kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты "Туған жер - алтын бесігім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл материал ашық тәрбие сағатына арналғын. "Туған жер - алтын бесігім" тақырыбында. ұстаздар қауымына қажет болады деген ойдамын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты "Туған жер - алтын бесігім"»



Бекітемін

Мектеп директоры О.С.Сейтказин









«Туған жер – алтын бесігім!»

ашық тәрбие сағаты

5-а сынып





Сынып жетекшісі: Жиенжанова Г.З.



















2018-2019 оқу жылы

«Туған жер - алтын бесігім!" тақырыбында ашық тәрбие сағаты


Тәрбие сағатының мақсаты:
            Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.


Мұғалім сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар. «Туған жер - алтын бесігім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз.



1-жүргізуші:

Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған.

2-жүргізуші:

Великую землю, любимую землю,

Где мы родились и живем,

Мы Родиной светлой,

Мы Родиной милой,

Мы Родиной нашей зовем.



Ән: «Туған жер»

2-Жүргізуші: 

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей келе ортаға сыныбымыздың оқушыларын шақырамыз.

1-оқушы.
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
2- оқушы.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
3- оқушы.
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
4- оқушы

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

5 оқушы

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

6- оқушы Қазақстан аталады Отаным,

Мен отанын сүйетұғын ботамын.

Әрбір адам еңбек ету арқылы,

Көркейтеді, құрметтейді Отанын.



2-Жүргізуші:  Күй «Саранжап» орындайтын Сетерхан Бақжан.

Күй «Саранжап»

1-Жүргізуші: Ерасыл, саған туған жер несімен қымбат.

2-Жүргізуші: (Ерасылдың сөзі) Айым ман үшін туған жер, ол менің отаным, отбасым, туып өскен мекенімді қадір тұтамын. Менің туған жерім Күршім ауданы, Күршім ауылы мен үшін өте қымбат.

1-жүргізуші: Иа, балалар біздің көпшілігіміздің туған жеріміз Күршім ауылы. Міне биыл Күршім ауданына 90 жыл болды. Ендеше келесі сөз кезегін мектеп кітапханашысы Кудакенова Қарлығаш Кенжеқановнаға беріледі.

(кітапханашы кітаптарға шолу жасап, күршім туралы қысқаша әңгімелейді)









2-жүргізуші:

Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы, - деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар дей келе сыныбымыздың ұлдарын «Қазағым-ай» әнімен ортаға шақырамыз.


Ән «Қазағым-ай» ұлдар тобы

2-Жүргізуші: Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.(Сахна сыртында оқылады)

Көрініс тамалаймыз
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?

Немересі: Ата, туған жер деген не?

Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам. 


1-Жүргізуші: Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, - ортаға сыныбымыздың мың бұралған бишісі Файзоллаева Айжанды шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

Би

2-жүргізушы: Әрі қарай сіздерге Отан тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді ұсынамыз.мақалдың басын айтамыз, аяғын сіздер оқушылар толықтырсаңыздар.(көрерменмен жұмыс)

1.Туған жерге туың тік.

2.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

3.Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды. 


4.Ит тойған жеріне, 
Ер туған жеріне.

5.Пәлен жерде пайда бар,    өз жеріңдей қайда бар?
6.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің


7.Туған жер — тұғырың, Туған ел — Қыдырың.

9. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 

10. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен 
Туған елдің түтіні де тәтті екен.



1-Жүргізуші: Ендігі кезекті сурет салған оқушыларға берсек суреттеріңізді қорғасаңыздар.5-б, 6-а, 6-б, 7-а, 7-б, 6-в, 7-в.(Оқушылар суреттерін қорғайды)





2-Жүргізуші: 

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

1-Жүргізуші: 

Атыңнан айналайын Туған жер,
Аймалап желің де тіл қатады екен.
Аңсап кеп бұлағыңнан су сімірген,
Бейне бір тіліңнен бал татады екен

2-Жүргізуші: Тәрбие сағатымызды төмендегі Жүсіпбек Аймауытовтың сөздерімен қорытындыласақ: Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?

Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе кім білсін?

Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз көзінен бір – бір ұшып есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін?

Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, кеңседе қағаз кемірген, күйіп – пісіп, көбеп боп, еңбегінің жемісін көрсем – ау деп телмірген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін?

Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін?

Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз...демекші, балалар, бүгінгі ашық тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Ән «Туған жер»

Орындайтын: Ерасыл, Бақжан

(Оқушылардың барлығы сахнаға шығады)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық тәрбие сағаты "Туған жер - алтын бесігім"

Автор: Жиенжанова Гульжан Зайнулдиновна

Дата: 09.01.2019

Номер свидетельства: 494359

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Тәрбие сағаты: "Туған жерді сүйемін""
    ["seo_title"] => string(39) "t_rbiie_sag_aty_tug_an_zhierdi_suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "415733"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494910495"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы? т?рбие са?аты: "?н падишасы - Ш?мші а?а" "
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-n-padishasy-sh-mshi-ag-a"
    ["file_id"] => string(6) "169880"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423481954"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Т?рбие са?аты. Та?ырыбы: Мені? Отаным - ?аза?стан "
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "245007"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446045476"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Же?істі? 70 жылды?ына  арнал?ан т?рбие  са?аты: Бауыржан м?расы - ?рпа??а ?ран. "
    ["seo_title"] => string(87) "zhien-istin-70-zhyldyg-yna-arnalg-an-t-rbiie-sag-aty-bauyrzhan-mu-rasy-u-rpak-k-a-u-ran"
    ["file_id"] => string(6) "169309"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423396909"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ашық тәрбие сағаты "Мен өз елімнің патриотымын""
    ["seo_title"] => string(50) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_mien_oz_ielimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "458059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518893499"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства