kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты "Мен өз елімнің патриотымын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?

        Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау,Павлодар,Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картадан көрсету.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыідау).
      1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

        Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

      Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
    Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойынын ойнайық.

Мұғалім:Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. 

      Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды.

       Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болады. Осы тәуелсіз ел болғанымыздың өзі де – байлық, ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді, бұл да біздің байлығымыз емес пе! Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз қайта оралып жатыр, бұл да біздің рухани байлығымыз, ата – бабамыздың көзіндей болып қалған мәдени мұраларымыз да біздің рухани байлықтарымыз.                                                                                                            Біздің адами құндылықтарымыз, яғни қадір-қасиетіміз де рухани байлықтарымыз. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен, ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады.                                           Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы-Конституция.

    Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан  өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

     Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі  халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа  Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі  межеге биыл 22 жыл толып отыр.

    «Ата Заңым» қуатым, сенім, мақсат, мұратым!

«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»

Конститутция –кемел келешектің кепілі.

  Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды.

 

      Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі.     

     Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.

 

    Биыл Мұнайлы ауданынының құрылғаны 10 жыл. Алғашында Мұнайлыны 43 мың тұрғыны мекен еткен. Қазір олардың саны 140 мыңнан асқан. Халықтың әлеуеті мен әлеуметтік ахуалы тұрақты.

Нұрлан Тәжібаев - Мұнайлы ауданының әкімі.

Мұғалім:Сіздер балалар экспо деген сөздің мағынасын білесіздер ме?              -Қане кім айтады екен? «Экспо» деген не?

-Ол көрме. «Экспо» деген сөздің өзі «көрме» дегенді білдіреді. Бірақ Экспо жай көрме емес, бүкіләлемдік көрме. Оның World Expo деп аталатыны да сондықтан. Ауқымы жағынан бұл шараны тек Олимпиада ойындарымен салыстыруға болады. Әлем елдерінің ғылымдағы, өндірістің сан саласындағы жетістіктері осы көрмеге қойылады. Жаңа ғасырдың көптеген көкейкесті мәселелері талқыланатын, ғаламшар экологиясын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтылатын жер де – осы көрме.                                                                  2012 жылы Елордамыз Астана «EXPO-2017» Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алды.

Елорданың көркіне көрік қосар тамаша заманауи ғимараттар бой көтереді. Ең бастысы, EXPO-2017 қазақ елінің, оның елордасы – ару Астананың абыройын асқақтата түсері анық. Біз соған қуанамыз!

Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.с

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты "Мен өз елімнің патриотымын"»

Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?

Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау,Павлодар,Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картадан көрсету.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыідау).
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойынын ойнайық.

Мұғалім:Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. 

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды.

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болады. Осы тәуелсіз ел болғанымыздың өзі де – байлық, ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді , бұл да біздің байлығымыз емес пе! Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз қайта оралып жатыр, бұл да біздің рухани байлығымыз, ата – бабамыздың көзіндей болып қалған мәдени мұраларымыз да біздің рухани байлықтарымыз. Біздің адами құндылықтарымыз, яғни қадір-қасиетіміз де рухани байлықтарымыз. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен , ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады. Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы-Конституция.

    Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан  өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі  халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа  Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі  межеге биыл 22 жыл толып отыр.

    «Ата Заңым» қуатым, сенім, мақсат, мұратым!

«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»

Конститутция –кемел келешектің кепілі.

  Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды.


Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі.

Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.


Биыл Мұнайлы ауданынының құрылғаны 10 жыл. Алғашында Мұнайлыны 43 мың тұрғыны мекен еткен. Қазір олардың саны 140 мыңнан асқан. Халықтың әлеуеті мен әлеуметтік ахуалы тұрақты.

Нұрлан Тәжібаев - Мұнайлы ауданының әкімі.

Мұғалім:Сіздер балалар экспо деген сөздің мағынасын білесіздер ме? -Қане кім айтады екен? «Экспо» деген не?

-Ол көрме. «Экспо» деген сөздің өзі «көрме» дегенді білдіреді. Бірақ Экспо жай көрме емес, бүкіләлемдік көрме. Оның World Expo деп аталатыны да сондықтан. Ауқымы жағынан бұл шараны тек Олимпиада ойындарымен салыстыруға болады. Әлем елдерінің ғылымдағы, өндірістің сан саласындағы жетістіктері осы көрмеге қойылады. Жаңа ғасырдың көптеген көкейкесті мәселелері талқыланатын, ғаламшар экологиясын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтылатын жер де – осы көрме.  2012 жылы Елордамыз Астана «EXPO-2017» Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алды.

Елорданың көркіне көрік қосар тамаша заманауи ғимараттар бой көтереді. Ең бастысы, EXPO-2017 қазақ елінің, оның елордасы – ару Астананың абыройын асқақтата түсері анық. Біз соған қуанамыз!

Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашық тәрбие сағаты "Мен өз елімнің патриотымын"

Автор: Сатова Турсынгул

Дата: 17.02.2018

Номер свидетельства: 458059

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мен елімні? патриотымын "
    ["seo_title"] => string(25) "mien-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "177292"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424615238"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мен өз Отанымның патриотымын! тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(45) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "348107"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476122084"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мен Қазақстанның патриотымын тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(47) "mien_k_azak_stannyn_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "405180"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490895877"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Тәрбие сағат "Мен Отамның патриотымын""
    ["seo_title"] => string(39) "t_rbiie_sag_at_mien_otamnyn_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "360390"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479553518"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Тәрбие сағат "Мен Қазақстан патриотымын""
    ["seo_title"] => string(43) "t_rbiie_sag_at_mien_k_azak_stan_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "360391"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479553620"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства