. Белгілі бір уақыттан кейін барлықтарына кезекпен өз пікірлерін “пресс”- әдіспен білдіруге рұқсат етіңіз. әрқайсының өз пікірін білдіру мүмкіндігі мен құқы туралы естеріне салып отырыңыз.

Қалай болса да мұғалім оқушылардың құлықтылық ұстанымдарын бағалауға тиісті емес. Интерактивті технологияның мәні осында.

Мұғалімнің мақсаты - төзімділік, пәтуа, пікірдің әр алуандығы, құқықтар мен мүмкіндіктердің теңдігіне тіреліп қатынасудың демократиялық нысандарының әдеті мен тәжірибесін алуға көмектесу болып табылады.

Қазіргі заманның көкейтесті мақсаттарының бірі - сын ойлы, белсенді әрекет жасай алатын әлеумет жағынан кемелді жас ұрпақты қалыптастыру болып табылады. Шыдамдылық, басқаның пікіріне деген құрмет, пікірлесіңді тыңдау мен есту қасиеттері өздігімен пайда болмайды - оларды “жолдан таймайтындай” тәрбиелеу керек. Мұндайға пікіржарыстарда қатысқанда үйренуге болады.

Пікіржарыстардың жақсы жақтарының бірі-проблемаға екі жақтан қарауға болады. Пікіржарысқа екі команда қатысады: біріншісі-белгілі бір ойды қорғап, ал екіншісі-қайшы айтады. Әр командаға үш спикер кіреді.

Пікіржарыстың мақсаты - оппоненттердің уәждарынан гөрі сіздің уәждарыңыз дәлелді екенінде нандыру болып табылады. Пікіржарыстың алдында сот төреші жеребе тартып, оның нәтижесінде командалардың қайсысы қорғап қайсысы наразылық білдіріп сөйлетінін белгілейді.

Қорғау мен наразылық білдіретіндердің кейстерінде

  • қарар (талас тақырыбы),

  • түсіндірмелер (кілт сөздерінің сипаттаулары),

  • критерий (уәждар, дәлелдер)

бар. Спикер дәлелдеу көзін ұсынуы тиіс. Үй дайындықтар кез келген кейс бойынша берілген тақырыпқа сәйкес логикалы құрастырылған сұрақтардан тұруы тиіс. Бұл сұрақтар қиылыс тергеу барысында пайдаланады.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың қызығы мен таласын “Экология” тақырыбын талқылауы тудыру мүмкін. Пікіржарыстың тақырыбын келесідей ұсынуға болады: “Ядролық апаттардың дамуы- барлық адамзатына зиян әлде қорғаныстың қажет шарасы ма?” (немесе “Ядролық сынақтардың тоқтатылуы адамзатты экологиялық апаттан құтқарады ма немесе ғылыми-техникалық прогресін тоқтатады ма?”)

Пікіржарыстардың ең қажет ережесі – сот төрелігі мен оппонентке деген қадірін сақтау.

Жоғары сыныптарда пікірсайыс қызықты өтеді. Олар еркін, бағыттандырылған, құралды түрде өтуі мүмкін.

Құралды пікірсайыс – мұғаліммен ойластырылған оқушыларға бағытталған топтық жұмысқа жұмылдыра алатын әрекеттілік .

Сабақ барысы: мұғалім сыныпты бірнеше кішкене топтарға бөліп әрқайсысына тапсырма береді- белгіленген проблеманы талқылап және оны әртүрлі көзқарастардан қарастыру:

1-ші топ – оптимистік;

2-ші топ – пессимистік;

3-ші топ – реалистік.

“Спорттың қажеттілігі” тармағын оқығаннан кейін 10 сыныпта пікірсайыстың тақырыбын былай деп анықтауға болады: ”Дене шынықтырумен айналысу- денсаулық пен әсемдіктің кепілі”. Бүгінде жасөспірім өз денсаулығы туралы табиғаттың аса қымбат сыйлығы ретінде ойлану керектігіне байланысты оқушылар бұл тақырыптың көкейтестігі туралы айтады. 5-7 минуттың ішінде 3 топтың мүшелері проблеманы талқылап плакатта маркермен жалпы пікірін қысқа тезистер түрінд жазады да одан кейін оны ұсынады. Ұстазбен тағайындалған үш бақылаушы проблема талқылау барысында әр оқушының қатысуын, топ жұмысын бақылап пікірсайыс ақталып жатқан кезде ұстазбен тағайындалған талдаушымен де әр топтың презентациясы мен жалпы пікірсайысқа баға береді.

Пікірсайыс талқыланып жүрген мәселені сан алуан көзқарастардан қарауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың қызығын тудыратын интерактивтік оқыту нысандарының бірі- дилемма болып табылады. Дилемма - бір-бірін шығаратын екі ережелердің бірін таңдауға талап ететін талқылау немесе ой қорытындысы болып табылады. Осындай сабақты құлықтылықты таңдауды жасау алдында тұрған кейіпкері бар шығарманы оқығанда өткізсе қызықты болады.

Сабақ барысы: Сынып 2-3 топқа бөлініп дилемманы талқылап 5-7 минуттың ішінде өз таңдауын дәлелдендіреді, одан соң нәтижелерді ұсынады. Мәселені талқылауында оқушылардың барлығы қатысады, өз көзқарастарын білдіреді, құлықтылықты таңдауды жасауға өте қиын екендігін түсініп команда ішінде жұмыс істеп келісу мен түсінушілікке келуге үйренеді.

Осындай жағдайда бірден шешім табуға оңай емес, әр көзқарастың өз артықшылығы мен кемшіліктері болады.

Осындай интерактивтік оқыту әдістерін пайдалануы оқушылардың дайындық пен білім дәрежесі мен жастың ерекшеліктері, өз ойларын қазақ тілінде білдіру қабіліеттілігі есепке алына отырып өткізілуі керектігін бұрынырақ айтқанмын. Осындайда ұстаз бен оқушылардан сабақ кезеңдерінің барлығына тиянақты дайындықты талап етеді. Бұл талай еңбектендіретін, бірақ та нәтижелі процесс.

Интерактивтік оқыту әдістерін пайдаланудың әсерінен сабақ одан көрікті, әрі динамикалық болып, тілді үйрету жолы сабақтың уақытынан асып оқушыларда білім алғырлығын, шығармашылық икемдерді тудыратын аса ерекше ортаны қалыптастырады.

Бүгінгі мұғалім ертегідей оқыта алмайды да оқытқысы келмейді. Сондықтан бүгінгі ұстаз сабақта пайдаланатын оқыту әдістері де мазмұны да талай өзгеріске жетті. Бүгін мұғалімнін тек қана жақсы ұйымдастырылған сабақтың өтуі емес сондай-ақ терең білім сынып немесе жеке оқушының көңіл-күйіне қарай лезде дұрыс әдіс-тәсілді тауып пайдалануы барлық жаңаны білуге жұмылдыру икемділігі талап етіледі. Мұғалімнің жоғары шеберлігі мен жоғары білімді бірдей игеруі тиіс.

Орыс аудиторияда қазақ тілін үйретудің негізгі мақсаты-байланыстырылған сөйлеуді игеру сауатты әрі көркем тілмен сөйлеуикемі өз ойларын нақты түрде баяндауы болып табылады.

Барлық балаларды бірдей оқытуға болмайтыны ұстаздардың барлығы да біледі. Бірақ, ол жәйт мазмұнды да қызықты сабақтың үстінде сенің түсіндірмелеріңнен ешнәрсенін ұқпаған баланың көздерін кеннет көріп қалғанда ғана есіңе түседі.

Ең алдымен оқытудың дәлелдендіру жолын өзгерту керек. Мұндайда мұғалімге көп нәрсе тәуелді әсіресе оның оқыту әдістерін қандай дәрежеде игергендігі. Сурет салар алдында бояуларды араластырып тұрған суретшідей мұғалім де оқыту жаңа тәсілдерін игергенде педагогикалық бояуларды араластырады. Кәсіпқой мұғалім оқытудың дәстүрлі және жаңа түрлерінің тіркестерін қолдана біледі. Оқушылар қазақ тіліндегі бағдарламалық материалды ол материалдың сабақтағы ұсыну қалпын ұнатқанда ғана жақсы игеретіндігі мәлім. Әдістемелік жағынан сабақта жаттығулардың басқа да түрлерімен дұрыс тіркестірілетін қызықтыратын тапсырмалар кейде «жансыз» грамматикалық тақырыпты тірілтетін де біржола оқушылардың белсенді лексикалық қорын байытатын жұмысқа айналдырады.







Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Дюсебаева Ж.С. Актуальные вопросы контроля в обучении иностранным языкам с применением инновационных технологий// Иностранный язык в школе. – 2008 - № 1

2. Қосымова Г.,Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық .-3-бас.,өнделген.-Алматы:Атамұра,2010.-192бет+16 бет жапсырма

3. Қаппасова Б. Қазақ тілі: Оқушы анықтамасы. 5-11 сыныптар.Алматы:Арман-ПВ,2004.-120бет.


4




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Интерактивтік оқытудың негізгі формалары

Автор: Турсанова Риза Есбаевна

Дата: 28.12.2016

Номер свидетельства: 374044

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Адам дамуыны? негізгі кезе?дері "
    ["seo_title"] => string(38) "adam-damuynyn-nieghizghi-kiezien-dieri"
    ["file_id"] => string(6) "196871"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428135342"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(193) "МОДУЛЬДІК О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Т?РТІБІНДЕ ?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫН ?ТКІЗУДІ? Д?СТ?РЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ "
    ["seo_title"] => string(118) "modul-dik-ok-ytu-tiekhnologiiasy-t-rtibindie-k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-taryn-otkizudin-d-sturli-iemies-formalary"
    ["file_id"] => string(6) "210733"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431495834"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "?аза?  тілін о?ытуда?ы  жа?а ба?ыттар."
    ["seo_title"] => string(32) "kazaktilinokytudagyzhanabagyttar"
    ["file_id"] => string(6) "319372"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460810129"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер"
    ["seo_title"] => string(64) "zhanartylgan_bilim_mazmuny_boiynsha_okytudagy_zhana_dis_t_silder"
    ["file_id"] => string(6) "548425"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1588220981"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "МУЗЫКА П?НІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТА?ТА М?МКІНДІКТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ "
    ["seo_title"] => string(69) "muzyka-p-ninien-intieraktivti-tak-ta-mumkindiktierin-tiimdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "141459"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418128017"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства