kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жыр падишасы" Фариза О??арсынованы еске алу кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

+

Та?ырыбы: «Жыр падишасы»  Фариза О??арсынованы еске алу кеші                                          

    Ма?саты: К?ні кеше ?ана д?ниеден  оз?ан поэзия падишасы Фариза О??арсынованы? шы?армашылы? ?міріне талдау жасай отырып, балаларды? с?з ?неріне деген с?йіспеншілігін арттырып, а?ынны? шы?армаларын  насихаттау.

    1 ж?ргізуші Жандос: Поэзия – ?асиетті ??ым. Ол — адамны? ішкі сезіміні? тіл жетпес тылсымында жат?ан ?сем ?лемі. Жеке адамны? ешкімге айтпас ??пия ?астерлі ішкі сыры.

2 ж?ргізуші  ?алия : Поэзия тек ?ана ішкі д?ние ?ана емес, адам жаныны? алаула?ан алтын жалыны. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жо?ары екенін ба?зы заманнан - а?  ?лы Аристотель айтып бергені м?лім. Поэзия – ?лемні? жыршысы, а?ылды? айнасы, халы? м??ы, ?нерді? шы?ы.
1- о?ушы Ажар: ?абит М?сірепов айт?андай: «Біреуді? ба?ы – тілінде, Біреуді? ба?ы – уысында»- демекші осы атал?ан ба?тар б?йыр?ан поэзия ауылында?ы ?араг?з н?зік жандылар ?аншама десе?ші! ?аза? ?ыздарыны? поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде ал?аш?ы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз. Фариза туралы пікірлер толассыз. Соны? бірі жазушы Шерхан М?ртаза: ?аза?та а?ын к?п, Фариза жал?ыз. Жа?а ту?ан айды? жанында жал?ыз ж?лдыз ерекше жар?ырап т?рады. Періште ж?лдыз сия?ты. А?ынды?ы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ??самайды. А?ын жал?ыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондарды? ж?регін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен ??діретті.
2 –о?ушы Айжан: Фариза сонау Нарын ??мыны? арасында, асып - тас?ан байлы?ы болмаса да ?зіндік д?улеті бар отбасында д?ниеге келген. ?кесі еліне сыйлы, ашы? - жар?ын адам бол?ан. Ол ?кесіне арнап к?птеген ?ле?дер шы?ар?ан. Фариза ?кесінен жастай ?алып, анасы Халиманы? т?рбиесінде болады. Анасы к?п с?йлемейтін, с?йлесе ма?алдап с?йлейтін, аса а?ылды, рухани ?уатты, с?лу адам бол?ан.
3 –о?ушы ?лжан     Фариза марпаттары: «??рмет белгісі» (1976)«Парасат ордені» (1996)?азКСР Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты (1979).Халы??а білім беру ісіні? ?здігі (1985).?аза?станны? халы? жазушысы (1991).?аза?станны? халы? а?ыны.?аза?стан Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты.

  4 –о?ушы Жанат: 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалы? институтыны? тіл-?дебиет факультетін бітіріп, Балы?шы ауданыны? Еркін?ала, «Октябрьді? 40 жылды?ы» ?аза? орта мектептерінде м??алім болып ж?мыс істеген.

1966–1968 жж. Гурьев облысты? «Коммунистік е?бек» газетіні? партия т?рмысы б?лімінде ?деби ?ызметкер міндетін ат?ар?ан.

1968–1970 жж. республикалы? «Лениншіл жас» (?азіргі «Жас алаш») газетіні? А?т?бе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып е?бек еткен.

 

 

1970–1978 жж. республикалы? «?аза?стан пионері» (?азіргі «?лан») журналыны? бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (?азіргі «А? желкен») журналыны? бас редакторы болып істеді.

2000–2004 жж. ?Р м?жілісіні? депутаты болды.

1 – ж?ргізуші  Жандос: Фариза апамыз жырлап ?ткендей

 - Ту?ан жер, ту?ан ауыл ?ымбат ма?ан,

Ешкімге б?л сезімді был?атпа?ам.

Мен оны? ?зім ?ана сезінетін

?acmepлi ?асиетін жырлап ба?ам.

Ол жерге деген менде сезім б?лек,

(жатпасын келгенімде ?зімді елеп!)

Ал оны? ?асиетін сезу ?шін

Тек мені? журегім мен т?зім керек!

2 ж?ргізуші  ?алия: Келесі кезекте  Ниетбаева Жайна  орындауында «Фариза ?ыз» ?ле?ін ?абыл алы?ыздар.( С?зін жаз?ан: М. Ма?атаев)

2 ж?ргізуші  ?алия:   ?ле? - ?мір, ?ле? - сезім десек, сырлы лирика?а т?н ерекшелік ?мір ??былысын ж?рек тол?ынысы мен шынайы тербеліс ар?ылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекті Фариза а?ынны? о?ырман ж?регінен орын ал?ан жырларына кезек береміз

5- о?ушы ?лия:: Мен ?оры?паймын
с?сты т?л?алары?нан, ас?арларым,
Жанартаулардан лапылдап шаш?ан жалын.
К??іл - с???ар емес пе – келеді ыл?и
ас?арлардан да ?рі асып аспанда?ым.
?ршіп ?айта жаныма от алмасам,
Мен ?йтеуір ??здардан жас?анбадым.

6 –о?ушы Нур?иса: Сезем – талай жанардан жас парларын.
Тарлау жолда тай?ана? тастар барын.
Шыр?ау деген шы?дардан ??лау емес,
Жасыма тек,
жас ??сым – жа?сы арманым!

7- о?ушы Элеонора: Жастар –
жара т?спеген жанына ?лі
т?сінгендей жанымды табынады;
мені? ас?а? ?м м??ды жырларымды
іздеуі ха? соларды?, са?ынары...
Мен кешпеген д?ние жо? екенін
сезеді олар. Сезеді б?рі - б?рі,

8- о?ушы  Н?рай:

 Ж?рек сенсі?, Отаным, ?о?амым да

Мейлі к?лдір, к?рсі?дер, ора м???а, -

Мен б?рібір ?зі?нен б?лінбеймін,

Сенсіз мені? ?нім жо?, жо? арым да.

9- о?ушы Жайна:

Достарым, ортам, ?о?амым,

Оларсыз семем, соламын.

Сал?ынды? сеуіп, сырт берсе,

К??ілім де – кірбі?, жо? ?нім,

Соларды? ?аба?тарымен

Налимын, тасып – толамын

10- о?ушы Ринат:

М?з айдынында?ы ой

«?мірді? ?зі. — м?з айдын,

Тай?анап кетпе! — деген е?,

Сыр?анап ж?ріп  м??айдым,

Еске алдым сені неге мен ?

?ай?ы азап шексе? жебер ем,

Тайганап кетсе?, демер ем...

Дейт??ын ?зі? емеспе е??

11- о?ушы Падиша:

Аса алмай асу белестен.

?а? ма?дайымнан жел ескен

Тайгана?  ??зда турамын кеп,

Енді ??лардай дірілдеп,

Бар eдi с?йер кімім деп,

?арадым  ?міт ж?збенен,

сонда мен сені  іздегем.

12 о?ушы ?айрат:Ту?ан ел

Аймалайды ?пкен желі

Н?р?а оранып к?к пен жері.

Бала са?ым б?лдырайды,

Гулмен ойнап б?ктердегі.

?аз-?йректі? тансе ?ні

Ерке ?зенмен табысады.

Бip-6ipineн к?ле ?ашып     

А?  тол?ындар алысады.

13 о?ушы Арманай:  ?анат туралы хикая

14 о?ушы  С?нім:

Мезгіл б?рша? жаны?а салып та?ба,

?айраты?нан ?айысып, налып ?алма,

Сені іздейтін а?а бар тары??анда,

Інілер бар дем берер жабы??ан?а.

Бір а?и?ат – б?рібір жо?алмайсы?,     

Жо?алмайтын жо?таушы халы? барда,

15 о?ушы  Санду?аш:

- Акын ?ле?деріндегі лирикалык ?йел кейіпкер ?леуметтік іске к??ілі толады, ша?ыра?ынан опа табады, с?йтіп бакыт, рахат барлы?ына иланады.

Туса да ?илы-?илы басыма к?н,

Осында сан ?уанып тасы?аным.

?йтеуір 6ip рахат к?тетіндей

Мен ыл?и оша?ыма асы?амын.

1 –ж?ргізуші  Жандос: Кемел ша?та адамны?, бас?ан ізге ?айта 6ip к?з тастауы, ту?ан оша??а оралуы за?дылык сия?ты. Сондай т?ста а?ын ?аламынан «Киіз ?й», «Оюлар», «Жаулы?тар», «Жер ошак» секілді ж?рек тебірентерлік ?ле?дер ту?ан.

Далам –мені?  ?азынам, жыр санды?ым,

Жыр н?рімен жер бал?ып, бусанды ??м.

Сорта? жерді? т?зы бар тамыры?да,

Аш?ылтымдау сонды?тан жусан жырым.

1 –  ж?ргізуші Жандос: Келесі кезекте Ниетбаева Жайна мен Базарбаева Арманайды? орындауында «?ыздар?а ?семдік жарасады»  ?нін ?абыл алы?ыздар.

2-ж?ргізуші: ?алия: ?ымбатты ?ауым,  сыныбымыз?а «?аза?стан » телеарнасы келіп ?алыпты. Тікелей эфирде «Поэзия падишасы» атты телеба?дарлама. С?з кезегі  телеба?дарлама ж?ргізушісі Назымда!

Назым: - Рахмет, ?алия!
Шат?алдарында жар ??зды?,
А?пан жалында ?ар - м?зды?,
К?лдене? к?зден ?ор?арсын,
Жанымда ж?рші, жал?ызбын, осылай о?ырманына ?ле? арна?ан парасатты поэзияны? падишасы Фариза а?ын ф?ниден ?тті. ?аза? Еліні? ма?дайына біткен ж?лдыз с?нді...
М??а?али м??ын ша??ан ?лы т?л?аны? ?азасы ?р ?аза?ты? жанына батары с?зсіз. ?алай ма?таса? та, ?алай жо?таса? та лайы?ты т?л?а.

Назым:  Эфирде «Поэзия падишасы». Ба?дарламаны? ?она?тарымен таныстырып ?тейін. ?аза? поэзиясын зерттеуші жас ?алым Жолдасова Айгерим, жас тарихшы Раметтуллаев Нурсултан. К?рермендер ба?дарлама ?она?тарына ?з с?ра?тарымызды ?оя отырайы?.

Бір с?ра?ты ?зім бастап ?ояйын. Айгерим ханым, Фаризаны? мы?тылы?ы не деп ойлайсыз?

Айгерим: Б?л сауал?а жауапты? е? д?рысы — оны? ?ле?дерін о?у да, былай?ы ?леммен салыстыру. Сонда оны? ?аза? поэзиясында ?ана емес, ?лем поэзиясында т?л?алы? д?режеге к?терілгенін, оны? творчествосыны? ?лтты? м?ра?а — ?лт, мемлекет ма?тан ететін м?ра?а айнал?анын сезінуге болады. Фариза ?ле?ге о бастан ешкімге ??самайтын к?рделі де ??діретті болмыспен, т?л?а?а т?н т?тасты?пен келді. ?мірге тек ?зіне ?ана т?н к?збен — сезім, ж?рек к?зімен ?арау, биіктікті ?зіне т?н, ерекше болмыспен сезінуден туындайтын поэзияны? осындай бірегей ??былысы оны? творчествосына ??іле білген кісіге ?ана сезілмек. Фариза ?лемі — ?лі ?зіміз сырына тере?дей ?ойма?ан, біра? айтулыларды? бірі болып ?аза?пен бірге м??гі жасайтын ?лем.

Назым:- ?ымбатты к?рермендер, с?ра?тары?ызды ?оя бері?іздер. ?зі?ізді таныстырып ?тсе?із!
 

Нур?иса: Мені? атым – Нур?иса. Мен с?ра?ымды  жас тарихшы Нурсултан?а  ?ой?ым келіп т?р. Фариза а?ынны?  ?ле?дері т?нып т?р?ан лирика. Оны? ?ле?деріні? та?ырыбы ?андай?

 Нурсултан: А?ын ?йелдер жаныны? к?пиясын, арманын, махаббатын к?п жазады. Ол сезім к?йлерін шертуге, ?лия мен М?нш?кті? та?дыры мен трагедиясына дастандар арнады.  А?ын – ?з заманыны? ар-?жданы. Ол болаша? ?шін ?мір с?реді. ?лденеден м??ай?ан кезінде, біреуді? пасы?ты?ынан ж?регі м?зда?ан кезінде, кешегі досыны? б?гін теріс айнал?анын к?ргенде Фаризаны? досы, сенері, м??дасы, берер д?рі-дауасы – поэзия. 
 

Назым: Фариза апамызды? досты? та?ырыбынан сыр шертсе?із?

Досты? оны? ішіндегі халы?тар досты?ы та?ырыбы – а?ын шы?армаларында?ы ?зекті та?ырыпты? бірі еді. «Дауа» жина?ында?ы «?ыр?ыз ?аза? – ?зімні? ?ос жанарым» атты ?ле?інде де а?ын іргелес екі елді? орта? та?дырын, орта? тыныс-тіршілігін ы?ыласпен жырлайды.

Сен ?уанса?, шуа?ты менде де к?н,

Сен самса?ан, мені? де ?рлегенім!

Сізді? ?йде ?она?сып  ?рлемедім

?ыр?ыз, ?аза? – ?зімні? ?ос ?рлемедім

?ыр?ыз, ?аза? – ?зімні? ?ос жанарым,

?ос жанарым, ?ашан да с?нбе мені?!- деп жырла?ан еді.

Назым:Рахмет сіздерге ??рметті ?она?тар. «Поэзия падишасы» ба?дарламаны? ?она?тарымен Фариза апамызды? шы?армашылы?ынан сыр шерттік.

Назым :. ?аза? поэзиясы биік шы?дар?а жал?асып келеді. М??а?алиды?, Ж?мекенні?, Т?легенні?, Фаризаны?, т.б. ж?рек сазымен жазыл?ан ?аза?ты? жиырмасыншы ?асырда?ы поэзиясы - ?лмейтін поэзия деп ба?дарламамды ая?та?ым келіп отыр.

 

2-ж?ргізуші ?алия: Рахмет Назым. Келесі кезекте хормен «?аза? ?ызы» (С?зін жаз?ан: И Сапарбаев, ?нін жаз?ан: Р Тайманов)

2- ж?ргізуші ?алия:А?ын орны ?аламы ?андай биікке к?теріп шы?аpca, сол жерде. Ондай орын ?cipece биікте к?п, — деп ?абит Mycipenoв айт?андай, ?рдайым бізді? а?ын апамыз Фариза ?аламы м??алмай, ?лі де сан-салалы ты? та?ырыпта?ы е?бектерімен о?ырман ж?регіне жол таба берсін дейміз.

1-ж?ргізуші  Жандос: Поэзия падишасы Фариза О??арсынованы еске алу кеші  ?з м?ресіне жетті. К?ріскенше сау болы?ыздар!

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жыр падишасы" Фариза О??арсынованы еске алу кеші »

Тақырыбы: «Жыр падишасы» Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші

Мақсаты: Күні кеше ғана дүниеден озған поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылық өміріне талдау жасай отырып, балалардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ақынның шығармаларын насихаттау.

1 жүргізуші Жандос: Поэзия – қасиетті ұғым. Ол — адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі. Жеке адамның ешкімге айтпас құпия қастерлі ішкі сыры.

2 жүргізуші Қалия : Поэзия тек қана ішкі дүние ғана емес, адам жанының алаулаған алтын жалыны. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жоғары екенін бағзы заманнан - ақ ұлы Аристотель айтып бергені мәлім. Поэзия – әлемнің жыршысы, ақылдың айнасы, халық мұңы, өнердің шыңы.
1- оқушы Ажар: Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Біреудің бағы – тілінде, Біреудің бағы – уысында»- демекші осы аталған бақтар бұйырған поэзия ауылындағы қарагөз нәзік жандылар қаншама десеңші! Қазақ қыздарының поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде алғашқы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз. Фариза туралы пікірлер толассыз. Соның бірі жазушы Шерхан Мұртаза: Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз. Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты. Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ақын жалғыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондардың жүрегін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен құдіретті.
2 –оқушы Айжан: Фариза сонау Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған.
3 –оқушы Ұлжан Фариза марпаттары: «Құрмет белгісі» (1976)«Парасат ордені» (1996)ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979).Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985).Қазақстанның халық жазушысы (1991).Қазақстанның халық ақыны.Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

4 –оқушы Жанат: 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

1966–1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.





1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

2000–2004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.

1 – жүргізуші Жандос: Фариза апамыз жырлап өткендей

- Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.

Мен оның өзім ғана сезінетін

Қacmepлi қасиетін жырлап бағам.

Ол жерге деген менде сезім бөлек,

(жатпасын келгенімде өзімді елеп!)

Ал оның қасиетін сезу үшін

Тек менің журегім мен төзім керек!

2 жүргізуші Қалия: Келесі кезекте Ниетбаева Жайна орындауында «Фариза қыз» өлеңін қабыл алыңыздар.( Сөзін жазған: М. Мақатаев)

2 жүргізуші Қалия: Өлең - өмір, өлең - сезім десек, сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс арқылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз

5- оқушы Әлия:: Мен қорықпаймын
сұсты тұлғаларыңнан, асқарларым,
Жанартаулардан лапылдап шашқан жалын.
Көңіл - сұңқар емес пе – келеді ылғи
асқарлардан да әрі асып аспандағым.
Өршіп қайта жаныма от алмасам,
Мен әйтеуір құздардан жасқанбадым.

6 –оқушы Нурғиса: Сезем – талай жанардан жас парларын.
Тарлау жолда тайғанақ тастар барын.
Шырқау деген шыңдардан құлау емес,
Жасыма тек,
жас құсым – жақсы арманым!

7- оқушы Элеонора: Жастар –
жара түспеген жанына әлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ әм мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары...
Мен кешпеген дүние жоқ екенін
сезеді олар. Сезеді бәрі - бәрі,

8- оқушы Нұрай:

Жүрек сенсің, Отаным, қоғамым да

Мейлі күлдір, күрсіңдер, ора мұңға, -

Мен бәрібір өзіңнен бөлінбеймін,

Сенсіз менің әнім жоқ, жоқ арым да.

9- оқушы Жайна:

Достарым, ортам, қоғамым,

Оларсыз семем, соламын.

Салқындық сеуіп, сырт берсе,

Көңілім де – кірбің, жоқ әнім,

Солардың қабақтарымен

Налимын, тасып – толамын

10- оқушы Ринат:

Мұз айдынындағы ой

«Өмірдің өзі. — мұз айдын,

Тайғанап кетпе! — деген ең,

Сырғанап жүріп  мұңайдым,

Еске алдым сені неге мен ?

Қайғы азап шексең жебер ем,

Тайганап кетсең, демер ем...

Дейтұғын өзің емеспе ең?

11- оқушы Падиша:

Аса алмай асу белестен.

Қақ маңдайымнан жел ескен

Тайганақ  құзда турамын кеп,

Енді құлардай дірілдеп,

Бар eдi сүйер кімім деп,

Қарадым  үміт жүзбенен,

сонда мен сені  іздегем.

12 оқушы Қайрат:Туған ел

Аймалайды өпкен желі

Нұрға оранып көк пен жері.

Бала сағым бұлдырайды,

Гулмен ойнап бөктердегі.

Қаз-үйректің тансе әні

Ерке өзенмен табысады.

Бip-6ipineн күле қашып

Ақ  толқындар алысады.

13 оқушы Арманай: Қанат туралы хикая

14 оқушы Сәнім:

Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба,

Қайратыңнан қайысып, налып қалма,

Сені іздейтін аға бар тарыққанда,

Інілер бар дем берер жабыққанға.

Бір ақиқат – бәрібір жоғалмайсың,

Жоғалмайтын жоқтаушы халық барда,

15 оқушы Сандуғаш:

- Акын өлеңдеріндегі лирикалык әйел кейіпкер әлеуметтік іске көңілі толады, шаңырағынан опа табады, сөйтіп бакыт, рахат барлығына иланады.

Туса да қилы-қилы басыма күн,

Осында сан қуанып тасығаным.

Әйтеуір 6ip рахат күтетіндей

Мен ылғи ошағыма асығамын.

1 –жүргізуші Жандос: Кемел шақта адамның, басқан ізге қайта 6ip көз тастауы, туған ошаққа оралуы заңдылык сияқты. Сондай тұста ақын қаламынан «Киіз үй», «Оюлар», «Жаулықтар», «Жер ошак» секілді жүрек тебірентерлік өлеңдер туған.

Далам –менің  қазынам, жыр сандығым,

Жыр нәрімен жер балқып, бусанды құм.

Сортаң жердің тұзы бар тамырыңда,

Ашқылтымдау сондықтан жусан жырым.

1 – жүргізуші Жандос: Келесі кезекте Ниетбаева Жайна мен Базарбаева Арманайдың орындауында «Қыздарға әсемдік жарасады» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Қалия: Қымбатты қауым, сыныбымызға «Қазақстан » телеарнасы келіп қалыпты. Тікелей эфирде «Поэзия падишасы» атты телебағдарлама. Сөз кезегі телебағдарлама жүргізушісі Назымда!

Назым: - Рахмет, Қалия!
Шатқалдарында жар құздың,
Ақпан жалында қар - мұздың,
Көлденең көзден қорғарсын,
Жанымда жүрші, жалғызбын, осылай оқырманына өлең арнаған парасатты поэзияның падишасы Фариза ақын фәниден өтті. Қазақ Елінің маңдайына біткен жұлдыз сөнді...
Мұқағали мұңын шаққан ұлы тұлғаның қазасы әр қазақтың жанына батары сөзсіз. Қалай мақтасақ та, қалай жоқтасақ та лайықты тұлға.

Назым: Эфирде «Поэзия падишасы». Бағдарламаның қонақтарымен таныстырып өтейін. Қазақ поэзиясын зерттеуші жас ғалым Жолдасова Айгерим, жас тарихшы Раметтуллаев Нурсултан. Көрермендер бағдарлама қонақтарына өз сұрақтарымызды қоя отырайық.

Бір сұрақты өзім бастап қояйын. Айгерим ханым, Фаризаның мықтылығы не деп ойлайсыз?

Айгерим: Бұл сауалға жауаптың ең дұрысы — оның өлеңдерін оқу да, былайғы әлеммен салыстыру. Сонда оның қазақ поэзиясында ғана емес, әлем поэзиясында тұлғалық дәрежеге көтерілгенін, оның творчествосының ұлттық мұраға — ұлт, мемлекет мақтан ететін мұраға айналғанын сезінуге болады. Фариза өлеңге о бастан ешкімге ұқсамайтын күрделі де құдіретті болмыспен, тұлғаға тән тұтастықпен келді. Өмірге тек өзіне ғана тән көзбен — сезім, жүрек көзімен қарау, биіктікті өзіне тән, ерекше болмыспен сезінуден туындайтын поэзияның осындай бірегей құбылысы оның творчествосына үңіле білген кісіге ғана сезілмек. Фариза әлемі — әлі өзіміз сырына тереңдей қоймаған, бірақ айтулылардың бірі болып қазақпен бірге мәңгі жасайтын әлем.

Назым:- Қымбатты көрермендер, сұрақтарыңызды қоя беріңіздер. Өзіңізді таныстырып өтсеңіз!


Нурғиса: Менің атым – Нурғиса. Мен сұрағымды жас тарихшы Нурсултанға қойғым келіп тұр. Фариза ақынның өлеңдері тұнып тұрған лирика. Оның өлеңдерінің тақырыбы қандай?

Нурсултан: Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.  Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия. 


Назым: Фариза апамыздың достық тақырыбынан сыр шертсеңіз?

Достық оның ішіндегі халықтар достығы тақырыбы – ақын шығармаларындағы өзекті тақырыптың бірі еді. «Дауа» жинағындағы «Қырғыз қазақ – өзімнің қос жанарым» атты өлеңінде де ақын іргелес екі елдің ортақ тағдырын, ортақ тыныс-тіршілігін ықыласпен жырлайды.

Сен қуансаң, шуақты менде де күн,

Сен самсаған, менің де өрлегенім!

Сіздің үйде қонақсып  өрлемедім

Қырғыз, қазақ – өзімнің қос өрлемедім

Қырғыз, қазақ – өзімнің қос жанарым,

Қос жанарым, қашан да сөнбе менің!- деп жырлаған еді.

Назым:Рахмет сіздерге құрметті қонақтар. «Поэзия падишасы» бағдарламаның қонақтарымен Фариза апамыздың шығармашылығынан сыр шерттік.

Назым :. Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың, Жұмекеннің, Төлегеннің, Фаризаның, т.б. жүрек сазымен жазылған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы - өлмейтін поэзия деп бағдарламамды аяқтағым келіп отыр.



2-жүргізуші Қалия: Рахмет Назым. Келесі кезекте хормен «Қазақ қызы» (Сөзін жазған: И Сапарбаев, әнін жазған: Р Тайманов)

2- жүргізуші Қалия:Ақын орны қаламы қандай биікке көтеріп шығаpca, сол жерде. Ондай орын әcipece биікте көп, — деп Ғабит Mycipenoв айтқандай, әрдайым біздің ақын апамыз Фариза қаламы мұқалмай, әлі де сан-салалы тың тақырыптағы еңбектерімен оқырман жүрегіне жол таба берсін дейміз.

1-жүргізуші Жандос: Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші өз мәресіне жетті. Көріскенше сау болыңыздар!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жыр падишасы" Фариза О??арсынованы еске алу кеші

Автор: Сатыбалдиева Айн?р Доктырбек?ызы

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170350


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства