kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алтын сақа

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка виде игры, для средних классов. Охватывает всех ущащихся.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алтын сақа»

Мақсаты: оқушыларды көркем әдебиетті сүюге,қиялдауға, өз ойын анық айтуға, шапшандыққа, ерлікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: суреттер мен альбомдар, тақырыпқа байланысты сөздер жазылған плакаттар, карточкалар.

Жүргізуші: -Ертегілер мен аңыздар – біздің сенімді серіктесіміз. Ерте кезден ертегілер адам баласының арман – мүддесі, ой – санасы, арманы мен қиялынан, салт – дәстүрі мен тұрмысынан болашақта күтетін үмітінен туған.

Ертедегі адам баласының ой –қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды қуантады, шарықтатады, болашағына сенімін арттырады,мүмкін емес жетістіктерге жетуге еліктіреді.

Ертедегі қай халықтың болмысын сүйіктісі. Ертедегіхалықтың ақылы мен арман тілегі.

Ертедегі өз Отанын сүюге, оны қорғауға, қиыншылықтардан қорықпауға, ата – анасын қадірлеуге, бақытсыздыққа ұшыраған әлсіздерге көмек беруге үйретеді.

Бүгін біздер «Алтын сақа» сайысын өткізгелі отырмыз.Алғашқы кезең «Табалдырық»та біз ойыншыларымызды таңдап аламыз. Сонымен «Ер Төстік» ертегісі бойынша оқығандарыңызды тексеріп көрелік.

I.Табалдырық

1- сұрақ: Ер Төстіктің әкесінің аты кім?

Жауабы: Ерназар.

2-сұрақ: Шойынқұлақтың жаны қандай еді?

Жауабы: Жаным алыста, оны өзіммен бірге сақтамаймын. Борықты Бұлақтың басында қырық елік жүреді. Соның ішінде қайқы қаракер елік бар. Қайқы қаракер еліктің ішінде тоғыз қара сандық бар. Сол сандықтың ең кішісінде тоғыз балапан бар. Сол тоғыз менің жаным болады.

3-сұрақ: Ерназар тоғыз ұлымен Кенжекейдің ауылында неше күн болады?

Жауабы: Отыз күн ойын, қырық күн тойын істетіп, келіндерін алып, еліне қайтпақшы болды.

4-сұрақ: Қанша айдаса да серпіліп, алғашқы айдаған жеріне қайтып келеді де отырады. Тоғызы жылқыны неше күн айдайды, аяғында, жүргізе алмай, жалығады. Бір күні Төстік мынадай айла табады. Ол қандай айла?

Жауабы:Күрен биені жығып, төрт аяғын буады да, тақымына қыл бұрау салып, бұрайды. Қыл бұрау жанына батқан бие қатты шыңғырады. Биенің шыңғырған даусына шұрқырасып қалың жылқы жиналады.

Дұрыс жауап берген 4 оқушы таңдап алынады.

1 кезең. Әудем жер.

Әдеттегідей асық иіріліп, ойыншылардың кезегін анықтаймыз.

1-сұрақ. Жер асты патшалығында кездескен достарын ата.

Жауабы: Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар; Ептіұры, Қырағыкөз.

2-сұрақ. Ер Төстіктің жылқысын ата.

Жауабы: Шалқұйрық.

3-сұрақ: Жылан Басты еліне келгенде оны неше жылан қарсы алды?

Жауабы: 6 Жылан.

4-сұрақ: Кенжекейдің сертін айт.

Жауабы: «Не Төстік өлді деген күні ботала, не Төстік келді деген күні ботала» деп, серт құлады. Өз белін он екі құлаш торғын орамалмен тартады. «Не Төстік өлді деген күні, не Төстік келді деген күні шешіл» деп, серт қылады.

2 кезең. Қозыкөш.

1-сұрақ: Қара құсты суреттеп бер.

Жауап: Самұрықтың үлкендігі сондай жайып жібергенде, бір қанатының өзі бір айлық жерді алып кетеді екен. Самұрықтың екі басы бар екен: бір басы адамдікіндей, бір басы құстікіндей.

2-сұрақ: Ер Төстіктің ерекше өсуін айт.

Жауабы: Төстік өгеше бала болып өседі. Бір айда екі жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жаңа өспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын азамат болады.

3-сұрақ: Ертегінің соңында Шалқұйрық қандай қалыпқа келеді?

Жауабы: Шалқұйрық бесті ат қалпына келеді.

4-сұрақ: Ер Төстік жалмауызға беру үшін Ерназар қандай айла тапты?

Жауабы: Менің қалтамда Төстіктің Садағының ұшын шығаратын егеу бар. Төстік онсыз жүре алмайды.Мен соны осы араға тастап кетейін. Төстік іздеп келеді, сонда өзің ұстап ал.

3 кезең. Беласар.

1-сұрақ: - Шырағым, шаршадың ғой. Басыңның битін қарап берейін, деміңді алып ұйықта. Жарысарда өзім оятам, - деп, алдап ұйықтатып тастайды. Желаяқты алдаған кім?

Жауабы: Мыстан кемпір.

2-сұрақ: - Ер Төстік жер астында қалмайды. Жердің бетіне қашан да болса, әйтеуір, бір шығады. Сол шыққанын аңдып отырып, ұстап ал. Егер ұстай алмай қалсаң, менен жақсылық күтпейсің. Мына сөздерің кім кімге айтады?

Жауабы: Бекторы кемірдің Шойынқұлақ деген балаға айтқаны.

3-сұрақ: Қарақшының түбіне келген соң, Шалқұйрыққа тіл бітеді:

  • Егер атты өте алысқа айдаса, менің шабысым да өте жылдам болады. Үш күн шапсам, бүйірім қызып, өзімді тоқтатуға шамам келмей, кетіп қалуым мүмкін. Мен келе жатқанда алдымнан арқан керіп қой.

Жауабы: Арқан үш қабат болсын, бір қабатты кендірден болсын. Үш қабат арқанның үшеуі де үзілсе, мен саған жоқпын, ағынымды тоқтата алмай кеткенім; үшеуі де үзілмесе, мен жығылып өлемін, онда саған жоқпын. Егер арқан жартылай үзілсе, мен тоқтаймын, жығылып қалсам да жаным қайтадан кіреді, күдер үзбе,- дейді.

4-сұрақ: - Мен суға сүңгігенде, ақ көбік шықса – жолымыздың болғаны, қуана бер, аман – есен қазанды алып шыққаным. Қызыл көбік көрінсе – алып шыға алмай, су астында қалып қойғаным, - дейді.

Жауабы: Шалқұйрықтың сөздері ереуі қырық құлаш үлкен қазанды шығарғанда.

Қорытынды:

Жүргізуші: Сонымен, құрметті оқушылар мен ұстаздар «Алтын сақа» сайыс ойыны аяқталды.









Үздік оқырман

Мақсаты: ұлттық сана – сезімі жоғары, рухани ойлауы терен, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: «Менің сүйікті кітаптарым» атты көрме, оқырман формулярлары.

Нақыл сөздері:

1.«Кітап – жан азығы», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы».

2.Артық білім кітапта , ерінбей оқып көруге. (Абай Құнанбаев)

3.«Әрбір адамның ең жақсы досы – өмірлік досы – кітап болуы тиіс». (М. Әуезов)

4.Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін,

Көрген кісі кітабы кір демесін.

М. Әлімбаев

Кітапханашы: Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. «Кітапхана - білімнің күн шуағы» десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Ата – бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап білім – бұлағы, білім – өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.

Олай болса, қымбатты оқырмандар! Бүгін оқушылардың қатысуымен «Үздік оқырман» сайысын өткізгелі отырмыз. Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай, қай оқушы кітапханамен жақсы қарым – қатынас жасайды, кім көп кітап оқығанын, кітап арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтаймыз.

1 – жүргізуші: ХХІ ғасыр – білім, ғылымының ғасыры. Еліміздің Евразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өркендетудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестік төтеп беретіні, ұлт ақыл – ойының ұйтқысы болатыны көрсетілген.

Бәсекеге қабілеттіктің басты көрсеткіші – білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттыруымыз қажет. Болашақ білімді де, талантты «Үздік оқырмандармен» таныстырамыз.

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

1 – жүргізуші: Бүгінгі болғалы отырған сайысымызға қатысушы оқырмандарды таныстырайық. Сайысқа қатысатын оқырмандар, әділқазылар алқасының мүшелері таныстырылады.

І бөлім. Кітап – білім бұлағы.

Дейді оқушылар «Кітап – білім бұлағы»

Кітапхана – сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың,

Анық тағы білімпаз боп шығары.

Өзі оқыған кітаптарынан түсінік айту. Сайыскерлер оқыған, өзіне ұнаған қызықты кітабынан түсінік айтады.

ІІ бөлім. Өлең – сөздің патшасы.

Өмір мәні – өнер менен білімді

Айтайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың – рухани қазынаң

Құнды байлық баға жетпес бұл өте.

Тақпақты мәнерлеп айтып жарысады.

ІІІ бөлім. Мақал – сөздің мәйегі.

Мақал – мәтел айту. Әр оқырман жеке – жеке әр түрлі тақырыпта байланысты мақал – мәтел айтады.

А ) 1. Ақыл – ой, ғылым – білім.

2. Ата – ана, ұл мен қыз.

3. Тәрбие туралы.

4. Байлық, жарлылық.

5. Халық туралы.

6. Ынтымақ, бірлік туралы.

7. Тіл өнері туралы.

8. Адам және оның қасиеттері туралы.

9.еңбек туралы.

10. Туған жер. Отан туралы.

11. Денсаулық туралы.

12. Отбасы туралы.

Б) 1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2. Ит – тойған жеріне,

Ер – туған жеріне.

3. Ағайын тату болса – ат көп,

Абысын тату болса – ас көп.

4. Өнер алды – қызыл тіл.

5. Денсаулық – зор байлық.

6. Әке – асқар тауын,

Ана – шалқар көлін.

7. Ағасы бардың – жағасы бар,

Інісі бардың – тынысы бар.

8. Атаның баласы болма,

Адамның баласы бол.

9. Ақыл – дос, ашу – дұшпан.

10. Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

11. Жақсы болсан жақын көп.

12.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

13. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

IV бөлім. Білім көзі – кітапта.

Сұрақтарға жауап беру. Қойылатын сұрақтар:

1.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)

2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларын ата. (Сөзі: Жұмекен Нәжмеденовтікі, Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі)

3. Қазақтың үш биін ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

4. Жалаң сөйлем деген қандай сөйлем? (Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.)

5. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

6. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

7. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)

8. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

9. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін ата? (Ту, Елтанба, Әнұран)

10. Жыл атауынан құр қалған жануар не? (Түйе)

11. Қазақтың аты аңызға айналған батыры кім? (Бауыржан Момышұлы)

12. 1912 жылы Қазақ әліппесін жасаған, алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

13. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» кімнің өлеңі? (Абай Құнанбаев)

14. М.Мақатаевтың туған ауылы? (Алматы обл, Нарыкөл ауданы, Шалкәде ауылы)

15. Қадыр Мырза әлінің туған жері? (БҚО Сырым ауданы)

16. Жамбылдың әкесінің есімі? (Жаба)

17. Ж. Жабаев қанша жасаған? (100 жыл)

18.Жамбылдың ұстазы Сүйіңбайдың ата – тегі? (Аронұлы)

19. Жеті ата. (Бала, әке, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

20. Жеті қазына. (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, ит)

V бөлім. Тапқыр болсаң. Кітаптан үзінді оқылады, кітаптың аты мен авторын табу. Ақын – жазушылар аталады, кітаптарын атау.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. Сайыста өзінің оқыған кітаптары жайында жақсы әңгіме айтып, тақпақты мәнерлеп оқыған, сұрақтарға дұрыс жауап беруі жағынан көзге түскен үздіктер анықталады. Үздік оқырмандарға орындар беріліп, марапатталады.

Кітапханашы: Кітапхана – білімпаздар мекені, оқушылар кітапханаға келіп, кітап алып оқып, кітаптан керекті тапсырмаларына дайындалады, білімдерін жетілдіреді. Біздің кітапхана кішкентай болғанмен, атқаратын қызметі үлкен. Иә, біз кітапханашылар, кімнің неше кітап оқығанын, өлең шығарма жазып, сурет салғанын және кімдердің кітапханаға келіп жүргенін есептеп отырамыз.

Сөзімді қорыта келе:

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досыңа.

Талаптансаң үйренуге құмартып,

Келгін, жас дос, ізденейік қосыла, - дей отырып, кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге оқиық, бірге жұмыс жасайық демекпіз!.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алтын сақа

Автор: Мурзашева Гульнара Иватовна

Дата: 25.02.2017

Номер свидетельства: 395404

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Алтын сақа" интеллектуалды ойын"
    ["seo_title"] => string(33) "altyn_sak_a_intielliektualdy_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "466404"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1523879368"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "сыныптан тыс шара "Алтын са?а""
    ["seo_title"] => string(25) "synyptantyssharaaltynsaka"
    ["file_id"] => string(6) "289974"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454907675"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Алтын са?а" ертегісі"
    ["seo_title"] => string(23) "altyn-sak-a-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "312869"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459408968"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "22 наурыз "Алтын сақа" сценарий"
    ["seo_title"] => string(32) "22_nauryz_altyn_sak_a_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "417039"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495211272"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Алтын са?а"  ойыны "
    ["seo_title"] => string(17) "altyn-sak-a-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "175918"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424340254"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства