kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"А?ын к?п, Фариза жал?ыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ба?дат Тлеккабулова

Зеленов ауданы

Щапов ОЖББМ

«А?ын к?п, Фариза жал?ыз»

(А?ын Фариза О??арсынованы? шы?армашылы?ына арнал?ан ?деби - сазды кеш)

«Фариза апамыз поэзия?а ?анат ?а?ып ал?аш ?осыл?ан кезден бастап, б?гінгі ?аза? поэзиясыны? падишасына айналып, б?кіл ?мірін шы?армашылы??а арнады»

Н?рс?лтан Назарбаев

Ма?саты: К?ні кеше ?ана д?ниеден поэзия падишасы Фариза О??арсынованы? шы?армашылы? ?міріне талдау жасай отырып, балаларды? с?з ?неріне деген с?йіспеншілігін арттырып, а?ынны?  шы?армаларын  насихаттау.

К?тілетін н?тиже:

А. А?ынны?  жар?ын бейнесі ел есінде м??гі ?алатынын біледі.

В. ?лмес м?раларын талдап салыстырады.

С. Шы?армаларын  салыстыра отырып, ?орытынды шы?арып, ба?асын береді

?олдан?ан ?діс-  т?сілдер: жо?ары ж?не  т?мен д?режелі с?ра?тар,  ТВ-шоу, на?ыз ??зіреттілікті  ?алыптастыратын р?лдік ойын.

Мейірхан: Поэзия – ?асиетті ??ым. Ол — адамны? ішкі сезіміні? тіл жетпес тылсымында жат?ан ?сем ?лемі.Жеке адамны? ешкімге айтпас ??пия ?астерлі ішкі сыры. Поэзия тек ?ана ішкі д?ние ?ана емес, адам жаныны? алаула?ан алтын жалыны. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жо?ары екенін ба?зы заманнан-а? ?лы Аристотель айтып бергені м?лім.Поэзия – ?лемні? жыршысы, а?ылды? айнасы, халы? м??ы, ?нерді? шы?ы.
Айдана: ?абит М?сірепов айт?андай: «Біреуді? ба?ы – тілінде, Біреуді? ба?ы –уысында»-демекші осы атал?ан ба?тар б?йыр?ан поэзия ауылында?ы караг?з н?зік жандылар ?аншама  десе?ші!  ?аза? ?ыздарыны? поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде ал?аш?ы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз.Фариза туралы пікірлер толассыз. Соны? бірі жазушы Шерхан М?ртаза: ?аза?та а?ын к?п, Фариза жал?ыз.Жа?а ту?ан айды? жанында жал?ыз ж?лдыз ерекше жар?ырап т?рады. Періште ж?лдыз сия?ты.А?ынды?ы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ??самайды.А?ын жал?ыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондарды? ж?регін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен ??діретті.

Мейірхан:  Фариза сонау  Нарын ??мыны? арасында, асып-тас?ан байлы?ы болмаса да ?зіндік д?улеті бар отбасында д?ниеге келген. ?кесі еліне сыйлы, ашы?-жар?ын адам бол?ан. Ол ?кесіне арнап к?птеген ?ле?дер шы?ар?ан. Фариза ?кесінен жастай ?алып, анасы Халиманы? т?рбиесінде болады. Анасы к?п с?йлемейтін, с?йлесе ма?алдап с?йлейтін, аса а?ылды, рухани ?уатты, с?лу адам бол?ан.

Айдана: Фариза апаймызды? с?зіне жазыл?ан ана туралы  ?нді ты?дайы?! Алдары?ызды кішкентай б?лдіршіндеріміз! ?арсы алы?ыздыр, Бекн?р мен Аружан!

Мейірхан: ?ле? - ?мір, ?ле? - сезім десек, сырлы лирика?а т?н ерекшелік ?мір ??былысын ж?рек тол?ынысы мен шынайы тербеліс ар?ылы жеткізу болып табылады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"А?ын к?п, Фариза жал?ыз"»


Бағдат Тлеккабулова

Зеленов ауданы

Щапов ОЖББМ

«Ақын көп, Фариза жалғыз»

(Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби - сазды кеш)

«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»

Нұрсұлтан Назарбаев

Мақсаты: Күні кеше ғана дүниеден поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шыңармашылық өміріне талдау жасай отырып, балалардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ақынның шығармаларын насихаттау.

Күтілетін нәтиже:

А. Ақынның жарқын бейнесі ел есінде мәңгі қалатынын біледі.

В. Өлмес мұраларын талдап салыстырады.

С. Шығармаларын салыстыра отырып, қорытынды шығарып, бағасын береді

Қолданған әдіс- тәсілдер: жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар, ТВ-шоу, нағыз құзіреттілікті қалыптастыратын рөлдік ойын.

Мейірхан: Поэзия – қасиетті ұғым. Ол — адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі.Жеке адамның ешкімге айтпас құпия қастерлі ішкі сыры. Поэзия тек қана ішкі дүние ғана емес, адам жанының алаулаған алтын жалыны. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жоғары екенін бағзы заманнан-ақ ұлы Аристотель айтып бергені мәлім.Поэзия – әлемнің жыршысы, ақылдың айнасы, халық мұңы, өнердің шыңы.
Айдана: Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Біреудің бағы – тілінде, Біреудің бағы –уысында»-демекші осы аталған бақтар бұйырған поэзия ауылындағы карагөз нәзік жандылар қаншама десеңші! Қазақ қыздарының поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде алғашқы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз.Фариза туралы пікірлер толассыз. Соның бірі жазушы Шерхан Мұртаза: Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз.Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты.Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды.Ақын жалғыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондардың жүрегін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен құдіретті.

Мейірхан: Фариза сонау Нарын құмының арасында , асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған.

Айдана: Фариза апаймыздың сөзіне жазылған ана туралы әнді тыңдайық! Алдарыңызды кішкентай бүлдіршіндеріміз! Қарсы алыңыздыр, Бекнұр мен Аружан!

Мейірхан: Өлең - өмір, өлең - сезім десек, сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс арқылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз

Нұрәлі:Мен қорықпаймын
сұсты тұлғаларыңнан, асқарларым,
Жанартаулардан лапылдап шашқан жалын.
Көңіл-сұңқар емес пе – келеді ылғи
асқарлардан да әрі асып аспандағым.
Өршіп қайта жаныма от алмасам,
Мен әйтеуір құздардан жасқанбадым.

Дінислам:Сезем – талай жанардан жас парларын.
Тарлау жолда тайғанақ тастар барын.
Шырқау деген шыңдардан құлау емес,
Жасыма тек,
жас құсым – жақсы арманым!

Айару:Жастар – 
жара түспеген жанына әлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ әм мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары...
Мен кешпеген дүние жоқ екенін
сезеді олар. Сезеді бәрі-бәрі, 

Бейнебаян көрсету

Айдана: Қымбатты қауым, ендігі кезекті «Қазақстан-Орал» телеарнасына берейік! Тікелей эфирде «Поэзия падишасы» атты телебағдарлама. Сөз кезегі өзінде Миллена!

Миллена: - Рахмет, Айдана!

Шатқалдарында жар құздың,

Ақпан жалында қар-мұздың,

Көлденең көзден қорғарсын,

Жанымда жүрші, жалғызбын, осылай оқырманына өлең арнаған парасатты поэзияның падишасы Фариза ақын фәниден өтті. Қазақ Елінің маңдайына біткен жұлдыз сөнді...

Мұқағали мұңын шаққан ұлы тұлғаның қазасы әр қазақтың жанына батары сөзсіз. Қалай мақтасақ та, қалай жоқтасақ та лайықты тұлға. Қаза қайырлы болсын! Эфирде «Поэзия падишасы». Бағдарламаның қонақтарымен таныстырып өтейін. Қазақ поэзиясын зерттеуші жас ғалым Елеусинова Альбина, жас тарихшы Ихсанғалиева Саида. Көрермендер бағдарлама қонақтарына өз сұрақтарымызды қоя отырайық. Бір сұрақты өзім бастап қояйын. Альбина ханым, Фаризаның мықтылығы не деп ойлайсыз?

Альбина: Бұл сауалға жауаптың ең дұрысы — оның өлеңдерін оқу да, былайғы әлеммен салыстыру. Сонда оның қазақ поэзиясында ғана емес, әлем поэзиясында тұлғалық дәрежеге көтерілгенін, оның творчествосының ұлттық мұраға — ұлт, мемлекет мақтан ететін мұраға айналғанын сезінуге болады. Фариза өлеңге о бастан ешкімге ұқсамайтын күрделі де құдіретті болмыспен, тұлғаға тән тұтастықпен келді. Өмірге тек өзіне ғана тән көзбен — сезім, жүрек көзімен қарау, биіктікті өзіне тән, ерекше болмыспен сезінуден туындайтын поэзияның осындай бірегей құбылысы оның творчествосына үңіле білген кісіге ғана сезілмек. Фариза әлемі — әлі өзіміз сырына тереңдей қоймаған, бірақ айтулылардың бірі болып қазақпен бірге мәңгі жасайтын әлем.

Миллена:- Қымбатты көрермендер, микрофонды алып, сұрақтарыңызды қоя беріңіздер. Өзіңізді таныстырып өтсеңіз!

Арман: Менің атым –Арман. Мен сұрағымды Cаида ханымға қойғым келіп тұр. Фариза ақын сырт көзге қатал көрінеді. Ойыңдағысын жасырмай, тіке бетке айтатынын бәріміз білеміз. Ал, өлеңдері тұнып тұрған лирика. Оның лирикалық Мені барынша мейірімді, барынша ақжарқын, адамдарды ерекше жақсы көреді, сүйсе де, ренжісе де жасандылықтан ада. Егер шынымен қатал болған болса өмірдегі мінез бен өлеңдегі мінезінің сәйкес келмеуін немен түсіндіресіз?
Саида: Фариза ақын ерекше бір құбылыс десек артық айтқанымыз емес. Оның өмірі де, өзі де – өлеңі. Жұртты басындырмау үшін ойынды жасқанбай айтуды бері келгесін үйрендім деп ақын үнемі айтып жүрдң. Ел "қатал"деп жүрген мінезі – оның болат сауыты. Осы кезге дейін оны қорғап келген.

Миллена:- Заманымыздың көрнекті екі ақыны – Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсыноваға қатысты әңгімелер жұртшылық арасында әлі күнге толас­тамай келеді.

Мұқағали шығармашылығы туралы Фариза ақынның көзқарасыңыз ерекше секілді болып көрінеді. Соның негізгі себебін өзіңізден сұрағымыз келіп отыр. Неге?

Альбина: -Сұрағыңызға орынды, Мұқағали секілді үлкен ақынның шығармалары поэзияны түсінетін әр оқырманға ерекше жақын деп ойлаймын. Мұқаң мен Фариза рухани өте жақын, туыс адамдар. Ол өзінің соңында келе жатқан Фаризаның шығармашылығына өз жүрегінің сәулесін түсірді. Өмірде қараңғыда жарқ етіп бір нүктеге түскен электр жарығындай құбылыс болады.

Миллена: –Тағыда бір көрерменіміз сұрақ қойғысы кеп тұр екен. Өзіңізді таныстырып өтсеңіз.

Азамат: -Менің атым-Азамат. Саида ханым, Фариза ақынның Мұқағалиға арнаған өлеңдері бар ма?

Саида: – Әрине, бар. «Мәңгілікпен кездесу», 1973 жылы, «Мақатаев туралы жыр» деген топтама өлеңдері 1984 жылы жазылған. Кезінде күнделікті баспасөз беттерінде және «Дауа», «Қыз-ғұмыр» атты жинақтарында басылды.

Миллена: -Рахмет, келесі сұраққа кезек берейік.

Айгүл: -Альбина ханым, сұрағымды өзіңізге қойғым келіп тұр.

Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз...

Иә, ол рас... Өмірде ақындар ғана емес, дәл осындай жан тебірентер әсем ән де жалғыз. Бұл өлеңге композитор Әбиірбек Тінәлив ән жазған. Ән болып шырқалмағанда Мұқағали Мақатевтың көп өлеңдерінің бірі болып қана қалар ма еді?..Бұл әнді Фариза ақын қалай қабылдады?

Альбина: -Әннің тұсауы ең алғаш рет Республика сарайында өткен Халықаралық ақындар айтысында кесілген. Әнді естіген әлеумет бұл туындыны аса зор ықыласпен қабылдап, артынша-ақ ән жұртқа жайыла бастайды. Ал әнді Фариза апамыз қалай қабылдады дейсіз бе? Оған біреулер осы жаңалықты хабардар етіпті. Бірақ ақын апамыз, өзі естімейінше таңданыс білдіре қоймаған. Кейін ән тұсауы кесілген айтысты теледидардан тамашалаған Фариза ақын Әбиірбек ағаға алғысын айтқан. Бірде осы әнді үйінде орындап беріпті. Сонда көзінен тамшы жасы үзіліп тебіреніп тыңдап отырған ақын апамызды оператор анық түсіріп алған екен. Міне, аңызға айналған ақиық ақынның сырласу жырына Әбиірбек ағамыз осылайша ән жазып әр берген. Қазірдің өзінде көптің аузынан түспейтін бұл ән өз дәрежесінде шырқалып жүр.

Миллена:- Фариза – аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары. Бағдарламамызды Мұқағалидың әнімен аяқтағанды жөн көріп отырымын. Назарларыңызға рахмет.

Ән «Фариза қыз»

Айдана:-Қымбатты қауым, тамаша бағдарламаға куә болып, көп нәрседен хабардар болдық деп ойлаймын.

Мейірхан:- Фариза ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шерткен керемет өлеңіне назар аударайық.

Айдана: Мен сонда жылап қалғам, 
Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман. 
Бұның бәрі неліктен? Білесің сен – 
өзіңді ұнатқаннан. 
Сосын-сосын жүргеннен ұмыта алмай, 
Алып ұшып жеткенде жырақтардан. 
Кездеріңді алдымда құлап-талған, 
Өліп-өшіп өртенген кезеңдерің, 
сосын...түк болмағандай безергенің. 
Осыларға түсінбей мың ақтарғам, 
Басым қатып шешілмес сұрақтардан. 
Сезіміңнің соншалық жалғандығы 
Сен үшін бір сәт екен арман құны! 
...Мен сонда жылап қалғам, 
Өзіңді жек көргеннен және де 
...ұнатқаннан! 

Мейірхан: -Қымбатты қауым, үй тапсырмасы ретінде 7-6-сыныптарға флипчартқа Мұқағали мен Фариза туралы мәліметтерді түсіріп келуді беріп едік! Ал постерлерінді қорғауға екі сыныпты шақырамыз.

Постер қорғау

Айдана: -Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын өте тамаша етіп орындап келіпсіңдер!

Мейірхан:-Күнделік. Әрбір адам өзінің ешкімге айтпас сырын, ойын күнделікке жазады екен. Фариза да күнделікке өз ойын түсірген екен.

(күнделіктен үзінді)

Альбина:- Ақын болам деп ойлаған емеспін. Мен ылғи ер балалармен бірге өстім: қырда да, қыста да көршілерімізде мен ғұрыптас қыз болып көрген емес, жасырынбақ, доп ойнау, соқыр теке, шілдік асық ойындарын ойнап өстім. Жазда құм арасында шырмауық, қарақат теріп, бұзауға мініп ауылға аралатынбыз.

 Мінезім қыңыр болатын. Мені қазіргі қалпымда сақтап келген қорғаным да сол қыңыр мінезім. Жұрт бұл мінезімді сан-саққа жүгіртіп, сыртымнан түрлі әңгімелер шығарып, жақсылы- жаманды анықтауыштарымен маған айдар тағып жүреді.

 Студенттік жылдарда киіміміз жұпыны, бірде тоқ, бірде аш жүретінбіз. Мен ашыла алмай, ылғи бұйығы жүретінмін.

Жетістігім жақсы оқимын, көтеріңкі шәкірт ақысын аламын. Менің өмірім өлеңім десем артық айтпағаным, сондықтанда бар ойымды осы өлең арқылы оқырманыма жеткіземін.

Дала күндерімнің,

Нала  түндерімнің,

Серігі болғаның үшін,

Сенімі болғаның үшін,

Мен сені аялаймын.

Көңілді жайлы күнімді,

Азапты, қайғы- мұңымды,

Өзіңмен бөліскенің үшін,

Қапам мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О баста көріскенің үшін.

Өлең, мен сені аялап өтем!»

Айдана: - Шашы ағарған қыз қанша қатал болса да оның артынан ерген қаракөз ақын қыздарымыз қаншама! Фариза ақын дүниеден өтті деп естігенде қалың қазақтың қабырғасы қақ айырылғанын бәріміз білеміз. Ақын апаларын жоқтаған ақын қыздарымыз Бақытгүл Бабаштың сөзіне кезек берейік!

Саида: 2006 жылдың көктемінде облыстық филармонияда Фариза апаймен кездесу өтті. «Көрерменсіз, тек Атыраудағы жас ақындарды жина, ауылға келдім», - депҚойшығұл ағайға хабарласқан екен. Бардық. «Жүрек күнделігін» жастанып оқып, «Дауасымен» жанымызды емдеп, «Сандуғашымен», «Сенің махаббатыңмен» бірге талай қиялға берілген, «Шашы ағарған қызымен» сырласқан Ұлы Ақын алдымызда тұрды. Сол жолы бәрімізді үнсіз тыңдады. Ақ батасын берді.  
Күзде Астанаға «Шабыт» фестиваліне қатысуға бардым. «Мен сені Атыраудан келіп тұрғасын қолдады екен деп ойлама, - деп байқау қорытындысы жария етілетін күні апай звандады, - Өлеңдерің үшін Гран-При жүлдесіне сені ұсындым. Сен өзі бір адаммен сөйлеспейтін тәкаппар секілдісің ғой, «Шабыт» басталғалы мына ақындар телефоныма тыным бермей, үйімнен де шықпай жүр. Апай, мен келіп едім, - деп кіріп шықсаң болмайтын ба еді?, - деді де трубканы қоя салды. Балалығым ба, ішімнен ренжіп қалдым. «Ұрсатыны бар, орын бермей-ақ қойса болмас па еді?». 
Кейін де апайды іздеп жарытқаным шамалы. Жоқ, күнде дауысын естігің, әңгімелескің келеді-ау, әр тәулік амандығын біліп тұруды ойлайсың-ау, бірақ, мысы баса ма, менен басқа да мазасын алатындар жететін шығар деп жорығанымнан ба, телефоннан нөмірін теруге жасқана беретінмін. Қаймана қазақтың жоғын жоқтап, қолында барын сарқып беріп, әр қыздың бақытын тілеп, жақсылық ойлаумен кешкен ғұмырыңыз Сізді Фариза атандырды, Сізді Ұлы Адам қылды. Сіз бізді Ақын ғана емес, Адам болса екен деп тілейтінсіз. Арман-Аманатыңызды аласартуға ендігі жерде қақымыз жоқ, апа. Алла алдыңыздан жарылқаса екен! 
...«Айналайын», - деген жалғыз ауыз сөзіңізді мына жалғанның бар жылтырына айырбастамас едім-ау!

Мейірхан: - Фариза... Көп қазақтың құлағына бұл сөз Париза болып шалынады. Оның көлігінен түсіп жатқанын көріп, ағылып алдынан шыққан ағайынның: “Пәризамыз келіп қалыпты ғой!” – деп еміренгендерін талай естідім. Пәриза... Пәризамыз... “Пәлі, ризамыз” дегендей болып естілді. Қалай атасақ та, Фариза ақынға біз мәңгі ризамыз.

Айдана:Жан апа, сен өлдің бе, мен өлдім бе, 
Өксіктен өзге түк жоқ өзегімде.  
Соңғы ақын,  
хош бол енді, соңғы дәуір, 
Салтанат құрған жырмен өз елінде! 

Ән «Фариза қыз» авторы: Р. Әлқожа










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"А?ын к?п, Фариза жал?ыз"

Автор: Тлеккабулова Багдат Таскалиевна

Дата: 04.12.2015

Номер свидетельства: 262059


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства