Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, кеңістікті қабылдауын дамыту, үшбұрышты ұқсас заттармен салыстыра отырып сөздік қорын дамыту, пішінді қабылдауын қадағалау.
Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Үшбұрышпын, үшбұрышпын, Үш қабырғам бар бұрышпын, Төртбұрыштан аз болсам да, Орны бөлек үшбұрышпын
IY.Сергіту сәті: Бойыңды сергек ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қолда бос тұрмасын,
Дөңгелек сызып зырласын
Екі қолды қосайық
Төртбұрышты сызайық
Логикалық тапсырмалар: Класқа кірді Мадияр
Оған қоса Данияр
Одан кейін Айдана
Қанша болды бар бала?
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қызықты өтсін бүгінгі күн!
Тапсырма: Альбом парақта бейнеленген суреттерге қарап пішіндерді құрастыру.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ
IY апта
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр, құйсын,
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын
-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді ( қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты ( қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, ( қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, Мейірім, Бақытты! ( қолдарын екі жаққа созады)
IY.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық.
Тапсырма: Нені құрастырдың? (Геометриялық пішіндерден өздерінің қалаған заттарын құрастыру)
Сурет бойынша әңгімелесу. Оқушылар суреттерге қарап мұғаліммен бірге суреттеп айтып береді. Суреттерді бояу. Пазл.
V. Бекіту.
" Жоғалған пішінді тап" ойыны.
Ойын шарты: Тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша ілулі тұрады. Мұғалім балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастайды. Ал, балалар көздерін ашып қай пішін жоқ екенін табады.
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Жылулық шеңберінде тұрып жылы лебіз,тілек сөздерін айту.
Психологиялық жаттығу.
Балалар-гүлім менің
Балалар-күнім менің
Балалар нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің, дей отырып балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңемекпін.
Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр, құйсын,
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын
III. Жаңа сабақ.
Балалар қандай өсімдіктерді білесіңдер?
Бөлме өсімдіктері, мәдени өсімдіктері. -Дұрыс айтасыңдар.
Өсімдіктердің түрлері өте көп. Өсімдіктер жер шарындағы оттегіні жасаушы және зиянды газдардан тазартушы болып табылады. Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлшегі. Өсімдіктер табиғатта үлкен роль атқарады. Адам өз тіршілігінде көптеген мәдени өсімдіктерді пайдаланады.Жануарлар да түрлі өсімдіктермен қоректенеді.Мәдени өсімдіктерге азық-түліктер, майлы дақылдар.Мысалы: картоп, жүгері, күріш, бидай, мақта,т.б.
Бөлме өсімдіктері – гүлдер.
-Балалар бөлме өсімдіктерін қалай күту керек
-Гүлдерді іріктеп алу, өсіру, баптап күту.Сурет көрсету. Суреттерге қарап өсімдіктердің түрлерін атап, көрсетіп беру.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз,қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
- Жарайсыңдар, балалар!
« Жасыл ел» сурет салу, қорғау Тыйым салынады! - Ағашты кесуге, сындыруға болмайды. - Отты көрсең сөндір! - Қалдық заттарды тастама! - Ластауға болмайды. - Табиғатты тиімді пайдалану керек! Бір тал ексең, он тал ек. Таза болса табиғат, аман болар адамзат. Пайдалы және улы өсімдіктер, маңызы. Ізденіс жұмыстары бойынша әңгімелеу.
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Деніміз сау болсын!
Еліміз тыныш болсын!
«Кім жылдам» ойыны.
Тақтаға үш бала шығады. Әр бала партадағы үш гүлдің біреуін тандайды, әр гүлдің ішінде өсімдіктер атаулары болады. Әр гүлді суреттеріне қарай орын орнына орналастырып магнитпен тақтаға жапсырады.
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де!
Қуанасың сен де!
Келіп шыққан күнге!
Күніміз жарық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын! -деп бүгінгі сабағымызды бастайық.
III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол моторикасы-саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы маңыздылығы-адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз.
-Балалар, бүгін біз үйдің суретін пішіндер арқылы жапсырмалаймыз.
-Балалар,біздің жапсырмамыз қандай пішіндерден құралады? -Үшбұрыш, төртбұрыш
-Неше үшбұрыш, неше төртбұрыш?
Сендердің алдарыңда конверттер жатыр, солардың ішінде бөліктері жатыр. Кәне, тексерейік барлық бөліктері жеткілікті ма?
-Жапсырмамызды немен жапсырамыз? Жұмыс барысында үлгіге назар аудару.
IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді
Саусақтарым ән салып берді.
Шылдыр шүмек шылдырлады.
Кіші бөбек былдырлады.
«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.
Екі қырықаяқ (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі).
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Сәлемдесейік иіліп,
Жылы жүзбен жымиып.
Қызығы мол сабақта
Ойнайық та күлейік.
«Қомағай» саусақ жаттығуы:
Әр қатысушы бала беторамалдың ұшынан ұстайдыда біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.
Қарным менің қомағай
Бәрін-бәрін жұтады.
Қомағайдың қарны енді
Сусиырдай болып кетті. Бұл жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң екі қол бірге қатарласа жасайды.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Сәлемдесейік иіліп,
Жылы жүзбен жымиып.
Қызығы мол сабақта
Ойнайық та күлейік.
Саусақ жаттығуы: Саусақтар шынжыр болады
Үзілмейді тартсаңда
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келеді
Достық үшін пілге мен
Гүл сыйлағым келеді.
IY.Сергіту сәті: Шаршасаңдар балалар
Қолдарыңды созыңдар
Саусақтармен ойнаңдар
Қолдарыңды сермеңдер
Денелерің шынықсын
Саналарың тынықсын
"Үй тұрғызайық" ойыны.
Мақсаты: Балаларға пішіндерді салыстыруды, үлгіге қарап керекті нәрсені таңдай білуді үйрету.
Керекті материалдар. Әрбір балада үйдің пішіндер бөлшектері (үшбұрыш, төртбұрыш,төбесі, есігі, терезесі т.с.с) бар. Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады, сол үлгіге қарап, оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналастырып пішіндерді жапсыру.
IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Деніміз сау болсын!
Еліміз тыныш болсын!
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
Альбоммен жұмыс: Пішіндерді түрлі-түсті қарындаштармен, су бояумен бояу.
V. Бекіту.
Тапсырма.Үй тұрғызу, үлгіге қарап оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналастыру.
Ойынның мазмұны.Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен-кішілі төрт үй тұрғызғанын айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөліктерінің пішінін, үлкен-кішілігін атап, үй мен оның бөліктері арасындағы кеңістік қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырып көріп, оларды тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды. Балалар тапсырманың орындалуын өздері бағалайды, үздік "ағаш ұстасын" атайды.
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
Біз қандай жапсырма жасадық?-Олар қандай пішіндерден құралды?-Қандай геометриялық пішіндермен таныстық?
-Сендердің алдарында екі сурет жатыр: бұлт пен күн. Егерде сабақ сендерге ұнаса,қызықты болса, сендер жаңадан бір нәрсе білдіңдер- күн бейнеленген суретті жапсырасындар.
-Ал егерде ұнамаса, және жаңадан ештеңе білмесендер, онда бұлт бейнеленген суретті жапсырасындар.
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық: Күн, ауа, жер, су, аспан
Маған, саған, біздерге
Бақыт,махаббат, жақсылық тілейміз.
III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда жартылай сопақшамен танысып қол мен саусақтардың қимылы мен қозғалысын қалыптастырамыз.
«Батпырауық ұшырамыз»(батпырауықтар түрлі-түсті,балалар түстерін өздері таңдайды.)
«Алақанымызды жылытамыз»(бір деммен жылы ауаны үрлеу)
-Балалар бүгін үшбұрыш сызып үйренеміз.
IY.Сергіту сәті: Қылқаламды қояйық,
Орнымыздан тұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді созайық.
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Еш уайымды білмейміз.
Мимикалық гимнастика:
Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
IY.Сергіту сәті: Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп -теріп алайық
Қалтамызға салайық.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
Қуанамын менде Қуанайық күнге Шуақ шашқан елге Бәріміз де бірге
IY.Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп,
Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш.
Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.
IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
«Күлімде ,күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!»
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
V. Бекіту.
«Не жоқ?» ойыны. Мұғалім тақтада ілініп тұрған суреттерді есте сақтауын өтінеді. Сосын бала көзін жұмған уақытта мұғалім бір суретті алып қояды. Жоғалған суретті табу керек.