kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абай-дана, Абай-дара" атты о?ушылармен ж?ргізілген сайыс жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай-дана, Абай-дара

Ма?саты: о?ушылар?а Абайды?  ?лы кеме?гер а?ын екендігін т?сіндіру. ХІХ ?асырды? екінші  жартысында ?мір с?рген а?ынны?  ?аза? ?шін дара да,  дана  а?ын  бол?анын айту.

Абай туралы  шы?армашылы?ын, оны? ?ле?, ?ндерін орта?а салу.

  • «Абай-дана, Абай-дара» портреті. Кітап к?рмесі. «Абай ?мірі, е?бегі», «Абай» тірек -сызба. Б?ктеме «?ылым таппай ма?танба», Даналар с?зі.
  • 1. Композиция.

2. Ж?ргізуші с?зі

3. «Абай ?мірі, е?бегі». Хронология. Музыка ?уенінде о?ылады.

4. Абай та?па?тары, ?ле?дері.

5. Абай ?ндері.

6. Кітап к?рмесі, тірек-сызба, б?ктеме, Абай ?ара с?здерімен  таныстыру.

  1.  

8. «Абай ?лемі» ?н.

9. ?орытынды.

         Ж?ргізуші: ??рметті о?ушылар, ?стаздар, ?она?тар, «Абай-дана, Абай-дара» та?ырыбымен  ?тетін  а?ынны? ?ле?дерін, ?ндерін орындауда  о?ушылар арасында сайыс кешімізді бастаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абай-дана, Абай-дара" атты о?ушылармен ж?ргізілген сайыс жоспары »

Абай-дана, Абай-дара

Мақсаты: оқушыларға Абайдың ұлы кемеңгер ақын екендігін түсіндіру. ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақынның қазақ үшін дара да, дана ақын болғанын айту.

Абай туралы шығармашылығын, оның өлең, әндерін ортаға салу.

Көрнекілігі: «Абай-дана, Абай-дара» портреті. Кітап көрмесі. «Абай өмірі, еңбегі», «Абай» тірек -сызба. Бүктеме «Ғылым таппай мақтанба», Даналар сөзі.

Барысы: 1. Композиция.

2. Жүргізуші сөзі

3. «Абай өмірі, еңбегі». Хронология. Музыка әуенінде оқылады.

4. Абай тақпақтары, өлеңдері.

5. Абай әндері.

6. Кітап көрмесі, тірек-сызба, бүктеме, Абай қара сөздерімен таныстыру.

7. Оқушылар шығармашылығы.

8. «Абай әлемі» ән.

9. Қорытынды.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар, «Абай-дана, Абай-дара» тақырыбымен өтетін ақынның өлеңдерін, әндерін орындауда оқушылар арасында сайыс кешімізді бастаймыз.

Абай-дана, ғұламасы елімнің,

Абай ақын, мақтанышы жерімнің.

Абай атты бір данышпан болмаса,

Ақ-қарасын кім айырмақ өмірдің?!

Сүйсінемін жазғанын оқығанда,

Абай сөзі бағдаршам оқырманға.

Адасатын адамдар болмас еді,

Абай ойын кеудеге тоқығанда.

Ол жалғыз ақындықты меңгермеген,

Ақылына еш мықты тең келмеген.

Ресей елі Пушкинмен қатар қойып,

Ескерткішке жай барып сенделмеген.

Жүргізуші: Абай өмірі, еңбегі хронологиясымен танысайық.

1845- Абай Құнанбаев Семей облысы, қазіргі Абай ауданының Шыңғыстауында дүниеге келген.

1855- Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.

1859- Абай 14 жасында сықақ өлеңдерін шығарады.

1865- Абай 20 жасында от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.

1875- Абай 30 жасында атағы шыққан білікті адам болды. Ұрлық қылған кісіге жазаны аямай беріп, ел арасындағы ұрлыққа қатты тыйым салды.

1904- Абай Құнанбаев 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден озды.

1909- Абай Құнанбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы басылып шыққан.

Жүргізуші: Біз Абай дегенде ішкен асын жерге қоятын халықпыз. Абай-дана, Абай-дара деп текке айтылмайды. Қазақ үшін Абай Құнанбаевтың орны бөлек. Өйткені абыз ақын туған тілін қастерлеп, сыйлап өтті. Оның 45 қара сөзі, бірталай өлеңдері мен әңгімелері, әндері бүгінгі таңға дейін мәнін жойған жоқ. Қазақ халқы бар да жоймақ та емес. «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Ғылым таппай мақтанба» тақпақтары, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері ерекше. Орыс тілінен аударған аудармалары бар. Дана Абайдың еңбектерін оқып, қастерлеуіміз керек.

Абайдың өлеңдері сегіз қырлы,

Жұмбағына бойладым мың бір сырлы.

Жалықпаймын оқудан өлеңдерін,

Сіңіп жатыр санама сәуле нұрлы.

А.Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқуға тапсырма берілген болатын.

Бірінші топтан бастайық.

Әр топ балалары «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Әсемпаз болма әрнеге» «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Көктем» т.б., өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй – деп, Абай атамыз айтқандай, сайыс кезегін әнге берейік.

Әр топтың балаларының орындауында «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, қаламқас» т.б. әндері орындалады.

Жүргізуші: «Абайдың өмірі, еңбегі» атты кітап көрмесіндегі кітаптармен таныс болыңыздар. (Абайдың қырық бес қара сөзі жайлы қысқаша айтып өтеді).

Жүргізуші:

Әр сөзің өнеге ғой ұрпағына,

Теңеймін мен өзіңді биік шыңға.

Арманым болмас еді бұл өмірде,

Біз секілді кіре алсам жыр бағына.

Абай жаны-құбылыс, мәңгі жұмбақ,

Біздер үшін ұлы Абай биік тұрмақ.

Сөздеріңді ұран ғып алты Алашқа,

Ұрпақтар жалғасады мәңгі жырлап.

Келесі сайыс оқушылар шығармашылығы.

Абай атама

Дара тұлға, ғұлама, ойшыл ақын,

Болсам ғой сонда мен сізге жақын.

Ерінбей-ақ үйренер ем өмір сырын,

Адамның жақсы менен жаман затын.

Көркемдігін суреттеп табиғаттың,

Сынға салдың істерін адамзаттың.

Болашаққа сыншыл, реализм әкелген,

Шарықтасың биікке Абай атың.

Жүргізуші: Абай біздің кемеңгер,

Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз.

Ақ ниетті, әділетшіл шынымыз.

Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.

Таусылмайтын мәңгі-бақи жырымыз!

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы,- деп атамызға, арналған «Бүкіл әлем Абайы» атты әнді қабыл алыңыздар!

Ән: «Бүкіл әлем Абайы».

Жүргізуші: Ұлы ақын, дара ақын, дана ақын Абай атамызға арналған сайыс кешінін қорытындысын баяндауға сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.

Жүлделі орын алғандар марапатталады.







Қзкенова Бибінұр Жанатқызы

Жасқайрат негізгі мектебінің кітапханашысы:

Жасқайрат ауылы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Абай-дана, Абай-дара" атты о?ушылармен ж?ргізілген сайыс жоспары

Автор: ?зкенова Бибін?р Жанат?ызы

Дата: 27.08.2015

Номер свидетельства: 227335


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства