Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды қазақ қыздарының бірі Фариза Оңғарсыноваға арналған «Ақын көп, Фариза жалғыз» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ақын көп, Фариза жалғыз»
«Ақын көп, Фариза жалғыз»
Сезім: Армысыздар,құрметті ұстаздар , оқушылар және ата-аналар!
Жансая: Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды қазақ қыздарының бірі Фариза Оңғарсыноваға арналған «Ақын көп, Фариза жалғыз» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Сезім: «Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады» -дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жансая: бүгінгі кешіміздің мақсаты: Атыраудың ақын қызы - Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен танысу, оқушылардың поэзияға деген кызығушылыктарын арттыру, акыннын ipілігі мен парасаттылығын айкындай тусу.
Кешімізді қазақ биімізбен шымылдығын ашайық. Алдарыңызда 8-сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар.
Сезім: Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Біреудің бағы – тілінде, біреудің бағы – уысында»- демекші осы аталған бақтар бұйырған поэзия ауылындағы қарагөз нәзік жандылар қаншама десеңші! Қазақ қыздарының поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде алғашқы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз. Фариза туралы пікірлер толассыз. Соның бірі жазушы Шерхан Мұртаза: «Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз. Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты. Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды.
Фариза Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығына шолу.
Жансая: Фариза Оңғарсынқызы сонау Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі Оңғарсын еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі. Махиз атты ағасынан да ерте айырылады. Осы Мәкеңнен қалған жеті сегіз баланы өзі оқытып, үлпершектей ұл, қызғалдақтай қыз қылып өсірді.
Сезім: 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев ( қазіргі Атырау) облысы, Новогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала , Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
Қызмет жолы:
1.1966-68 жж. Гурьев облыстық “Коммунистік
еңбек” газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері
2.1968-70жж . Республикалық “Лениншіл жас” газетінің Ақтөбе , Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
3.1970-1978жж. Республикалық “Қазақстан пионері”
( қазіргі “Ұлан”) журналының бас редакторы,
4. 1978-2000 жылдары “Пионер” ( қазіргі “Ақ желкен”) журналының бас редакторы
5.2000-2004жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.
Жансая: Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Сандуғаш” 1966 жылы жарық көрген. “Алмас қылыш”, “Тартады бозбаланы магнитім”, “Сайраған Жетісудің бұлбұлымын”, “Тыңдаңдар, тірі адамдар”, “Қарғыс”, “Қасірет пен ерлік жыры” поэмалары, “Үйім менің -Отаным”, “Маңғыстау монологтары”, “Революция және мен” өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары ше ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың “Жүректің төрт мезгілі” кітабын орыс ақыны А.А. Блоктың “Нәпсі”, “Куликов даласы”,“Он екі жыл өткен соң” , “Кармен”, “Қарлы перде” өлең топтамаларын , сондай-ақ Р.Ф. Казакованың, Е.А. Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл- Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған .
Сезім: “Құрмет білгісі” 1976ж
ҚазСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 1979ж
“Халыққа білім беру ісінің үздігі 1985
Қазақстанның халық жазушысы 1991ж
“Парасат ордені” 1996ж
Қазақстанның халық ақыны
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Ән «Достар әні». Сөзі: Фариза Оңғарсынова . Орындайтын : «1-сынып оқушылары» . Қарсы алыңыздар!
Жансая: Көңілді, жайлы күнімді, Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен
бөліскенің үшін,
Қатем
мен жеңістерім үшін,
Менің
мынау қиындау тағдырым болып
О,
баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! деп толғаған Фариза Оңғарсынова бүгінде ортамыздан кетсе де, әдебиет әлемінде
аты мәңгі сақталып қала беретінпоэзияның өшпес жарық жұлдызына
айналды.
Сезім: Әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Туған жерге, туған елге деген
махаббат әр адамның жүрегінен орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән
арнаған. Сол сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз
өлеңдері арқылы бере білді.
«Ауыл десе , жайлайды жанымды үміт,
Сонда ғана атардай таңым күліп.
Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат
Мені мәңгі тартатын
сағындырып...» деп туған ауылына деген махаббатын білдіреді. Алдарыңызда Ақынның туған жеріне арналған «Нарын» өлеңін оқитын Укиртаев Ерболды қарсы алыңыздар.
Жансая: « Отан» өлеңімен Жастылекова Аружан
Сезім: «Сағындым» өлеңімен Айтбекова Аружан қарсы алыңыздар.
Жансая:
Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым, бәрі орнында: шаруаң, қора, малың. Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде Қиындау ау әкемдей бола аларым- деп жырлағандай ақынның Оңғарсын атты әкесіне арнаған өлеңдерін Төлегенов Тілеухан мен Шаған Асылым оқиды. Қарсы алыңыздар!
Сезім:
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?! Деп анасының тәрбиесін ерекшк көрген Фариза апа осы тақырыпқа да қалам тартты. Қабдрахман Фариза «Жылу» өлеңі қарсы алыңыздар. «Анама» өлеңі оқитын Айтқалиева Аяулым. Қарсы алыңыздар!
«Ақ мамам» әні. Сөзі Фариза Оңғарсынова. Орындайтын 2-3 сынып оқушылары қарсы алыңыздар!
Жансая:
Жақсы оқуды үлгі еткен бала бол деп тіл алғыш, Бәрін маған үйреткен ұстазыма мың алғыс! –деп жырлағандай «Ұстаз» өлеңі- Асылханова Жансая мен «Ұстазыма» өлеңін оқитын Шаған Мадинаны қарсы алыңыздар!
Сезім: Сондай –ақ ақ халатты абзал жандарды жырға қосқанын айта кетейік.
«Дәрігер» өлеңін оқиды Айтқалиева Арайлым.
Жансая: Ф. Оңғарсынова- биік сезімнің ақыны. Оның көңіл-күй
ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Бүгінгі адам жанына ,сезіміне оқыс әсер ететін жағдайлардың көптігі өлгендердің ғана жанын ауыртпайды. Фариза көңілін жайлаған адалдық, әсемдік, жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман-тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, ақын сезіміне кері әсер етеді. «Александрия базара дуылдап тұр. 12-13 жасар бала месқарын саудагердің алдындағы қуырған құс етіне тарамыс қолдарын соза беріп еді , анау бірден байқап, жиіркенішпен итеріп жіберді. Мен құлап жатқан баланың көзінен мынаны оқыдым.»- деп жазған Фариза апаның «Жетімнің монологы» деген туындысы дүниеге келді. «Жетімнің монологы» оқитын Балтабекова Сезім.
Сезім: Фариза Оңғарсынова әйел тақырыбын шығармаларына
негіз еткен ақындардың бірі. Оның «Дыбыстар әлемі» дастаны қазақтың композитор қызы Ғазиза Жұбановаға, күйші Дина Нүрпейісоваға, «Бибігүл - ән» жыры Бибігүл Төлегеноваға, «Назқоңыр» Роза Бағлановаға, «Жыр анасы» Мариям Хакімжановаға, «Тыңдаңдар, тірі адамдар!» топтама өлеңдері Әлия мен Мәншүкке арналған. Оңғарсынованың көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Осы жазылған шығармалар
«Күй». Орындайтын Табиғат Берикболат пен 5-сынып оқушысы Советханов Әділ.
Жансая: Фариза апамыздың
өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да , ары да таза ерлерге лайық мінез бар. «Сағына түссін дедің бе?» өлеңін оқитын Қабылханов Ерназ.
Сезім:«Фариза, Фаризажан, Фаризақыз» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлап кеткендей бүгінгі кешімізді осы өлеңмен тамамдаймыз. Алдарыңызда Төлегенов Тілеухан қарсы алыңыздар!
Жансая: Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Ақын көп, Фариза жалғыз. Қош сау болыңыздар!