kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан т?рбие са?аты: Бауыржан м?расы - ?рпа??а ?ран.

Нажмите, чтобы узнать подробности

АШЫ? Т?РБИЕ СА?АТЫ:      Бауыржан м?расы – ?рпа??а ?ран                                                     

1.Т?рбиелік  ма?саты: Бауыржан Момыш?лы ?мірін ?лгі ете отырып, ?з елін, ту?ан жерін с?юге, елін, жерін ?ор?а?ан ата-бабаларымызды ??рметтеуге, аталар ?сиетінен  ?неге алу?а т?рбиелеу, патриотты? т?рбие беру

К?РНЕКІЛІГІ: Б.Момыш?лы портреті, суретті б?ктеме, ?сиетті б?ктеме, кітап к?рмесі, слайдтар.

Т?рбие са?атыны? барысы:

  1. Т?рбие са?атын ашу
  2. Кіріспе Топ жетекшісі
  3. ?ле? – «Бауыржан Момыш?лына» - М.Ма?атаев.
  4. «?ш?ан ?я». Повестен ?зінді.
  5. ?ле? – «Ту?ан жер» - Б. Момыш?лы.
  6. ?ле? «Со?ыстан ?айт?ан солдаттар».
  7. «?аза? тілі туралы пікір» - Б. Момыш?лы.
  8. Б?уке?ні? на?ыл с?здерінен
  9. Слайд. Б. Момыш?лыны? суреттерімен таныстыру.
  10. К?рініс.
  11. Со?ыс ардагеріні? ?рпа?ына с?з.
  12. ?орытынды.

1.   ЕРКЕБ?ЛАН.

   К?з ж?м?анша ел м?ддесін  ту ?ып ?стап ?асар?ан,

   Ар мен намыс с?з бол?анда ?зі?нен кім аса ал?ан!

   Бір ?ажабы: ?ан майданда к?зсіз батыр атанып,

   Ку?лігін жарты  ?асыр кеш ал?ан.-

   Сендей ?айсар  перзент туу - ?р ?йелге бас арман!

2.    Топ жетекшісі:

  ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Ке?ес Ода?ыны?  Батыры, да??ты  ?олбасшы,жауынгер- жазушы, тіл жанашыры Бауыржан Момыш?лыны? 105 жылды?ына арнал?ан « Бауыржан м?расы – ?рпа??а ?ран» атты т?рбие са?атымызды ?сынамыз. Жазушылы?ы мен азаматты?ы а?ыз?а айнал?ан  Бауыржан Момыш?лыны? тарих тарауларынан алар орны айры?ша.

Т?тас бір халы?  т?бесіне  к?терген  арда?ты азамат?а к?п жылдар бойы  Батыр ата?ы берілмей келді. ?аза?станны? т???ыш Президенті  Н?рс?лтан Назарбаевты? ?олдауымен тек ?ана  1990 жылы ?лы Отан Со?ысыны? да??ты  ?олбасшыларыны? бірі Бауыржан  Момыш?лына ке?ес ода?ыны?  батыр ата?ы берілді.Сол бір ?уанышты к?н туралы мынадай бір ??гіме бар. Ба?ытжан Момыш?лына жолда?ан ??тты?тау  хатыны? сонында Елбасы: « Бауыржанны?  ж?лдызды бол?ан к?ні -  халы?ты? ж?лдызы жан?ан к?ні» деп жазыпты. Баукенні? та?ы бір ерекшелігі - к?регендігі. 

?лы Же?істі? 70 жылды?ы ж?не Бауыржан Момыш?лыны? 105 жылды? мерейтойы т?спа- т?с келіп отыр.

3. Хамзаев Ж

М. Ма?атаев

Бауыржан Момыш?лына

А?а,

 Са?ан, білмеймін не айтарымды,

 ?ай ?ыры?нан білмеймін бай?арымды,

К??ілдегі ой к?мейге кептелді де,

Т?рмесіне кеудемні? ?айтарылды .

?айтерімді , білмеймін не айтарымды.

Жас?ануды білмеуші ем, жалтаруды,

Неге к??іл, білмеймін , а?тарылды?!

А? т?лпарым бар еді са?ан деген

Алып ?шпай ол неге ?а?тарылды?!

Т?рлыбек.

Сен з?ру емессі? ?ой ??рметке,

(Сырлы ая?ты? сыны бар, сыры кеткен...)

Тон?а емес, орамал жол?а жарап,

Сый тартуды атамыз ырым еткен

Тартар сыйым ?зі?е болма?асын,

Белгілі ?ой ?асы?а жоламасым.

А? с???арым бар еді, ?шпай ?ойды,

Алсам-да?ы басынан тома?асын.

Аман.

?ылышымды суырып ?ынабынан,

?ыл ?ап?ан ж?зін к?ріп, жыладым-ау...

Жетімдерді? кегі мен жесірлерді?

Суарып ем суал?ан б?ла?ына.

?айрап едім зауалды? шары?ына,

?а?тап едім ?ан майдан жалынына.

?ынабына оны да жасырдым мен,

Керек болып ж?рер деп халы?ыма.

?ынабына сап ?ойдым ?мітпенен,

Оны? несін жасырам б?гін сенен.

Са?ан, а?а, са?тал?ан бір сый бар-ау,

Назарына ешкімні? ілікпеген.

?.Н?рлыбек.

Алтын да, алмас та емес жалтылда?ан,

Бір сый бар, а?а, са?ан, тартылма?ан!

?рпа?тар а?ыз етіп айта ж?рер,

Сыйдан да он есе арты? да??ы? ма?ан.

 

Ешкімні? назарына ілікпеген.

Са?ан бір сый тартам деп ?міттенем.

Ж?регімні? тапсыр?ан аманатын,

Бере алмай кетем бе деп к?діктенем.

Арман.

?андай сый артсам екен, а?а, са?ан,

(Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?!.)

Ешбір сый таба алмасам, а?а, са?ан

?ппа? тонын – атамны? т?б?рігін,

Ж?зге кел деп ар?а?а жаба салам.

    1-ж?ргізуші:

  Бауке??дегі е? ?лкен к?ш - ?зіні? ?лтына деген шексіз махаббатында жатыр.        Сол махаббат пайда болуына біріншіден, о?ан ?зіні? ?скен ортасы, ?з с?зімен айтса?, «?ш?ан ?ясы» ?сер етті. Повестен ?зінді: 

5. Жас?лан

 ?кем ма?ан ата-тегімізді? аты-ж?нін ?йретуші еді.

- Кімні? баласысы?? – деп с?райтын ол.

- Мен Момышты? ?лымын.

- Момыш  кімні? баласы?

- Момыш Имашты? баласы.

 Осылайша жеті ата?а дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген ?она? е? алдымен атымды с?райтын. Сонан со? мені? жеті ата ж?ніндегі білімімді тексеретін.

 Ел тануды? басы е? алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.

6. Н?рлыбек.

Ту?ан жер

Ту?ан жерім Мы?б?ла?, арналы а?сай,

Ішсем суы татиды шекер-балдай.

?ыз?алда?, ?алы? егіс, к?к жо?ыш?а,

Сенен арты?, жер, шіркін, ?тер ?андай?!

К?горай шал?ын, ке? ?лкем жері? д?нді,

Жазы? сал?ын, жайлауы? мал?а жайлы,

Са?ынып алыс жерден келгенімде,

К?зім тойып к?ркі?е, мейірім ?анды.

7. 2-ж?ргізуші:

  1932 жылы ?скерге ша?ырылып Отан алдында?ы  борышын ?тейді.

  1934 жылы ?скерден келгенде  запаста?ы  командир болады

  1941 жылы 22 маусымда ?лы Отан со?ысы басталып, ?скерге ша?ырылады

1941 жылды? к?зінен бастал?ан М?скеуді ?ор?ау шай?асына ?атысады

8.  1-ж?ргізуші

Бауыржан Момыш?лыны? «Москва ?шін шай?ас» романы ?аза? ?дебиеті тарихында?ы со?ыс та?ырыбына жазыл?ан т???ыш шы?арма, ?рі ?скери мемуар. Б?л роман 1955 жылы жазыл?ан.

9.     Мейрамбек

  «Со?ыстан ?айт?ан солдаттар» (?н)

      «Кешікпей жарым келер» деп,

       Т?рінен сайлап орынды.

       Батыс?а ?арап еле?деп,

       Ару т?р тосып жолы?ды.

       К?терді б?рін ауырды?

       Азамат болып арды а?тар.

       К?рді? бе жарын аруды?,

       Со?ыстан ?айт?ан солдаттар.

10. 2-ж?ргізуші:

Бауыржан Момыш?лы  200-ден астам ?рыс?а ?скерді ?зі бастап кірген. Бес рет ?оршауда ?алып, б?зып –жарып шы??ан. Жеті рет жара?аттан?ан.,?ш рет контузия ал?ан.С?рапыл со?ыс т?рт жыл?а созылды. Біра? Бауке? жеті жылдай ажалды? ?тінде ж?рді.

   11.      1-ж?ргізуші:

Бауыржан Момыш?лы 1943 жылды? ая?ында  жара?аттанып, госпитальда емделіп шы??аннан кейін Алматы?а келген.1944 жылы Бауыржан Момыш?лыны? ?аза? тіліні? м?ртебесін к?теру керектігін  с?рап жаз?ан ашы? хаты жарияланды.

12.   Еркеб?лан

«Тіл туралы тебірене с?раныс»

?аза? тілі туралы ?кімет, пария ?аулысы шы?ып, ?ала ?аза?тарын, ?аза? о?ымыстыларын т?ртіпке ша?ырып, ?аза? тілін республикамызда мемлект тілі ету за?ды, ?ажет екені даусыз, керекті бол?анды?тан, осы к?нге дейін б?рмалап, б?зып келген мінезге, бет алыс?а б?дан былай жол беру ?аза? тілін архивке  тапсыру болып шы?пай ма.

Мен  ?скери адаммын – тіл м?селесі туралы араласарлы? ж?нім жо? сия?ты, біра? та, айтыл?ан м?селелер хал?ымызды? жауынгерлік мінез-??л?ын т?рбиелеу, салт-сана, ел намысы, ер намысына, адамгершілік арына, жауынгерлік м?ра -д?ст?ріне ерекше байланысты бол?анды?тан, к?ріп, біліп, сезіп т?ра айтпа?анымды ?зіме ?лкен ар, кешпес к?н? деп т?сінгендігімнен жазып отырмын.

                                                                               Гвардия полковнигі   Бауыржан Момыш?лы

                                                                                                    15 - 25.02.44 жыл, Алматы.

13. 1-ж?ргізуші:

?лы батырдан бізді? алар ?ла?атымыз к?п.Е?сесі биік елдігімізді? ерте?і – ?азіргі ?рпа? Бауке? бітіміндегі ас?ар ж?ртыны? шы? басындай т?каппар рухынан ?анаттанып батырлы? отанс?йгіштік ?асиеттерді бойларына сі?іріп ?ссе н?р ?стіне н?р болар еді.

14.  «Батырдан ?ал?ан ?сиет на?ыл с?здер».

            (Слайд бойынша)

15.  Батыр Бауыржан мен баласы Ба?ытжанны? арасында?ы диалог.

16. Батырды?  суреттерімен таныстыру.

                  (Слайд бойынша)

17.    Та?ырып бойынша ассоциация жасау.

                    батыр                          1910 ж. туыл?ан                        жазушы                                               

         

 немересі  Ержан                                                                            баласы  Ба?ытжан

                                                                                                                              

1941 жылы ?лы                                                                                   1941 жылы М?скеуді ?ор?ау шай?асына ?атыс?ан.                                                                             шай?асына ?атыс?ан.

Отан оо?ысы басталып,

09.05.1945 жылы ая?талды.            207 рет ?рыс?а ?атыс?ан.

18. Топ жетекшісі:

??рметті  ?стаздар мен о?ушылар,  экранда?ы  суретте  ортада отыр?ан  Ке?ес ода?ыны?  батыры аты а?ыз?а айнал?ан  Бауыржан атамыз. О? жа?ында?ы кісіге  назар аударайы?. Б?л кісі  ?азалы жеріні? ??рметті азаматы бол?ан, со?ыс ардагері , Бауыржан Момыш?лыны? ??рдасы  ?али Омар?лы атамыз.

?али Омар?лы бізді? арамызда ж?рген аяулы ?стазымыз Ба?ыт апайды? ?кесі.

Со?ыс?а ?атыс?ан а?а ?рпа?ты? к?зі Ба?ыт апай?а с?з береміз.

19.  2 ж?ргізуші. ?орытынды.

 Б?гінгі т?рбие са?атынан халы? ?астерлісі атан?ан батыр жайлы ма?л?мат алып, к?кейге ?онымды ойлар т?йдік деп ойлаймыз. Зор денсаулы?пен, ?ажымас ?айратпен алар асулары?ыз, ба?ындырар белестері?із к?п б?лсын деген игі тілегімізді №121 топ о?ушылары атынан білдіреміз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан т?рбие са?аты: Бауыржан м?расы - ?рпа??а ?ран. »

Наурызбаева Қарашаш Исақызы

Қызылорда политехникалық колледжі



АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран

№121 топ


1Тәрбиелік мақсаты: Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата-бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру


КӨРНЕКІЛІГІ: Б.Момышұлы портреті, суретті бүктеме, өсиетті бүктеме, кітап көрмесі, слайдтар.



Тәрбие сағатының барысы:

  1. Тәрбие сағатын ашу

  2. Кіріспе Топ жетекшісі

  3. Өлең – «Бауыржан Момышұлына» - М.Мақатаев.

  4. «Ұшқан ұя». Повестен үзінді.

  5. Өлең – «Туған жер» - Б. Момышұлы.

  6. Өлең «Соғыстан қайтқан солдаттар».

  7. «Қазақ тілі туралы пікір» - Б. Момышұлы.

  8. Бәукеңнің нақыл сөздерінен

  9. Слайд. Б. Момышұлының суреттерімен таныстыру.

  10. Көрініс.

  11. Соғыс ардагерінің ұрпағына сөз.

  12. Қорытынды.



















1.

ЕРКЕБҰЛАН.

Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап қасарған,

Ар мен намыс сөз болғанда өзіңнен кім аса алған!

Бір ғажабы: қан майданда көзсіз батыр атанып,

Куәлігін жарты ғасыр кеш алған.-

Сендей қайсар перзент туу - әр әйелге бас арман!


2

Топ жетекшісі:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы,жауынгер- жазушы, тіл жанашыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған « Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.Жазушылығы мен азаматтығы аңызға айналған

Бауыржан Момышұлының тарих тарауларынан алар орны айрықша.

Тұтас бір халық төбесіне көтерген ардақты азаматқа көп жылдар бойы Батыр атағы берілмей келді. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен тек қана 1990 жылы Ұлы Отан Соғысының даңқты қолбасшыларының бірі Бауыржан Момышұлына кеңес одағының батыр атағы берілді.Сол бір қуанышты күн туралы мынадай бір әңгіме бар. Бақытжан Момышұлына жолдаған құттықтау хатының сонында Елбасы: « Бауыржанның жұлдызды болған күні - халықтың жұлдызы жанған күні» деп жазыпты. Баукеннің тағы бір ерекшелігі - көрегендігі.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы тұспа- тұс келіп отыр.

3.


Хамзаев Ж

М. Мақатаев

Бауыржан Момышұлына

Аға,

Саған, білмеймін не айтарымды,

Қай қырыңнан білмеймін байқарымды,

Көңілдегі ой көмейге кептелді де,

Түрмесіне кеудемнің қайтарылды .

Қайтерімді , білмеймін не айтарымды.


Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды,

Неге көңіл, білмеймін , аңтарылды?!

Ақ тұлпарым бар еді саған деген

Алып ұшпай ол неге қаңтарылды?!



Тұрлыбек.

Сен зәру емессің ғой құрметке,

(Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен...)

Тонға емес, орамал жолға жарап,

Сый тартуды атамыз ырым еткен


Тартар сыйым өзіңе болмағасын,

Белгілі ғой қасыңа жоламасым.

Ақ сұңқарым бар еді, ұшпай қойды,

Алсам-дағы басынан томағасын.

Аман.

Қылышымды суырып қынабынан,

Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым-ау...

Жетімдердің кегі мен жесірлердің

Суарып ем суалған бұлағына.


Қайрап едім зауалдың шарығына,

Қақтап едім қан майдан жалынына.

Қынабына оны да жасырдым мен,

Керек болып жүрер деп халығыма.


Қынабына сап қойдым үмітпенен,

Оның несін жасырам бүгін сенен.

Саған, аға, сақталған бір сый бар-ау,

Назарына ешкімнің ілікпеген.


Қ.Нұрлыбек.

Алтын да, алмас та емес жалтылдаған,

Бір сый бар, аға, саған, тартылмаған!

Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,

Сыйдан да он есе артық даңқың маған.


Ешкімнің назарына ілікпеген.

Саған бір сый тартам деп үміттенем.

Жүрегімнің тапсырған аманатын,

Бере алмай кетем бе деп күдіктенем.


Арман.

Қандай сый артсам екен, аға, саған,

(Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?!.)

Ешбір сый таба алмасам, аға, саған

Әппақ тонын – атамның тәбәрігін,

Жүзге кел деп арқаңа жаба салам.


1-жүргізуші:

Баукеңңдегі ең үлкен күш - өзінің ұлтына деген шексіз махаббатында жатыр. Сол махаббат пайда болуына біріншіден, оған өзінің өскен ортасы, өз сөзімен айтсақ, «Ұшқан ұясы» әсер етті. Повестен үзінді:


5.

Жасұлан

Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.

- Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.

- Мен Момыштың ұлымын.

- Момыш кімнің баласы?

- Момыш Имаштың баласы.

Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.

Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.


6.

Нұрлыбек.

Туған жер

Туған жерім Мыңбұлақ, арналы ақсай,

Ішсем суы татиды шекер-балдай.

Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа,

Сенен артық, жер, шіркін, өтер қандай?!


Көгорай шалғын, кең өлкем жерің дәнді,

Жазың салқын, жайлауың малға жайлы,

Сағынып алыс жерден келгенімде,

Көзім тойып көркіңе, мейірім қанды.


7.

2-жүргізуші:

1932 жылы әскерге шақырылып Отан алдындағы борышын өтейді.

1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады

1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталып, әскерге шақырылады

1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасына қатысады


8.

1-жүргізуші

Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы қазақ әдебиеті тарихындағы соғыс тақырыбына жазылған тұңғыш шығарма, әрі әскери мемуар. Бұл роман 1955 жылы жазылған.




9.

Мейрамбек

«Соғыстан қайтқан солдаттар» (ән)

«Кешікпей жарым келер» деп,

Төрінен сайлап орынды.

Батысқа қарап елеңдеп,

Ару тұр тосып жолыңды.

Көтерді бәрін ауырдың

Азамат болып арды ақтар.

Көрдің бе жарын арудың,

Соғыстан қайтқан солдаттар.


10.


2-жүргізуші:

Бауыржан Момышұлы 200-ден астам ұрысқа әскерді өзі бастап кірген. Бес рет қоршауда қалып, бұзып –жарып шыққан. Жеті рет жарақаттанған.,үш рет контузия алған.Сұрапыл соғыс төрт жылға созылды. Бірақ Баукең жеті жылдай ажалдың өтінде жүрді.

11.

1-жүргізуші:

Бауыржан Момышұлы 1943 жылдың аяғында жарақаттанып, госпитальда емделіп шыққаннан кейін Алматыға келген.1944 жылы Бауыржан Момышұлының қазақ тілінің мәртебесін көтеру керектігін сұрап жазған ашық хаты жарияланды.


12.

Еркебұлан

«Тіл туралы тебірене сұраныс»

Қазақ тілі туралы үкімет, пария қаулысы шығып, қала қазақтарын, қазақ оқымыстыларын тәртіпке шақырып, қазақ тілін республикамызда мемлект тілі ету заңды, қажет екені даусыз, керекті болғандықтан, осы күнге дейін бұрмалап, бұзып келген мінезге, бет алысқа бұдан былай жол беру қазақ тілін архивке тапсыру болып шықпай ма.

Мен әскери адаммын – тіл мәселесі туралы араласарлық жөнім жоқ сияқты, бірақ та, айтылған мәселелер халқымыздың жауынгерлік мінез-құлқын тәрбиелеу, салт-сана, ел намысы, ер намысына, адамгершілік арына, жауынгерлік мұра -дәстүріне ерекше байланысты болғандықтан, көріп, біліп, сезіп тұра айтпағанымды өзіме үлкен ар, кешпес күнә деп түсінгендігімнен жазып отырмын.

Гвардия полковнигі

Бауыржан Момышұлы

15-25.2.44 жыл, Алматы.





13.

1-жүргізуші:

Ұлы батырдан біздің алар ұлағатымыз көп.Еңсесі биік елдігіміздің ертеңі – қазіргі ұрпақ Баукең бітіміндегі асқар жұртының шың басындай тәкаппар рухынан қанаттанып батырлық отансүйгіштік қасиеттерді бойларына сіңіріп өссе нұр үстіне нұр болар еді.

14.

«Батырдан қалған өсиет нақыл сөздер».

(Слайд бойынша)



15.

Батыр Бауыржан мен баласы Бақытжанның арасындағы диалог.




16

Батырдың суреттерімен таныстыру.

(Слайд бойынша)


17.

Тақырып бойынша ассоциация жасау.





батыр 1910 ж. туылған жазушы





немересі

Ержан баласы Бақытжан






22.06.1941 жылы Ұлы 1941 жылы Мәскеуді қорғау шайқасына қатысқан. шайқасына қатысқан.

Отан сооғысы басталып,

09.05.1945 жылы аяқталды. 207 рет ұрысқа қатысқан.



18.


Топ жетекшісі:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, экрандағы суретте ортада

отырған Кеңес одағының батыры аты аңызға айналған Бауыржан атамыз. Оң

жағындағы кісіге назар аударайық. Бұл кісі Қазалы жерінің құрметті азаматы болған, соғыс ардагері , Бауыржан Момышұлының құрдасы Қали Омарұлы атамыз.

Қали Омарұлы біздің арамызда жүрген аяулы ұстазымыз Бақыт апайдың әкесі.

Соғысқа қатысқан аға ұрпақтың көзі Бақыт апайға сөз береміз.


19.

2 жүргізуші. Қорытынды.

Бүгінгі тәрбие сағатынан халық қастерлісі атанған батыр жайлы мағлұмат алып, көкейге қонымды ойлар түйдік деп ойлаймыз. Зор денсаулықпен, қажымас қайратпен алар асуларыңыз, бағындырар белестеріңіз көп бөлсын деген игі тілегімізді 46 топ оқушылары атынан білдіреміз.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан т?рбие са?аты: Бауыржан м?расы - ?рпа??а ?ран.

Автор: Наурызбаева Карашаш Исаевна

Дата: 08.02.2015

Номер свидетельства: 169309


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства