Просмотр содержимого документа
«Абай –дана, Абай –дара »
Абай –дана, Абай –дара
Мақсаты : Оқушыларға Абай Құнанбайұлының ұлы кемеңгер ақын екендігін түсіндіру.
Оқу бағдарламасынан тыс Абайдың шығармаларын, өлең, әндерін на-
сихаттау.
Көрнекілігі: «Абай –дара, Абай –дана» портреті. «Абай өмірі ,еңбегі» тақырыбында кітап көрмесі, тірек сызба , «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында бүктеме, Абай туралы айтылған ұлы ғұламалардың даналық сөздері.
Кештің өткізілу барысы
1.Жүргізуші : Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар «Абай-дана, Абай -дара» тақырыбымен өтетін әдеби кешімізді бастаймыз.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері мәнермен жатқа оқылады.
1.Жүргізуші :
Құлақтан кіріп бойды алар ,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Абайдың әндері орындалады.
2.Жүргізуші:
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы ,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған».
«Абай-дана ,Абай –дара» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу.
(Кітап көрмесімен кітапханашы таныстырып өтеді.)
1.Жүргізуші:
Әр сөзің өнеге ғой ұрпағыңа ,
Теңеймін мен өзіңді биік шыңға .
Арманым болмас еді бұл өмірде ,
Сіз секілді кіре алсам жыр бағына.
Абай жаны –құбылыс, мәңгі жұмбақ,
Біздер үшін ұлы Абай биік тұрмақ.
Сөздеріңді ұранғып алты Алашқа ,
Ұрпақтар жалғасады мәңгі жырлап.
(Оқушылар шығармашылығына кезек берілді.)
2-жүргізуші:
Жақсылық пен жамандық, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе,
Абайды оқыңыз.
1-жүргізуші:
Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
2-жүргізуші:
Өлім мен өмір, адам мен жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
1-жүргізуші:
Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның он сегіз мың құпиясы туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
2. Жүргізуші: Абай қазақ халқының ұлы перезенті, асқан дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, қазақпын деген әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзін білген адам үшін өнеге өсиетке толы. Адам болам десеңіз, Абай жолымен жүріп, ата –баласы емес адам баласы болып , адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді бойға сіңіре беріңіздер.