kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

22 наурыз "Алтын сақа" сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                             Наурыз-Думан

Мақсаты:  Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
                   Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге   
                    тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін            
                   қалыптастыру.
   Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.  
Залда әсем әуен ойнап тұрады.

 1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!  Армысыздар  құрметті  қонақтар. 
1-тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл

Келесі балалардың орындауында тамаша әнге берейік

Ән:«Наурыз келді »                                    

ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, наурыз мерекесіне орай «Алтын сақа » ертегісін тамашалауға шақырамыз.
                    Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал:  Шек, шеку, ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым »  деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді, соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
 Шал:  Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам

алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
-  Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
    Мыстан алтын  сақаның жанында отырады.
( Бала  сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?

Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра  алмаймын, өзің ал.
    Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
    Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса, менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

К.Айзере:                Ұлы күні кәрі- жас,
                                Құшақтасып көріскен.
                                Жаңа ағытқан қозыдай,
                                Жамырасып өсірген.
                                Наурыз той құтты болсын!

Мансур:                   Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
                                Есік ашып,шашу шашып,
                                Ел боп қарсы алайық.

 Айнара:                 Бүгін күн мен түн теңелді,
                                Жер шуаққа көгереді,
                               Соны тойлап ел енді.
                               Қуанышқа кенеледі

 Алмат:                   Наурыз той салтымыз,
                                Көгерсін деп халқымыз
                                Көшеге тал егеді.
                                Бағымызда  бұлбұлымыз сайрайд

Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа,енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
Қыздар биі: «   Қамажай  »
 
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Апа Кенжебекті жібересіз бе?

Мыстан: Маған тағы балалар тақпақтарын айтып берсін

Рома:           Тыңдаңыздар,тыңдаңдар!

                      Елімде мерей думан бар.

                      Наурыз тойы басталды

                      Көңілде шаттық жыр-ән бар.

    Айсауле: Армысыздар,халайық!

                      Бармысыздар,халайық!

                      Бәріміз, міне, бас қосып

                      Мерекені қарсы алайық,

     Даулет:  Әр адам шын тілесе дос табады,

                      Жазылсын бар адамдар қас-қабағы

                      Уа,халқым,құтты болсын ұлы наурыз!

                       Бақшада Наурыз тойы басталады.

Мыстан: Жоқ әрине осығанда жіберем бе кәне ұлдар жылдам  ба. қыздар жылдам ба соны көргім келіп тұр.Ойын: «Қыз куу» 
 

Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып)  қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар. «Арқан тартыс»

Мыстан: Тамаша арқан тартысады екен

Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып)  қане тағы балалар маған тақпақтарын айтсын

Кәрімжан : Ассалаумағалейкум
                Ұлыс оң болсын
                 Ақ мол болсын!     Наурыз құтты болсын!
Жанназар: Уағалейкумссалам
                   Ұлыс оң болсын
             Пәле – жала жерге енсін!
Ұлдар биі:   « Қамшы »
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон, мұнымен барлық жермен сөйлесе  аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
    Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар.
-    Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар  аналарды! Мыстан өзі де шығып кетеді.
 
 Тәрбиеші: Балалар мінекей әрқашанда жамандық жасаған адамдар өзі ұсталып қалады көрдіңдерме барлығымыз бірігіп Кенжебегімізді де шығарып алдық, барлықтарыңда көп жақсылық жасауға тырысыңдар.

   Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
                      Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
  Ән. «Наурыз біздің жаңа жыл»
Барлықтарыңызды  Наурыз  дастарханына шақырамыз. 
Көжеден дәм татыңыздар.

                    ​

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«22 наурыз "Алтын сақа" сценарий»

Наурыз-Думан

Мақсаты:  Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
                   Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге   
                    тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін            
                   қалыптастыру.
 
       Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.  
Залда әсем әуен ойнап тұрады.

 1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!  Армысыздар  құрметті  қонақтар. 
1-тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл

Келесі балалардың орындауында тамаша әнге берейік

Ән:«Наурыз келді »

ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, наурыз мерекесіне орай «Алтын сақа » ертегісін тамашалауға шақырамыз.
                    Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал:  Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым »  деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
 Шал:  Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам



алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
-  Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
    Мыстан алтын  сақаның жанында отырады.
( Бала  сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?

Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра  алмаймын, өзің ал.
    Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
    Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

К.Айзере:                Ұлы күні кәрі- жас,
                                Құшақтасып көріскен.
                                Жаңа ағытқан қозыдай,
                                Жамырасып өсірген.
                                Наурыз той құтты болсын!

Мансур:                   Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
                                Есік ашып,шашу шашып,
                                Ел боп қарсы алайық..

 Айнара:                 Бүгін күн мен түн теңелді,
                                Жер шуаққа көгереді,
                               Соны тойлап ел енді.
                               Қуанышқа кенеледі

 Алмат:                  Наурыз той салтымыз,
                                Көгерсін деп халқымыз
                                Көшеге тал егеді.
                                Бағымызда  бұлбұлымыз сайрайды.

 Айдар:                     Күреп алтын күрекпен,
                                 Қарды еріткен Наурыз!
                                 Жатыр көктем түлетіп,
                                 Бүрлеп бақша – бауымыз.

М.Айзере.                      Ұлы күні ұлыстың
                                  Күн мен түнді теңеген
                                  Тәтті дәмін ырыстың
                                  Таттық Наурыз көжеден.





Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
Қыздар биі: « Қамажай »
 
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Апа Кенжебекті жібересіз бе?

Мыстан: Маған тағы балалар тақпақтарын айтып берсін

Рома: Тыңдаңыздар,тыңдаңдар!

Елімде мерей думан бар.

Наурыз тойы басталды

Көңілде шаттық жыр-ән бар.


Айсауле: Армысыздар,халайық!

Бармысыздар,халайық!

Бәріміз, міне, бас қосып

Мерекені қарсы алайық,


Даулет: Әр адам шын тілесе дос табады,

Жазылсын бар адамдар қас-қабағы

Уа,халқым,құтты болсын ұлы наурыз!

Бақшада Наурыз тойы басталады.


Раяна : Қыс өтіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Рамазан: Уа,жамағат,жамағат,

Ісің болсын қанағат

Ниетіңе нұр жаусын

Пейіліңе бақ жаусын!

Арнур: Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

Аида:

Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы халықтың,

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамын!




Мыстан: Жоқ әрине осығанда жіберем бе кәне ұлдар жылдам  ба. қыздар жылдам ба соны көргім келіп тұр.Ойын: «Қыз куу» 

Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып)  қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар . «Арқан тартыс»

Мыстан: Тамаша арқан тартысады екен

Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып)  қане тағы балалар маған тақпақтарын айтсын

Кәрімжан : Ассалаумағалейкум
                Ұлыс оң болсын
                Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!
Жанназар: Уағалейкумссалам
              Ұлыс оң болсын
             Пәле – жала жерге енсін!
                                    

Богдан:          Қош келіпсің Наурыз!
                       Арман  тойы халықтың.
                        Қуанышы халықтың,
                       Құтты болсын қадамың!

Абылай:        Би биледік бәріміз!
                     Елдің көңілін шалқытқан.
                    Бас иеміз- Наурыз!

 Айлана :      Сені тойлап қарсы алып,
                     Бар әлемге жар салып,
                     Сәлем бердік, біз сізге!

  Алдайыр:                       Наурыз тойы-береке,
                                         Наурыз тойы-жыр аңыз.
                                       



 Қызып дулы мереке
                                         Қызық думан құрамыз.


Ұлдар биі:   « Қамшы »

Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе      

  
                  аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
    Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
-    Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар  аналарды! Мыстан өзі де шығып кетеді.
 
 Тәрбиеші: Балалар мінекей әрқашанда жамандық жасаған адамдар өзі ұсталып қалады көрдіңдерме барлығымыз бірігіп Кенжебегімізді де шығарып алдық, барлықтарыңда көп жақсылық жасауға тырысыңдар.

   Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
                      Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош ,сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенші күн жарық болсын!
Ән. «Наурыз біздің жаңа жыл»
Барлықтарыңызды  Наурыз  дастарханына шақырамыз. 
Көжеден дәм татыңыздар.

  • 1





















Бекітемін:
«Ақбота» бөбектер бақшасының
меңгерушісі: Б.І.Байбусинова


«Наурыз - Думан»


ІІ кіші «Гүлдер» тобы

(Ертеңгілік)
















Тәрбиешілері: К.М.Тишбекова

Г.П.Омарова







2016-2017 оқу жылы


  • К







ө Абай:

Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.



Елдана:

Тыңдаңыздар,тыңдаңдар!

Елімде мерей думан бар.

Наурыз тойы басталды

Көңілде шаттық жыр-ән бар.



Э.Арнур: Армысыздар,халайық!

Бармысыздар,халайық!

Бәріміз, міне, бас қосып

Мерекені қарсы алайық,



Айзере: Әр адам шын тілесе дос табады,

Жазылсын бар адамдар қас-қабағы

Уа,халқым,құтты болсын ұлы наурыз!

Бақшада Наурыз тойы басталады.



Мақсат : Қыс өтіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.



Данара: Кірсін дәулет есіктен

Шықсын бейнет тесіктен

Жарапазан,жарапазан

Алла-құдай би рамазан!



Б.Сания: Уа,жамағат,жамағат,

Ісің болсын қанағат

Ниетіңе нұр жаусын

Пейіліңе бақ жаусын!



Али: Ақ сарайдай үйі бар,

Ақ бөкендей қойы бар,

Қара сақал,керме иық,

Қандай жанның үйі екен?



А.Сания:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Чингиз :

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз.



Е. Арнур:

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!



Тамир:

Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы халықтың,

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамын!



Қадыр:

Наурыз құтты болсын,

Дендеріңіз сау мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытқа кенелсін!

















































  • ТТақырыбы: «Көктем аруы»
    Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай 
    келтірілген,ептілігін және балаларды салауатты өмір салтын 
    ұстану барысында сөйлеу, жүріп-тұру мәдениетін бала бойына 
    қалыптастыру.
    Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, балалар, бүгін біздер алғашқы 
    көктем мерекесін қарсы аламыз.
    «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауын қыздарымыздың ибалы 
    да инабатты, тәрбиелі де мәнді, ару да сымбатты, сұлу да көркем 
     болып өсу ниетімен өткізгелі отырған сайысымызға қош 
     келдіңіздер!
    Айдын
    Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
    Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
    «Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
    Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
    Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
    Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
    Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
    Әділқазы алқасымен танысайық!
    Балабақшамыздың меңгерушісі: Шакирова Сәуле Майшақызы
    Әдіскеріміз: Мушакулова Салтанат Базарбайқызы
    Тобымыздың ата-аналар комитетінің төрайымы: 
    Ендеше байқауға қатысқалы отырған қыздарымызды ортаға шақырайық.
    (Әр қыз өзінің реттік нөмірін таңдайды)
    Бірінші қыз білімді,
    Меңгерген бар ілімді Ерсайын Бибіфатима
    Екінші қыз елгезек,
    Алады тез тілінді. Қайыр Құралай
    Үшінші қыз үлбіреп
    Қос жанары мөлдіреп Нұрболатқызы Қарақат
    Төртінші қыз өнерлі,
    Төгеді бар өнерді. Сағындықова Асылай
    Бесінші қыз талантты,
    Өң бойында бар талап. Боранбай Айару
    Жүргізуші:
    Өнер қуып арулар өтер деймін,
    Бір басына өнері жетер деймін.
    Бәсекеге түссе бес ару кезектесіп,
    Таныстырып өздерін кетер деймін.
    І бөлім: Таныстыру
    1. Ерсайын Бибіфатима
    2. Қайыр Құралай
    3. Нұрболатқызы Қарақат
    4. Сағындықова Асылай
    5. Боранбай Айару
    Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың «Біз өмірдің гүліміз» әнін қабыл алыңыздар! 
    (Әділқазылар бағасы таныстыруға)
    ІІ бөлім: Қыздардың білімін тексеру барысында жеке-жеке 5 сұрақ қойылады. (қазылар алқасының алдынан билет суырып алады)
    Ертегідегі кейікерлерді атап бер
    Бауырсақты кім жеп қояды?
    Қуыршақтармен кімдер ойнайды?
    Суретте нені көріп тұрсың?
    Жылдың қай мезгілі?
    Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар,- дегендей әжелерге арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.
    Айдын, Аяп, Бекзат, Наурыз,Жалғас,Қуандық,Айбек.
    (Әділқазылар бағасы сұрақтарға)
    Жүргізуші:
    Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
    Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
    Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
    Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
    ІІІ бөлім: Өз өнері (Әділқазылар бағасы)
    Жүргізуші:
    Көктемнің шуақ күнінде гүл өседі жайқалып,
    Көңілденіп, шаттанып , біз билейік, ән салып!
    Балалардың орындауында ән «Құттықтаймын мама туған күніңмен»
    Жүргізуші:
    Сымбатына сән киімі жарасатын,
    Аспандағы айменен таласатын.
    Өнеріне сай келіп дайын тұрған,
    Аруларға қызығып қарасатын.
    ІV бөлім: Көктем келді, сән келді
    (Қыздар сән үлгісін көрсетеді)
    (Әділқазылар бағасы)
    Ойлы қызы халқымның,
    Отаным деп тұрады.
    Бос жібермей әр күнін,
    Ана жолын қуады.
    Қанаттанса балапан,
    Қалайша ұшпайды,
    Әр бір қыз, әр балапан, анасына ұқсайды.
    V бөлім: Менің сүйікті ісім
    Бұл бөлімнің мақсаты үйде анасымен қызының бос уақытында жасайтын сүйікті жұмысын қорғау.
    Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
    Әділқазыларға төрелікті берейікші.
    Жеңіп шыққан аруды құттықтап, сәттілікті тілейікші!
    Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі
    Аруларды марапаттау
    Құттықтау сөзі балабақша меңгерушісі: Шакирова Сәуле Майшақызына беріледі


























Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет - ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық киімдерін киген бүлдіршіндер «Көңіл ашар күйінің сүйемелдеуімен, мерекелік бағдарлама өтетін жерге орындарына келіп тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен - кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өкпең кетсін - дегендей наурыз жыл басы құтты болсын!
Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын, Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!
Шығыс музыкасы ойналып тұрады, залға Падишах пен Шахрезада кіріп келеді.

Падишах: Наурыз келді гүлім,
Жер көгереді, ел көгереді гүлім.
Шахрезада: Наурыз келсе қайтем. Маған қызық емес.
Падишах: Ол Наурыз жыл басы. Бәріне мұсылман қауым Найрыз мерекесін тойлайды.
Шахрезада: Жылда - жылда тойлай береміз бе? Жалықтырып жіберді.
Падишах: Сені қалай көңілдендіремін екен? Әлде қыздарға би билетейін бе?
Шахрезада: Басын шайқайды.
Падишах: Жігіттерге ән айтқызайын ба?
Шахрезада: Басын шайқайды.
Падишах: Енді не істейін жұлдызым, күнім.
Шахрезада: Секіріп қуанып. Мен қыдырғым келеді басқа елді көргім келіп тұр.
Падишах: Қайда барамыз?
Залға екі атпен жаушы шауып кіреді.

1 - Уа ағайын - туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдік шақырып,
Ат терлетіп алыстан.

2 - Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Наурыз тойын бәріміз,
Биыл бірге қарсы алайық.
Падишах: Амансыңдарма жігіттер? Мерекеге шақырғандарыңа рахмет!
Шахрезада: Қазақстан еліне барамыз.
Падишах: Жарайды барайық. Қазақ елі бізге туысқан, біз сияқты мұсылман халық. Өте қонақжай халық деп естідім. (Музыкамен жүріп шаңырақтың ішіне кіріп отырады).
Жүргізуші: Қашанда құт береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал шашуымды.
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін. (Шашу шашылады)
Падишах: Мереке наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын.



























Жыл басы Наурыз

Жарияланды 5-01-2013, 21:55 Категориясы: Бала-бақша 

Тақырыбы: Жыл басы - Наурыз
(Балалар қолдарында бәйшешек, қызғалдақ гүлдер, музыкамен кіріп, билейді.)
Жүр: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жаңұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!
Музыка ойналады –(Наурыз қыз, бір топ қыздарымен келеді)
Мен «Наурыз –қызбын»
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы!
Тыңдаңыздар, енді халқым
Жыл иесі қоянды!- деп қолымен көрсетеді, осы кезде музыка ойналады.
Есік жақтан қоян секіріп шығады: Мен қоян жылы боламын
Жалғаймын ұлу жылды
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп
«Балдырған» тобының қонағымын

Жүр: Қош келдің, қоян жылы
Еліме бақыт жылы, құт жылы
бейбіт жылы боп кір, төрге шық
Бүгінгі ән-думан өзіңе арналады

Ән: «Наурыз келді»
Қоян: Балалардың Наурызға арнаған тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.
Ислам: Салтымен ата –бабамның
Жаңғырды қайта заманым
Жаңа –жыл басы –бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!

АңсарС: Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады

Алан.Г: Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет, бізге нұр беріп
Шуақ шашып, ақ жүзің

Абылай: Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы

Жүр: Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, қызыр ата келеді. Қане, қарсы алайық. (музыка ойналады)
Барлығы амандасады: Қош келдіңіз қызыр ата!

Қызыр ата: (бата береді)
Жарқыра жайна Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін
Береке байлық –дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың бағы болсын
Арайланған таңы болсын
Ақ батамен қол жайғанның
Тілегінің бәрі болсын!

Барлығы: Айтқаныңыз келсін! Рахмет!
Қоян мен Наурыз қыз: Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар мен айтыс өнерін тамашалаған. Қане, балалардың арасында суырып салма айтысатын балалар бар ма екен? Болса, шықсын ортаға, өнерін тамашалайық. ( Бекзат пен Дильназ )

Дильназ: Айналайын халқым –ай
Құтты болсын салтың –ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын –ай

Бекзат: Айналайын халқым –ай
Болсын жүзің жарқын –ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай

Дильназ: Айтсам егер жаңылтпаш
Жаңыласың қалқам –ай
Жұмбағымды шеше алмай
Қиналасың қалқам –ай

Бекзат: Қына тасқа бітеді
Ақыл басқа бітеді
Жұмбағыңды шешуге
Білім бізде жетеді

Дильназ: Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінде
Самал еркін еседі
Біліміңді көрейін
Жауабын кім біледі?

Бекзат: Үйлеріңдей қаланың
Бөлек –бөлек бөлме жоқ
Макетіндей даланың
Болады ол дөңгелек
Қазағымның үйі ғой
Хормен екеуі бірге: Наурыз құтты болсын
Еліміз тыныш болсын
Ерекше заман болсын
Келер Наурыз тойына
Аман –есен жетейік!
Қоян мен Наурыз: Рахмет балалар! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, ақсүйек, тақия тастамақ, теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай.)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз «Көкпар» ойынын ойнаймыз. Шарты түсіндіріледі.
- «Тең көтеру» ойыны.
Екеуі сөз айтып қоштасып кетеді.
Жүр: Нұрсұлу келді әнімен
Салтанатты сәнімен
Қуантады біздерді
«Ән шашу» әнімен
Жүр: Өздерінің наурыз туралы ән жолдарын айтады: Расул, Мирас Ақерке, Лиза

Лиза: Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Расул: О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы –бал айың

Мирас: Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса

Ақерке: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!

Жүр: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!
Балалармен амандасады.

Әже: (қолында тостаған)
Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!
Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын!
- Балалар «наурыз көже» туралы білесіңдер?
Малик: Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді

Асуан: Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды

ДильназА: Бидай, күріш, тары бар
Бар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы

Әже: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. -Қане, қандай тағам түрлері? (күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет, )
- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар!
- отырған қонақтарға наурыз көжені ұсынады.

Жүр: «Наурыз көже» әнін қабыл алыңыздар.
Жүр: Дәміңізге рақмет! Тойды одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған шөберелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.

Әже: Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің шөберемнің тұсауын кесіп, жоралғысын алар қайсың бар?
- Мен бар, мен бар –деп біреу шығады.
Тұсау кесуші: Ала жіпті алайын
Әжеңе алып барайын
Ер жетті деп айтайын
Шашуын жеп қайтайын
Қаз, қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін
Қаз бол ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер!
Асулардан аса бер!
Әже шашу шашады, бата береді. Жортқанда жолың болсын!
Арғымақтай жүйрік бол
Асқардай таудай биік бол
Әумин!
Әже: Шөберемнің тұсауын кестің, орамал тон болмайды, жол болады
Осы кезде сүйінші деп екі бала жүгіріп келеді:
1 бала: (қуанып) Әже, сүйінші ақ сиыр бұзаулады. Аппақ, әдемі бұзауы бар.
Әжесі: (масаттанып) Төлің көбейсін, пейілің кеңейсін!
2 бала: (Дауыстап) Апа, біздің қара қой егіз қозы туды. Бұп-бұйра. Осында алып келейін деп едім, енесі жылайтын болды. Сосын әкелмедім.
Жүр: ( көпшілікке қарап) Міне, көрдіңіздер ме, құтты қонақ келсе қой егіз табады дейді. Қуаныштарыңыз құтты болсын.
- Көктем мезгілінде жер қарайып, күн жылынды, жайлаудағы ата әжелеріңе барғанда алдарыңнан шығатын қошақандарыңды сағынған боларсыңдар, ендеше, бәріміз «Қошақан» әнін орындайық.
Әже қоштасып шығып кетеді.

Жүр: Аңызбен, ертегімен бізге жеткен құрметті қонақты қарсы алайық.
(Ер Төстік атпен шауып келеді)
Ассалаумағалейкум ! Бұл жерде қандай жиын болып жатыр, менің кішкентай батырларым! Сендер, қай балабақшадан боласыңдар?
Жүр: Қош келіпсің! Ер Төстік батыр! Бұл жерде наурыз тойы өтіп жатыр. Батырлар мен сұлулар өз өнерлерін ортаға салып жатыр.

Ер Төстік: Менде құр қол келгем жоқпын. «Кім жылдам» деген ойын ала келдім.
Ойын шарты: бір сұлу қыз орындыққа шығып, екі қолына орамал ұстап биікке көтереді. Батырлар шауып келіп атпен, сұлулардың қолындағы орамалды алады. Кім бірінші орамалға жетіп, орнына оралады, сол жеңімпаз атанады.

Ер Төстік: Жарайсыңдар, батырларым! Маған ұнадыңдар! Рақмет сендерге! –
- Келесі ойнайтын ойынымыз: «Кім мерген» («Жамбы ату»)
- Қазақтың батырлары ат үстінде шауып келе жатып, құралайды көзге атқан, мерген болған. Мен сендерге атымды бере тұрайын, сынап көрейік.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Егер де, дәл тигізе алмаса, сол балаға қоятын мына дорбамда сұрағым бар.
1сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
2 сұрақ: Ұлттық киімдерді ата?
3 сұрақ: Жылқының сүті қалай аталады?
4 сұрақ: Түйенің сүті қалай аталады?
- Рақмет балалар! Көп нәрсе біледі екенсіңдер.

Жүр: Ер Төстік батыр, балаларға бата беріңіз.
Ертөстік: Берсем берейін батамды, ал тыңдаңдар, балалар!
Бата десең бастайын
Уа, халқым қол жайғын
Айналайын дарын болыңдар!
Сөнбейтұғын жалын болыңдар!
Балабақшаның нұры болыңдар! –менің жолға аттанатын уақытым келді. Сау болыңдар! – деп бір айналып шауып өтеді.

Жүр: Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!
Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын
Отанымызға шаттық өмір әкелсін
Мерекелеріңіз құтты болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
22 наурыз "Алтын сақа" сценарий

Автор: Тишбекова Кенжегуль Махметовна

Дата: 19.05.2017

Номер свидетельства: 417039

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сценарий праздника Наурыз "
    ["seo_title"] => string(27) "stsienarii-prazdnika-nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "179388"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424980246"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(70) "on_ieki_ai_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "378566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484234323"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Сценарий праздника на тему "?ыздар?а ?семдік жарасады" "
    ["seo_title"] => string(58) "stsienarii-prazdnika-na-tiemu-k-yzdarg-a-siemdik-zharasady"
    ["file_id"] => string(6) "193745"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427692624"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "8 Наурыз мерекесіне арнал?ан сценарий"
    ["seo_title"] => string(39) "8nauryzmieriekiesiniearnalganstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "274390"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452367829"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Армысың әз, Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(16) "armysyn_z_nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "357157"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478709743"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства